Файл: ы бзушылыты алдын алуа баытталан жиналыс Архат ауылы 31атар 2022 жыл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Хаттама №2

Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жиналыс

Архат ауылы «31»қаңтар 2022 жыл
Жиналысқа қатысты:

1.Аудандық полиция бөлімінің Архат ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Нұрғазыұлы Талғат

2. Аудандық полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғаниев Ұ.М.

3.С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің 7-8-9-10-11 сынып ұл оқушылары –22 бала

4.С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің ұстаздары – 5 сынып жетекшісі, директор орынбасары Жанпеисова А.Н., педагог-психолог Қабдиқызы А., әскери жетекші Қабиденов А.Б.
Жиналыс төрайымы –Жанпеисова А.Н.

Жиналыс хатшысы – Қабиденов А.Б.
Жиналыстың күн тәртібі:

1.2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде І-жартыжылдықта атқарылған жұмыстарға талдау – ДТІЖО Жанпеисова А.Н.

2.Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар – учаскелік инспектор Нұрғазыұлы Т., кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспектор Ғаниев Ұ.М.
Сөйлегендер:

ДТІЖО Жанпеисова А.Н.: «Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыс жоспары жасалынған. Күнделікті барлық сыныптарда осыған байланысты сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі тарапынан түсінік жұмыстары жүргізіліп отырылады. Осы орайда әлі де оқушылар тарапынан қосымша өздеріне деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған шаралар жалғасын табады».

Учаскелік инспектор Нұрғазыұлы Т.: «Мен жақында осы ауылдың учаскелік инспекторы болып тағайындалдым. Сондықтан алдағы уақытта мектеппен тығыз жұмыс жасап, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында шаралар жүргізетін боламыз. Осы орайда түнгі уақыттағы жүріс-тұрыс, бопсалау, вандализм бойынша жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық фактілері кездеседі. Сондықтан барлықтарыңызға ескертіп айтамын: сабақ оқыңыздар, секция жұмыстарына қатысыңыздар, қосымша ой өрісті дамытуға бағытталған жұмыстармен шұғылданыңыздар».

Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспектор Ғаниев Ұ.М.: «Құрметті оқушылар, барлықтарың 18-ге толмаған болмағандықтан сендердің қауіпсіздіктеріңе жауапты адам – ата-аналарың. Сондықтан ең алдымен бір қадам жасау үшін мың мәрте ойланып, сендерге қамқор болып отырған ата-аналарыңды ойлауларың қажет деп санаймын. Себебі әр құқық бұзушылықтың артында үлкен жауапкершілік тұр».
ШЕШІМІ:

1)Мектеп бойынша барлық сыныптарда күнделікті құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде сынып жетекшілері тарапынан ұйымдастырылсын; 2)Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған мектеп жоспарына сай жұмыстар


жауапкершілікпен жүзеге асырылсын;

3)Тәрбие саласы бойынша жұмыстарға бақылау-басшылық жасау жұмыстары директор оырнбасарлары тарапынан тиісті деңгейде қадағалансын.

Жиналыс төрайымы: Жанпеисова А.Н.

Жиналыс хатшысы: Қабиденов А.Б.