ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Оқу сабағының жоспары№2
Экономиканы ұйымдастырудағы модельдер
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік
негіздері қолдану
Педагог: Мамажанова И.М
2022 жылғы «____»_______
1. Жалпы мәліметтер
Курс: 2,3 топтар:
РЕТ-23б-
РЕТ-21б--
Сабақтың түрі: аралас
2. Мақсаты: Экономиканы ұйымдастырудағы модельдер жайлы түсінік беру
Мііндеттері:
-
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін тексеру. -
Әр студенттің сабаққа деген ынта мен қабілетін біліктілігін, қызығушылығын арттыру. -
Студенттерді еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа және ұқыптылыққа, экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Оқыту нәтижелері:
Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру.
Бағалау өлшемдері:
- Экономикалық теорияның пәні мен әдістерін ұғынады.
4. Қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, оқулық, презентация, видео сабақ, тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары
-
Крымова В. Экономикалық теория: кестелі оқу құралы. – Алматы: «Бастау», 2009.
– 196 бет.
-
Сатыбалдыұлы С., Байтанаева Б. «Маркетинг және менеджмент негіздері». Оқулық 2-басылым. – Астана: Фолиант, 2011. -
Айдарханова М.Х. Жұмашбекова С.К. Микроэкономика. Алматы, 2011.
Ходжаниязова Ж.Т. Нарықтық экономика негіздері – Фолиант, 2011
5. Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен сәлемдесу, түгендеу және сабаққа дайындықтарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақ-жауап:
1. Нарықтың құрылымы неде?
2. Нарықтың түрлерін атаңыздар?
3. Нарықтың сегментациясы?
4. Нарықтың түрлері бойынша жіктеу?
5. Нарықты сегменттеу?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Тақырып 2. Экономиканы ұйымдастырудағы модельдер
Жоспар:
1. Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері
2. Нарықтық экономика
3. Нарықтық экономика артықшылығы
1. Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері. Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениеттер өкілдері меншіктің табиғаты туралы және оның қоғам дамуындағы ролі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.
1 Идеалдық мемлекет ілімі
2 Жеке меншік ілімі
3 Экономикалық жүйе
Идеалдық мемлекет ілімі
Көне грек әлемінің идеалына сүйене отырып, Платон идеалдық мемлекет туралы ілімін дүниеге әкелген. Бұнда азаматтар өндіріс шарттарын бірлесіп иемденеді. Жалпы меншіктің артықшықтарын дәлелдеу адамгершілік — өнегелілік туралы ілімге негізделген болатын. Өнегелік — бұл мән және рух бірлік, біртұтастық деп мойындау, өнегелілік, оны жеке алып қарағанда, жалпыламалық болып табылады; өнегелілік бағытында қызмет ету адамгершіліктің белгісі; жеке меншік жеке адамнын мүддесін жалпы мүддеден жоғары ұстайды, әр адам тек өзі үшін меншік иесі болуды көздейді. Сондықтан жеке меншік өнегелілікке, адамгершілікке жатпайды.
Жеке меншік ілімі
Көне Римнің цивилизациясы басқа болды. Бұнда жеке тұлға тұңғыш рет өзінің жалпыламалық бірлігінен бөліне бастады, индивидуалдық дамуға кедергі болатын тайпа мен ру екенін сезіну жойыла түсті. Жеке меншікке артықшылық көрсетіліп, оны мойындау орын алды.
Римнің идеалдары роман-герман цивилизациясында одан әрі дами түсті. Реформация Батыс әлемінде өмір, табиғат және дүниежүзі туралы адамгершілік бағалылықтарды өзгертті. Эгоистік, индивидуалистік тұлғаға бағытталған, протестант этикасының ықпалымен, экономикалық адам ұғымын, азаматтық қоғам және таптық мемлекет теориясын табиғи құқық деп түсінетін, жеке меншік ілімі жарыққа келді, ал "адамның бостандығы, еркіндігі" деген түсінік "меншігі бар адам" деген түсінікке айналды.
Қазақстандық цивилизацияның адамгершілікті бағалауы көне-грек әлемінің идеалдарына жақын болатын. Кәсіпкерлік, іскерлік қолдау алатын, ал дүниеқорлық , пайдақорлық айыпталатын, адамгершілікке жатпайтын.
Адамгершілік, өнегелілік бірлік және руханилік деп саналып түсінілетін. Жалпы және жеке меншіктің ұштасуына, үйлесіміне назар аударылатын,үміт артылатын.
Экономикалық жүйе
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оны құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.
Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат жөне қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңаландырып отырады, т.б.
Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени қүбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы ендіруге мақсатталады.
Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып өрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Бұл экономикалық жүйенің этникалық байланыстарын және оның өркениеттік тұтастығын бұзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін-өзі ұдайы өндіру қабілетін сақтауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет-ғұрыптары, салты т.б. атқарады.
Қоғамдық өндірістің дамуы, экономикалық жүйелердің сыртқы ортамен тұрақты байланысқа ашықтығы, осы жүйенің жаңашыл жағдайлармен толықтырылып жетіле беруіне көмектеседі. Бұл ішкіжүйелік өзгерістердің жүруі арқылы жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде экономиканың жаңарған үлгісі жарыққа келуі мүмкін. Экономикалық ғылымда «экономикалық үлгі» деген түсінік қолданылады. Бұл нақты ақиқаттың көшірме бейнесі, белгілі бір дәрежеде түп нұсқаға сәйкес келетін танып білудің нәтижесі.
2. Нарықтық экономика. Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Нарықтық экономика артықшылығы
Нарық экономикасының бірінші элементі
Нарық экономикасының екінші элементі
Нарық экономикасының үшінші элементі
Нарық экономикасының төртінші элементі
Нарық экономикасының бесінші элементі
Нарықтың маңызды элементтері
Нарықтық экономика үлгілері
Американдық үлгі
Жапониялық үлгі
Неміс үлгісі
Шведтік үлгі
Француздық үлгі
Оңтүстік Кореялық үлгі
Қытайлық үлгі
3. Нарықтық экономика артықшылығы
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Нарық экономикасының бірінші элементі
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементі
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші элементі
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.
Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.
Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.
Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1. жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділк.
Нарық экономикасының төртінші элементі
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық экономикасының бесінші элементі
Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтері
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді: