Файл: Дрыс таматану денсаулы кепілі Махаева Рита Балаудиевна.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Махаева Рита Балаудиевна
Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық колледжі
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
Жетекші: Болатова Гүлназ Нұрболатқызы
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан, тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану - денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
«Таңғы тамақты өзің іш, түскі тамақты досыңмен бөліс, кешкі тамақты жауыңа бер» деген шығыс тәмсілі бар. Яғни қуатты тағамдарды күннің алғашқы бөлігінде тұтынып, жатарға таяр уақытта асқазанды бос ұстаған жақсы. Бұл – бүкіл әлем медицинасы әлдеқашан құптаған қағида. Дегенмен бұл қағидамен қабыспайтын тағы бір ой айтайын. Біздің өмір сүру дағдымыз сәл басқашалау қалыптасқан. Таңертең үйден апыл-ғұпыл аттанып, шаруаның бәрін реттеп қас-қарайғанда үйге әрең оралып жатамыз. Шаршап-шалдығып кеп, тамақтың бар құнарлысын ал кеп бас саламыз. Мұны құптамасам да, мүлде қате деп айта алмаймын. Бұл – қазақ халқының өмір салтына ежелден сіңген қасиет. Кештетіп келген қонаққа қазан көтеріп, алдына табақ-табақ ет қоятын елміз. Бабаларымыз осыны ескеріп, ас қорытудың ең оңтайлы тәсілін таңдай білген. Қымыз – етті ең жақсы қорытатын сусын. Қазекең еттен кейін қымыз ішіп, ішкен-жегенін бойына дарытқан. Қазір қымыздың орнын құрамы өте күрделі заттардан тұратын түрлі газдалған сусындар алмастыра бастады. Олардың зияны шаш етектен екенін уақыт дәлелдеп жатыр. Аты жаман аурулар белең алып, қаншама жан қиын жағдайға тап болуда.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабаққа үлгеру қабілетін аттырады.
Дұрыс тамақтану өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процесстерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді: Таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды; Түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады; Кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар; Аралық тамақтану: таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын; түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау үшін тамақтанудың бірқатар түрлерін ұстанып жатады. Мыслы, ашығу, емдік сусындар ішу, арнайы витаминдер қабылдау, т.б. Осы орайда, ораза ұстау және оның адам ағзасына әсері жайлы өз ойымды айта кетсем.
Ауыз бекітіп, ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып, олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы Алекс Каррел былай дейді: Белгілі бір уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушалардағы протеиндердің кимылын арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек біртұтастығын қорғау үшін жанын салады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады.
Қорыта келе, зиянды заттарды, денсаулығымызға пайдасы жоқ тағамдарды пайдаланбай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Денсаулықты сақтау - әрқайсымыздың қолымызда екенін ұмытпайық!