Файл: ауіпсіздік шаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Көктем мезгіліндегі мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары

Көктемгі күннің көзі сәулелерінің қыздыруынан өзендер мен көлдердің бетін жапқан мұздар тез ериді және оны өте қауіпті етеді.Күн сайын мұз жұмсақ, борқылдақ және бос болады. Бұл мұзды басуға болмайды. Көктемгі мұз бен қысқы және күзгі мұздың айырмашылығы болады. Егер күзгі мұз адам басқан салмағынан шатырлап, кауіп туралы ескертсе, ал көктемгі мұз алдын ала сықырлап жарылу дыбысын бермей, жүріп келе жатқан адамның астынан қопарылып құлайды, мұз ботқасына айналады.  

Су қоймасындағы көктемгі мұзды басуға кауіпті. Желмен балалар және балық аулаушылар тұрған мұз үлкен бөлшектерге бөлініп жарылған жағдайлар да болған. Оларды құтқару үшін тікұшақ және кішкене кемелер пайдаланған. Көктемде балаларға су қоймаларын кесіп өтуге тыйым салынады.Көктемде өзендердің мұзы жарылып сең жүру кезінде мұзда ойнауға болмайды. Мұздан мұзға секіріп, жағадан алыстау өте қауіпті. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкеледі. Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде жарлы жағада тұру өте қауіпті, себебі судың қатты ағысы суды көтеріп, жағаны бұзады. Осы себептен, өзендерде сең жүрген кезде, көктемде балаларды бақылауға алып, балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Көктемгі мұзда суға батушыны құтқару әдістері күзгі және қысқы мұздағы әдістерден айырмашылығы жоқ, тек ерекшеліктері бар және белгілі қиындықтары бар: - бос мұз суға батушының әрекетін қиындатады және төзімділікті қажет етеді; - мұздың жылжуы табельді және керекті құралдарымен суға батушыны құткару жұмыстарын қиындатады; - суға батушыны қорғау барысында мұзды айналып өтіп, жылжытып, жағдайды қиындатпай суға батушының жанына келу үшін қайық, кішкене кемені (катерді) шеберлікпен жүргізу қажет. Көктемгі тасқын кезінде құтқарушылар мен суға батушыға қауіп тудыратын иірім саны көбейтетін су ағымы артады.

Мұны білу қажет!

  • Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады. 

  • Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз. 

  • Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.

  • Мұздың беріктігін көзбенде анықтауға болады: мұз көгілдір түсті – берік, ақ – оның беріктігі 2 есеге кем; сұр, күнгірт-ақ немесе сары реңкті болса мұз осал.


Қатерге ұшыраған болсаңыз, не істеу керек:

  • Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз.  

  • Мұз бөлінген жағдайда қолыңды екі жаққа созып, мұзға кеудемен немесе арқамен аяқты созып жатуға тырыс.

  • Су үстіне қалқып шығуға, немесе қалың мұз үстіне жүзіп баруға тырыс. Мұз үстіне алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты салу керек.

  • Егер мұз әлсіз болса, мұздың қалың жеріне аунап түсіп, жағаға қарай жылжу керек.

  • Келген жағыңызға қарай еңбектеу керек, себебі ол жердің мұзының мықтылығы тексерілген.

Сіздің көмегіңіз қажет болса:

  • Ұзын бұтақша, тақтай, сырық немесе арқан алыңыз. Шарф, белбеу немесе киімді де алуға болады.

  • Құтқару құралдарды алдыңызға салып, аяқ пен қолдың арасын ашып, жылымға қарай абайлап еңбектеу керек.

  • Суға батушы адамға бірнеше метр жетпей тоқтап, оған жіп, киімнің шетін лақтырып, таяқ немесе тақтай беріңіз.

  • Зардап шеккен адамды абайлап мұз үстіне шығарып, қауіпті жерден жорғалап шығыңыз.

  • Келген жағыңызға қарай жылжу керек.

  • Зардап шеккен адамды жылы жерге жеткізіңіз. Оған көмек көрсетіңіз: зардап шеккен адамның су киімін шешіп, арақ немесе спиртке малынған шүберекпен немесе қолыңызбен денесін сылаңыз, ыстық шай ішкізіңіз.

Суда құтқару қызметі ескертеді:

Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде қайғылы оқиғалар көп болады.

Оның себебі су қоймаларындағы абайсыз жүріс-тұрыс.

Көктемде мұз мықты болып көрінгенімен әлсіз болады.

Мұндай мұз асьтына түсіп кетуіңіз мүмкін.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН:  

  • Еріген су пайда болғанда су қойма бетіне тұруға қауіпті;

  • Су астыннан балық аулаушылар балық аулауды тоқтату қажет;

  • Мұз жүрген кезде көпір тіреулеріне сүйену қауіпті;

  • Мұз жүрген кезде жарлы жағада тұру қауіпті;

  • Көктемгі мұз үстіне автокөлікпен жүруге болмайды;

  • Су қоймалары арқылы түнгі мезгілде өтуге болмайды.  

ЕГЕР СІЗ СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛҒАН ЖЕРДЕ БОЛСАҢЫЗ                                          

  • Су, газ, электр тоғын өшіріңіз, есік және терезелерді жабыңыз, алғашқы медициналық қобдишасын, артық азық-түлікті, жылы киім, ақша, құжаттарды дайындап қойыңыз;

  • Ғимараттың жоғарғы қабатына немесе жақын жерде орналасқан қырға көтеріліңіз, жүзу құрал ретінде пайдалануға болатын барлық жарамды заттарды (шина, тақтай, пластикалық бөтелкелер, камералар, пенопластар)жинаңыз.

  • Егер көмекке мұқтаж болсаңыз – апат дабылын беріңіз. Суға құлау қауіпі болған жағдайда киімнің астынан жеңіл суда батпайтын заттарды (пластикалық бөтелке, доп, пенопласт кесектері)       байлап алыңыз;

  • Су қайтқаннан кейін іргетастың бүтіндігін, қабырға, терезе, еден жағдайын тексеріңіз.

  • Газ және жарықты мамандарға қосқызыңыз.

  • Үлкен материалдық зиян келтірілген жағдайда жергілікті атқарушы органдарға жүгініңіз.


Су тасқыны болған жағдайда қайғылы оқиғалар жиі балалармен болады.

Көктемгі су тасқыны уақытында балалардың өзенге баруына тыйым салыңыз.

Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін

ЖАДЫНАМА!!!

Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.

Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.

Есте сақтаңыз!

Қараңғы түскен уақыт пен түнде (22.00-ден 06.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады.

Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз.

Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз- сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.

Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады.


Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; қысқа мерзімге тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану.

Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.

Есте сақтаңыз ! Бала ата-аналары – сізден үлгі алады! Сіздің үлгіңіз баланы көше мен үйде тәртіпті болуына үйретсін. Қайғылы оқиғалардан балаларды сақтау үшін, барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысыңыз!

Таныстым 5 сынып ата-анасы ______________________________________________________