Файл: ырыз халыны асханасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қырғыз халқының асханасы

Қырғыз халқының ұлттық тағамдары – тағамдар түрлері мен дайындау технологиясы бойынша басқа көшпелі халықтарының тағамдарына өте жақын.

Бешбармақ, шұжық, қуырдақ, қымыз сияқты тағамдар қырғыздар үшін де ұлттық тағам болып саналады.

Ет, сүт тағамдары және ұннан жасалатын тағамдар қырғыздардың рационында кеңінен қолданылады.

Алайда әр ұлт өкілінің өз дәстүрі, ырымдары және өткізетін түрлі шараларына қарай ерекшеліктері болатыны орынды.

Қырғыз халқының да өздерінің мерекелері мен салт - дәстүрлеріне, ырымдарына байланысты дайындалатын тағамдары бар. Бұл шерне, жора, сәбидің өмірге келуі, егін жинау және сол сияқты мейрамдар.

Ертеректе әр мерекеге орай арнайы тағамдар дайындалатын болған.

Салт - дәстүрлерге байланысты жасалатын тағамдарының бірі : Чоң көже – көне замандардан бері кале жатқан тағам түрі. Халық арасында оны «жаңа жылдық көже», «көктемгі көже», «үлкен көже» деп те атайды кен. Бұл көжені «нооруз» айының бірінші күні (қазіргі күнтізбе бойынша наурызда), мұсылман күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың құрметіне дайындаған. Бұл күні бүкіл ауыл жиналып, далаға от жағады. Балалар осы оттан секіріп, ал үлкендер «Барлық жамандық аулақ кетсін. Жаңа жыл келді, ескі жыл кетті» деп айтады екен. Осыдан кейін барлығы үлкен дастарханға отырып, чоң көже ішеді. Мұндай кезде чоң көже жиналғандардың барлығына жету үшін оны үлкен қазанға пісіреді.

Қазанға су құйып, от жағады. Су қайнаған сәтте, оған мәш, тары және жүгері жармаларын салаты. Шамамен бірнеше минут қайнатып, үстіне күріш, тары, ақ жүгері және басқа да жармалар тасталады. Барлық жармалар піскеннен кейін туралған картоп пен сәбіз қосылады. Ұн мен талқанды жылы суда араластырады. Оларды да қазанға салып, ең соңынан туралған пияз, сарымсақ салаты да, дәміне қарай аскөк, бұрыш қосады. Осының бәрі чоң көжеге ерекше дәм беріп, оны басқа тағамдардан ерекшелейді. Біраз ерекшеліктері болмаса, тура өзіміздің көктемде берілетін наурыз көжеміз сияқты.

Қырғыз тағамдарын нан мен ұн тағамдарынсыз елестету мүмкін емес. Нан және оны пісіру де аймаққа байланысты өзгереді. Оңтүстікте нан тандыр түрінде пісіріледі. Солтүстікте нан пісіруге арналған тікбұрышты пештер танымал, нанның өзі де тікбұрышты. Ұн тағамдары мен өнімдері көп: кульчетай, орама, манты, кесме, боорсок, жаткан нан, екінші тағамдар, каттама, май токоч және т.б.




Ет ұлттық қырғыз тағамдарында ерекше орын алады. Мерекеге, отбасылық мерекелерге орай қой немесе басқа малдар сойылады. Қой мен сиыр етінен басқа, жылқы еті де танымал, ал жылқы етінен жасалған тағамдар жоғары бағаланады және дәмді болып саналады. Таулы аймақтарда аңшылар аң аулайды. Қырғыздарда ет дайындаудың және консервілеудің ұлттық тәсілдері әртүрлі және көшпелі жағдайларға байланысты. Көп жағдайда ет қайнатылған түрде дайындалады. Ет қазанға салынып, көкөністер қосылмай суда қайнатылады. Етті сүйектің өз мақсаты бар және қонақтардың мәртебесіне қарай жеке беріледі.

Сүт те өте қадірлі өнім болып танылады. Сүтті таза күйінде және өнім түрінде қолданады. Сүт өнімдерінен – қаймақ, айран, құрт, ірімшік, сары май және т.б. өнімдер дайындайды. Көбіне сиыр сүтін қолданады.