ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | Өлең – сөздің патшасы | ||||||||||||||||
Педагогтің Т.А.Ә. | Калмагамбетова Г Ш | ||||||||||||||||
Күні: | | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сынып: | 10 класс | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай шығармашылығы «Сегіз аяқ» | ||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | А/И. 10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; А/И. 10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | «Сегіз аяқ» өлеңінде көтерілген мәселелерді талдап, шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады; Абайдың «Сегіз аяқ» және Лермонтовтың «Жалғыздық» өлеңдеріндегі ортақ құндылықтарды анықтайды; | ||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей дағдылары | ||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Қызығушылықты ояту (8мин) | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді. Абайдың «Сегіз аяқ» әнін тыңдау арқылы оқушыларды сабақ тақырыбына кіргізу (yandex.kz сайтында бұл әнді орындаудың әр түрі бар). 1. Жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың мақсаты анықталады. 1. ...Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын,- деп Абай нені айтқысы келді? 2. Абайдың бұл өлеңінің "Сегіз аяқ" аталуы неліктен деп ойлайсыңдар? 3. "Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ" деген Абай сөзінің мағынасы қандай? Ендеше, Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінде көтерілген мәселелер бүгінгі күні өзекті ме, әлде сол заманға ғана тән деп ойлайсың ба? | Мұғаліммен сәлемдеседі Оқушы «Сегіз аяқ» әнін тыңдау арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындайды. | | Қазақ әдебиеті, 10 сынып, Алматы «Атамұра» 2019, авторлары: С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева, Л.К.Жұмекенова | |||||||||||||
Сабақтың басы (30 мин) Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы «Сегіз аяқ» өлеңінде көтерілген мәселелерге талдау жасаңыз. Әр топ өздеріне берілген өлең үзінділерінде көтерілген мәселелерді талдайды. шешімі мәселе Шешу жолдары Себептері
Қабілеті жоғары оқушыларға: «Балық қаңқасы» әдісі арқылы өз бетімен жазады. 2-тапсырма. Бірінші тапсырмадағы талданған мәселелер негізінде шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазыңыз. «РАФТ» әдісі арқылы оқушы ролін таңдап, сөзін кімге арнайтынын анықтап шығармашылық жұмыс жазыңыз. (2-қосымша) Ерекше білім беру қажет ететін оқушыға арналған тапсырма:(Зерде зақымдалуы: жеңіл ой кемістігі формасы) Оқушыға тірек сөздер беріледі. Сол тірек сөздерді пайдалана отырып, әңгіме жазыңыз. (адамгершілік қасиеттер: ар, ұят, намыс, ақыл, білім, ғылым, адамдардың сауатсыздығы, өмір шындығы, сын, халықтың мұңы, зары) Саралау: Таңдау бойынша саралау. Оқушылар оқу деңгейлеріне қарай шығармашылық жұмысты (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) өздері таңдаған үлгіде жазады. Жеке қолдау көрсету арқылы саралау :(зерде зақымдалуы: жеңіл ой кемістігі формасы)бар оқушыларға тірек сөздер беру арқылы қолдаймын 3-тапсырма. А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі мен М.Лермонтовтың «Жалғыздық» өлеңінен ортақ құндылықты табыңыз (3-қосымша)
Саралау: Қарым-қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс) -Көмекті аз қажет ететін оқушылар: кестені өз бетімен толтырады - Көмекті орташа қажет ететін оқушылар: кестені толтыру үлгісі беріледі - Көмекті көп қажет ететін оқушылар: кестені толтыру үлгісі, тірек сызбалар беріледі. | Оқушылар «Балық қаңқасы» әдісі арқылы «Сегіз аяқ» өлеңінде көтерілген мәселелерге талдау жасайды. Оқушылар «РАФТ» әдісі арқылы талданған мәселе негізінде шығармашылық жұмыс жазады. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме жазады. А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі мен М.Лермонтовтың «Жалғыздық» өлеңінен ортақ құндылықты тауып кестені толтырады, қорытынды ойын түйіндеп жазады. | Дескриптор:
Оқушылар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды. Мұғалім дескриптор арқылы бағалайды. Дескриптор: - Оқушы роль таңдайды-1б - Сөзін кімге арнайтынын анықтайды-1б - Оқушы жанрын таңдайды: (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыпта шығарма-1б - Тақырыбын айқындайды-1б Дескриптор: -тірек сөздерді түсініп оқиды; - тірек сөзді пайдаланып, әңгіме жазады; Мұғалім дескриптор арқылы бағалайды. Дескриптор: - екі өлеңдегі құндылықтарды анықтайды-1б - мәтіннен мысал келтіріп,екі шығарманың үндестігі туралы қорытынды ой жазады-1б Оқушылар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды. Мұғалім дескриптор арқылы бағалайды. | Курс материалы, мәтінмен жұмыс тәсілдері, 31 бет, 6-сурет, «Балық қаңқасы» М.Лермонтов «Одиночество» өлеңнің қазақша нұсқасы, интернет желісінен алынған https://lyricstranslate.com | |||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия (5 мин) | «Плюс – минус- қызықты» әдісі.
«П» - «плюс» бағанына сабақтағы ұнағанын, ақпарат және жұмыс пішінін яғни оқушының өзіне жағымды әсер ететін немесе жалпы мақсатқа жетуге тиімді болады деп есептелгені жазылады. «М» - «минус» бағанына ұнамаған, түсінбеген, жағымсыз әсер еткенін немесе оқушы алған ақпаратты керек емес деп есептегені жазылады. «Қ» - «қызықты» бағанына оқушылар сабақта алған әуесқой деректерді және тағы да нені білгісі келетінін мұғалімге сұрақ түрінді дайындайды. | Кестені толтырады, сабақтың оң, теріс жақтарын атып өтеді, қызықты фактілерді атап көрсетеді. | | | |||||||||||||
Үйге тапсырма | А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді жаттау | | | |
Қосымша -1
Себептері
шешімі
Шешу жолдары
мәселе
Дескриптор:
-
- шығармада көтерілген мәселелерді анықтаңыз-1б -
- көтерілген мәселенің шығу себептерін жазыңыз-1б -
- мәселенің шешу жолдарын анықтаңыз-1б -
- шығармадағы мәселенің шешімін көрсетіңіз-1б
Қосымша мәлімет
«Сегіз аяқ» өлеңінде бас кейіпкер – ақынның өзі. Ол кейде жан-тәнімен күйінеді, кейде ойшыл, кейде мысқылшыл, кейде мұңдана отырып оқушысымен сырласады.
Ал, кейде ызалы ақынның көзінен қанды жас ағып тұрғандай.
«Қайнайды қаның, ашиды жаның»- деп басталатын «Сегіз аяқтағы» бір шумақта, ақын туған халқы мен ол өмір сүрген қоғамның қаны сорғалаған ақиқатқа толы шындық бейнесін сегіз-ақ жолға сиғызып тұр. Бұл – ақындық дарын ұлылығының тағы да бір айғағындай.
Осы «Сегіз аяқта» ақын елден бірлік кеткенін, ел іргесі тозып бара жатқанын әшкерелей келіп, осы жаманшылықтың себебін де айтады.
...Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын,- деп жеке адам үшін де, қоғам үшін де, халық үшін де ең қадірлі, қажетті іс – еңбек екенін айтады.
Осыдан кейінгі жазылар өлеңдерінде де Абай, бұрынғы қазақ ақындары айтпаған еңбек тақырыбын сөз етеді.
Тірек сөздер үлгісі: жалқаулық, іштарлық, білімсіздік, көреалмаушылық
Қулықты көргіш,
Сұмдықты білгіш
Табылар кісі жөн дерге.
***
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным
***
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой.
***
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
***
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
***
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным
Қосымша -2
Сөзін кімге арнайтынын анықтайды
Тақырыбын айқындайды
Тақырып
Оқушы жанрын таңдайды: (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыпта шығарма)
Форма
Аудитория
Оқушы роль таңдайды
Роль
«РАФТ» әдісі
Дескриптор:
- Оқушы роль таңдаңыз-1б
- Сөзін кімге арнайтынын анықтаңыз-1б
- Оқушы жанрын таңдаңыз: (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыпта шығарма-1б
- Тақырыбын айқындаңыз-1б
Қосымша -3
Сегіз аяқ | Жалғыздық |
Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған — Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәһра ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ – ойға олақ. Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ, Күлкішіл кердең наданның. Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды — Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз. Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде. Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін Деп насихат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан. | Жалғыздық деген сор екен Тигенде тұрмыс соққысы, Қуанышқа ортақ кеп екен, Қайғыға ортақ жоқ кісі. Құдай жалғыз, мен жалғыз, Жүректі дертке шалдырдым. Өткен дәурен - көрген түс, Үкімі солай тағдырдың. Сынаптай сырғақ уақыт бұл Оятар ескі арманды, Аулақта күтіп табыт тұр. Кетейін қимас нем қалды? Қиналар біреу болар ма (Сенімім оған зор менің), Рахат болар оларға Туғанымнан өлгенім. |
Өлең атауы | Өлеңдегі құндылықтар | Мәтіннен мысал |
«Сегіз аяқ» | 1. 2. 3. | |
«Жалғыздық» | 1. 2. 3. | |
Екі шығарманың үндестігі туралы қорытынды ой: |
Дескриптор:
- екі өлеңдегі құндылықтарды анықтаңыз-1б
- мәтіннен мысал келтіріп,екі шығарманың үндестігі туралы қорытынды ой жазыңыз-1б
Рефлексия
«Плюс – минус- қызықты» әдісі.
Плюс | Минус | Қызықты |
| | |
«П» - «плюс» бағанына сабақтағы ұнағанын, ақпарат және жұмыс пішінін яғни оқушының өзіне жағымды әсер ететін немесе жалпы мақсатқа жетуге тиімді болады деп есептелгені жазылады.
«М» - «минус» бағанына ұнамаған, түсінбеген, жағымсыз әсер еткенін немесе оқушы алған ақпаратты керек емес деп есептегені жазылады.
«Қ» - «қызықты» бағанына оқушылар сабақта алған әуесқой деректерді және тағы да нені білгісі келетінін мұғалімге сұрақ түрінді дайындайды.