Файл: Малімні атыжні Шора Айтолын.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Мұғалімнің аты-жөні:

Шора Айтолқын




Пән/Сынып:

Химия, 7 сынып




Тарау немесе бөлім атауы:

І тарау. Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар.




Сабақтың тақырыбы:

Қоспалар.




Оқу мақсаты:

7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу;

7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу.




Бағалау критериі:

  • Қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін біледі;

  • Қоспаларды бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлайды және жасайды.




Саралап оқыту тапсырмалары




Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі:

Қоспалардың жіктелуі

Қоспаларды бөлу

Гетерогенді қоспаларды бөлу

Гомогенді қоспаларды бөлу

№2 зертханалық жұмыс


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.

№1 тапсырма.Қоспалардың біртекті немесе әртекті екенін анықтайды.

№2 тапсырма. Әртекті қоспаларды бөлудің қолайлы тәсілдерімен сәйкестендіреді.

№3 тапсырма. №2 зертханалық жұмысты орындайды.


Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы




Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

3 минут

00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме? Біз сіздермен Химия пәнімен танысуды ары қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Қоспаларды бөлу әдістері.

№2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

  • қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу;

  • қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу;

Сенің меңгеретінің:

  • біртекті және әртекті қоспалардың айырмашылығы;

  • заттарды қоспадан бөлу әдістері.


«Миға шабуыл» Қоспа және қосылыстарға сәйкес келетін жауаптарды дұрыс жікте:

1.Бірнеше қосылыстан тұрады

2.Элементтеріне бөлу оңай

3.Химиялық реакция нәтижесі болып табылады

4.Өзара біріккен түрлі элементтерден тұратын атомдар

5.Элемент атомдары бөлек

6.Химиялық формуласы бар

7.Химиялық формуласы жок








Дескриптор:

- қоспа және қосылыстарға сәйкес келетін жауаптарды жіктей алады;


Презентация
Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3, 4



14 минут
03:00 – 17:00


Жаңа сабақ

Химиялық зертхана мен өндіріске көбіне таза заттар қажет. Олар арнайы тазартуды талап етеді. Қоспаларды бөлудің түрлі әдістері бар. Олармен тереңірек танысайық.

Бейне ролик «Қоспалардың жіктелуі»

1.Тұндыру – бұл әдіс жердің тартылыс күші әсерінен әртекті қоспадағы қатты заттар мен сұйық заттардың қабат түзіп бөлінуіне негізделген. Мысалы темір ұнтағын ағаш ұнтағынан бөлу үшін қоспаны суға араластырады және тұндырады. Темір ұнтағы ыдыстың түбіне шөгеді, ал ағаш ұнтағы су бетіне қалқып шығады.

2.Сүзу – суда еритін және ерімейтін әртекті қоспалардан заттарды бөлу. Ас тұзын құмнан бөлу үшін қоспаны суға араластырады. Ас тұзы суда ериді, ал құм түбіне тұнады. Ерітіндідегі ерімейтін бөлшектерді бөлуді тездету үшін қоспаны сүзеді. Құм сүзгі қағазыңда қалады, ал тұздың мөлдір ерітіндісі сүзгіден өтіп кетеді.

3.Магнитпен бөлу – бұл әдіс қоспа құрамындағы бір зат магнитке тартылатын жағдайда қолданылады. Темір және күкірттің қоспасын бөлу үшін темірді магнит көмегімен тартып алуға болады.

4. Буландыру. Кристалдау – еріген затты, мысалы, ас тұзын ерітіндіден бөлу үшін оны буландырады. Су буланып ұшады, ал кәрлен табақшада ас тұзы қалады. Кейде ішінара буландыруды қолданады, нәтижесінде концентрлі ерітіндіден еріген зат кристалл түрінде бөліп шығады.

5. Дистилдеу немесе айдау – қоспаны тазартудың бұл әдісі біртекті қоспадан қайнау температуралары әртүрлі заттарды бөлуге негізделген. Дистилдеу (айдау) - ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып, содан кейін бірден салқындатып, сұйық күйге ауыстыру әдісі.

1 тапсырма. Қоспалардың біртекті немесе әртекті екенін анықта.

Балшық Спирт пен су


Дұрыс жауап:

Балшық – әртекті қоспа

Спирт пен су – біртекті қоспа
2 тапсырма.Әртекті қоспаларды бөлудің қолайлы тәсілдерімен сәйкестендір.

Су мен көкнәр тұқымы Су мен бор



Су мен жанармай центрифуга



Бөліп құйғыш сүзу аппараты


Жаңа тақырыпты меңгеру





Дескриптор:

- қоспалардың біртекті немесе әртекті екенін ажырата алады;

Презентация

Слайд 5,6

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12387/56.mp4
Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Слайд 10

Слайд 11

Слайд 12, 13

6 минут
17:00-23:00


Тәжірибе

«Ластанған ас тұзын тазарту»

Реактивтер:Ас тұзы мен құмның қоспасы 20г,100 мл су.

Құрылғылар және ыдыстар:

Химиялық стақан 200 мл-2 дана

Штатив -1 дана

Шыны таяқша-1 дана

Құйғы-1 дана

Сүзгі қағаз-2 дана

Спиртшам -1 дана

Кәрлен табақша -1 дана, қысқыш -1 дана

Конусты колба -1 дана, асбест тор -1 дана

Жұмыс барысы:

«Ой түйіп есте сақта» әдісі арқылы іске асады

1.Қоспаны суда ерітіп, ас тұзын құмнан бөлу.

2.Ерітіндідегі қоспаны сүзу процесін жүргізу.

3.Сүзіндіні буландыру.


Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру




Дескриптор:

- берілген қоспаны бөлу жолын анықтайды;

- қоспаны бөлудің алгоритмін жасайды;

- қоспаларды бөлу әдістерімен жұмыс жүргізіп қорытындысын

кестеге жазады;


Презентация Слайд 16,

Бейне ролик Ластанған ас тұзынтазарту.mp4mp4


2 минут
23:00-25:00



Бекіту

Сабағымызды қорытындылайық.

Бүгінгі сабақта:

  • Қоспа түрлерін білдім;

  • Біртекті және әртекті қоспаларды көзбен көрдім, анықтадым, көрсете аламын;




Тақырыпты меңгергенін анықтау







Презентация

Слайд 19