Файл: Студентпрактикантты сабаын талдау Толыбаев Ернр 4наурыз кні 9 В сыныбына Екі брышты осындысы мен айырымыны синусы, косинусы, тангенсі жне котангенсіні формулалары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Студент-практиканттың сабағын талдау
Толыбаев Ернұр 4-наурыз күні 9 «В» сыныбына «Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің формулалары» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақтың құрлымы күнтізбелік жоспарға сай, нақты толық жасалған. Оқушылардың сабаққа қатысымы жақсы, топтық және жұптық жұмыстар жүргізілді. Ернұр ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді қолдана отырып, сабақта көрнекіліктер, үлестірме қағаздар пайдаланды, сұрақ – жауап арқылы сұрады. Барлық оқушы сабаққа белсене қатысты. Бұл сабаққа қатысу арқылы оқушылардың қабілеттерін жетілдірді. Барлық тапсырмаларды оқушылардың қабылдауын, зейінін аударуын, есте сақтау қабілетін ескере отырып құрған. Ернұр күрделі оқу ақпаратын сол жастағы оқушылардың қабылдауына түсінікті, қызықты етіп жеткізе білді. Ол өзінің сабағын нақты түсіндірді, оқушылардың назарын өзіне аударта білді, қойған сұрақтардың барлығына жауап – беріп отырды. Оқушылардың алдында өзін емін – еркін, салмақты, сабырлы, педагог ретінде ұстай білді.

Сабақты өткен сабақтармен, бүгінгі қоғам жағдайымен, өмірмен байланыстыра білді. Мысалдарының ашық, күрделі болуы, интерактивті тақтаны, жаңа технологияларды, эстетикалық талапқа сай жасалған көрнекті құралдарды қолдануы өте жақсы.

Ернұр үй тапсырмасын пысықтауда, жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту, қорытуында оқушылармен етене араласып, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдай білді, тыңдата білді.

Ернұрдың сабағында қолданған әдіс – тәсілдердің тәрбиелік мәні зор болды. Сабақ жоспарға сай, ұйымдасқан түрде өз мақсатына жетті деп ойлаймыз. Ернұрды болашақта Қазақстан Республикасының білікті маманы болады деген үміттеміз.
Қатысушылар: ______________ К.Т.Ерекешовна

Студенттің сабақты талдауы

(өзіндік талдау)
Мен 4-наурыз күні 9 «В» сыныбына «Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабағымды оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсатына сүйене отырып ұйымдастырдым.

Оқу бағдарламасына сәйкес мақсатым:

9.2.4.3 бұрыштардың қосындысы мен айырының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану; Тәрбиелік мақсатым: Төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсатым: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, қабілеттерін жетілдіре түсу, сөздік қорын байыту. Сұрақ-жауаптар,
тест тапсырмалары, зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардың ой өрісін кеңейту.

Ашық сабақты интерактивті тақтаны пайдалану арқылы жүргіздім. Оқушыларды қатыстырып пікір алмаса үй тапсырмасын «Кім жылдам» әдісі арқылы сұрадым, үй тапсырмасы арқылы сабақты ары қарай жалғастыруға тырыстым. Одан соң сабақты «Мен елімді сүйемін» атты тренингпен жалғастырдым. Бекіту мақсатында жұптық жұмыс «Көршіңмен сырлас» әдісі, жеке жұмыс «Температураны өлшеу» әдісі арқылы, ал сабақ соңын «Графикалық сұрақтар» арқылы қорытындылап, оқушылармен кері байланыс жасау үшін «Тазалық» ойының қолдандым. Оқушылар сабаққа белсене араласты. Барлық сұрақтарға түйінді оймен жауап берді.

Мен осы сабақты өткізуде өз мақсатыма жеттім. Оқушылар сабақты меңгерді және бар қызығушылықтары мен сабаққа жұмыла қатысты, белсенді араласты. Мен осы сабақта өзімнің қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Қолы: ___________