Файл: Бизнес жоспар орындаандар Фин211, 2 курс студенттері Айтбай Арайлым Айшуа Айгерім Берданова Гулмира Камбилханов Оразхан аршыа Али Оразова Балжан абылдаан Тажиева Индира Атау 2022 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
БИЗНЕС ЖОСПАР

Орындағандар: Фин-21-1, 2 курс студенттері

Айтбай Арайлым

Айшуақ Айгерім

Берданова Гулмира

Камбилханов Оразхан

Қаршыға Али

Оразова Балжан

Қабылдаған: Тажиева Индира

АҚТАУ – 2022

МАЗМҰНЫ:

Жобаның түйіндемесі....................................................................................3

Өнім/қызмет сипатамасы..............................................................................4

Маркетингтік бөлім.......................................................................................5

SWOT - талдау әдісі.......................................................................................6

Жобаның құндылықтары..............................................................................7

Өндірістік бөлім.............................................................................................8

Кесте жабдықтар (инвестициялар) ..............................................................9

Номенклатура және ауыспалы шығындар.................................................11

Жылына тұрақты шығыстар, теңге.............................................................12

Еңбекақы төлеу қоры...................................................................................13

Пайда мен шығындар туралы есептің болжамы........................................14

Ақша қаражаты қозғалысының болжамы..................................................15

Қаржылық көрсеткіштер.............................................................................17

Жобаның жалпы құны.................................................................................18

Кесте тігу фабрикансының жұмысын зерттеу...........................................19

Интернет арқылы жарнамалар....................................................................21

Қорытынды..................................................................................................22

«BAGOO_EMBROIDERY» ДАЙЫН ӨНІМГЕ КЕСТЕ ТІГУ
Жобаның түйіндемесі:
1 кесте. Жобаның сипаттамасы.

Аты-жөні




Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Мекенжайы

Шығыс ш.а.

Жылы

2022

Мамандығы

Фин-21-1

Байланыс деректері

+7 705 266 7914

Қарыздың/гранттың нысаналы

мақсаты:




Валюта:

теңге

Жобаның жалпы сомасы, мың теңге:

5 000 000

Оның ішінде қарыз/гранттық

қаражат, мың теңге:

0

Оның ішінде меншікті қаражат, мың

теңге:

0



Өнім/қызмет сипатамасы:
Қазіргі таңда яғни соңғы жылдарда қарқынды дамыған бизнес түрі осы дайын өнімге кесте тігу. Ол ең танымал және көптеген сұраныстарға ие, көзге ерекше көрінетін жастардың талғамдарына сай ерекше стилдің бірі болып табылады. Көбінесе біз заман талабына сай киінгіміз келетіні рас,бірақ ойымыздағыдай стилді табу өте қиын.Сондықтан бұл бизнес түрі өте қолайлы,шабытпен жасалған әрбір еңбек құнды. Әртүрлі жейделерге, футболкаға өзінің қалауынша етіп кесте тігіп үйлестіріп киюге болатын тамаша дүниені шығаруға болады. Компания шығаратын киім тек жылылығы және қолайлылығымен ғана емес, сонымен қатар дизайнерлік суреттерді кеңінен таңдау арқылы иесінің даралығын көрсете алады. Барлық өнімдер адамның қозғалысын шектемейтіндей етіп жасалады және бір мезгілде оның стилін көрсетеді. Өндіріс үшін шикізат (иірімжіп, фурнитура) бірнеше ондаған өндірушілермен тікелей жұмыс істейтін жеткізушіден көтерме сатып алынатын болады, бұл "бір терезе"режимінде өнімнің әртүрлі түрлерін сатып алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, алдағы уақытта кең ауқымды өндірістік қуаттылытарға шығу арқылы өндірілетін өнімнің ассортименті кеңейтілетін болады.
Машинамен кестелеудің екі негізгі түрі бар:
1.еркін жүрісті машинамен кестелеу;
2.компьютерлік кесте.
дизайнер немесе конструктор берілген бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

Бүгінде дайын өнімге кесте тігу сұранысы біршама өсуде.

Маркетингтік бөлім:
1. Мақсатты саудадағы бәсекелестік орнын, жалпы сауда мен тұтынушы тауарларын теңестіруді қамтамасыз ету.
2. Кәсіпорынның негізгі мәселесі: сату көлемін ұлғайту, пайда табу, қолданыстағы саудада өндіріс өнімінің үлесін ұлғайту, жаңа саудадан өз орнын ойып алу.
3.Жұмыссыз ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету
4. Бәсекелестердің қызметіне талдаулар жүргізу, олардың күшті және

әлсіз жақтарын бағалау.
5. Жеңіл өнеркәсіп саласын қажетті өнімдермен қамтамасыз ету
6. Сауда қажеттілігін қанағаттандыру
7. Жарнамалық-маркетингтік науқандардың жылдық жоспарларын

жасау, кәсіпорынның қаржы бөлімімен төлем мөлшері мен мерзімін

келісу.
8. Жиындарда атқарылған жұмыстар мен оның тиімділігі туралы

есептерді ай сайын талдау.
9. Барлық аймақтар даңгейіне лайықты баға саясатының көзелуі
10. Көтерме сауда орындары мен партнер-дүкендерге жеңілдіктердің ескерілуі


Біздің өнімдеріміз ерлер мен әйелдерге және әртүрлі жастағы адамдарға бағдарланатын болады. Негізгі бағдар 18-70 жастағы әйелдер аудиториясына және балаларға бағытталады. Біздің мақсатты аудиторияның типтік өкілі-бұл сәнге сәйкес келуге ұмтылатын төлемге қабілетті тұлға, жаңа және ерекше заттарға қызығушылық танытады, әзіл-оспақты түсіне алады. Мұндай адам жақсы киім киюге дайын, бірақ одан ақылға қонымды және қолжетімді бағамен барынша жоғары сапалы және жайлылықты талап етеді.

SWOT:
SWOT -талдау барысында алынған деректер компанияның стратегиялық дамуы, мақсатты саясат, ұсынылатын қызметтер тізбесі бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ашу кезінде кәсіпорынның орналасқан жерін таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл талдау кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортаның шектеулерін және мүмкіндіктерін анықтауға және өзара байланыстыруға көмектеседі.

.

SWOT-талдау – бұл төрт позициядан зерттеуге негізделген жағдайды бағалау тәсілі:

1) Strengths - күшті;

2) Weaknesses - әлсіз жақтар;

3) Opportunities - мүмкіндіктер;

4) Threats - қауіп қатерлер
• S – Артықшылықтары:
Заманауи жабдықтар,

Сәтті орналасқан орын,

Жоғары сапалы қызмет көрсету, төмен баға,

Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Шикізат пен электр энергиясына жоғары шығындардың болмауы,

Қызмет саласын кеңейту мүмкіндігі.
• W – Әлсіз жақтары:
Кәсіпорынның қалыптаспаған имиджі,

Тұрақты клиенттердің болмауы

Өндірісті өрістету кезеңінде таныту мақсатында алға бастыру шығындары қажет,

Қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
• O – Мүмкіндіктер:

Басқа қалалар мен облыстарға тасымалдау;

Бұйымдардың ассортиментін кеңейту,

Инвесторларды тарту,

Жаңа географиялық нарықтарға шығу, жаңа шикізат пен материалдарды пайдалану.
• T – Қауіп-қатерлер:

Бәсекелестіктің жоғары болуы;

Тұтынушылардың қалауларын өзгерту,

Жабдықтың сынуы.

Жобаның құндылықтары:
Бұл жобаның негізгі мақсаты тұрғындарды жоғары сапалы өнімдермен

қамтамасыз ету. Осылайша, тұтынушылардың сеніміне ие болу.

Сонымен қатар, жобаның өзіндік құндылықтары бар:
➢ Әр тұтынушының талғамына сай өнімді табыстау;

➢ Жоғары сапалы өнім ұсыну;

➢ Өнімдердің экологиялық таза,тиянақты болуы;

➢ Сапасының және жеткізілудің барлық стандарттарға сәйкес келуі;

➢ Адамдарды тұрақты жұмыспен қамтуы.

➢Білім беру саласында сапалы қызмет көрсетуі;

➢Жаңа жұмыс орындарын құруы;

➢Білім беру саласындағы сапалы және кәсіби қызметтерге халықтың сұранысын қанағаттандыруы.


Өндірістік бөлім:
Өндіріс көлемі 45 шаршы метр жалға алынған үй-жайда орналасады, тікелей кесте тігу цехы жұмыс істейді.
Өндіріс үшін 420 000 теңге сомасына қажетті жабдықтар сатып алынады. Толық тізімі бизнес-жоспардың кестесінде берілген. Артықшылық әмбебап жабдыққа, атап айтқанда бесінші класты кестелеу машиналарына беріледі, бұл одан әрі кестеленген бұйымдардың желісін оңай кеңейтуге мүмкіндік береді. Кейбір кестелеу машиналары электронды болады, бұл дәл үлгілерді жасауға, автоматты түрде өрнектерді кестелеуге, компьютерде өрнектерді жасауға және өңдеуге мүмкіндік береді және т. б. Барлық кестелеу жабдықтары мен жинақтауыштарына 1 жыл мерзімге сатушының кепілдігі беріледі. Жұмыстың негізгі тәсілдерін орнату және оқыту құнына енгізілген.
Жобаны іске қосудың бастапқы сатысында өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін жоба бастамашысына мынадай жабдықтар мен мүліктер қажет болады:
1-кесте. Жабдықтар (инвестициялар)


Жабдықтың атауы

Саны:

бағасы

Құны,мың теңгемен

5 класты қосинешекті перфокарткалы тоқу машинасы. Silver Reed SK280

1

420 000

420 000

Барлығы:







420 000


Түсініктеме: Осы жабдықты сатып алу үшін жобаның бастамашысы 252 500 теңге көлемінде гранттық қаржыландыруды және 167 500 теңге көлемінде меншікті қаражатты тартуды жоспарлап отыр.

2-кесте . Жабдықтар тізімі
Silver Reed SK280/SRP60N сипаттамасы:


Атауы

Сипаттамалары

Бағасы
теңгемен


Саны
теңгемен


Құны
теңгемен








Өндірістік жабдықтар


























Silveer Reed SK280

кестелеу

машинасы


  • Машина класы: 5


  • Инешек саны: 2


  • Инелер саны: 200


  • Әзірлеген ел: Жапония


  • Өндірген ел: Қытай


420000


1


420000



Silver Reed SRP60N екінші инешекпен жабдықталған Silver Reed SK280 тоқыма машинасы тұрмыстық кестелеу машинасы ішіндегі ең ұтымды таңдау болып табылады. Машина класы әртүрлі қалыңдықтағы иірімжіптермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда машинаның мүмкіндіктері тек сіздің білімңізбен және машинада кестелеу шеберлігіңізбен шектеледі. Silver Reed SK280 / SRP60N, 5 класты перфокарталық қос инешікті кестелеу машинасы ұзақ уақыт тоқу үшін арнайы жасалған. Перфокарталық жүйе мен басқа да қарапайым ерекшеліктердің арқасында тіпті тоқуды жаңа үйреніп жүрген дамдар да тамаша нәтижелерге қол жеткізе алады. Машина дайындалған перфокарталар бойынша өрнектер тоқиды. Өрнектері бар негізгі перфокарталар кестелеу машинасының жиынтығында бар.


Өрім түрлері
Иілмелі жатық кесте
Престік (Tuck. бір және қос инешекті)
Слип
"Жалған" үлдір (Punch Lace)
Жаккард (бір және қос инешекті)
Жеке мотив
Вивинг
Өрім (қолмен ілмектасымалдау)
Қарапайым және күрделі үлдір (LC2 қосымша кареткасымен)
Интарсия (қосымша кареткамен AG24)
Ләстікті (қосбеттік мата)
Қосарланған иілмелі жатық кесте (шеңберлі шұлық)
Резиналардың барлық түрлері (1х1,2х2,3х8 және т. б.)
"Ағылшын" резеңкесі (оның ішінде жылжумен)
"Інжулі" резеңке
"Репс" (бөлшектеумен, жылжумен)
Білікше
Жамылғылы өрнектер
Көлденең қатпарлар
Мәнерлі үлдір және т. б.
Габариттер SK280 (қаптамада): 1190х245х105, SRPN60 (қаптамада): 1190х235х120 мм.

3-кесте. Номенклатура және ауыспалы шығындар


Тауар тобы

Шығындар
бірл.
теңге


Шығындар
бірл.
орташа теңгемен (жұмысы)



Сауда
үстеме бағасы
орта
есеппен %


Электр қуаты

Орташа
құны
теңгемен


Кестеленген балалар свитері (1-14 жас)


400 гр*550

2 200


2000


12000


300


5700


Ерлерге арналған кестеленген свитер


600гр*600=3600


3000


1500


500


8600


Әйелдерге арналған ұзын кестеленген свитер / кардиган


900*600=5400


4000


2500


600


12500


Кестеленген

жиынтық (бас киім, шарф)


300гр*550=1650


1500


1000


200


4350


Кестеленген әйел снуты


200гр * 550=1100


1500


1000


200


380