Файл: Реферат ылмысты процесс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Меншікке қол сұқпаушылық. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы қорғалады және қамтамасыз етіледі. Бұл принцип ҚІЖК-нің 18-бабында да бекітілген. Осы баптардың нормалары бойынша: барлық азаматтар заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады; меншік құқығы, оның ішінде мұрагерлік құқығы заңмен қорғалады, соттың шешімінсіз ешкімді де мүлкінен айыруға болмайды.

Кінәсіздік презумпциясы. бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1,6,8 тармақтарына сәйкес келетін ҚІЖК-нің 19-бабында тұжырымдалып жазылған: 1) адамның қылмыс жасағандағы ҚРҚІЖК көзделген тәртіппен дәлелденгенде және соттың заңды күшіне енген үкіммен танылғанға дейін ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады; 2) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 3) айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмеген күдік оның пайдасына қаралады; 4) айыптау үкімін болжамдауға негіздеуге болмайды және үкім шындыққа жататын дәлелдемелердің жиынтығымен расталуы тиіс.

Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында көрсетілгендей, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осы конституциялық нормаға сәйкес ҚІЖК-нің 20-бабында ешкімде нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауапқа тартылмайды деп көрестілген.

Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы бойынша:

- заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

- тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Судьялардың тәуелсіздігі. Судьялардың тәуелсіздік принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 1 және 2 бөліктерінде жазылып бекітілген, судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады, сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. ҚІЖК-нің 22-бабында бекітілген бұл принципінің мәні – қылмыстық істі жүргізудің айыптау және қорғау тараптарының бір-бірінен бөлектенуне негізделуі және тараптарға тең процессуальдық құқықтар беру арқылы олардың сот талқылауына қатысуларына бірдей мүмкіндік туғызу болып табылады. Қылмыстық iзге түсу, қорғау және iстi соттың шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.


Сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу мiндетi айыптаушыға жүктеледi. Қорғаушы сотталушыны қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен әдiстерiн пайдалануға мiндеттi. Сот қылмыстық iзге түсу органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi. Сот объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз iс жүргiзу мiндеттерiн орындауы және өздерiне берiлген құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай туғызады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы тараптар тең құқықты, яғни оларға Конституциямен және ҚРҚІЖКөз айқындамаларын қорғауға бiрдей мүмкiндiк берiлген. Сот, iс жүргiзу шешiмiн, зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде қамтамасыз етiлген дәлелдерге ғана негiздейдi. Тараптар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң айқындамасын, оны дербес және сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тәуелсiз қорғаудың әдiстерi мен құралдарын таңдайды. Сот тараптың өтiнiшi бойынша оған ҚРҚІЖК көзделген тәртiппен қажеттi материалдарды алуға жәрдем көрсетедi. Мемлекеттiк айыптаушы мен жеке айыптаушы белгiлi бiр адамның қылмыстық iзiне түсудi жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық iзiне түсуден бас тарта алады. Сезiктi мен айыпталушы өзiнiң кiнәсiн еркiн жоққа шығара алады немесе өзiн кiнәлiмiн деп мойындай алады. Азаматтық талапкер талап арыздан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен бейбiт келiсiм жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап арызды мойындауға немесе азаматтық талапкермен бейбiт келiсiм жасасуға құқылы. Сот тараптарға бiрiншi және аппеляциялық сатылар бойынша істі қарауға қатысу құқығын қамтамасыз етедi, айыпталушы және оның қорғаушысы iстi қарау кезiнде, қадағалау тәртiбiмен, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жiберiледi. Сот әрбiр қылмысты iстi қараған кезде айыптау тарабының мемлекеттiк не жеке айыптаушысы болуға тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар ҚРҚІЖКпен айқындалады.

Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объектівті зерттеу. ҚІЖК-нің 24-бабында жазылған: сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.

Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау. Бұл принциптің ҚІЖК-нің 25-бабында жазылуы бойынша: судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді олардың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды және бұл орайда заң мен ар-ожданын басшылыққа алады, ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды.



Қылмыстық іс жүргізу заңдары және қайнар көздері

Құқықтың дамуы қандай заңдылықтарға бағынып, қандай факторлармен айқындалатын болса, құқық көздерінің дамуы да жалпыалғанда сондай заңдарға бағынады және сондай факторлармен айқындалады.

Қазақстан Республикасы өткеріп жатқан өтпелі кезеңге қатыстыкез-келген құқық саласы, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу құқық көздерінің жай-күйіне тән ерекшелік – құқық мазмұнының құрылымы, жүйесі шегіндегі, демек құқық мазмұны шегіндегі олардың әр текті сипаты.

Құқық көздерінің әр текті ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуының процесі факторларға байланысты. Сондай факторлардың ең елеулілері мыналар:

- заңдардың өтпелі кезенде қолданылуының ерекшеліктері;

- бұрын қолданылған құқық көздерінің жойылуы немесе құруы;

- бұрын қолданылған құқық көздерінің қалыптасуы;

- бір бөліктерде ұлттық құқық қалыптасуын процесінің серпінділігі, жеделдігі, басқа бөліктерде – кешеуілдеу феноменінің ықпал етуі,

- құқықтық рецептуралық феноменнің байқалуы, соған байланысты ұлттық құқық үшін жеткілікті түрде елеулі факторларды теңдестіруқауіпі пайда болады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы деп заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттік өкілді орган (Парламент) қабылдаған және қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі мен мазмұнын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жиынтығын айтамыз. Бұл құқықтық актілер Қазақстан Респбликасы тәуелсіздік алғаннан кейін, соның ішінде 1994 жылдың 12 ақпанында бекітілген құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қалыптасты.

Заңнанаманың ерекше маңызы онда қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйеленіп тұжырымдалатын болғандықтан, ол қылмыс іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі заңды күші бар Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына мынадай нормативтік актілердің жиынтығы енеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы (онда қылмыстық құқық негіздері, яғни адам мен азаматтың бостандығы мен құқығы, жеке тұлғалық қол сұқпаушылық, кінәсіздік презумпциясы, т.б. белгіленген).
Аталған құқықтың қайнар кездерінің ішінде қазіргі құқықтық саясатқа байланысты өзгерістерге жататын нормативтік актілердің түрлеріне тоқталайық. Мәселен, құқықтың қайнар көздеріне Конституциялық Кеңестін және Жоғарғы Соттың қаулыларын жатқызу бұрынғы Кеңес Одағы кезінде болмаған. Ал қазіргі конституциялық норманың негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқық қолдану тәжірибесіне сүйене отырып көптеген нормативтік қаулылар қабылдағаны белгілі. Олардың ішінде: Сот үкімі туралы (2002 жылғы 15 тамызда қабылданған); Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Қылмыстык істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін сот-тардың сақтауы туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі санциясына сотқа шағымдану туралы (2003 жылы 20 наурызда қабылданған); Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірбиесі туралы (2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған); Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған); Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған), Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу зандарының нормаларын қолдану туралы (2005 жылғы 23 желтоқсандағы), Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы (2005 жылғы 20 маусымдағы) және т.б. нормативтік қаулылар бар. [1] Өзге нормативтік құқықтық актілер қатарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің және басқа орталық мемлекеттік органдардың қау.лылары мен бұйрықтары, сондай-ақ олар бекіткен ережелер жатады. Осыған сәйкес, мысалы, қылмыстық іс жүргізу саласында қолданысқа жататын мына нормативтік актілерді айтуға болады: Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысна қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінін, міндетін атқарушының 2005 жылғы 6 қазандағы, Қазақстан Республикасы Экономикалык қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 7 қазандағы - бірлескен бұйрығымен бекітілген: Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы нұсқаулық; Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану туралы нұсқаулық және т.б.
 

Қорытындылай келе, Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Жеке адамның абыройы мен кадір-касиетін құрметтеу. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке өмірге қол сұғышпаушылық. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Меншікке қол сұғылмаушылық. Кінәсіздік презумпциясы. Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсүге жол бермеу. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргізудігі тараптардың мен тең құкықтылығы негізінде жүзеге асыру.

Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Қылмыстық процестің принциптері-қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсатттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер. Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық  іс жүргізу  құқығы - бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі. Қылмыстық процесс - бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады.  Қылмыстық процестің екі мақсаты бар: тікелей - әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын; жалпы-заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу. Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану. Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексі (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 04.07.2014г.

  2. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексi (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  3. Нұрмашев Ү. Ахапов К. Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы. Жеті жарғы,-2013ж.

  4. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Движение уголовного дела (Общая и Особенная части) / Учебник / Под ред. д.ю.н., проф. Когамова М.Ч., к.ю.н, доц. Касимова А.А. – Алматы: Жеті Жарғы, 2013.

  5. Сайт законодательство РК: http:/wwwonline.zakon.kz

  6. Сайт законодательство РК: http:/wwwadilet.zan.kz

  7. Сайт законодательство РК: http:/wwwsud.gov.kz