Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы Интерактивті дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 153

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты


252. «Пойыз»

Әрбір вагон белгілі бір тапсырмаға сәйкес келеді. Мысалы, сабақты бекіту кезеңіне үш шағын ойын мен бір шығармашылық жұмыс жоспарладыңыз делік. Сізде – төрт вагон. Оқушыларыңызға қай вагонның тапсырмасын тез, дұрыс, жеңіл орындағандарын белгілеуін сұраңыз. Сол вагонға адамдарды, жануарларды отырғызуға немесе жетондармен белгілеуге болады.
253. «ПОПС формуласы»

озиция Объяснение Пример Суждение)

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

254. «Портрет»

Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут музыка әуенін тыңдай жүріп өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне сыйлайды.
255. «Прогресс білдіру»

Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.

  • Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз;

  • Оқу журналын пайдаланыңыз;

  • Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз;

  • Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын;

  • Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.

256. «Психологиялық бой»

Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.
257. «Пікір алмасу» (Showdown)

Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды.Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен

стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.


Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны

258. «Пікірлер базары»

Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.
259. «Радиоға қоңырау шалу»

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта-қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.
260. «Рөлдік ойындар»

Рөлдік ойындар әдісінің негізгі қатысушалардың басқа адам кейпіне (рөліне) еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрады.Рөлдік ойындар оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады.Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну жеңілге түседі.Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді.

261. «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»


Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер












262. «Сатушы және қалпақ»

Лев Толстой ойлап тапқан 2-сыныпқа арналған есеп ұсынылады. Қазір бұл есепті тек 30% жоғары сынып оқушылары, 20% ЖОО студенттері, 10% банк қызметкерлері шеше алады деп есептелінеді. Қатысушылар алдымен жеке шығарады, содан соң топта талқылайды. Есеп:

Сатушы қалпақ сатады. Қалпақ 10 000 теңге тұрады. Сатып алушы келіп, оған тұтас 25 000 теңгелік береді. Сатушының майдасы болмағандықтан, көршісіне 25 000 теңгені 10 000+10 000 +5 000 теңгелік етіп майдалатып алады. Сатушы қалпақты және 15 000 теңгені қайтарып береді. Сәлден соң көршісі келіп, 25 000 теңгенің жалған ақша екенін айтып, өз ақшасын талап етеді. Сатушы амал жоқ 25 000 теңгені қайтарады.



Сұрақ: Сатушы қанша теңгеге ұтылды?

Жауап: 25 000 теңге.

Бұл есеп оқушылардың ойлау қызметін белсендендіріп, дәлелдеме келтіру дағдысын қалыптастырады.

263. «Сəлемдеме жіберіңіз»

Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушылар əуен ойнап

жатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде,оқушы бір қабатын ашады. Əр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақнемесе затты анықтауға көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар онытауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттыңорамасы біткенше жалғасады.

264. «Сәлеметсің бе!»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

  • Табыс (сұқ саусақ);

  • Үлкен (ортаңғы);

  • Барлығында (атаусыз);

  • Барлық жерде (шынашақ);

  • Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).


265. «Сендер суретшісіңдер»

Нұсқау: «Сендер – суретшісіңдер. Картина салайық. Бұл жаз кезінде болады. Көздеріңді жұмыңдар. Шөпті оң жаққа саламыз. Әр суретшінің шөбі әртүрлі: біреуде биік, біреуде аласа, біреуде шөптің түсі ашық болса, біреуде ашық емес, күңгірт, қалың немесе қалың емес. Енді жеңіл бұлттар қалықтаған ашық аспанды бейнелейік: Бұлттан шыққан күнді көрсетейік. Оның сәулелері ұзын әрі жарық. Кенет сендердің картиналарың «тіріліп» кетеді. Сендерге жылы әрі жарық. Оның жарығы жан-жағына шуағын шашады. Сендер ақырындап көздеріңді ашасыңдар».

266. «Серпілген сауал»

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?”

“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”

“Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
267. «Сингвейн»

1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).

2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).

3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).

4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
268. «Синектика»

Ой қозғаудың жетілдірілген түрі. Егер ой қозғауда идеяларды топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған оқушылар келтіретін болса, синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс жасап жүрген оқушылар) талқылап, қорытындылайды. Мұнда проблема құрастыру жұмысы бірнеше кезеңдерден өтеді: идеялар туындаудан- сараптауға қарай, сараптаудан қайтадан идеяларды келтіруге қарай.


Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңгейге жеткізу.

269. «SMART (ақылды мақсат)»

S -нақты, M-өлшемді, A-қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.
270. «SMS – хабарлама»

Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.

«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;

  • «Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;

  • «Мен өзімді....үшін мақтар едім»;

  • «Маған ерекше ұнағаны....»;

  • «Сабақтан соң мен... жасағым келді»;

  • «Мен... туралы армандаймын»;

  • «Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;

  • «Мен... орындадым»;

  • «...қызықты болды»;

  • «...қиын болды»;

  • «...мен түсіндім»;

  • «Енді мен ...»;

  • «...сезіндім»;

  • «Мен үйрендім»;

  • «Мені... таңқалдырды» және т.б.


271. «Соңғы сөзді мен айтайын»

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.

2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын белгілеп қояды.

3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері.

4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.

5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.

6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.

7-қадам: Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы басынан қайта басталады.
272. «Соқыр паровоз»

Қатысушылар үштен бөлініп тұрады. Алдыңғы ойыншының көзі байланады. Ол үшінші ойыншының айтқанымен жүреді, ортадағы ойыншы кедергі, ол паровоздың дауысын салады. Бірнеше паровоз осылайша діттеген жерге жету керек. Мұнда көшбасшыға сенім, сенімсіздік, көшбасшының кедергіге қарамастан, топты алып жүруі сарапқа салынады.


273. «Социометрия»

Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.

Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.

274. «Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»

Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: «Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»

Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.

275. «Сөздерден әңгіме құрастыру»

Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну керек. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек.
276. «Сөздік қорды байытуға арналған әдіс-тәсілдер»

1. Тірек сөздерді олардың қолданылу шамасына қарай тақтаға жазу

2. Жұмыс парақшаларында, жазбаларда және мәтіндерде тірек сөздерді белгілеу

3. Оқушылар сөздерді тыңдап, қайталауы үшін, сөздерді тізім бойынша оқу

4. Бөлмеде тірек сөздерді/терминдерді жазып іліп қою

5. Сөйлем құрастыру – оқушылар каточкадағы сөздердің мағынасын көрсететіндей етіппайдалана отырып, сөйлем құрайды

6. «Сөзді тап» – оқушы бір сөзді алады, сосын сөздің өзін атамастан, ол туралы басқа сөздердіайтады. Топтағы қалған оқушылар неғұрлым жылдамырақ сол сөзді табулары тиіс

7. Сөздерді іздеу – анықтамасымен бірге

8. «Блокбастер» – телевизиялық ойынның нұсқасы, онда оқушылар немесе оқушыларданқұралған топтар анықтамасы берілген пәнге қатысты терминдердің бастапқы әріптердентұратын құрылым құрудан жарысады