ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.03.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 2
Кәсіби тәжербие қортындысы бойынша студенттер білетін және игерген дағдыларды дифференциальды сынақтамада бағалау ережелері
№ |
Дағдылар және оларды орындай білу, бағалау ережесі |
Баллдар-ды қадам-мен бағалау |
1 |
Дәрілерді тарату, үлестіру. |
4,0 |
1. Дәрі ыдысы сыртындағы этикеттегі және тағайындау бетіндегі дәрі аттарын мұқият салыстырып оқиды; |
0,5 |
|
2. Науқас төсегі қасында дәрілерді үлестіреді; |
0,5 |
|
3. Науқастардың дәрі ішуін бақылайды; |
0,5 |
|
4. Дәріні тамақтанудан 15 минут бұрын; тамақтан 15-минуттан соң; таңертең ашқарында тамақтанудан 20-60 минут бұрын қабылдауды бақылайды; |
0,5 |
|
5. Егер дәріні тәулігіне бірнеше рет қабылдау қажет болса, дәрі қабылдау жиілігін бақылайды; |
0,5 |
|
6. Нитроглицерин қабылдау қажет болса, науқас тумбочкасында нитроглицерин барын бақылайды; |
0,5 |
|
7. Науқас дәрі қабылдағаны туралы ауру тарихына белгі қояды. |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
2. |
Дәрілерді тері сыртынан қолдану (ысып жағу, сылап жағу, пластырь түрінде қолдану). |
|
1. Дәріні теріге ысып жағу үшін дәрі жағатын жерді (білектің ішкі, санның сыртқы, іш беттері) дұрыс таңдайды және осы жерді сабындап жуады; |
0,5 |
|
2. Теріге жағатын майлы не сұйық дәрінің қажетті мөлшерін салып, теріге сіңгенше (30-40 минутай) ысып жағады; |
0,5 |
|
3. Майлы дәріні жағарда кері көрсетпелерін ескереді: терідегі қабынуға тән өзгерістер және т.б.; |
0,5 |
|
4. Кей жағдайда теріге майлы дәріні ысқыламай жағып, жақсы сіңуі үшін бетін жұқа целофанмен жабады (мысалы 2% нитромай); |
0,5 |
|
5. Мақталы тампонмен дәріні тері өсу бағытымен сылап жағады; |
0,5 |
|
6. Пластырьді алдын-ала өлшеп қиады да спиртпен майы кетірілген тері бетіне салады; алғанда алдыменен спиртпен ылғалдап бір шетінен бастап алады; |
0,5 |
|
7. Терінің қызараған қыртыстарына ұнтақ дәріні себу арқылы тазалайды; |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
3. |
Көзге, құлаққа дәрі тамызу. |
4,0 |
1.Алдыменен қол мұқият жуылады, көзге тамызу үшін тек залалсыздандырылған дәрілер қолданылады; |
0,5 |
|
2. Көзді, көзден бөлінген бөліндіні, қажет болса қабақты ішкі бұрышынан сыртқа қарай ылғалды тампонмен сүртеді; науқасқа жоғары қарауын сұрайды; |
0,5 |
|
3. Төменгі коньюктивальды қапшыққа дәрі тамызғышты көзге тигізбей қажетті мөлшердегі дәрі тамызылады; |
0,5 |
|
4. Науқастан көзін жұмып, көзін жан-жаққа бұруды өтінеді; |
0,5 |
|
5. Құлаққа дәрі тамызу үшін дәріні алдыменен жылытады; |
0,5 |
|
6. Науқасты бір қырына жатқызып, құлақ қалқанын жоғары және артқа қарай аз-кем керіп тартады; |
0,5 |
|
7. Тамызғышты құлаққа енгізбей бірнеше тамшы дәрі тамызылады. |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
4. |
Ингаляциялау арқылы дәріні қолдану (аэрозольды түрлері) |
4,0 |
1. Ингалятордың қақпағын алып, түбін жоғары қаратып аударады; |
0,5 |
|
2. Аэрозольді баллонды жақсылап шайқайды; |
0,5 |
|
3. Науқастан демін терең ішінен шығаруды өтінеді; |
0,5 |
|
4. Аэрозоль баллоны мундштугін аузына енгізіп еріндерімен тығыз ұстауды өтінеді; |
0,5 |
|
5. Ішке терең дем алған сәтте баллон түбін ішіне қарай саусақпен басуды түсіндіреді; |
0,5 |
|
6. Бірнеше секундқа демін ұстап тұрып, соңынан аузынан мундштукты шығарып, жайлап іштен дем шығаруы керек; |
0,5 |
|
7. Ингаляция аяқталған соң баллон қақпағын жабады; |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
5. |
Ректальды және вагинальды суппозиторийлерді қолдану. |
4,0 |
1.Тік ішекке дәрі жіберместен бұрын науқасқа тазарту клизмасы жасалады; |
0,5 |
|
2. қолын мұқият жуып, қолына резиналы қолғап киіледі; |
|
|
3. Науқасты қырынан екі аяғын тізесінен бүктіріп ішіне қарай жинатып жатқызады; |
0,5 |
|
4. Сол қолымен науқас құйрығын ашып тік ішек аймағын сұйық вазелинмен майлайды; |
0,5 |
|
5. Оң қолымен суппзиторийді жіңішке жағымен толығымен тік ішектің сыртқы сфинктрінен әрі енгізеді; |
0,5 |
|
Вагинальды суппозиторийді енгізу үшін 6. Науқастан жүресінен отыруды не шалқасынан екі тізесін бүгіп жатуын өтінеді; |
0,5 |
|
7. Оң қолымен суппзиторийді жіңішке жағымен толығымен қынапқа енгізеді. |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
6. |
Бір рет қолданылатын шприцтерді жинау, құрастыру, шприцпен ампуладан, флаконнан дәрі алу, қатты дәрілерді еріту. |
4,0 |
1. Алдыменен қолын тазалайды: қолын, саусақ араларын, білегін сабындап жуады. Саусақтарын су ағынымен мұқият жуады. Сол не оң шынтағымен суды жабады, қолын кептіреді; |
0,5 |
|
2. Қолын спиртті екі мақта домалағымен тазалайды: әуелі сол қол алақанын, саусақ араларын және қол сыртын, соңынан оң қолды осылай тазартады; |
0,5 |
|
3. Бір рет қолданылатын шприц салынған пакетті поршень жағынан ашады, дәрі этикеткасын (аталуы, пайдалану мерзімін) мұқият оқиды; |
0,5 |
|
4. Ампуланы ашар алдында дәрі ертіндісін түгел ампуланың кең жағына кетіру үшін оның жіңішке жағынан еппен қағу, шерту керек; |
0,5 |
|
5. Ампуланың мойын жағын арнайы арамен егеп, спиртті мақтамен тазалайды да шетін сындырады; |
0,5 |
|
6. Сол қолдың екі саусағымен ампуланы ұстап, оң қолға шприц алынады, шприц инесін ампула ішіне енгізіп, қажетті дәрі көлемін шприцпен сорып алады; |
0,5 |
|
7. Шприц инесін бекітіп, көз деңгейінде тік ұстап, ішіндегі ауаны және дәрі ертіндісінің алғашқы тамшысы шығарылады. Осылай әрі ауа шығарылса, әрі ине өзегі ашықтығы тексеріледі. |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
7. |
Флакондағы қатты дәріні еріту, оны шприцпен алу. |
4,0 |
1. Алдыменен флакон сыртындағы жазу оқылады, оның алюминий қақпағы пинцетпен алып тасталады; |
0,5 |
|
2. Шприцке қажетті мөлшерлі еріткіш алынады; |
0,5 |
|
3. Инемен тығынды тесіп, еріткішті флаконға жібереді; |
0,5 |
|
4. Шприциі ағытып алып, флакон инемен бірге дәрі ұнтағы ерігенше шайқалады; |
0,5 |
|
5. Флакондағы инеге шприц қайта кигізіледі; флаконды түбімен жоғары қаратып тік ұстап тұрып, дәрі ерітіндісі шприцпен сорылады; |
|
|
6. Шприцпен инені флаконнан ажыратып, егетін ине кигізіледі; |
0,5 |
|
7. Шприцтегі ауаны шығарылады, ине өзегі ашықтығын тексеру үшін ертіндінің бірер тамшысы инеден шығарылады. |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
8. |
Тері ішіне егу. |
4,0 |
1. Алдыменен шприц пен инені, дәріні, этил спиртін, мақта тампондарын әзірлейді; |
0,5 |
|
2. Шприцке дәрі ертіндісінің қажетті мөлшерін сорып алады; |
0,5 |
|
3. Пациентті ыңғайына қарай отырғызады не жатқызады, егетін дәрі туралы түсініктеме береді; |
0,5 |
|
4. Қолына резиналы қолғап киіп, егетін жер – білегінің ішкі бетін спиртпен ылғалданған мақта тампонымен бір бағытта сүртіп тазартады. Спирт кебуін күтеді; |
0,5 |
|
5. Егетін жердегі теріні саусақпен сәл тартып жазады, ине ұшының қиығын жоғары қаратып теріге параллелді қойып, осы қалыпта тері ішіне ине өзегі енгенше егеді; |
0,5 |
|
6. Сол қолымен шприц поршенін итеріп 0,1 мл дәрі ертіндісін тері ішіне енгізеді; |
0,5 |
|
7. Теріден инені суырып алып, егілген жерді спиртпен ылғалданған залалсыздандырған мақта тампонымен тез қысып бірер минуттай ұстайды; |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
9. |
Тері астына егу. |
4,0 |
1. Егетін жерді дұрыс таңдай білді (пациента қарының жоғарғы бөлігінің сыртқы беті, жауырын асты аймақ, санның алдыңғы-сыртқы беті, іш бетінің қапталы); алдыменен бір рет пайдаланатын шприц, диаметрі 0,5мм ұзындығы 16 мм ине, дәрі, этил спирті, мақта тампоны әзірлейеді; |
0,5 |
|
2. Шприцке дәрінің қажетті мөлшері сорып алады; |
0,5 |
|
3. Қолына резиналы қолғап киіп, егетін жерді спиртті екі мақта тампонымен тазалайды: әуелі кеңірек, соңынан тек егілетін жер тазартылады; |
0,5 |
|
4. Сол қолдың екі саусағымен тері қыртысын жасайды да, қыртыс астына 45º-тық бұрыш бағытымен ине қиығын жоғары қарата ұстап тері естына инені тереңдігі 15мм-ге тез енгізеді, сұқ саусағымен ине канюласын бекіте ұстап тұрады; |
0,5 |
|
5. Сол қолын шприц поршеніне ауыстырып және оны итеріп дәріні енгізеді. Шприцті бір қолдан екіншісіне ауыстырмайды; |
0,5 |
|
6. Канюласын ұстаған күйде инені суырып алады; егілген жерді спиртпен ылғалданған залалсыздандырған мақта тампонымен тез қысып бірер минуттай ұстайды және тампон сыртынан жеңіл массаж жасайды; |
0,5 |
|
7. Шприцті арнайы контейнерге салады. |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
10 |
Бұлшық етке егу. |
4,0 |
1. Егетін жерді дұрыс таңдай алады (құйрық бұлшық етінің сыртқы квадранты, санның латеральды беті, иықтағы дельта тәрізді бұлшық ет); науқасты дұрыс етпетінен не қырынан, жоғарғы аяғын жазып жатқызады; пациентке егетін дәрі туралы хабарлама береді; |
0,5 |
|
2. Дәріні даярлайды: флаконның резиналы қақпағын спиртпен ылғалданған мақта тампонымен сүртеді не ампуланың жіңішке жағын егеп спиртпен сүртеді де ұшын сындырады; |
0,5 |
|
3. Ине сыртына кигізілген қақпақша алынады, флакон ішіне алынатын дәрі көлеміне сәйкес ауа жіберіледі. Шприцке дәрінің қажетті мөлшері флаконнан сорылады, шприцтегі ауа шығарылады; |
0,5 |
|
4. Қолға резиналы қолғап киіледі, егетін жер (мысалы, құйрықтың сыртқы жоғарғы квадранты) спиртпен ылғалданған мақта тампонымен екі рет тазартылып сүртіледі: әуелі кеңірек, келесі тампонмен тек егетін жер тазартылады; |
0,5 |
|
5. Егетін жер терісі екі саусақпен жазып керіледі, инені тік 90º бағытымен терең тері асты шелінен өтіп бұлшық етке жететіндей етіп шаншиды, бірақ иненің 2-3 мм тері үстіне қалуы тиіс; |
0,5 |
|
6. Сол қол шприц поршеніне ауыстырылады да, онымен поршеньді жайлап итеріп, дәрі енгізіледі (алдыменен ине тамырда тұрмағаны тексеріледі); |
0,5 |
|
7. Инені суырып алып, залалсыздандырған мақтаны теріден алмай, егілген жерді мақтамен басамыз, жеңіл массаж жасалады; |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
11 |
Зәрді жалпы зерттеуге, Нечипоренко, Зимницкий сынамаларымен зерттеуге жинау. |
4,0 |
1. Зәрді зерттеуге әзірлік туралы науқасқа дұрыс түсіндірді: әйел адамдарға астын жуу гигиеналық шара техникасын, зәрдің жалпы зерттелуі үшін, Нечипоренко әдісімен зерттеу үшін (бөлінетін зәрдің орта бөлігінен 100-200 мл-ін), Зимницкий сынамасы үшін зәрді 8 ыдысқа жинауды, жиналған зәрді қайда тапсыратыны түсіндіреді; |
0,5 |
|
2. Құрғақ 250 мл-лік қақпақты флаконға зәр бөліктерін жинап, сыртына жолдама жабыстырылады (жалпы зерттеуге, Нечипорено сынамасына зертеу...); |
0,5 |
|
3. Зимницкий сынамасын өткізу үшін 8 құрғақ флакон әзірленеді, әрқайсысына зәр жиналған уақыт, зәр бөлігінің реттік саны көрсетіледі; |
0,5 |
|
4. Зимницкий сынамасы өткізген түнде науқасты зәр жинау үшін әр үш сағат сайын оятады; әр флаконның реттік саны мен зәр жиналған уақыт сәйкестігі тексеріледі; |
1,0 |
|
5. Жиналған соң зәр бір сағат ішінде ертеңгілік сағат 9-дан қалдырмай клиникалық лабораторияға жеткізіледі; лабораторияға 8 флаконда жеткізіледі; |
0,5 |
|
6. Зерттеу қортындылары ауру тарихына жапсырылады; |
0,5 |
|
7. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
12 |
Ұлы дәретті копрологиялық зерттеуге жинау. |
4,0 |
1. Пенициллиннің таза құрғақ флаконы қақпақшасымен, лейкопластырь жолағы, кішкене ағаш таяқша әзірленеді; |
0,5 |
|
2. Флаконға зерттеуге жолдама бекітіледі; |
0,5 |
|
3. Науқасқа ұлы дәретке отырсымен таяқшамен дәреттің бірнеше жерінен 5-10 грамдай дәретті таяқшамен алып, зәрге, суға араластырмай флаконға салуды түсіндіреді, флаконды қақпақшамен жауып, санитар бөлмесіндегі еденге қояды, пайдаланған ағаш таяқша дезинфекцияллайтын ертіндіге салынады; |
0,5 |
|
4. Копрологиялық зерттеуді клизмадан соң, ішке бояулы заттар қабылдаған соң, суппозиторийлер қолданған соң, асқорыту жолдарының рентгендік тексерулерінен соң өткізілмейтінін біледі; |
0,5 |
|
5. Кішкене таяқша 3%-тік хлорлы известь ертіндісінде 2 сағат ұсталады. |
|
|
6. Жиналған дәрет клиникалық лабораторияға ең кем дегенде 8 сағат ішінде жеткзіледі, дәрет қажет болса консервант (5-10% хлорамин ертіндісі) қосылады және 3-5 температурада сақтайды; |
0,5 |
|
7. Жиналған материал лабораторияға жеткізіледі, зерттеу қортындылары ауру тарихына жапсырылады; |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
13 |
Қақырықты жалпы зерттеуге жинау. Мұрыннан жұғынды алу. |
4,0 |
1. Алдыменен құрғақ, көлемі белгіленген мөлдір шыны ыдыс (банка) әзірленеді, лабораторияға жолдама жазылып, банкаға жапсырылады; |
0,5 |
|
2. Пациентке өткізілетін шараны дұрыс түсіндіру қажет: сізге зерттеу үшін таңертеңгілік қақырықты жинап, тапсыру керек. Ол үшін таңертең аш қарында, сағат 8-де ауызды, тістерді мұқият тазалап, сумен шаю қажет. Бірнеше рет ішке терең дем алып, өзіңізді жөтелдіресіз. Қақырған қақырықты берілен банкаға (3-5 мл-ден кем емес) жинау керек, банка қақпағын жауып, санитарлар бөлмесінде арнайы бөлінген ыдысқа қою керек. Егер тіс иектері қансырайтын болса, тістерді тазартпай, тек ауызды сумен не сода ертіндісімен шаю керек; |
0,5 |
|
3. Кешкілікте науқасқа әзірленген ыдыс беріледі; |
0,5 |
|
4. Зерттеу қортындылары ауру тарихына жапсырылады. |
0,5 |
|
Мұрыннан жұғынды алу. 5. Алдыменен залалсыздандырылған пробирка және құрғақ мақта тампоны әзірленеді, жолдама жазылады да, пробиркаға бекітіледі; науқасқа өткізілетін шара туралы түсіндіреді, алдына отырып, басын сәл шалқайтуын өтінеді; |
0,5 |
|
6. Жабылған пробирканы сол қолына алады, ал оң қолымен пробиркадан тампонды тек тығынынан ұстап шығарады; тампонды әуелі мұрынның бір, сосын екінші бөлігіне енгізіп жұғынды алынады; |
0,5 |
|
7. Тампонды пробирканың сыртына тигізбей ішіне енгізеді; мүмкіндігінше тез жолдамасымен пробирка лабораторияға жеткізіледі (жұғындының мұздатқышта ең ұзақ сақталу мерзімі 2-3 сағат). |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
14 |
Тазарту клизмасын орындау. |
4,0 |
1. Алдыменен шылапшын, алжапқыш, клеенка, Эсмарх кружкасы, су, вазелин әзірленеді; алжапқышты, резиналы қолғапты киеді, тексерілетін адамға істелетін шара туралы түсіндіреді; |
0,5 |
|
2. Эсмарх кружкасына жылы 1-1,5 литр су құйып, кружка вентильін ашып аздап су жібереді де, қайта жабады; кружканы жоғарырақ тұғырыққа іліп, ұшын вазелинмен майлайды; |
0,5 |
|
3. Пациентті клеенкамен жабылған кушеткаға сол қырымен, сол аяғын кушетка бойымен жазып жатқызады, ал оң аяғын тізеден бүгіп, ішіне қарай жинайды, тік ішекке су ене бастағанда тереңірек ауызбен дем алып, мүмкіндігінше денені толық бос ұстау керек. Науқасқа мүмкіндігінше іштегі суды ұзағырақ ұстау қажеттілігі түсіндіреді; |
0,5 |
|
4. Сол қолдың екі саусағымен құйрықты ашып, оң қолдағы Эсмарх кружкасының резиналы түтік ұшын анальды тесік арқылы тік ішекке әуелі 3-4 см-дей тереңдікке кіндік бағытына, соңынан 8-10 см-ге омыртқа жотасына параллельді бағытта тереңдетеді; |
0,5 |
|
5. Эсмарх кружкасы вентильін су тез ақпайтындай етіп жабыңқырайды. Себебі судың ішекті тез толтыруы ішті ауыртады. Ішке су кірмей жатса кружка жоғарырақ көтеріледі не оның құйрықтағы ұшы қалпы өзгертіледі не ол ауыстырылады, себебі ол дәретпен бітелуі мүмкін; |
0,5 |
|
6. Ішекке суды жіберіп болған соң вентильді жауып, құйрықтағы түтікті суырып алады; |
0,5 |
|
7. Егер осы шара ауру бөлмесінде орындалса, науқасқа дәрет қабылдағыш беріледі; шара біткен соң резиналы қолғап шешіледі, қол жуылады; |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
|
15 |
Асқазанды жуан зондпен жуу. |
4,0 |
1. Жуан асқазан (100-120 см, диаметр 10-15 мм) зонды (асқазанға енгізілетін зонд ұзындығын анықтау: науқас бойынан 100 см алынып тасталады), ұзындығы 70 см резиналы түтік және қосатын диаметрі 8 мм әйнек түтік, көлемі бір литрлік суқұйғыш (воронка), сұйық вазелин майы, жуынды су төгілетін шылапшын не шелек, бір литрлік кружка, бөлме жылылығындай таза бір шелек жылы су (10-12 л), тілұстағыш, металлды саусаққап, резиналы қолғап, клеенкалы алжапқыш әзірленеді; |
0,5 |
|
2.Науқасты отырғызып қолын арқасы жағынан айқастырып сүлгі не жамылғымен бекітеді; ауруға, өзіне клеенкалы алжапқыш кигізеді; студент науқастың артынан не жанынан тұрады; |
0,5 |
|
3.Ауыз ашатын аспапты не сол қолдың металлды саусаққап киген 2-і саусағын азу тістер арасына енгізеді, науқас басын аздап шалқайтады; оң қолмен тіл түбіне вазелинмен майланған не сумен ылғалданған зондтың бітеу ұшы қойылады. Науқасқа мұрын арқылы терең дем алып, жұтынуды өтінеді; |
0,5 |
|
4. Науқас жұтынған кезде өңешке зондты жайлап оралып қалмас үшін еппен жылжытады; |
0,5 |
|
5. Зонд қажетті белгіге дейін асқазанға енгізген соң, оның келесі ұшына суқұйғыш қосылады, суқұйғыш науқас тізесіне дейін төмендетіледі. Егер суқұйғыштан асқазан сұйықтығы ақса, ол зондтың дұрыс тұрғанын көрсетеді, ақпаса – зонд қалпын әрі не бері өзгертіп қозғайды; |
0,5 |
|
6. Суқұйғышты осы деңгейде ұстап тұрып, оған бір литр су құяды; |
0,5 |
|
7.Жаймен суқұйғыш жоғары көтеріледі. Суқұйғыштағы су түтігіне жеткен кезде қайтадан пациент тізесіне дейін төмендетеді. Іштен шыққан су көлемі ішке енген су көлемімен шамалас; суқұйғыштағы суды шелекке төгіп, қайта ішке жоғарғыдағыдай су жіберіп, қайта шығарып, жуынды су толық тазарғанша қайталайды; |
0,5 |
|
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |