Файл: Сабаты таырыбы Macromedia Flash бадарламасыны интерфейсімен жне ммкіндіктерімен танысу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 95

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сыныбы: 11б -

Сабақтың тақырыбы: Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсімен және мүмкіндіктерімен танысу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Macromedia Flash бағдаламасының терезелерімен, құралдарымен таныстыру;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, эстетикалық тағылымға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, интерактивті тақта, Macromedia Flash бағдарламасы.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. Сабақты бекіту

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Бейнеролик арқылы флеш бағдарламасы туралы мағұлмат беріп, оқушыларды таныстыру.
Flash бағдарламасы Web - анимацияларды құру мақсатында қолданылатын бағдарлама. Қазіргі кезде Flash бағдарламасының көмегімен күрделі интерактивті бағытталған кескіндерді, динамикалық Web - беттерді, мультфильмдерді, ойындарды және т. б. ұйымдастыруға болады. 
Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілмесі *. fla (Flash құжаты) және *. swf (Small Web - File - кіші Web - файл) типті болып келеді.
Flash 8 бағдарламасының стандартты жүктелу жолы: ПускВсе приложенияMacromedia Macromedia Flash 8 (1 - сурет) немесе Пуск  Macromedia Flash 8
1 - сурет. Macromedia Flash 8 бағдарламасының жүктеу жолы.
Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс терезесі ашылады (2 - сурет).

Create New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) сілтемесін басыңыз. Экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады (3 - сурет).
Құрылған файлдың қажетті параметрлерін «Рroрerties» (Қасиеттер) панелі көмегі арқылы енгізуге болады.
3 - сурет. Flash8 бағдарламасының жаңа құжаты.

«Tools» (Құрал саймандар) тақтасы бірнеше бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде - объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары орналасқан (4 - сурет).
4 - сурет. Объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары.
Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық:. Толығымен ерекшелеу батырмасы көмегімен объектіні ерекшелеудің екі жолы бар: бірінші жолда объектіні толығымен ерекшелеп аламыз, ал екінші жолда тінтуірдің сол жақ батырмасын объектіде үздіксіз екі рет шертеміз де қалаған бағытта орын ауыстыруымызға болады.
Жеке - дара ерекшелеу батырмасы көмегімен объектінің бұрыштарын белгілеген кезде тінтуір нұсқағышы тұсында іші бос кішкене тіктөртбұрыш пайда болады, ал қабырғаларына нұсқаған кезде тіктөртбұрыш қара түске боялады. Объект бұрыштарын өзгертуге болады, ал қабырғаны нұсқаған бойда сол жақ
батырманы баса отырып, объектінің орнын ауыстыруға болады.
Екінші бөлімде объектінің орнын ауыстыратын және масштабын өзгертетін батырмалар орналасқан, үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттер орналасқан, төртінші бөлімде құю және жиектеме жасау құрал – саймандар тақтасы орналасқан (5 - сурет).
5 - сурет. Құрал - саймандар тақтасы.
Үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттері көмегі арқылы объектінің бұрыштар санын өзгертуге қажетті батырмалар орналасқан. Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық. Қосымша қасиеттер бөліміне шерткен кезде шығатын сұхбаттық терезеде қажетті бұрыштар санын енгіземіз (6 - сурет).
6 - сурет. Қосымша қасиеттер бөлімі сұхбаттық терезесі.
Анимациялық әсерлер беру үшін «TimeLine» (Уақыт өлшемі қатары немесе Монтаждау үстелі) қолданылады. Дыбыстау нұсқағышы (қызыл түсті тіктөртбұрыш) анимациялық әсерлердің орындалу барысында нөмірленген кадрлар бойымен жылжып отырады (7 - сурет).
7 - сурет. Macromedia Flash MX бағдарламасы терезесі.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Программа интерфейсін жаттау. Macromedia Flash бағдарламасына арналған видеосабақтар әкелу.

Сыныбы: 11б -

Сабақтың тақырыбы: Инструменттер панелі. Ыстық пернелер және оларды баптау

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Macromedia Flash бағдаламасының терезелерімен, құралдарымен таныстыру;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, эстетикалық тағылымға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, интерактивті тақта, Macromedia Flash бағдарламасы.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. Сабақты бекіту

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Бейнесабақ арқылы инструменттер тақтасы мен пернелері туралы мағұлмат беру.

Flash 8 бағдарламасының стандартты жүктелу жолы: ПускВсе приложенияMacromedia Macromedia Flash 8 (1 - сурет) немесе Пуск  Macromedia Flash 8
1 - сурет. Macromedia Flash 8 бағдарламасының жүктеу жолы.
Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс терезесі ашылады (2 - сурет).

Create New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) сілтемесін басыңыз. Экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады (3 - сурет).
Құрылған файлдың қажетті параметрлерін «Рroрerties» (Қасиеттер) панелі көмегі арқылы енгізуге болады.


3 - сурет. Flash8 бағдарламасының жаңа құжаты.

«Tools» (Құрал саймандар) тақтасы бірнеше бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде - объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары орналасқан (4 - сурет).
4 - сурет. Объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары.
Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық:. Толығымен ерекшелеу батырмасы көмегімен объектіні ерекшелеудің екі жолы бар: бірінші жолда объектіні толығымен ерекшелеп аламыз, ал екінші жолда тінтуірдің сол жақ батырмасын объектіде үздіксіз екі рет шертеміз де қалаған бағытта орын ауыстыруымызға болады.
Жеке - дара ерекшелеу батырмасы көмегімен объектінің бұрыштарын белгілеген кезде тінтуір нұсқағышы тұсында іші бос кішкене тіктөртбұрыш пайда болады, ал қабырғаларына нұсқаған кезде тіктөртбұрыш қара түске боялады. Объект бұрыштарын өзгертуге болады, ал қабырғаны нұсқаған бойда сол жақ батырманы баса отырып, объектінің орнын ауыстыруға болады.
Екінші бөлімде объектінің орнын ауыстыратын және масштабын өзгертетін батырмалар орналасқан, үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттер орналасқан, төртінші бөлімде құю және жиектеме жасау құрал – саймандар тақтасы орналасқан (5 - сурет).
5 - сурет. Құрал - саймандар тақтасы.
Үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттері көмегі арқылы объектінің бұрыштар санын өзгертуге қажетті батырмалар орналасқан. Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық. Қосымша қасиеттер бөліміне шерткен кезде шығатын сұхбаттық терезеде қажетті бұрыштар санын енгіземіз (6 - сурет).
6 - сурет. Қосымша қасиеттер бөлімі сұхбаттық терезесі.
Анимациялық әсерлер беру үшін «TimeLine» (Уақыт өлшемі қатары немесе Монтаждау үстелі) қолданылады. Дыбыстау нұсқағышы (қызыл түсті тіктөртбұрыш) анимациялық әсерлердің орындалу барысында нөмірленген кадрлар бойымен жылжып отырады (7 - сурет).
7 - сурет. Macromedia Flash MX бағдарламасы терезесі.

Ыстық пернелер және оларды баптау

Кез келген программа секілді көптеген панельдер мен меню командаларына оғай қол жеткізуді ұйымдастыратын «ыстық» пернелер немесе пернелер комбинациясы бар.

 

Инструмент

«Ыстық» перне

Инструмент

«Ыстық» перне

Arrow

V

Fill Transform

F

Subselection

A

Ink Bottle

S

Line

N

Paint Bucket

K

Lasso

L

Eyedropper

I

Pen

P

Eraser

E

Text

T

Hand

H

Free Transform

Q

Zoom

M,Z


 

Панель

Ыстық перне

Панель

Ыстық перне

Tools

Ctrl+F2

Actions

F9

Timeline

Alt+Ctrl+F2

Debugger

Shift+F4

Property Inspector

Ctrl+F3

Movie Explorer

Alt+F3

Answers

Alt+F1

Reference

Shift+F1

Align

Ctrl+K

Output

F2

Color Mixer

Shift+F9

Accessibility

Alt+F2

Color Swatches

Ctrl+F9

Components

Ctrl+F7

Info

Ctrl+I

Component Parameters

Alt+F7

Scene

Shift+F2

Library

F11

Transform

Ctrl+T

 

 


Сабақты бекіту: Практикалық тапсырма.

Программаны іске қосып терезе элементтерімен, олардың міндеттерімен танысу.

Сыныбы: 11б -

Сабақтың тақырыбы: Векторлық графикамен танысу. Сурет салу инструменттерін пайдалану. Суреттерді салу және коррекциялау.

Сілтеме Жоспар, ғаламтор материалдары (www.google.kz, www.sabak.kz, www.45minut.kz,т.б )

Жалпы мақсаты

 Программа құрылымымен,  суреталу құралдарын пайдаланып, суреттерді коррекциялап үйрету.   Жұппен, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  2. Үйтапсырмасын сұрау

  3. Топқа бөлу

ІІ. Топтық  жұмыс (  8 минут  ) 

Ақ-қара фотосуреттер,әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда,сапасын жақсы сақтап сканерленеді.

«Миға шабуыл»

1.Өздеріңе белгілі графикалық редакторлардың түрлерін анықтап, олардың мүмкіндіктерін сипаттаңдар.


2.Суреттер қандай пішімде жиі сақталады?

3.Графикалық файлдардың қандай пішімдерін білесіңдер?Қалай ойлайсыңдар, графикалық файлдың пішімі оны жасаған программаға байланысты ма?

«Ой қозғау»

Оқушылар Венгр сөзжұмбағын шешіп жаңа сабақтың тақырыбын ашады

«Джигсо» әдісі арқылы оқушыларға тақырыпты бөліп беремін.

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Сергіту: Оқушыларды «Мария магдалена» әуеніне билету.

Рефлексия

Мен бүгінгі  сабақта не білдім.......

Маған қызықты болды........

Маған қиындық  тудырған.......

Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын

5.Мені толғандырған.............

Сыныбы: 11б -

Сабақтың тақырыбы: Векторлық графикамен танысу. Сурет салу инструменттерін пайдалану. Суреттерді салу және коррекциялау.

Мақсаты: Программа құрылымымен,  суреталу құралдарын пайдаланып, суреттерді коррекциялап үйрету.   Жұппен, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Жаңа сабақ

Векторлық графикамен танысу

Flash технологиясы қадамдық форматтағы анимацияны, Web-те пайдалануға болатындай етіп түрлендіру үшін дайындайтын анимациялық қосымша. Flash-тің негізі сурет салудан басталады.

Компьютер екі форматтағы графиканы бейнелейді: векторлық және растрлық. Растрлық бейнелер пиксельдер деп аталатын дискретті элементтерден тұрады. Әрбір пиксельдің өзіндік түстік мәні болады. Пиксельдің әр түрі жиналып бейне болатын форманы құрайды. Растрлық бейнеде оның көлемі мен әр пиксельдің түсі туралы ақпарат болады. Бейнені беру пиксельдер бойынша жүзеге асады.

Векторлық графикада, бейнелерде суреттер түзулер мен қисықтар арқылы тұрғызылады. Түзулер мен қисықтардың атрибуттарын (қалыңдығы, түсі, бағыты, орналасу) беретін командалар векторлық деп аталады. Олар кейін компьютермен өңделеді. Векторлық графика бейнені детальдау мен оның өлшемін өзгерткенде дәлдік пен нақтылықты жоғалтпайды. Векторлық графиканы өңдеу түзулер мен қисықтардың атрибуттарын өзгертумен жүзеге асады. Векторлық графика файлының көлемі кіші және оларды тез әзірлеуге болады. Растрлық бейненің көлемі мен жүктелу уақыты тікелей сурет өлшеміне тәуелді болады. Ал векторлық графикада инструкцияларды беру жүргізіледі, олар кейін проценттермен өңделеді, файл көлемі және жүктелу уақыты файл көлеміне емес, берілген инструкцияға байланысты болады.