ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 1735
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері
-
Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау; -
жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану; -
проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру; -
оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау; -
оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру; -
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; -
оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру; -
түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогқа қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер; -
тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту; -
мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту; -
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, жеке және топтық жұмыс; бірін-бірі оқыту; -
оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
Оқушылардың жетістіктерін бағалау
«Цифрлық сауаттылық» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады. Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Әдістемелікте берілген жеке, жұпта, топта орындауға арналған тапсырмаларды орындау нәтижесінен оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де, оқушы үшін де жеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді. Ал жиынтық бағалауды жүргізу үшін, әрбір оқу тоқсанының оқу мақсаттары, бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгісі мен дескрипторлары жұмыс дәптерінде ұсынылды. Жиынтық бағалау тапсырмаларын оқу мақсатына сәйкес бірнеше нұсқада түрлендіріп қолдануға болады.Сабақ құрылымын тиімді жоспарлау
Сабақ – оқытудың белсенді әдістері арқылы білім, білік, дағдыны дамыту мен қалыптастыруда интенсивті оқу үдерісі. Сабақ құрылымыБасталуы
-
Сергіту жаттығуы -
Жаңа топ құрамын анықтау -
Жұмыс ережесі бойынша келісу -
Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда) -
Оқу мақсатын таныстыру -
Күтілетін нәтижені анықтау (Оқушылар жаңа тақырып жөнінде не біледі? Не білгісі келеді?).
-
∙Белсенді оқу тапсырмалары (саралау тәсілдері) -
Оқулықпен жұмыс істеу (жеке, жұпта, ұжымда) -
Жұмыс дәптерінде жазылым тапсырмаларын орындау (жеке, жұпта, топта) Аяқталуы -
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану -
Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау -
Рефлексия (жеке, топтық, ұжымдық) -
Үйге тапсырма
-
Әрбір тақырып бойынша оқу мақсаттары оқушыларға түсінікті тілде беріледі; -
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін «миға шабуыл» сұрақтары қойылған; -
«Ойлан» айдарымен берілгентақырыпқа қатысты сұрақтар жаңа білім мен тәжірибені бекітуге, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналады; -
«Есіңе сақта» айдары – түйінді ұғымдардың түсіндірмесі; -
«Жаңа білім» – теориялық ақпарат; -
«Сен білесің бе?» айдары қосымша пайдалы ақпарат; -
«Қолдан» тәжірибелік тапсырмалар, яғни компьютермен жұмыс істеу; «Орында» жеке, жұптық, топтық тапсырма түрлері. -
Бөлім аяқталғанда білім мен дағдыны пысықтауға, тексеруге арналған шығармашылық-практикалық тапсырмалар беріледі.
саралау мақсатында қолданып, кейбір оқушылардың сұранысын, ерекшелігін ескере алады. Ескерту: Интернетке қосылу қиын болған жағдайда электрондық оқулық пайдалануы тиіс немесе мұғалім алдын ала қажетті суреттерді жұмыс компьютерлеріне жүктеп алуы қажет. Сабақ барысындағы тапсырма түрлерінің берілуі:
-
Жеке жұмыс -
Жұптық жұмыс -
Топтық жұмыс -
Ұжымдық жұмыс
-
Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен ойын бөліседі, пікір алмасады; -
Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады; -
Өз мүмкіндігін біледі; -
Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады; -
Назарын бақылай алады және алаңдамайды; -
Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы, оның салдары туралы айта алады; -
Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады; -
Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады; -
Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады; -
Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді.
Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:
-
Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. -
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. -
Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың. -
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың. -
Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді. -
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. -
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда өзіне деген сенімін қалыптастырады.
https://education.lego.com/ru-ru/downloads/mindstorms-ev3/software
«Домашняя фотостудия» цифрлық фотосуреттерді өңдейді. Программаны тегін көшіріп алу үшін, https:// warezok.net/ сайтын ашамыз. Сайттың іздеу алаңына Домашняя Фотостудия v9. 0 деп жазып , көшіріп алуға болады. Қысқамерзімді жоспар 1-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өміріміздегі қайталаулар| Бөлімі: | Ұзақмерзімді жоспар тарауы: 1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыптары: «Жанды табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?) | |
| Педагогтің аты-жөні: | | |
| Күні: | | |
| Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |
| Сабақтың тақырыбы: | Өміріміздегі қайталаулар | |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (циклі); | |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Циклдің адам өміріндегі маңызын түсінеді. Оқушылардың көбі үшін: Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекеттерге циклдік алгоритм мысалдар келтіреді. Кейбір оқушылар үшін: Циклдік алгоритмдерді құрастыруды үйренеді. | ретінде |
| Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің ісәрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту «Жаңалық ашамыз» ойыны Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл кәдімгі жеңіл ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек. Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с. Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайдаланылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с. Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі. Сонымен қатар оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды әсер сыйлайды. | |||
| Топтастыру: | Топтастыру. «Фигуралар» әдісі Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. Алдымен оқушылар фигуралар салынған хатқалта ішінен көзбен көрмей, қолына ілінген қағаз фигураны алады. Сол фигура бойынша ұқсас топтарға бірігеді. I топ . Үшбұрыштар
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды. Тиімділігі: топтық жұмыста пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге; өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. | |||
| (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі | Оқушыларға интерактивті тақтадан төменде берілген сұрақтар мен 1, 2- суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша ұжымдық үлгіде өз | Ой қозғау сұрақтары
Әңгімеле.
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісімен бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын! Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. | |