ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімі: | Ұзақмерзімді жоспар тарауы: 4-бөлім. Презентациялар (ортақ тақырыбы: «Су – өмірдің қайнар көзі») |
Педагогтің аты-жөні: | Жумагалиева Б.А |
Күні: | 03.04.2023 3г,3Ә-04.04-ауыстыру |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Презентация дизайны |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.2.3.3 таныстырылымды (презентацияны) безендіру үшін, дайын дизайнды пайдалану; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Таныстырылымды безендіру үшін, дайын дизайнды пайдалануды үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» әдісі Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп немесе «Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар | |||
| орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. (бірнеше оқушымен осы әдіс бойынша жалғасады). | |||
Топтастыру: | Топтастыру: Оқушылар шеңбер бойымен тұрған сәтінде алма, өрік, банан жемістерін кезекпен атау арқылы үш топқа бірігеді. І топ: «Алма» ІІ топ: «Өрік» ІІІ топ: «Банан» Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды. Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. | |||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді. |
табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы презентацияны қалай құрып, безендіруге болады? | Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын! | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Жаңа сабаққа дайындық. | Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші әрі түрткі сұрақтарды талқылау. Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады. | |||
Сабақтың ортасы ( 26 мин) | ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «Барлық оқушымен жұмыс істеу» әдісі Оқулықтағы жаңа білім айдарында берілген мәтінді оқуға тапсырма беріледі. Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды. Оқушы жаңа сабақтың ақпаратымен танысады. | |||
| Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс!» әдісі Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс). | 1-тапсырма 7-інші, 8-суреттерде берілген презентацияны жасауда қолданған командалар қызметін сипаттап жазыңдар. Слайдтар мазмұнына қарап 5-7 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңдар. Дескриптор 7-інші,8суреттерде берілген презентацияны жасауда қолданған командалар қызметін сипаттап жазады. Слайдтар мазмұнына қарап 5-7 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырады. | Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын! | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жұптық жұмыс 2-тапсырма Cу туралы 3 слайдтан тұратын презентация мазмұнын жоспарлаңдар. Тақырып үлгілері: «Судың үш күйі», «Біз қандай су ішеміз?», «Сусындар». | Дескриптор Cу туралы 3 слайдтан тұратын презентация мазмұнын жоспарлайды. Берілген тақырып үлгілері бойынша таңдау жасайды. Мысалы: «Судың үш күйі», «Біз қандай су ішеміз?», «Сусындар». | Қалыптастырушы бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын! | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жеке жұмыс 3-тапсырма Төменде берілген сұрақтар бойынша шағын есеп жазыңдар. Презентацияларды қай жерде қолдануға болады? Презентацияларды безендіру неге маңызды деп саналады? Презентацияны компьютерде және қағазға (плакат) орындаудың қандай айырмашылықтарын айта аласың? Қайсысы тиімді? Дәлелді мысалдар келтір. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын! | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жеке жұмыс 4-тапсырма PowerPoint-та жасалған екі слайд берілген (9, 10 суреттер). Слайдтарды салыстырып, бағалаңдар. 1. Слайдтардың дизайнында 3 айырмашылықты ата. 2. Слайдтардың 3 ұқсастығын көрсет. 3. Қай слайдты көпшілік ортада таныстырған болар едің? Себебін түсіндір. |
PowerPoint-та жасалған екі слайдты салыстырады.
дизайнында 3 айырмашылықты атайды.
Қай слайдты көпшілік ортада таныстырған болатынын айтады. | Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын! | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия Жеке жұмыс: «Ұялы телефон» әдісі Оқушылар бір-біріне СМС жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады. -Бүгінгі тақырып не туралы болды?
Менің қолымнан келеді ... Бүгінгі сабақтағы менің портретім Бүгінгі сабақта болған көңіл күйдің бет-әлпеті салынған суреттерді таңдау арқылы өз портретін көрсетіп, сабақты бағалайды. | Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын! Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. |