Файл: Дрілік трлерді дайындау ыы бар дріхананы ндірістік жне осалы йжайларын атаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 107

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бюреткілік қондырғылар және пипеткалар 10 күнде 1 рет концентраттардан тазартылып, 50-600 жылы суға гарчица ұнтағы қосылған ерітіндімен немесе 3% сутегі перекисі ерітіндісін 0,5% жуу заттары қосындысымен жуылып, кейін тазартылған сумен шайылады. Жуылып, шайлып болғаннан кейін жуу заттарының іздерінің қалмауы тексеріледі.

Дәрілік заттарды өлшеп алғаннан кейін штангластардың қақпағын, жабылатын шетін және қол өлшегіштерін мәрлі салфеткасымен сүртеді. Мәрлі салфеткасы бір-ақ рет қолданылады.

Жұмыс соңында құйғыштар, сүзгілер, капсулалар, ступкалар жуылып дезинфекцияланады.

  1. Дәріханада дәрілік заттарды сақтауға арналған үй-жайларды сипаттаңыз.

Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физика-химиялық қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді.

Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық үрдістерді жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып, айқындалған сақталу температураларын ескеру керек.

Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60% аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде-65%.

Дәрілік заттардың сақталу орындарында ауа алмасу жақсы болуы керек. Себебі, ауа алмасу үрдісі арқылы сақталатын тауарлардың, ыдыстардың, жабдықтардың т.б. газды заттарының иісі жойылып, ылғалды-температуралық режимі теңестіріліп отырады. Ауа алмасу үрдісін терезелерді ашу арқылы немесе арнайы желдеткіштерді қолданып жүргізеді.

Тауарлардың сақталу тәртібінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық, әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді, себебі тотығу үрдістерін жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың көбін қараңғы жерде сақтау ұсынылады, мүмкін болмаған жағдайда (дәріханалық сауда залында) тауарларға күн сәулесінің түспеуі қарастырылады. Ол үшін дәрі-дәрмектер сақталатын бөлмелердің терезесі күн түспейтін жақтарға қаратылады, дәріханалық сауда залының терезелері перделермен жабылады.

Дәрілік заттарды сақтауда компьютерлік, кітаптық, картотекалық т.б. тәсілдердің қолайлы түрімен тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің есебі жүргізіліп, үнемі бақыланады.


Дәріханалық қойманың тауарларды сақтау бөлімдерінің ішкі қабырғаларында тұтанғыш аспаптар мен еденнен 1,5-1,7 м жоғары және есіктен 3м қашықтықта термометрлер мен гигрометрлер ілінеді.

Ауа тазалығын сақтау үшін тауарларды сақтау бөлмелері кондиционерлермен, арнайы желдеткіштермен жабдықталады.

Дәріханалық қойма, басқа да тауарлар сақтау бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында едендер күніне кемінде бір рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып, ылғалды түрде тазартылып отырылады.

Атаулары үндес, ішу үшін қолданылатын күшті әсерлі жоғарғы дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар және алфавитті тәртіпте орналастыруға болмайды.

Сырқаттардың диагностикасы, алдын-алуы және емделуінде пайдаланылатын медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар келесі топтарға бөлінеді:

резеңке бұйымдары;

пластмассадан жасалған бұйымдар;

байлау-таңу материалдары;

медициналық техника құралдары мен жабдықтары.

Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық тауарлар сақталатын қойма бөлмелерінде және олардың аумақтарында кеміргіш жәндіктермен, басқа да зиянкестерге қарсы күрес жүргізу шаралары үнемі жүргізіліп отыруы қажет.

Дәрілік заттарды сақтауда физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әсер ету факторларына байланысты келесі топтарға анықталады:

жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;

ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;

ұшып кетуден қорғауды талап ететін;

жоғарғы температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;

иісті, бояғыш заттар;

дезинфекциялау заттары;

улы заттарды бөліп шығаратын т.б.;

тұтанғыш және жарылғыш заттар.

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтау ерекшіліктері

Жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға антибиотиктер, галенді препараттар, дәрілік өсімдіктер шикізаттары (өсімдік шикізаттарынан жасалған тұнбалар, экстрактілер, концентраттар), орган препараттары, витаминдер мен витаминді препараттар, кортикостероидтар, майлар, эфир майлары, йодты және бромды сутегі қышқылдары мен тұздары, галогенді ауыстырылу қосындылары, нитроқосындылар, нитраттар, нитридтер, аминді және аминоқосындылар, фенолды қосындылар т.б. жатады.



Жарықтың әсерінен сезінгіш дәрілік заттар қызғылт шыны ыдыстарда, алюминийден немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр, қызғылт түстерге боялған металл ыдыстарда қараңғы бөлмелерде шкафтарда сақталады.

Жарықты аса сезінгіш күміс нитраты, күміс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты сияқты дәрілік заттарды сақтауда, ыдыстарына жарық өткізбейтін қара қағаз жапсырылып, ішкі жағы қара бояумен боялып, тығыз жабылатын шкафтарда орналастырылады.

Керісінше, жарықтың әсеріне мұқтаж темір препараттары, феррамидтер сияқты дәрілік заттарды сиымдылығы шағын, ашық түсті шыны ыдыстарда жарық жерде сақталынады.

Ылғалдан қорғауды талап ететін дәрілік заттарға калий ацетаты, құрғақ экстрактілер, дәрілік өсімдік шикізаттары, азот, азотты, галогенді сутегі және фосфор қышқылдары, тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар т.б. жатады.

Судың атмосфералық буларының әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды құрғақ салқын жерлерде, судың буларын өткізбейтін материалдармен тығыз тығындалған шыны, металл, алюминий фольгасы, қалыңдатылған пластмасса ыдыстарында сақтайды.

Ұшып кетуден қорғауды талап ететін дәрілік заттарға аммиак ертіндісі, йод, камфора, ментол, формалин, эфир майлары т.б. өздігінен ұшып кететін заттар: спирт тұнбалары, сұйық спирт қосындылары, қою экстрактілер т.б. ерітетін ұшпа заттардан тұратын дәрілік препараттар; эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер шикізаттары; анальгин, бензинпенциллинді новокаин тұзы, глюкоза, кальцекс, кальций глюконаты, лактаты, натрий сульфаты, сульфацил-натрий, теофиллин, фтивазид т.б. кристалдандырылған суы, кристаллогидраттары бар препараттар жатады.

Ұшпа заттардан тұратын дәрілік заттар салқын жерде герметикалық түрде тығындалған шыны, металл, алюминий фольгасы ыдыстарында сақталады.

Жоғарғы температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға ұшып кетуден қорғалатын препараттар, суппозиторийлер, бактериялық препараттар, антибиотиктер, органикалық препараттар, гормоналды препараттар, витаминді препараттар, гликозидтерден тұратын препараттар, майлар т.б. жатады.

Жоғарғы температурадан қорғауды талап ететін дәрілік заттарды бөлме температурасында (+180-20ӘС), салқын немесе суық температурада (+120 +15ӘС) сақтау керек. Кейбір жағдайларда сақтаудың неғұрлым төмен температурасы (0+10ӘС) талап етіледі.


Бактериялық препараттарды өнеркәсіптік орауда атаулары мен сериялары бойынша жарамды мерзімдерін ескере отырып сақтау қарастырылады. Сақтау кезінде аталған препараттарды 3 айда бір рет визуальды түрде тексеріп отыру қажет.

Төмен температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға алмагель суспензиясы, алоэ линименті, АТФ, гамма-глобулиндер, асқазан шырыны, маннитол, мараславин т.б. қатқаннан кейін физикалық-химиялық күйі өзгеретін және одан кейін бөлме температурасына дейін жылыған кезде қалпына келмейтін препараттар жатады.

40 пайызды формальдегид (формалин) ертіндісі +9 С0-тен төмен емес температурада сақтау керек.

Медициналық майларды +10С0-ден төмен емес температурада сақтау талап етіледі.

Қоршаған ортадағы газдар әсерінен өзгеретін дәрілік заттарға алифаттық қатардағы, топтардағы циклдық заттар, фенолдық, полифенолдық, морфин және оның ауыстармалы гидрофильді топтары бар туынды заттары, гетероциклдық қосындылар, ферменттер мен органикалық препараттар жатады.

Газдардың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды газ өтпейтін материалдар мен герметикалық түрде тығындалған, мүмкіндігінше толық толтырылған ыдыстарда сақтау қарастырылады.

Иісі бар және бояғыш дәрілік заттарға аммиак ерітіндісі, хлор әгі, ихтиол, камфора, ментол, скипидар, фенол т.б. сияқты іс жүзінде ұшпайтын, күшті иісі бар, бояғыш заттар мен препараттар жатады.

Бояғыш дәрілік заттарды арнаулы шкафтарда, тығыз тығындалған ыдыстарда атаулары бойынша бөлек сақталады

Таблеткалар құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақталады.

Эфир майларынан тұратын таблеткіленген дәрілік заттарды ыдыстарға салып орап, тығындамас бұрын оларды 9569 МССТ бойынша парафиндендірілген қағаздарға орайды.

Инъекцияға арналған дәрі-дәрмектер салқын, жарықтан қорғалған жерде сақталу ыдыстарының ерекшеліктерін (сынғыштығын) ескере отырып, бөлек бөлмелерде немесе шкафтарда сақталады.

Сұйық дәрі-дәрмектер (шырындар, тұнбалар, эфир, хлороформ) герматикалық түрде тығындалған ыдыстарда салқын, жарықтан қорғалған жерде сақталады.

Плазманы ауыстыратын және дезинфекциялау ертінділері 0С-тан 40С-ке дейінгі температурада жарықтан қорғалған оқшау жерде сақталады.

Экстрактілер парафин құйылған, тығыз тығындалған шыны ыдыстарда сақталады. Сұйық және қою экстрактілер +12С - +15С температурада сақталады.

Майлар, линименттер, суппозиторийлер салқын, жарықтан қорғалған жерде тығыз тығындалған ыдыстарда сақталады.


Аэрозольді препараттар +3С-тан +35С-ке дейінгі температурада құрғақ, жарықтан қорғалған, оттан және жылыту құралдарынан алшақ жерде сақталады.

Аэрозольді препараттардың тасымалдану, сақталу кезінде механикалық бүлінуінен қорғалуына көңіл бөлінеді.

Дәрілік өсімдіктер шикізаттары құрғақ, ауасы таза бөлмелерде жақсы жабылған шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшіктерде сақталады. Дәрілік өсімдіктердің кесілген шикізаттық талшықтары қаптарда, ұнтақтары-қос қабатты қаптарда (ішкісі-көп қабатты қағаз, сыртқысы талшықты) сақталады.

Эфир майларынан тұратын дәрілік өсімдік шикізаттарын жақсы тығындалған ыдыстарда оқшау сақтайды.

Кептірілген жемістерді сақтау кезінде, оларды кеміргіштерден сақтау үшін сақталу жәшіктеріне хлороформ құйылып, тығынына түтікше енгізілген сауыттарды салып қояды.

Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтауға айрықша назар аударылады. Олардың сақталу мерзімдері қатаң қадағаланып, биологиялық белсенділктері тексеріліп отырады.

Улы және күшті әсерлі дәрілік өсімдік шикізаттары құлыпталған бөлмелерде немесе бөлек шкафтарда сақталады.

Дезинфекциялау заттары герметикалық түрде тығындалған ыдыстарда, жарықтан қорғалған, құрғақ, салқын жерде , оқшау үй-жайда сақталады.

Пластмассадан жасалған бұйымдарды ауасы тазаланып тұратын қараңғы, салқын бөлмелерде бөлме температурасында, жылыту құралдарынан кемінде бір метр қашықтықта сақтау керек. Үй-жайда ашық жанатын от, ұшпа заттардың булары болмауы қажет. Электр аспаптары мен ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) түрде дайындалуы қажет. Целлофан, целлулойд, амин қабатты бұйымдарды және басқа бұйымдар сақталатын үй-жайда ауаның 65 пайыздан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығын сақтау керек.

3. Дәрілік түрлерді дайындау жөніндегі ассистенттің жұмыс орнын сипаттаңыз.

4. Ораушы жұмыс орнын сипаттаңыз.

5. Дайын дәрілік нысандағы дәріхананың үй-жайларын атаңыз?

6. Дәрілік заттарды босату бойынша фармацевтің жұмыс орнын сипаттаңыз.

ДӘРІХАНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАН ТАУАР БОСАТЫЛУЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Дәріханалық ұйымда тауарды босатудың 2 түрі болуы мүмкін – рецептуралық және рецептурасыз.

ҚР ДСМ №38 3 ақпан 2005 жылғы бұйрығына қатысты дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардан басқа, барлық дәрілік заттар дәріханалық ұйымдардан рецепт бойынша босатылуы қажет. Рецепт бойынша дайын дәрілік түрлер (ДДТ) және дәріханада дайындалған (экстемпоральды) дәрілік түрлер де босатылады (сызба 1). Рецептсіз босату тізімі шектеулі дәрілік препараттарға және нақты түрдегі дәріханалық ұйымнан босатуға рұқсат етілген басқа тауарлар ассортиментіне негізделген.