ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Акушерия туралы түсінік.
Акушерия ғылымы жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медициа ғылымының бір саласы.
Ол француздың accoucher – босану деген сөзінен алынған. Бұл ғылым ұрықтану, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі әйел организіміндегі физиологиялық және патологиялық құбылыстарды және босанудың асқынуларын, емін, профилактикасын зерттейді.
Қазақстан Республикасындағы аушерияның даму тарихы.
Қазақстан Республикасындағы босандыруды және гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Акушериялық гинекологиялық сала мекемелері.
Әртүрлі деңгейде мамандырылған көмек көрсету түрлері мен сатылары.
Қазақстанда акушерия ғылымы 1920-21 жылдардан бастап қалыптасты, осы кезеге дейін халыққа мемлекет тарапынан акушерия – гинекологиялық көмек көрсетілмеген. Тек 1921жылы Денсаулық сақтау халық комитеті құрамында ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімшесі ашылған.
Тұңғыш әйелдер кеңес орны 1921 жылы Орынбор қаласыда, ал 1928 жылы Алматыда ашылған. Денсаулық халық комиссариаты 1925 жылы акушердік техникумдар ашуды қолға алды.
1947-1948 жылдары әйелдер кеңес орындары перзентханалар мен біріктірілді.
1932 жылы Алматыда Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми – зерттеу инситуты ашылды. Осы инситутқа ғылымның кондидаты А.Б. Бисенова көп еңбек сінірген.
1958-1978ж. К.Д.Өтегенова инситутының меңгерушісі болды.
Қазақстанда акушерия – гинекология көмегін ұйымдастыруда еңбек сіңірген ғалым м.ғ.д. профессор Х.Е.Мырзалиева.
Қ.Қ.Құдайбергенов м.ғ.д. профессор 1976-1978ж . Ақтөбе обылысының бас акушер – гинекологы қызметін атқарған. т.б. Қазақстанның мақтана алатын профессорлары бар.
Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерия – гинекология көмегін жоғары сатыда ұйымдастыру мақсатында дифференциалды 5 сатылы зертеу, ем жүргізу жүйесі енгізілді.
1 сатысы: ФАП \фельдшерлік акушерлік пункт\ және АДА \ауылдық дәрігерлік амбулатория\
2 сатысы: БӘКО \базалық әйелдер кеңес орны\ , КДО \кеңестік диагностикалық орталық\
3сатыс: ОАА \орталық аудандық аурухана\.
4 сатысы: Қалалық және облыстық перзентханалар.
5 сатысы: ПО \перинатология орталығы\, РАБДҚҒЗО \Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми – зерттеу Орталығы\.
Акушерия – гинекологиялық көмек көрсететін
мекемелердің міндеттері мен құқықтары.
Орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырады және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Бөлімшені дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді, бөлімшедегі мүлік пен медициналық заттардың сақталуын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың уақытында жөнделуін, бөлімшедегі науқастардың тамақтануын ұйымдастырады, қатты әсер ететін, улы, наркотикалық, психотроптық медикаменттер мен прекурсорларды бақылауды, есепке алуды және сақтауды, бөлімше қызметкерлерінің еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, асептика мен антисептика ережелерін сақтауын, орта медицина қызметкерлерінің дәрігер тағайындауын уақытында және нақты орындауын, жаңа түскен науқастарды санитариялық өңдеуді, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды, үй-жайдағы санитариялық-гигиеналық жағдайды жүзеге асырады. Емдеу-профилактикалық, санитариялық-профилактикалық, дәрігерге дейінгі көмекті, сонымен бірге жүкті әйелдерге және нәрестелерге көрсетеді, дәрігерге хирургиялық манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жүктілер мен босанатындарға диспансеризациялау мен патронаж жүргізуді ұйымдастырады. Зертханалық зерттеуді, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-диагностикалық ұйымды ұйымдастыру құрылымын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Фельдшердің толғатқан және босанған әйелдерге
күтім жасау ролі.
Фельдшер егер өз ауылындағы екі қабат әйелдің бар екенің тіркеген соң оны босану уақыты жақындаған мезгілде тууынан 5-6 күн бұрын перзентханаға жатөызылуын қадағалау керек. Себепі патологиялық асөынулардың алдын – алу үшін. Байқаусызда толғатңан әйел болса онда босану уақытын есептеп барып жолға шығару керек - жолда туып қалмас үшін, немесе өзі бірге шығу керек.
Босанып келеген жас ананы есепке алып оны келеген күннен бастап нәрестесімен бірге өз қарауында ұстайды.
Медициналық этика мен деонтологияның негіздері.
Акушерлік үрдісті жүзеге асыру үшін акушерка білуі қажет:
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды;
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;
• жүктілік кезіндегі, босану ағымының мәселелерін, акушерлік
үрдістің мәнін.
Акушерка істей білуі қажет:
• акушерлік үрдіс бойынша жүкті әйелдерге акушеркалық күтім жасауды босану уақытын ұйымдастыруды;
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды;
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;
• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету;
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу.
Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік үрдістің үлгілері, мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері ұғынылады. Оларды меңгеру - акушерлік науқастармен жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол бермейтін акушерканың кәсіпкерлілігінің кепілі.
Аурухана ішілік инфекцияны тудыратын факторлар және оның берілу жолдары.
АІИ алдын алу үшін ЕПҰ-да келесі іс-шаралар кешені жүргізіледі:
-
Санитарлы-гигиеналық режим сақталады. -
Науқастарды стационарға қабылдау тәртібі (науқастарды педикулезге қарау және педикулез анықталған жағдайда тазалау, дене қызуын анықтау, мұрын мен жұтқыншақтан стафилококкты анықтау мақсатында жағынды алу) сақталады. -
Тазалауға қажет құрал-жабдықтарды, заттарды тазалау, қолдану және дезинфекциялауды денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары және Сан Норма мен Ережелеріне сай жүргізіледі. -
Жұмыс киімдерін сақтау тәртіптері сақталады. -
Бөлімшеде пациенттерді санитарлы өңдеу мен киім-төсеніштерін ауыстыру аптасына бір рет және қажеттілігіне қарай ауыстырылады. -
Лас киімдерді, төсеніштерді және науқастың жеке киімдерін сақтау тәртіптері сақталады. -
Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау, залалсыздау алдындағы тазалау және залалсыздау ҚР ДС министрлігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі. -
Жұқпалы ауруларға күдік болған науқастарды (ішек жұқпасына, іш сүзегі, күл ауруына, вирусты гепатиттерге күдіктену) анықтау, қатынаста болған науқастарды бақылау мерзімдері сақталады. -
Тамақтану тәртібі: тамақты тарату бөлмесі, буфеттің жабдықталуы, дайын тамақты тарату уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және жою тәртібі, ыдыс-аяқтарды өңдеу, жинау заттарын өңдеу және сақтау тәртібі, әкелген тамақты сақтау ережелері сақталады. -
Карантинды және аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда бөлімшелерде жедел көмек көрсету, аса қауіпті инфекциялар кезіндегі арнайы хабарлау схемасы көрсетілген жаднамалар дайындалған. -
ЕПҰ-да қалдықтарды жинау, сақтау, жою ережелері сақталады.
АІИ-да дезинфекция жүргізу схемасы
-
Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру. -
Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау. -
Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді дайындау. -
Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру. -
Заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу. -
Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау. -
Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту. -
Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру. -
Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен кейін дезинфекциялық ерітіндімен еден қайта өңделеді. -
Арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.
Асептика, антисептика.
Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады.
Антисептика - жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтірентін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, йод тұнбасы, спирт сутегі қолданылады.
Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі (анаэробтар) анаэробтық немесе газдық инфекция аса қауіпті. Жараға топырақпен бірге сіріспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін. Механикалық антисептика жараны алғашқы хиррургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.
Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультракүлгін сәуле де өлтіреді.
Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әртүрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады. Йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін.
Биологиялық антисептиктер жара инфекциясынан сақтандырумен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады. Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.
Зарарсыздандыру мен залалсыздандыру туралы түсінік.
Казіргі кезде тәжірибемізде бір рет қолданатын кұрал жабдықтар (шприцтер, инелер, көк тамырға тамшылатып кұятын жүйе, ұштықтар) кеңінен қолданылады. Бір рет қолданатын кұрал жабдықтармен жұмыс істегенде оларды жоймастан бұрын арнайы дез ерітінділермен (жуу, сонан соң 30 - 60 минутка дез ерітіндіге салып кою) өңдеу қажет. Бір рет қолданатын құрал жабдықтар өңделгеннен соң іріктелінеді, жинақтап салып жойылуға жіберіледі. Көп қолданылатын құрал жабдықтармен жұмыс істегенде бірнеше ережелерді білу қажет. Барлық қанмен байланысты медициналық шараларды (көк тамырдан кан алу, көк тамырлық инъекция және құю), сондай-ақ қанмен байланыста болған құрал-саймандармен, шприцтермен, инелермен және т.б. жұмысты инвазивті зерттеу әдістерін мейірбике міндетті түрде қолғаппен жүргізуі керек. Бұл ережені орындау - қан аркылы берілетін аурулардың (ВИЧ-инфекция, В, С вирус гепатиттері және т.б.) негізгі алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Іс шараны орындап болган соң мейірбике міндетті:
І.Келесі көрсетілген ерітіндінің бірімен құрал жабдықтарды зарарсыздандыру:
3% хлорамин ерітіндісіне- 60 мин экспозиция;
1,5 % кальций гипохлорид ерітіндісіне - 60 мин экспозиция;
4% сутек асқын тотығында -60 мин экспозиция.
2. Жұмыс үстелін іс шара аяқталған соң ыскышпен 3% хлорамин ерітіндісімен немесе көрсетілген ерітіндінің бірімен өңдеу қажет.
3. Дез ерітіндімен өңдеп болған соң резеңке қолғапты шешу керек.
4. Резеңке қолғапты дез ерітіндісі бар ыдысқа салу.
5. Халатты, масканы шешіп, кір салатын қапқа салу қажет.
6. Ағынды суға қолды 2 рет сабынмен жуып, бір рет қолданылатын сүлгімен кұрғату қажет.
Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады:
-
Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий олеатының ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа салу керек. -
Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шайады. -
« Биолот» жуғыш затына 15 минутқа батырады. -
0,5 минут сумен жуады. -
Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шайады. -
Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді.
Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды.