ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Сөз дыбыстардан құралады.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
Дыбыстарды айтамыз, естиміз,
Әріптерді көреміз, жазамыз.
2.Сөйлем сөздерден құралады.
Сөйлемдегі сөзедер бір-бірінен бөлек жазылады.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
Мысалы: Бидай жайқалып тұр.
Мереке құтты болсын!
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.
Сөйлемнің соңына нүкте .сұрақ белгісі,леп белгісі қойылады (.,?.!)
Сөйлем үш түрлі болады.(Хабарлы сөйлем,Сұраулы сөйлем,лепті сөйлем)
3.Хабарлы сөйлем
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді Хабарлы сөйлем деп айтамыз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады. Мысалы: Оқушылар мектепке келді.
4. Сұраулы сөйлем.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады. Мысалы: Сен сабақтан қалдың ба?
5. Лепті Сөйлем.
Адамның көңіл-күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Сөйлем соңына леп белгісі (!) қойылады. Мысалы: Алақай, әкем шаңғы әкелді! Мына гүлдің иісін –ай!
6.Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.
Кісінің аты –жөні, жер –су аттары, үй жануарларына қойылатын аттар бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Серік, Айгүл, Астана, Шардара, Мойнақ.
7. Дауысты дыбыстар:
а,ә,е,о,ү,ұ,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э,ө
Дауыссыз дыбыстар :
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у),
8. Жуан дауыстылыр: а, о, ы, ұ.
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, і, ү.
Жұп дауыстылар: а - ә, о – ө, ы – і, ү – ұ.
9.Буын
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады:
мысалы: ат, а –та, ба –ла- лар.
10. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: Мысалы:Қозы, лақ, дала,домбыра т.б
11.Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: Мысалы: өзен, күрек, темір
12.Тасымал.
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң жарты сызықша (дефис) қойылады. Мысалы: қар- лы –ғаш, қарлы- ғаш т.б
13.Тасымалдауға болмайтын сөздер: от, сүт,қант, о –рақ, ө –зен.
14 Зат есім.
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар койылады.
15. Сын есім.
Заттың түрін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Оларға Қандай? Қай? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: тәтті, жақсы, биік, арзан, т.б
16. Сан есім.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: бес, алтыншы, жеті, т.б
17. Етістік.
Заттардың қимылын іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: өсті, ойнады, сайрады. т.б
18.Сөйлемдегі сөздер бір –бірімен байланысты болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.
19.Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді:
Үнді: л,м,н,ң,р,й,(у).
Ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Қатаң: қ,к,п,с,т,ф,х,ц,ч,щ,ш.
20.Мәтін
Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
Мәтінге ат қоюуға болады.
Мәтін түрлері:
-
Әңгімелеу (не істеді?) -
Сипаттау (қандай?)
3 . Пайымдау (неліктен? )