Файл: А блімі Тменде берілген бір жне бірнеше тадауы бар сратара жауап берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 44

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әдебиет

ІІ нұсқа
Мақсаты: 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
А бөлімі

Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Сағыныш» өлеңінің авторын көрсетіңіз.

А) Фариза Оңғарсынова

В) Төлеген Айбергенов

С) Іляс Жансүгіров

Д) Махамбет Өтемісұлы

Е) Несіпбек Айтұлы [1]
2. Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі 2 кейіпкерді көрсетіңіз:

  1. Күлпаш

  2. Естемес

  3. Қасым

  4. Жаңыл

  5. Әбдірахман [2]


3. «Күй аңызы» әңгімесінің сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).


Тұжырымдар



1) Естемес Оразымбетке бала-шағасының қызығын айтып келеді.




2) Оразымбет дұға оқығаны сол екен, суалып қалған жырадан боздаған нар шыға келді.




3) Естемес Оразымбеттің жақын інісі.




4) Жаңыл екі күйшінің де өнер көрсетуін қалады.




5) Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып тұрды.




6) Қарт уәдесінде тұрып, қызын Естемеске ұзатады.




[3]
4. Шығармалар мен үзінділерді өзара сәйкестендіріңіз.


Шығарма атаулары

Үзінділер

Сәйкестендіру жауабы




1. Мұқағали Мақатаев

«Аққулар ұйықтағанда»

А) Қыс ортасы болған еді. Бір күні сол елде бір байдың баласы болмай жүріп, жамағаты ұл тапқанға, қыз-бозбала үшін үлкен мәжіліс-шілдехана болды. Атырабындағы ауылдың қыздары тамам келіп, Жамал да әзір болды.

1___

[1]


2. Дулат Исабеков «Әпке»

B) Кел, жастар, біз бүртүрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық.


2___

[1]

3. Міржақып Дулатұлы «Бақятсыз Жамал» романы

С) ...Бала жатыр төсекте албыраған,

Әке жатыр еденде қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.


3___

[1]

4.Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі

D) Заманнан заман оралған,

Дүние шіркін соны алған.

Адыра қалғыр бұ қоныс,

Қайырсыз екен озалдан.


4___

[1]

5. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

E) Ғылыми тұрғыдан қарағанда, әрбір адам өз қоғамына қай жағынан болса да пайдалы болуға тиіс. Өйткені қоғам – адам ойының жемісі.


5___

[1]

6. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы

F) ... Аспанмен тілдескен ақбас шоқылар есімде. Күн шығып келе жатса керек. Ақ шоқылар алаулап көз қарығар алмастай жарқырап ала жөнелді.

6___

[1]




В бөлімі

Төменде берілген сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.


  1. Бұқар жыраудың «Әй, Абылай, Абылай» өлеңінен берілген үзіндіні негізге ала отырып, өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз (5-6 сөйлем).

Әй, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде,

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің.

Әбілмәмбет патшаға

Қызметші болып тұр едің?! [3]

6.Махамбет Өтемісұлы «Мен - мен едім, мен едім» толғауындағы

Боз ағаштан биік мен едім,

Бұлтқа жетпей шарт сынбан.

Ел құтқарар ер едім,

Жандаспай-ақ бір тынбан.

Томағалы сұңқар мен едім,

Толғамалы найзамен,

Толықсып жауға шапқанда,

Бір озғанмын жұртымнан – деген жолдарда автордың бейнесі қалай берілген? Талдаңыз (5-6 сөйлем). [3]
7.Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы желісіне тәуіп шалды неліктен енгізген деп ойлайсыз, талдаңыз (5-6 сөйлем).
[3]
8.Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі «Ақын сағынышы» тақырыбында 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз [9].