Файл: Хv асырды ііжартысында алалар тез арынмен дами тсті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ХV ғасырдың ІІ-жартысында қалалар тез қарқынмен дами түсті.

Олардағы қолөнері мен сауда жедел дамыды. Ескі қалалар өсе түсті,

256 257

жаңа қалалар пайда болды. Жапон көпестері өз тауарларын Тайвань

мен Филиппиніге, Үндіқытай жағалауына апарып жүрді. Онда ХV

ғасырдың аяғында Жапон сауда факторийлері мен елді мекендері

орын тепті. Бұл кезде жапондықтардың географиялық мəліметтері

кеңейіп, кеме жасау ісі дамыды, суда жүзу өнерін, тау-кен ісін, алтын,

күміс, мыс өндіруді жетілдіре түсті. Өндірістің бұл салаларының

дамуы сыртқы жəне ішкі саясатқа байланысты болды.

Ірі феодалдарға көп қару-жарақ керек болды, соғыстар мен

феодалдардың баюға ұмтылуы алтын мен күмістің көптеп

өндірілуін қажет етті. Жапондықтар мысты Қытайға тасыды. Ол

жақтан мыс тиындар алып отырды. Өз тиындарын жапондықтар

тек ХVІ ғасырдың соңынан шығара бастады. Қытайға мыстан

басқа семсер, желдеткіш, кермелер апарып тұрды. Еуропалықтарды

бəрінен бұрын жапондықтардың алтыны мен күмісі қызықтырды.

Сыртқы сауданың дамуы кеме жасауды ұлғайтты.

Елдің экономикалық дамуы жедел қарқынмен жүріп жатты.

Бірақ бұл даму біржақты болды. Олай дейтін себебіміз өнеркəсіпке

қарағанда ауыл шаруашылығы өте баяу дамыды, ал халық тұтынатын

тауарлар өндіру тау-кен өндірісінен, қару-жарақ жасаудан əлдеқайда

артта қалды. Өндірістің кейбір салаларын ірі феодалдар-даймелер өз

қол астына алып алды. Тау-кен рудниктері, кеме жасау, қару-жарақ

өндірісі солардың қолында болды.

Сыртқы саудадағы сияқты, бұл істерге даймелер көпестерді де

араластырды. Кейбір қалаларда /феодалдарға бағыныштылығы

шамалы/ қару-жарақ жасау, мата тоқу өндірістерін өздері

ұйымдастырды. Теңіз арқылы алыстағы елдермен саудадан көп

табыс тауып отырды. Мысалы, Комигая Содзин деген көпес ХVІ

ғасырдың екінші жартысында Кореямен, Қытаймен, Сиаммен,

Люсонмен /Филиппин/ сауда жасады. Ол өз отаны Кюсю аралында

бояу шығаруды кеңінен жолға қойды, атақты «Хаката» матасын

шығаруды қолға алды. Хонсю аралының оңтүстігіндегі күміс

руднигін іске қосты, құрылыспен де айналысты. Накояда диктатор

Хидэесидің лагерін салды. Хидэесидің іс жүзіндегі банкирі ретінде

сол кездегі саяси өмірге белсене араласты.


Симай Сосицу деген тағы бір ірі көпестің Кореяда, Люсонда /

Филиппин/, Сиамда сауда агенттері болды. Шексіз байлық иесі

бола тұрып, ол іс жүзінде Кюсю аралының даймелерін өз қолында

ұстады. 1592 жылы ол Хидэесидің Корея мен Қытайға жорығын

дайындауға белсене араласты.

Жапондық қарақшы кемелер ХVІ ғасырда Қытайға шабуылдарын

қайталады. 1523ж. олар ірі портты Қытай қаласы Нинбоны талантаржға салып, өртеді. 1555 ж. жапон кемелері Янцызы өзенімен Нанкинге дейін жетті. Тек 60- жылдары ғана олар талқандалды. Жапондықтар Қытаймен 1593 жəне 1597 жж. соғысып, жеңіліс тапты. ХVІ ғасыр ортасында Жапонияның еуропалықтармен сауда қатынасы орнады. 1543 ж. Жапонияға португалдықтар келсе, 1580 ж. испандықтар келіп жетті. Еуропа көпестері, қарақшылары мен миссионерлері Жапонияға Қытай мен Индиядан, Үнді қытайдан негізінен жібек маталарын, т.б. бұйымдар əкеліп тұрды. Сондай-ақ Еуропада жасалған қару-жарақтар көптеп сатыла бастады. Көп кешікпей ондай қаруды Жапония өзі шығара бастады. Жапониядан еуропалықтар алтын, күміс жəне еркінен айырылған адамдарды алып келіп отырды. Өзара соғыстарда қолға түскен тұтқындарын жапон феодалдары да сатып отырды. Оқпен атылатын қару-жарақ енді жетік меңгерген маман-жауынгерлерді қажет етті. Князьдар енді тек самурайлардан ғана құрылған қарулы күштермен қанағаттанбай, шаруалар отрядтарын да қаруландыра бастады. Жаңа замоктар саяси-əкімшілік орталықтарына, олардың төңірегі нағыз қалаға айнала бастады. Өз замоктарында даймелер самурайлардың басым көпшілігін ұстады. Оларға шаруалардан жинап алынатын натуралдық рентаның есебінен күріштен паек беріп отырды.