ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.03.2024

Просмотров: 222

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөліктік – лобарлық пневмоникалық инфильтрат.

Крупозды бөліктік (пневмококктік) пневмония тек Ресейде орын алған түсінік.

Интерстициалдық – пневмонияның сирек түрі, бұзылыс орны – өкпе интерстицийі. Пневмонияның созылыңқы ағымын қоюда мәндісі – пневмониялық процестің 6 апта – 8 ай арасында жазылып үлгермеуі.

Бала пневмониясының жұмысшы жіктелуі

Морфология

гиялық фор

масы

Жұқтыру

жайы

Ағымы

Асқынулар

Өкпелік

Өкпеден тыс

Ошақтық

Ауруханадан

тыс

Жедел

Сипневмониялық

плеврит

Инфекциялық токсика

лық шок

Сегментарлық

Ауруханаішілік

Созылыңқы

Метапневмоникалық

плеврит

ЖҚҰ синдромы

Ошақты-өзара

қосылған

Перинаталдық

Жұқтыру бойында

Өкпе деструкциясы

Жүрек-қантамырлық

жетіспеушілік

Крупоздық

Иммундытапшы

лықты аурулар да

Өкпе абцессі

Респираторлық

Дистресс синдромның

Үлкендердегі типі

Интерстициалдық

Пневмоторкас


Бала пневмониясының өзіндік сипатына регионарлық, бронхопульмоналдық бифупкациялық, паратрахеалдық лимфа түйіндерінің қабынуға ерте қатасуы жатады.

Балада, әсіресе сәбиде, жедел ағымды пневмония, әдетте, сегментарлық сиаптпен жүретіні анықталды. Жасқа дейінгі балада пневмониялар оң өкпенің ІІ-сегментіне не өкпенің ІV-V, IX-X-сегменттерінде тұрақтайды. Ересек балаларда оң өкпенің  II,VI,X және сол өкпенің VI,VII,IX,X-сегменттері ауруға жиірек ұшырайды.

Ошақты пневмония. Ошақты пневмониялардың түрлі варианттары бар – олар ең жиі кездесетін өкпе қабыну типі. Сәбилерде, мектептке дейінгі және оқушыларда аурудың жүрісі кейбір өзгешеліктермен сипатталады.

Клиникалық көрінісі. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда ошақты пневмонияның клиникасы «өкпелік» (респираторлық) шағымдар мен интоксиация белгілері, ТТ-көріністері және локалдық өзгерістерден құралады.

Ауру біртіндеп басталып, айқын белгілері бірінші аптаның соңы, келесінің басында шығады немесе кенет көрініп, алғашқы үш күнде-ақ дамып болады, олардың клиникалық көріністеріне сүйеніп, пневмония диагнозын қоюға қиын емес. Біртіндеп орын алатын варианттарында ЖРВИ-мен ауырған баланың хал-күйі аз уақыт түзелгенімен, интоксикация белгілері қайтадан артады: қызу көтерілу, бас ауыруы, хал-жағдайдың, тәбеттің төмендеуі, енжарлық немесе мазасыздану, ұйқының бұзылуы, қызудың көтерілуі дәрежесіне үйлессіз тахикардияның шығуы. «Өкпелік» шағымдар тыныс жолдары қатарының белгілері төмендеуіне байланысты көбейе түсіп, ылғалды жөтел пайда болады немесе күшейеді: ентігу, кейде кеудеде ауырсыну сезімі байқалады. Ентігу салмақ түскенде, мазасызданғанда, кейде баланыңтыныш кезінде де көрінуі мүмкін. Шулы, экспираторлық ентігу пневмонияға тән емес. Тері түсі қуқылданып, кейде ерін-ауыз төңірегінде цианоз, ал тыныс алуда қосымша еттердің қатысы байұалады: өкпенің зақымданған жағында мұрын желбездегі кеңейіп, бұғанаүсті, қабырғааралық ойыстар ішке қарай кірігеді, егер плевра да ауруға шалынса, қабырғааралық ойыстар тегістеледі.

Ауру баланың қанын тексергенде лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылағанаы байқалады. Рентгенге түсіргенде ошақты және инфильтратты көлеңкелер өкпенің бір жағынан көрінеді.

Ошақты пневмонияның ағымы әдетте сәтті, өте жиі қоздырғышы пневмококктар болғандықтан, антибиотиктер жақсы әсер береді. Клиникалық және рентгендік айғу мерзімі – 3-4 апта.


Сәбилерде ошақты пневмонияның клиникалық көрінісі өзгеше. Аурудың алдына ТТ, токсикоз сипаттары шығып, ошақты өкпе өзгерістері кейінірек білінеді. Процесс кейде екі жақты болады. Сәбилердегі пневмонияның бастапқы кезеңінде катаралдық белгілер көрініс алады: түшкіру, құрғақ жөтел, қызуы субфебрильді не өте жоғары болып, баланың жалпы халі өзгереді (мазасыздық, нашар ұйқы мен тәбеттің төмендуі). Емге қарамай жөтел көбейіп, баланың жалпы хал-жағдайы нашарлайды, енжар, өні бозарып, салмақ қосуы тоқтап, кейде үлкен дәреті тұрақсызданады, лоқсып, құсады. Аурудың осылай біртіндеп басталуы науқастардың көбінде кездеседі. Кейбір сәбилерде пневмония сау кезде-ақ, бірден денсеі қызып, күйі төмендеп, ентігу, жөтелдеп басталады.

Пневмонияның алғашқы кезеңінде аускультацияда қатаңдау дыбыс жауырын ұштарында естіледі. Уақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар пневмонияның алғашқы күндері ауырған сәбилердің жартысында, кейінірек көпшілігінде естіледі. Пневмонияның айқын белгісіне ошақты сырылдар, ошақты қатаң дем алу жатады. Өкпенің екі жағынан да, әр жерден жайылмалы сырылдардың, оның ішінде ұсақ көпіршіктің де естілуі, бронхиолитттің белгісі. Дегенмен еш өзгеріссіз 5-7 күнге созылған бронхиолит сөзсіз пневмониямен асқынады.

Рентгенге түсіргенде ошақты пневмония өкпе кебінуімен көрінеді (көкеттің төмен ығысуы, өкпе суретінің мөлдірленуі), ал түбір маңында өкпе суреті қоюланады. Кіші ошақты көлеңкелер төңірегіндегі көмескілеу, шекарасы анық болмайды. Көбіне көлеңкелер өзара қосылып кетеді. Бұл өзгерістер ІІ не ІХ, Х-сегменттерде орын алады. Осындай лобулярық пневмонияларды шетелдерде бронхопневмония дейді, әрі дүниежүзілік аурулар жіктемесінде де ол солай бекіген.

Сегменттік пневмониялар. Ошақты пневмониялар бір немесе бірнеше сегментке жацылса, сегментті деп аталады. Көбіне бұндай ауруға диагноз қойылмайды: себебі тұрақты өзгерістер бірнеше күнге ғана созылады, ал ТТ, токсикоз, кейде тіпті жөтел де болмайды, сондықтан диагноды тек рентгенография арқылы қояды. Бұл вирустық инфекция кезіндегі өкпенің сегментті ісінуі болуы ықтимал.

Сегментті пневмония ағымының екінші вариантының клиникасы крупоздық пневмониядан аумайды: кенет басталуы, қызыну, аурудын кезеңді ағымы т.б. Сегментті пневмонияның белгісі ретінде іш, кеуде аурыуы да мүмкін.

Крупозды пневмония негізінен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда кездеседі, 1-3 жас арасында сирек, ал жасқа дейін өте сирек байқалады. Бұл пневмонияның патогенезі аллергиялық реактивтілікке байланысты. Крупозды пневмонияның бір жасқа дейін сирек кездесуін бұл жастағыларда пневмококке сесибилизация әлі пайда бомағандығынан деп санайды.


Балаларда крупозды пневмония өкпенің бөлігін түгел қамтып қоймай тек бірнеше сегментпен шектелуі мүмкін. Көп жағдайда ол оң өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінде болады.

Клиникалық көрінсі. Ауру дене қызуының кенет көтерілуімен, бас ауырып, бала халінің күрт нашарлауымен, «тат түстес» қақырықты жөтелмен, кеуденің ауыруымен басталады. Ауырудың алдында, аз уакыт бойы, ең әрісі бірнеше сағатқа ғана созылатын, жалпы әлсіздік, сүйек сырқырауы, бас ауыруы болуы мүмкін. Науқастың көпшілігі іштің оң жағы немесе кіндік тұсынан ауыратынына шағынады. Осы кезде құсу, іш кебу, іш өтуі байқалады, ауруды аппендицит, жедел ағымды гастрит не перитонитке ұқсатуға болады. Пневмонияның мұндай ағымы оның оң өкпеде, анық төменгі бөлігінде орналасып, висцеро-висцералдық рефлекстер пайда болуына байланысты. Дегенмен, ентігудің ерекшелігі, пульс жиілігінің қызуға сәйкестігі, дем алуда кеуденің бір жағы қатысының азаюы, іштің еркін қимылы мен пальпацияда айқын қаттылықтың болмауы дәрігер ойын дұрыс жолға салады. Ересек балаларда аурудың «аппендикулярлы» түрі сирек кездеседі, олар кеселдің басынан-ақ кеудесінің ауыртанынына шағым жасайды, көбіне бұл арқа, иық, бүйірге таралады. Балалар аяқтарын кеудесіне бүгіп, ауру бүйіріне жатуды ұнатады. Мектеп жасына дейінгі кейбір балаларда ауру бастамасында денесі қызуы мен бас ауыруына құсу, сандырақтау, желкенің тартылуы, клоникалық тырысу қосылып, менингитке ұқсас белгілер шығады. Бұндай ағым пневмония оң өкпенің жоғарғы бөлігінде болғанда байқалады.

Дене қызуы үнемі жоғары болады, жөтел күшейеді, бірақ ауырсыну, мазасыздық азайып, жөтелі ылғалданады. Ентігу күшейіп, цианоз және ерін мен бет ісінеді. Физикалық тексеруде аурудың 2-3-ші күнінен-ақ бронхтық тыныс, перкуторлық дыбыстың қысқаруы, тұрақсыз, нәзік крепитациялық сырылдар анықталады. Кейде сырылдар кейінірек естіледі.

Крупозды пневмонияда құбылыс түгелдей дерлік плевраны қамтыса да, ауру балалардың бәрінде плевра үйкелісінің дыбысы естіле бермейді. Сау өкпе мен қабыну жоқ бөліктерде перкуторлық дыбыс қорап тәріздес болады. Крупозды пневмонияның қызған кезеңінде өкпеден тыс өзгерістер де орын алады: жүрек-қантамыр, нерв жүйесі, бауыр, бүйрек.

Аурудың ұзақтығы берілген ем мен организм беріктігіне байланысты. Антибиотиктер пайда болғанға дейін қызу не күрт 5-7, 9-шы күндері төмендейтін. Антибиотиктермен емдеу іске асқалы мұдай заңдылық байқалмайды, қызу бұдан ертерек төмендеуі ықтимал. Баланың халі біртіндеп жақсарып, жөтел ылғалданады, бірақ үлкендердегідей сарғыш қақырықты жөтел балаларда сирек болады.


Интерстициалды пневмониялар. 1946 жылы Р. Ленк жедел ағымды пневмониялар арасынан төмендегі рентгендік сипаттарымен ерекшелінетін пневмонияларды бөліп шығарды:

  1. Өкпе суретінің өзгерісі кеңейген түбірден ұршық тәріздес тарайтын, тұрпайы не нәзік жолақтардан тұрады. Бұлардан негізінде бронх-төңіректік инфильтрация және, мүмкін, бронхтардың экссудатпен толуы жатады.

  2. Пневмония бар өкпе суреті ұялы әр түрлі көлемді тор тәрізді болады. Осы екі түрлі өзгерістердің үстіне кішілеу ателектаз ошақтары пайда, ұсақ дақтар көрінеді.

  3. Жайылмалы, тартылған жіп тәріздес айқын көрінетін көлеңкелер бронхтар қысылуының белгілерімен бейнеленеді. Осы пневмонияларды ол интерстициалдық деп атады. Балаларда сирек, жедел ағымды пневмониямен ауыратын балалардың 1%-да ғана кездеседі.

Интерстициалдық пневмониялардың этиологиясы әрқилы. Олар вирустар, пневмоцисталар, хламидия, микоплазма, дертті саңырауқұлақтар, стрептококктар; алайда аурудуан табылған инфекцияның өзін де дерттің себепшісі екенін айыру қиын.

Рентгендік көріністерінде интерстициалдық пневмониаларға сай аурудың клиникалық ерекшеліктерін ескеріп, олардың ағымын екі түрге ажыратады.

Манифестік, жедел ағымды тип. Сәбилер мен мектепте дейінгі, аллергиялық диатезі бар балаларда кездеседі. Кесел ауыр түрде басталады: нейротоксикоз, ТТ белгілері, қызудың көтерілуіне кейіннен жиі, маха кетіретін жөтел қосылды. Өкпеде катаралдық өзгерістер анық емес: бірен-саран, тұрақсыз, құрғақ сырылдар, сирек крепитация, ал бактериалдық инфекция қосылғанда ылғалды сырылдар естіледі. Перкуссияда тимпанит, өкпе түбірі кеңейеді (көбіне бір жақты). Аурудың ең ауыр ағымы гриппоздық геморрагиялық пневмонияда кездеседі: гипертермия, ауыр нейротоксикоз бен ТТ. Қан аралас, кейде көбікті қақырақ, коолапс. Тексергенде көбіне құрғақ және ылғалды сырыл, крепитация естіледі. Геморрагиялық синдромды қанның қантамырлар ішінде ұюына байланысты деп жорамалдайды. Ауруға оң жүректің жедел ағымды және созылыңқы жетіспеушілігі тән, бауыр аздап үлкейіп, микрогематурия байқалады.