Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| ||||||||
| Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы | | ||||||
| | | ||||||
| РЕФЕРАТ | | ||||||
| Қылмыстық процессОрындаған: И.Ж. Касенова Тексерген: Т.Т. Балашов | | ||||||
| Алматы 2022 ж. | | ||||||
| | |
| | | | | ||||||
| Қылмыстық процесс | | ||||||||
| | | | | ||||||
| | | | | ||||||
| | | Кіріспе Негізгі бөлім 1. Қылмыстық процестің ұғымы мен міңдеттері 2. Қылмыстық іс жүргізу заңы мен қайнар көздері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | | | | ||||
| ||||||||||
| | | | |||||||
| |
Қылмыспен күресудің бірден-бір құралы қылмыстық заң болып тыбылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерді, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адам зат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты - қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады. Қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу.
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдар (сот прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) болып табылады. Бұл мемлекеттік органдардың қызметтері бір-бірімен өзара байланысты болғанымен, олардың іс жүргізу кезіндегі өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы бұрын болған қылмыстың мән-жайларын толық ашып, айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартатын болса да, оның кінәлігі жөнінде мәселені шешпейді. Осыған байланысты алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң тергеуші қылмыстық істің материалдарын заңдылықтың сақалуын қадағалайтын прокурорға жібереді. Прокурор алдын ала тергеу заңды түрде және толық жүргізілген деп санайтын болса, онда бұл қылмыстық істі тиісті соттың қарауына береді. Содан соң қылмыстық іс бойынша үкім шығарады. Осындай заңға сәйкес жүзеге асырылатын өкілетті органдардың іс-әрекеттер жүйесі қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.
Қылмыстық процестiң мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс.
Қылмыстық процестің принциптері – қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. 8-31 баптарына сәйкес, қылмыстық процестің принциптеріне мына бастама ережелер жатады:
- заңдылық;
- сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;
-адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;
- жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
- адамның жеке басына тиіспеушілік;
- қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
- жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы;
- тұрғын үйге қол сұқпаушылық;
- меншікке қол сұқпаушылық;
- кінәсіздік презумпциясы және т.б.
Заңдылық принципі. Бұл принциптің 2 жақты мәні бар: біріншіден, ҚІЖК-нің 10-бабының 1-бөлігінде айтылғандай, сот және прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы қылмыстық істі жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚРҚІЖКтің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті; екіншіден, қылмыстық процеске қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Конституциясын және өзге де заңдарды сақтауға міндетті болып табылады.
Осы айтылған шаралар заңдылық принципін қамтамасыз етудің маңызды процессуальдық кепілдіктері болып табылады.Олармен қатар,заңдылық принципін қамтамасыз етудің басқа да мынадай кепілдіктері бар:
- қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларында заңдылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы;
- жоғары саты соттарының төменгі сатыға жататын соттардың шығарған үкімдері мен қаулыларының заңдылығын тексеруі;
- іске қатысушы мүдделі тұлғалардың соттың,прокурордың және алдын ала тергеу органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану құқығы және ондай шағымдардың заңда көрсетілген тәртіп бойынша уақытында қаралып шешілуге міндеттілігі.
Сот төрелігін тек соттың ғана іске асыруы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы және ҚІЖК –нің 11-бабының жазылуы бойынша,сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципі мына мәселелерді қамтиды:
- соттың үкімі бойынша болмаса,ешкімде қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныла алмайды
- сот төрелігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және басқа жергілікті соттар жүзеге асырады, бұл соттар жүйесі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленген, қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселесіне үлкен мән берілген. өйткені, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптеріне сай, азаматтардың өз мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуі – істі дұрыс шешудің ең әділ жолы ретінде қаралады.
Жеке адамның абырой мен қадір-қасиетін құрметтеу. Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында былай деп жазылған: адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды. Осы конституциялық ереже қылмыстық процестегі жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінің негізін құрайды.
Адамның жеке басына тиіспеушілік. Бұл принциптің мәні адамның жеке басының бостандығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы принципке арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында оны қамтамасыз етудің мынадай кепілдіктері көрсетілген:
ҚРҚІЖК белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.
ҚРҚІЖК көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығын бере отырып, тек соттың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Адам прокурордың санкциясынсыз жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұсталуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмi немесе соттың санкциясы бойынша жол берiледi.
Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi, сондай-ақ ол жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереу хабарланады.
Сот, қылмыстық iзге түсу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталған адамды дереу босатуға мiндеттi.
Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадiр-қасиетiн түсiретiн әрекет жасауға болмайды.
Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп туғызатын iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамның жеке басына тиiспеушiлiктi бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы ҚРҚІЖК тiкелей көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
Өзiне қатысты жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған адамды қамауда ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс. Заңсыз бас бостандығынан айыру, өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтiрiлген зиян ҚР ҚІЖК-мен көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.
Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бұл принцип бұрын қаралған заңдылық принципімен тығыз байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органдарының заңдылық принципін сақтауы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап етеді. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi.
Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян ҚРҚІЖК-нде көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс.
Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен, не өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
Жеке өмірге құл сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында былай жазылған:
- әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауға, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар;
- әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар;
- бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Тұрғын үйге қол сұқпаушылық. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында баян етілген: тұрғын үйге қол сұғылмайды және соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді; тұрғын үйге басып кіруге, оны тексертуге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.