Файл: Протокол 23 от 12 декабря 2013 года.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

409Б

босанудың 3 кезеңін белсенді жүргізу

протокол № 23 от «12» декабря 2013 года

1.босанудың 3 кезеңін белсенді жүргізу қажеттілігін, артықшылығын босанушыға түсіндіру және ақпараттандырылған келісімін алу: босанудың 3-ші кзеңі қысқарады, қан жоғалту төмендейді және босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетеді..

Бала туылған соң 1 минут аралығында,бұлшықет ішілік окстоцин препаратын (санға)салынады,жатыр жиырғыш болып келеді.Окситоцин салғаннан бірнеше минуттан соң плацентаның жатыр қабырғасынан ажырауы болады.Бұл кезде сіздің көмегіңіз қажет болмайды. Сіз күшенбейсіз.

2. Бала дүниеге келген соң баланы анасының кеудесіне жатқызамыз, құрғақ жаялықпен құрғатамыз, басқа құрғақ жаялықпен үстін жауып коямыз.

3. Нәресте туылғаннан кейін құрсақта ІІ ұрықтың болуын анықтау үшін әйелдің ішін пальпациялау. Бала туылғаннан кейін 1 минут ішінде 10 БР окситоцинді (2мл) сан бұлшықетіне салыңыз.

4. Кіндікке қысқыш салу. Қолды шат үсті аймаққа қою.

Кіндікбауда пульсация аяқталғаннан кейін кіндікбауды аралықтан 8-10 см аймақта, 2 қысқыш саламыз.Екі қысқыштың арасын кесеміз. Қысылып тұрған кіндікті және қысқышты қысылған жерінен бір қолмен ұстаңыз. Екінші қолды шат үсті аймағына қойып, жатырдың айналып кетуін алдын-алу үшін жатырды кіндік бауына қарама-қарсы бағыттаймыз.

5. Жатыр жиырылуын күту(2-3 минут). Жатыр жиырылған кезде(дөңгелектеніп,тығыз болады) (Шредер белгісі) және кіндік бауы ұзарған кезде, кіндікті бала жолдасы туылғанға дейін ақырын төмен (Альфелд белгісі) және өзіне қарай бағыттап, әлсіз күш салып (тракционды) тартамыз. Бір уақытта жатырды кіндікбауды тартқанға қарама қарсы бағытта итеруді (контракция) жалғастыру.

6. Егер плацента бақыланған тракция кезінде 30-40 секундта түспесе,кіндікбауды тартуды тоқтатып,келесі жатыр жиырылуын күту. Жатыр тонусын анықтау. Бала жолдасы туылғаннан кейін тез арада қолды құрсақ қабырғасына қойып жатыр тонусын анықтаймыз. Қажет болған жағдайда кіндікбаудың ұзаруына қарай қысқышты мықынға жақын аймақта орналастыруға болады. Келесі жатыр жиырылған кезде кіндік бау тракциясын бақылай отырып, біруақыттағы қарама-қарсы контракциямен жалғастыру.


7 .Плацента қынапта пайда болғанда, плацентаны екі қолмен ұстап және қауіпсіз қимылдармен ұрық қабын сағат тілі бағытында туылғанша ақырындап бұрау.Ұрық жолдасы туылғаннан соң,бірден алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы жатырға жиырылғанша (тығыз,дөңгелек,тегіс контурлы,кіндік деңгейінде) сыртқы массаж жасау 15сек. Ұрық жолдас туылған соң оның бүтіндігіне көз жеткізу.

8 . Ұрық жолдастың ұрықтық бетін тексеру. Кіндіктен көтеріп,қабықтарын реттеу. Қалыптыда қабығы жылтыр,қызғылт түсті.Кіндік бауды,тексеру бекінген жерін (орталық,бүйір,шеткері), кіндік бауда шынайы түйіндер болуы,кіндікбау ұзындығы(45-50 см), 3 тамырдың(2 артерия,1 вена).

9 . Ұрық жолдасты аналық бетімен жоғары қаратып, тегіс бетке орналастыру(тегіс табақ),салфеткамен кептіру және тексеруге кірісу: беті бөліктер мен олардың арасындағы ойыстардан тұрады, барлық бөліктер түйіседі. Плацентаның шеттеріне назар аудару,тіннің өзгерістеріне назар аудару: майлы жаңарулар,ескі қан ұйындысы.

Плацентаны тексеріп болған соң ұзындығы және салмағын өлшеу. Диаметрі – 15-18, калыңдығы 2-4 см, массасы 500-600г) Егер плацента макроскопиялық патологиясыз болса, онда оны утилизациялайды. Егер патологиямен немесе бала жағдайы ауыр болса гистологиялық зерттеуге жібереді.


Қан шығынын есептеу

Әйелдің дене салмағына қатысты есептелінеді. Физиологиялық әйелдерде -0,5 пайызын, экстрагинетальды патологиясы бар әйелдерде 0,3 пайызын құрайды.

Әйелдің жағдайын бағалау.

Қан қысымын, пульсін, дене қызуын өлшеу, жатыр қуысы, қанды бөліністеріне мән береміз. Алғашқы 1 ші сағатта әр 15 мин сайын, 2 ші сағатта әр 30 минут сайын бағалаймыз.

10.Әйелді босану аяқталуымен және сәбиінің дүниеге келуімен құттықтау.Барлық құралдарды,алжапқышты дезинфицирлеу.Қолғапты шешіп,контейнерге тастау және қолды жуу.Ұрық жолдасты тексеру мәліметтерін босану тарихына енгізу.

1.Шредер белгісі – жатыр пішіні мен оның деңгейінің өзгеруі.Қалыпты жағдайда жатыр деңгейі кіндік тұсында орналасады,плацента бөлінген кезде ,ол кіндіктен жоғары көтеріліп,оңға қисаяды.



2. Довженко белгісі – әйел терең тыныс алған кезде бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмаса,оның жатыр қабырғасынан бөлінген белгісі.

3. Чукалов – Кюстнер белгісі бойынша , алақан қырымен жатыр үстін шат жігінің жоғарғы жағынан басқанда,егер плацента жатыр қабырғасынан бөләнсе, бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмайды.

4. Альфельда белгісі – плацента бөлінген кезде,кіндік бауға салған лигатура 8-10см ге төмен түседі.Плацента жатыр қабырғасынан бөлінгеннен кейін,әйелді күшендіріп,бала жолдасын тудырып алады.


409Б