Файл: Малімні атыжні Наурызалиева Ж. Б. Мерзім 08. 04. 2022 ж. Сынып 4 б атысандар атыспаандар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімнің аты-жөні: Наурызалиева Ж. Б. Мерзім: 08.04.2022 ж. Сынып: 4 «б» Қатысқандар: Қатыспағандар: | |||
Сабақ тақырыбы | Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.3.4.1 – өмірбаяндық мәліметтерге сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбектері туралы мазмұндау | ||
Сабақ мақсаты | 1. Иллюстрациялар арқылы тақырыпты көтерілетін мәселені болжау; 2. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру; 3. Пікірталасқа қатысып, тақырып бойынша пікірлерін дәілелдеу; | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Сабақтың басы – | Ширату жаттығуы «Қара жәшік» әдісі
| Қара жәшік пен таратпа қағаз | |
Сабақтың ортасы | Топтастыру: оқушыларды аспан, күн, ғарыш таратпа қағаздарын таңдауына байланысты3 топқа бөлу. 1-топ.«Аспан» 2-топ. «Күн» 3-топ. «Ғарыш Тыңдалымалды тапсырмасы ТЖ. «Бір сурет, бес сөйлем»» әдісі Тоқтар Әубәкіров туралы ақпарат беріңіз. Бағалау критерийі:иллюстрациялар арқылы тақырыпты көтерілетін мәселені болжайды; Дескриптор:
ҚБ. Өзара бағалау. «Бағдаршам» әдісі Тыңдалым тапсырмасы С. Т.Әубәкіров туралы аудионы тыңда. Қажет сөздер: ұшқыш- лётчик бос уақыт – свободное время батырлық –героизм сынақ-испытание ғарыш-космос рекордтар кітабы-книга рекордов әскери ұшқыш-военный лётчик арман-мечта Жас кезінен қалай да ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының «Бірінші Мамыр» ауылында туған.Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді.Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды.Ол,ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып,парашюттен секіруге әуестенді.Осылай асыл арман аясында жүріп,ол орта мектепті бітірген соң,Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. Инженер-ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар Қиыр шығыста жұмыс істеп жүріп 1-дәрежелі әскери ұшқыш атағын иеленді.Өз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол аса жауапты да қиын жұмыстар атқарды:түрлі маркадағы бірнеше әскері ұшақты сынақтан өткізді.Албырт жастың әлі де алдына қойған мақсаттары көп еді,ақыры ол өз арманына жетті.1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып,сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты.Осы батырлығы үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылды. Тоқтар 50-ден астам жаңа ұшақты сынақтан өткізді. Осындай өміріне аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырғаны үшін ержүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақ жігіті Отан алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығына осылай дәлелдеді. Ресейдегі әскери қызметтен босаған соң, Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекетіміздің ғарыш саласындағы істеріне басшылық жасады. Елбасының ғарыш істері жөніндегі кеңесшісі болды. Тоқтар Әубәкіров –техника ғылымдарының докторы (1988), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры(1995). Тоқтар Әубәкіров-Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Тыңдалымнан кейін ЖЖ. «Блум түймедағы» әдісі Тыңдалым мәтіні бойынша 6 сұрақ құрастыр. 1.Тоқтар Әубәкіров-кім? 2.Мен мәтінді дұрыс түсіндім бе? 3.Жас кезінде неге әуестенді? 4.Не жақсы? Не жаман? 5.Сен ұшқыш болсаң не болар еді? 6. Ғарыш саласы қай жерде қолданылады? Нәтиже арқылы саралау: А. Бұл оқушылардың сұрақтары көбінесе білу/түсіну деңгейінде болып келеді. В. Бұл оқушылар қолдану, ішінара талдау деңгейінде сұрақатар құрастырады. С. Бұл оқушылар барлық ойлау деңгейлеріне сұрақ құрсатыра алады. Бағалау критерийі:сұрақтарға жауап береді; Дескриптор:
ҚБ. Өзара бағалау. Стикер арқылы түсініктеме. Стикермен бағалау: Қызыл – жұмыс толығымен орындалған, ескертулер жоқ; Сары – толықтыруды қажет етеді; С.«Пікірлер сызығы» әдісі Ұсынылған көзқарас бойынша пікіріңді дәлелде. Оқушыларды көзқарастарына қарай екіге бөліп, пікрлестіру. 1-топ: Т.Әубәкіровты тұңғыш ғарышкер деп санайтындар. 2-топ: Т.Әубәкіровты тұңғыш ғарышкер деп санамайтындар Сөйлеу құрылымы: «Попс формуласы»: Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...» Бағалау критерийі:пікірталаста өз пікірін дәлелдейді; Дескриптор:
ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. Түзету. | Топқа бөлуге арналған таратпа қағаздар https://www.youtube.com/watch?v=xCRI5g6EKyg Қазақ тілі, 8-сынып, 2010ж. Артықова, Алматы, Атамұра Қазақ тілі мен әдебиеті. Мектеп. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық Г.Косымова, А.Сатбекова, Е.Арын, К.РахымжановА.Юсуп /Алматы-Мектеп, 2018. 200- бет Стикерлер | |
Сабақтың соңы | Рефлексия «Шығу билеті» Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша жазбаша немесе ауызша ой салу. Түйінді ойларды бекіту. Сабақ барысында ұсынылған ақпарат бойынша бар білгенімен бөлісу.
| |