Файл: деу Мамандыы Емдеу ісі 0301000 Курсы 3 Семестрі 6.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 325

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Тәбеттің бұзылуы.

Тәбеттің бұзылуы АІЖ-ң асқорыту безінің қызметі бұзылғанда байқалады.

Тәбеттің болмауы (анорексия) – психикалық өзгеріс, науқас тамақтан бас тартады,

Тәбеттің жоғарылауы – тамақты көп қабылдап дене салмағының артуына алып келеді. Нервті стресс, жүктілік, кейбір дәрілік заттарды қабылдау, гармональды өзгерістер себеп болады.

2. Езудің ойылуы - организмде темір және витаминдердің жетіспеушілігінен пайда болады.

3. Ауыздан жағымсыз иістің келуі. Стоматит- ауыз қуысының шырышты қабығының, қызыл еттің, тілдің қабынуы: арнайы антисептикалық ерітінділермен шайғанда иіс жоғалады. Темекі тарту.

Өңеш-жұтқыншақты асқазанмен біріктіріп тұратын асқорыту жорлының бөлімі. Асты жұтуда қатысады, өңештің бұлщықетінің перистальтикалық жиырылуын қамтамассыз етеді.

4. Дисфагия - жұтынудың қиындауы, өңеш ауруының белгісі. Науқас ауырсыну, қысымды сезіну, кернеу, астың, өңеште тұрып қалуы сияқты сезгілерді сезінеді.

5. Кекіру-ауыз қуысына асқазаннан немесе өңештен газдың күтпеген еріксіз бөлінуі. Кекіру кезінде жағымсыз иіс келеді.

6. Ғыжылдау-төс астында немесе іш үсті аумағында кейде жұтқыншаққа дейін жететін, асқазан ішіндегіні өңешке тастауымен негізделетін күйдіруді сезіну.

7. Лоқсу. – төс асты аумағындағы кеуде, ауыз қуысындағы өзгеше ауырлық сезімі, кейде қусудың алдында болады және жалпы әлсіздік , тершендікпен, гиперсоливациямен, аяқ қолдың мұздауымекн, терінің бозаруымен, АҚ төмендеуімен қабаттасып жүреді.

8. Қусу. Күрделі, рефлекторлы акт болып асқазанның бұлшық еті, диафрагма, қарынның алдынғы қабырғасының қатысуымен болады. Қусу нерв жүйесінің, артериальды гипертензия, улану, тілдің шыршты қабатының тітіркенуі, жұмсақ таңдай, асқазан ішек жолыны ауруларының белгісі болуы мүмкін. Қусу, лоқсу және сілекейдің ағуымен басталады. Асқазан ауруларындағы қусу науқасқа жеңілдік тудырады. Мидың қан айналуы бұзылғанда (инсульт, гипертониялық криз, ми ісігі) қусқаннан соң жеңілдік болмайды.

Ауырсыну симптомы. Ауру тамақты қабылдағаннан байланысты. Қарындағы ауру тек қана асқорыту жүйелерінің ауруларында ғана емес, жүрек ауруында, тыныс алу, неврологиялық аурулардада кездеседі. Асқазанның ауруы кейбір дәрілерді қолданғанда, тамақ қабылдағанда, акт дифекацияда, физикалық күш түскенде, денесінің қалпын өзгерткенде болуы мүмкін.

Іш қату симптомы. Іш қату, нәжістің ішекте ұзақ уақыт сақталуы (48 сағаттан ). Іш қату ішектің бұлшық етінің және перистальтикасының әлсіреуінен пайда болады.


Іш өту симптомы. Іш өту – сүйық нәжіс. Себебі: астың ішекте қортылуының бұзылуы, ішекте қабуныу процестің пайда болуы және іш айдайтын дәрілерді қолдану.

Тенезм симптомы. – дефикацияға жалған ауырлық шақыру, мысалы, проктитте, дезинтерияда,

Метеоризм симптомы. Науқастар қарынның ісінуін, ауырлықты сезінеді. Себептері: ішекте газдың жиналуы, ішектің қозғалу функциясының бұзылуы, ішек қабырғаларында газ сорылуының төмендеуі, метеоризм клетчаткамен бай азықтармен қолданғанда, оларды қорытылу кезінде газдың көп бөлуіне жағдай жаратылады (капуста, қара нан), асқазан асты безінің функциясы төмендегенде, ішек микрофлорасының құрамы өзгергенде, ішек буралғанда.

Асқазан, ішектен қан кету симптомы. Асқазан жарасы, эрозия, асқазанның ісігі, бауыр циррозы, өңеш венасынын варикозды кеңеюі, ішектердің әр түрлі аурулары – ісік, геморрой, жаралы колит пайда болады. Асқазан ішектен қан кету жасырын түрде болуы мүмкін – қан кету басынан «кофе қоюы» қусу, қан аралас қусу немесе нәжістің қан аралас бөлінуі (мелена).

Асқазан ішектен қан кеткендегі негізгі белгілер. Мұндай қан кету асқазан, ішек, бауыр, өңеш тағыда басқа аурулардың симптомдары болады: қан аралас қусу, «кофе қоюын» қусу тұз қышқылы гематин араласып шығады. Тоқ ішектен қан кеткенде нәжісте ашық түсті қан (гемотохезис) пайда болады. Өңештен қан кеткенде қусық массаларына ашық түсті қан қосылады. Нәжістің мелена тәрізді (қара түсті) болуы ішекте қаннан әр түрлі ферменттердің және бақтериялардың пайда болуынан болады. Өзгермеген ашық түсті қанның нәжісте болуы асқазаннан қан кеткенін дәлелдейді. Ал ішектен қан кеткенде, тоқ ішектің ісігінде нәжіс аралас ал геморройда дефикация кезінде қан қосымдысы бөлінеді.

Бауыр және өт жолдары клиникалық симптомдар.

  1. аурысыну оң қабырға оң иық жаурынға, жауырдың аралығында таралуы

  2. диспептикалық бұзылыс

  3. жедел қабыну процесінде температураның көтерілуі

  4. тердің қышынуы

  5. сарғаю

  6. тері, шыршты қабаттар сары түске енеді

  7. нәжістің ашық түске, зәрдің қоңыр түске енуі

Клизма дегеніміз тоқ ішектің төменгі жағын емдеу және диагноз қою мақсатында түрлі сұйықтықтарды енгізу. Клизмалардың тазалау, сифонды, қоректендіру, дәрі-дәрмек және тамызғыш сияқты түрлері болады. Дені сау адам ішін әрдайым тәулігіне бір рет және бір уақытта босатып отырады. Кейбір аурулармен ауырғанда дәрет жүрмей қалады (іш қатып қалады). Мұндай жағдайда сырқатқа іш жүргізетін дәрі, диета белгілеп, сондай-ақ клизма қояды.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

бөлімшелерде ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы бар науқастарда мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру, клизмалар жасау.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

  1. Бауыр ауруының негізгі белгілері:

А) сарғаю, демікпе, жүрек дүрсілі, тері қышуы;

Б) қанауға бейім, көгеру, тұншығу, төс астындағы ауру:

В) сарғаю, зәрдің қараюы, түссіз, терінің қышуы

Г) арықтау, температураның жоғарылауы, бас айналу

  1. Асцит – бұл:

А) қанның сұйық бөлігінің плевральды қуысқа түсуі

Б) тері жамылғысының көгеруі

В) аяқтың ісінуі

Г) қанның сұйық бөлігінің құрсақ қуысына жиналуы

Д) дененің ісінуі

  1. Бауыр шаншуының ұстауы мынаған тән

А) гепетитке

Б) холециститке

В) өттің тазаруына

Г) бауыр циррозына

4. Бауыр циррозына тән белгілер:

А) жүдеу

Б) қан кету

В) бауыр мен көк бауырдың үлкеюі

Г) асцит

Д) бәрі дұрыс5. Аш ішектің ұзындығы

а) 5-7 м

б) 2-3 м

в) 10-12 м

г) 1-2 м

6. клизма түсініктемесі

а) тоқ ішекке сұықтық жіберу

б) тоқ ішекке дәрілік заттарды енгізу

в) аш ішекті зерттеу

г) аш ішекке сұйықтық жіберу

7. клизма қоюға көрсеткіштер

а) операциядан кейін

б) метиоризмде

в) эндоскопиялық тексеруден алдын

г) тік ішекке шам қояр кезінде

8. Өттің тас ауруында ас қабылдау иньтервалы:

А) күніне 3 рет

Б) күніне 4 рет

В) әр 4 сағат сайын

Г) емдік ашығу

Д) ас қабылдау интервалының маңызы жоқ

9. Өт тас ауруына тән белгі:

А) оң жақ қабырға астындағы өткір ауру

Б) бас ауру

В) лоқсу, құсу

Г) іштің сыздап ауруы

Д) бел тұсындағы ауру

10. Бауыр мен өт жолдарының ауру науқастарының тамақтану рационынан мыналар шығарылады:

А) майлы қуырылған

Б) ұннан жасалған

В) тәтті

Г) рацион өзгермейді

Жауап эталоны:

1-в, 2-г, 3-в,4-д, 5-а, 6-б, 7-г, 8-в, 9-а, 10-а.
Ситуациялық есептер:

  1. Стационарға оң жақ қабырға астының өткір ауруы оң иық пен жауырынға берілетін сырқат түсті. Сіздің сырқатқа күтіміңіз қандай болады?

  2. Клизма жасау үшін науқасты мейірбике оң жақ бүйіріне қарата жатқызады, қолына қолғап кеймеді. Бұл дұрыс жағдай ма?



13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады


14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

12 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Клизмалар. Асқазан мен ұлтабар құрамын зерттеу.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға клизма жасауды, асқазане мен ұлтабардан сөл жинауды, науқасты осы зерттеулерге дайындау.

тәрбиелік: оқушыларды клизма жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, клизма жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

  • Асқорыту жүйесі ауруларындағы медбикенің этикасы, деантологиясы

  • Асқорыту жүйесінің бұзылуының байқалуы

  • Іштің ауруы, тенезм, қыжылдау, дисфагия, кекіру, диспипсия, лоқсу, құсу, тәбеттің

  • бұзылуы, метиоризм.



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)

Жоспар:

  • клизма туралы түсінік

  • клизма қоюдың мақсаты

  • клизма қоюға көрсетілімдер және кері көрсетілмдер

  • асқазан мен ұлтабар сөлін зерттеуге науқасты дайындау

  • Асқазан және он екі елі ішек сөлін зерттеу мақсатын

  • Қолдануға және қолдануға болмайтын жағдайларды

Асқазанның секреторлы қызметін көрсету.

Қолдануға болатын жағдайлар: Асқазанның секреторлы және қозғалыс қызметін тексеру. Асқазан сөлін аш қарынға және «таңертеңгілік тамақ байқауынан» кейін алады. Таңертеңгілік тамақ байқауы ретінде асқазанн сөлінің секрециясын қоздыратын энтеральді, парентеральді тітіркендіргіштер қолданылады.


Қолдануға болмайтын жағдайлар:Жүректің ауыр түрдегі аурулары, 2-3 дәреж. Гипертониялық ауру, стенкордия, кахексия, созылмалы гастриттің өршу кезеңі. Асқазан және он екі елі ішектің жара ауруы, өңеш тамырларының кеңеюі, мойын-кеуде омыртқаларының қисаюы.

Энтеральды, тітіркендіргіштер: 300,0 ет сорпасы, 300,0 капуста қайнатпасы, таңертеңгілік нан (50г ақ қатқан нан +400 мл су), 300,0 алкогольдің 5% ертіндісі, 300 мл суға 0,2 кофеин ертіндісі.

Парентеральды тітіркендіргіштер:0,025% пентагастрин ертіндісі

(науқастың 10 кг дене салмағына 0,6 мл) 0,1% гистамин ертіндісі

(науқастың 1 кг салмағына 0,01 мл).

Назар аударыңыз! Гистаминді байқап енгізу керек.

Науқаста жүрек айну, ыстықтау, бас айналу, тыныс алуының қиналуы, жүрек соғуы, қан қысымының төмендеуі мүмкін. Бұндай жағдайда медбике тез арада дәрігерді шақырып, бір антигистаминді препаратты парентеральді енгізуге дайындайды: димедрол, пипольфен, супрастин.

Энтеральды, тітіркендіргіштеді қолдану (Лепорский әдісі). Лепорский әдісі қазіргі уақытта техникалық қолайсыздыққа байланысты сирек қолданылады.

Құрал-саймандар мен жабдықтар: жіңішке стерильді асқазан зонды, асқазан секрециясын қоздыратын заттар, пробиркалар мен штатив, асқазан сөлін алуға арналған шприц, спирт, мақталы шариктер, резеңке қолғаптар.

Өткізу әдістемесі:

  • Науқасты процедура барысымен таныстыру

  • Науқас стулдің арқасына тығыз жанасып отырып, басын сәл алдыға еңкейту

  • Науқастың мойнына және кеудесіне сүлгі немесе пеленка төсеу. Тіс протездері болса алып тастау.

  • Шыққан сілекейді жинау үшін науқастың қолына лоток ұстату

  • Науқастың зондты жұту ара қашықтығын анықтау (бойы-100 см)

  • Резеңке қолғап кию

  • Пакеттен стерилді асқазан зондын шығару. Оң қолымен зондтың соқыр ұшынан 10-15 см қашықтықта, сол қолымен бас ұшын ұстап тұру

  • Науқастың аузын ашып, зондтың соқыр ұшын тілдің түбіне қойып, жұтқыншаққа терең итеру. Бұл кезде науқас отырып, мұрын арқылы терең дем алады. Зонд асқазанның керекті жеріне жетуі үшін науқас жұтыну қимылдарын жасайды. Егер науқас жөтеле бастаса, зондты тез арада шығару керек.

  • 5 мин аралығында асқазан сөлін алады (1порция)

  • Зонд арқылы 200 мл жылытылған энтеральді, тітіркендіргішті енгізу

  • 10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алады (2 порция)

  • Қалған таңертеңгілік байқауын 15 минуттан кейін алады (3 порция)

  • Әрбір 15 минуттан кейін ыдысын ауыстыра отырып, 1 сағат ішінде асқазан сөлін шығарады

  • Пробиркаларға номер қойып, барлық 7 порцияны лабораторияға жеткізеді.