Файл: Синапсты рылысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Синапс

Синапс – екі қозғыш жасушалар арасындағы маманданған қызметтік контакт, қозуды беру қызметін атқарады. Нейрондарда синапс негізінен бірінші жасушаның аксонының немесе дендриттің ұшындағы тармақтар мен екінші жасушаның дендритінің немесе перикарионның арасында орналасады. Бұл жағдайда жасушалар арасында физикалық контакт болмайды, олардың арасында шағын бос кеңістік қалып қояды. Бұл кеңістік синапстық саңылау деп аталады. Синапстердің саны көбінесе өте көп болып келеді, олар ақпараттың берілуі үшін үлкен бетті құрайды. Мысалы, жұлынның моторлы бір денесінде және дендриттерінде олардың саны 1000 жетуі мүмкін, ал бас миының кейбір нейрондарында 10000 жетуі мүмкін.

Қызметі бойынша ұқсас, бірақ құрылысы бойынша мотонейрондардың ұштарын бұлшық ет талшықтарымен байланыстыратын ерекше типті синапстер: оларды нервно – бұлшық етті қосылыстар деп атайды.

Синапстың құрылысы.

Аксон ұшындағы ісінген пиязшық түріндегі синапстық аяқталуынан құралады, дендрит мембранасының қасында, өте жақын орналасады. Осы ісіктің цитоплазмасында көпдеген митохондриялар орналасады және ұсақ синапстық көпіршіктер, диаметрі 50 нм, орналасады. Көпіршіктердің құрамында нейромедиатор деген зат бар, осы нейромедиаторлар импульсті синапстың саңылау, диаметрі 20 нм, арқылы берілуін қамтамасыз етеді. Синапсқа қарайтын жасушалық мембраналар қалыңдаған және асконда пресинапстикалық деп аталады, денриттерде постсинаптикалық деп аталады. Пресинаптикалық мембаранасы модификацияланған, жылдам синаптикалық көпіршіктерді қосып алады және олардың құрамын синапстық саңылауға тез босата алады (экзоцитоз). Постсинаптикалық мембрананың құрамында ірі нәруыз молекулалары бар және осы нәруыздардың құрамында саңылаулар бар, осы молекулалар нейромедиаторлар үшін рецепторлардың қызметін атқарады. Нәруыз молекуасындағы саңылаулар тыныштық кезінде жабық тұрады, бірақ белгілі иондарды жасушаға енгізу үшін ашыла алады.

Нейромедиаторлар не перикарионда синтезеделеді, бұл жерден олар нейронның пресинаптикалық соңына транспортталады, не нейронның соңында синтезделеді. Екі жағдайда ферменттер қажет, нейрон денесідегі рибосомаларда жиналады. Синаптикалық аяқталуында нейромедиаторлар көпіршіктерге «қапталада» және осы жерде босап шығуына дейін сақталады. Омыртқалылардың жүйке жүйесінде осы типтің екі заты бар: ацетилхолин (АцХ) және норадреналин. Ацетилхолин холиннің сіркеқышқылдық эфирі болып келеді. Бұл ғалымдармен бірінші бөлініп алынған нейромедиатор. Нейрондар арасындағы байланыс ацетилхолинмен анықталатын болса, оларды
холинергетикалық деп атайды, ал синапстық берілу үшін норадреналинді пайдаланатындары – адренергиялық деп атайды. Ацетилхолин барлық жүйкелермен бөлінеді (бас миындағы кейбіреулерінен басқасы).

Синапстық берілудің механизмі

Бұл мысалды біз холинергетикалық синапс негізінде қарастырамыз. Синапстың ұшына (соңына) жүйке импульстердің келуі пресинаптикалық мембрананы деполяризациялайды, оның ішіндегі кальций каналдардың ашылуын мәжбүрлейді, кальций иондары үшін өткізгіштігін жоғарылатады. Кальций иондары жасушаның ішіне кіре бастайды, соның салдарынан көпіршіктер пресинаптикалық мембранасымен қосылады және олардың ішіндегі құрамдарды синаптикалық саңылауға босап шығарады (экзоцитоз). Содан кейін көпіршіктер цитоплазмаға қайтып оралады, бұл жерде қайтадан нейромедиаторлармен толтырылады. Әрбір көпіршік өзінің құрамында 3000 жуық ацетилхолинді сақтайды.

Ацетилхолин синаптикалық саңылау арқылы диффузияланады, бұл импульстің 0,5 мс тұрып қалуына әкеледі. Ацетилхолин постсинаптикалық мембаранада орналасқан спецификалық рецептормен (нәруыз) байланыстырады, олар нейромедиатордың молекулярлық құрылымын «анықтап таниды». Осы кезде рецепторлық облыс конфигурациясын өзгертеді, постсинаптикалық мембранадағы сонымен қосылған иондық канал ашылады.

Назар аударыңыз: аксон боймен жүйке импульсінің осы каналдар деполяризация барысында ашылған болатын, ал постсинаптикалық саңылауда олар нәруызды рецептордың нейромедиатормен , байланысуы барысында ашылады.

Дендриттерге постсинаптикалық саңылау арқылы натрий иондарының кіргенде, постсинаптикалық мембрананың деполяризациясын туғыздырады. Егер осы уақытта қозу табалдырығына жететін болса, нейронда әркет потенциалы генерацияланады, ал жүйке импульсі әрі қарай таралады. Постсинаптикалық мембрананың өткізгіштігін өзгертіп, ацетилхолин лезде синапстық саңылаудан ацетилхолинэстераза ферментімен алынады. Бұл фермент постсинаптиалық мембранада локализденген және ацетилхолинді ацетилхолнда холинге және сірке қышқылының қалдығына дейін гидролиздейді. Нәтижесінде ионды каналдар жабылады, синапс бастапқы қалпына оралады. Холин синапстың ұшымен (соңы) реабсорбциаланады және қайтадан синптикалық көпіршіктерде ацетилхолинге айналады. Кейбір жүйкелік-паралитикалық газдар, инсектицидтер және басқа да улы заттар АцХ ингибирлейді, соның салдарынан жүйкелік өткізгіштік бұзылады.