Файл: деу Мамандыы Емдеу ісі 0301000 Курсы 3 Семестрі 6.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 323

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Парентеральды тітіркендіргіштерді қолдану:

Құрал-саймандар мен жабдықтар: жіңішке стерильді асқазан зонды, асқазан секрециясын қоздыратын заттар, пробиркалар мен штатив, асқазан сөлін алуға арналған шприц, спирт, мақталы шариктер, резеңке қолғаптар.

Өткізу әдістемесі:

  • Науқасты процедура барысымен таныстыру

  • Науқас стулдің арқасына тығыз жанасып отырып, басын сәл алдыға еңкейту

  • Науқастың мойнына және кеудесіне сүлгі немесе пеленка төсеу. Тіс протездері болса алып тастау.

  • Шыққан сілекейді жинау үшін науқастың қолына лоток ұстату

  • Науқастың зондты жұту ара қашықтығын анықтау (бойы-100 см)

  • Резеңке қолғап кию

  • Пакеттен стерилді асқазан зондын шығару. Оң қолымен зондтың соқыр ұшынан 10-15 см қашықтықта, сол қолымен бас ұшын ұстап тұру

  • Науқастың аузын ашып, зондтың соқыр ұшын тілдің түбіне қойып, жұтқыншаққа терең итеру. Бұл кезде науқас отырып, мұрын арқылы терең дем алады. Зонд асқазанның керекті жеріне жетуі үшін науқас жұтыну қимылдарын жасайды. Егер науқас жөтеле бастаса, зондты тез арада шығару керек.

  • Асқазан сөлін аш қарынға алу (1 порция)

  • Сөлге арналған ыдыстарды әр 15 минут сайын ауыстыра отырып, 1 сағат ішінде асқазан сөлін алу (2,3,4,5-ші порциялар)

5-ші порциядан кейін науқастың 10 кг дене салмағына 0,1 мл гистаминнің 0,1% ертіндісін тері астына енгізу

  • Сөлге арналған ыдыстарды әр 15 минут сайын ауыстыра отырып, 1 сағатта асқазан сөлін алу (6,7,8,9-ші порциялар).

  • Барлық 9 побиркаларға номер қойып, лабораторияға жібереді.

Ескерту: Асқазан сөлін максимальды толық және үзбей алу керек! Асқазан сөліне азғана қан араласса бұл қауіпті емес. Ал көп мөлшерде қан көрінсе, онда тез арада зерттеуді тоқтату!.


Зондсыз зерттеу әдістері.

Бұл зондпен зерттеу әдістерін қолдануға болмайтын жағдайларда немесе науқас қарсы болған жағдайда қолданылады. Бұл әдістемелердің бірі «Ацидотест»- қолданылған ионды алмасқыш смоланың, асқазанда бос тұз қышқылымен өз ара байланысу нәтижесінде зәрде бояғыштың анықталуы. Зәрдің түсі асқазандағы бос тұз қышқылының мөлшеріне байланысты.

«Тұйық» зондтау (дюбаж) өт қабын босату мақсатында қолданылады. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқас аш қарынға 2 шикі жұмыртқаның сарысын немесе 2 ас қасық жылытылған сұйық майды немесе бір стакан жылы минералды суды немесе 100-200 г жылы суға ерітілген 40г сорбитті ішеді. Оң жағымен жылы резеңке жылытқыш қойып 1-1,5 сағ жатады. Процедураны аптасына 2-3 рет өткізеді.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

бөлімшелерде ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы бар науқастарда мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру, клизмалар жасау.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

  1. Лепорский әдісі бойынша таңертеңгілік тамақ байқауын енгізеді:

А) зондты енгізгеннен кейін

Б) 1-ші порциядан кейін

В) 1 сағат ішінде асқазан сөлінің 4 порциясын ашқарынға алғаннан кейін

Г) зондты енгізгеннен 30 мин кейін

2. Лепорский әдісі бойынша асқазан сөлін алу үшін дайындау қажет

А) 33щ күкірт қышқылды магнезияның 40,0-60,0мл

Б) 200мл клюва морсы

В) 200г капуста қайнатпасы

Г) 2 шай қасық кастор майы

3. Лепорский әдісі бойынша асқазанның фракциялық зондтау әдісіне дайындау қажет

А) 5 беңке

Б) 7 бәңке

В) 9 бәңке

Г) 1 бәңке

4. Зондтау кезінде асқазан сөлін алу үшін парентеральді тітіркендіргіштер қолданылады:

А) 5% глюкоза

Б) 0,1% атропин

В) 0,1% гистамин

Г) 40% глюкоза

5. Дуоденальді зонд бұл

А) резеңке түтікше тұйық ұшты және 2 бүйір саңылаулары бар, ұзындығы 100-110 см, сыртқы дм 10-15 мм

Б) резеңке түтікше тұйық ұшында сүйірлі бүйір саңылаулары бар, ұзындығы 100-110 см, сыртқы дм 3-5 мм

В) бір ұшында металл оливасы бар резеңке түтікше, ұзындығы 150см, дм 3-5 мм

6. Дуоденальді зондтауға дайындау қажет

А) 300 мл капуста қайнатпасын

Б) 50 мл сұйық майын

В) 200 мл ет сорпасын

Г) 300 мл кастор майын

7. . Дуоденальді зондтау кезінде оливаның соңғы баратын жері

А) асқазан

Б) он екі елі ішек



В) өт қабы

Г) бауыр

8. . Дуоденальді зондтау кезінде қара-қошқыл түс болады:

А) А порциясында

Б) В порциясында

В) Б порциясында

Г) С порциясында

9. Дуоденальді зондтау кезінде өттің 2-ші порциясы алынады

А) он екі елі ішек

Б) өт қабынан

В) бауырдың өт жолдарынан

Г) ұйқы безінен

10. Зондтарды мынадай жағдайларда бойынша залалсыздандырады

А) 2 атм 132 С-20мин

Б) 1,1 атм 120 С -45 мин

В) 180 С-60 мин

Г) 160 С-60 мин

Ситуациялық есептер:

  1. Стационарға оң жақ қабырға астының өткір ауруы оң иық пен жауырынға берілетін сырқат түсті. Сіздің сырқатқа күтіміңіз қандай болады?

  2. Клизма жасау үшін науқасты мейірбике оң жақ бүйіріне қарата жатқызады, қолына қолғап кеймеді. Бұл дұрыс жағдай ма?



13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

13 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару және эндокринді жүйелердің қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсетумен, қуыққа катетер енгізу алгоритмімен

таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы кезінде, зәрдің жедел тоқтауы кезінде, қуыққа катетер енгізу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы кезінде, зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсету, қуыққа катетер енгізу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.


б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

- Асқорыту жүйесі ауруларындағы медбикенің этикасы, деантологиясы

  • Асқорыту жүйесінің бұзылуының байқалуы

  • Іштің ауруы, тенезма, қыжылдау, дисфагия, кекіру, диспипсия, лоқсу, құсу, тәбеттің

  • бұзылуы, метиоризм.

  • клизма туралы түсінік

  • клизма түрлерін

  • клизма қоюдың мақсаты

  • клизма қоюға көрсетілімдер және кері көрсетілмдер

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)

Жоспар:

  • Жедел зәр тоқтауына түсінік.

  • Жедел зәр тоқтауына алып келетін себептер мен белгілері.

  • Жедел зәр тоқтауы кезіндегі көмек.

  • Эндокринді жүйелердің қызметі бұзылған науқастарды күту, қадағалау деонтологиялық аспект ілері.

  • Эндокринді жүйе аурулары бар науқастарды тексеру тәртібі.

  • Қант диабетімен ауыратын науқастардың іріңді жараларды алдын- алу.


Жедел зәр тоқталу.

Жедел зәр тоқталу дегеніміз- операциядан кейін қуық бұлшықетінің жүйке регуляциясы бұзылуынан және де уретра обтурациясының нәтижесі. Ануриядан айырмашылығы анурия кезінде қуық бос және кіші дәретке отырғысы келмейді , ал жедел зәр тоқталу кезінде қуық толып тұрады және кіші дәретке жиі отырғысы келеді.

Дені сау адам бір тәулікте 4-7 рет зәр шығарады, көбінесе күндіз, ал түнде 1 реттен көп емес .

Аденома , қуық асты без рагі , босанудан кейін және операциядан кейін жедел зәр тоқталу пайда болады .

Зәр шығару рефлексін краннан аққан судың шуымен немесе жыныс мүшелерін жылы сумен жуып шығаруға болады. Қасаға үстіне жылы грелка қойса жақсы әсер береді .Істеген іс-шаралар жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша бұлшықет тонусын жоғарылататын дәрілік заттарды береді (прозериннің 0,5% 1 мл ерітіндісін немесе пилокарпиннің 1% 1 мл ерітіндісін тері астына). Бұл іс-әрекеттер жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша қуыққа катетер қояды.

Жедел зәр тоқталу кезінде көмек көрсету .


Науқастың жағдайына қарай оны ыстық ваннаға отырғызады, спазмолитиктерді енгізеді ( но-шпа 2-4 мл ерітіндісін немесе баралгиннің 5% 2-3 мл ерітіндісін бұлшықетке енгізу. Осы шаралар әсер етпесе науқасты урология бөліміне жатқызу қажет.

Зәр шығару каналының жарақатынан болған зәр тоқталу кезінде қуыққа катетер қоюға мүлде болмайды.

Катетерлеу – катетерді қуыққа несеп шығару,жуу, дәрі-дәрмектік заттар енгізу немесе зерттеу үшін несеп алу мақсатында енгізу. Қуыққа микроптар түсіріп алмау үшін катетерлеу ерекше мұқияттылық шараларды талап етеді, себебі оның шырышты қабығының қарсы тұруы өте нашар. Соның салдарынан катетерлеу тек өте қажетті жағдайда ғана жасалады. Катетерлеу жұмсақ және қатты катетерлердің көмегімен жүргізіледі. Жұмсақ катетер –ұзындығы 25-30 см, диаметірі 10мм дейінгі(1-30) иілмелі резеңке түтік. Катетердің жоғарғы ұшы дөңгеленіп келген ,бітеу. Одан шамалы жерде бүйірлік сопақша тесіктері бар. Катетердің жоғарғы ұшы қиғаш кесілген немесе воронка тәрізденіп кеңейтілген дәрі-дәрмек ерітінділерін ендіру және қуықты жуу үшін шприцке ұштық қою оңай болу үшін осылай жасалған.

Эндокринді жүйе ауруларының негізгі симптомдары. Дене салмағының өзгеруі спецификалық симптом болып табылмайды. Бұл тек қана эндокринды жүйе паталогитясына тән. Гиреотоксикоз, қант диабетіне кенеттен дене салмағының төмендеуі және жоғарылауы байқалады. Сондай-ақ бұлшық ет әлсіздігі. Ауыр жағдайларда науқастар бұлшық ет әлсіздігінен жүре алмайды, тұра алмайды, жұтылу, шайнау, сөйлеу қиындайды.

Шөлдеу және көп мөлшерде кіші дәретке отыру (полиурия)- қантты және қантсыз диабетінің негізгі белгісі. Бұл гиперудың артқы бөлігінің ауыр патологияларында кездесуі мүмкін. Шағымдары: асқорыту қызметінің бұзылуымен байланысты.(іштің ауыр сезімі, жүрек айну, құсу)- қант диабеті кезіндегі диабетикалық кетоацидоздың жиі белгісі. Гипотериозда іш қатуы болады. Қалқанша бюезі аурулары бар науқастарды күту, бақылау. Қалқанша без- адамның эндокринді жүйесінің ірі мүшесі болып табылады. Трийодтиронин, тироксин, кальцитонин бөліп шығарады. Қалқанша без аурулары (диффузды токсикалық зоб, эндемиялық зоб, гипотериоз тиреодит, ісіктер ж.т.б.) жиі кездеседі. Қалқанша без без ауруларында жиі нерв - псикихалық жүйе зақымдалады. Диффузды токсикалық зобы бар аурулар тез ашуланшақ, ал гипотериозджа апатия, ұйқышылдық. Зат алмасу бұзжылған науқастарда дене салмағы ұзжылады. Диффузды токсикалық зобта кенеттен арықтау байқалады. Күнделікті өлшену аурудың ағымын және емдеу нәтижесін көрсетеді. Зат қалқанша безі ауыратын науқастарда негізгі алмасу өзгероуіне байланысты дене температурасы өзгереді, гипертериозда жоғарылайды, гипотериозды төмендейді. Дене температурасы ауру ағымын көрсетеді, термометрияны күніне бірнеше рет өткізедді. Диффузды токсикалық зобта шөлдеу, жоғары терминдік гипотиреоз кезінде теріге көңіл бөлу қажет. Терілер қатқыл, тез қабыршықталған болады. Диффузды токсикалық зобта көз кеңістігі кеңейген, көзін фурацилинмен жуып, қабюығына көз ма йын жағу керек. Қалқанша без ауруларында жүрек –қан тамыр жүйесі бұзылады.Диффузды токсикалық