Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы Интерактивті дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 152

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


9. Пәнге қатысты сөздіктер

10.Интерактивті глоссарийлер – пәнге қатысты лексикадан алынған тізімдер, оқушылар оларғасабақ аяқталысымен, сол сабақта өтілген жаңа сөздерге қатысты анықтамаларды қосады

11.Постерлер – сөздердің мағынасын көрсететін визуалды суреттер

12.Сөздердің жанындағы белгілер – пәнге қатысы бар сөздердің жанындағы белгілер немесенышандар

13.Пәнге қатысты сөздері түсіріліп жазылған тестілер

14.Жеке сөздіктер, онда оқушылар өздері танысқан жаңа сөздерді жазып отырады

15.«Джигсо карточкалары» – оқушылар сөздерді анықтамаларымен қосады

16.«Лотерея барабаны» – оқушы сөзді суырып алып шығады да, ол туралы не білетінін айтады

17.Сөздерді/тұжырымдарды топтастыру – тұтас топ сөздер мен олардың анықтамаларынтақырыптар мен тұжырымдар бойынша бөледі

18.«Бір минут» – оқушылар жәшіктен сөз таңдап алады да, ол жайында бір минут бойысөйлейді

19.«Сөзді бейнеле» – «Суреті __________бойынша анықта» ойынының нұсқасы. Қатысушылар жәшіктенсөзді алып шығады да, 30 секунд бойы топтың басқа мүшелері үшін оның суретін салады

20.«Сөздік бинго», мұнда мұғалім анықтаманы оқиды, ал оқушылар өз карточкаларынан соланықтаманы білдіретін сөзді белгілейді

21.Анаграммалар

22.Жазба құрылымдарына салынған пәнге қатысты терминдер сөздігі (сөздер банкі,топтамасы)

23.Сөзжұмбақтар

24.Оқушылармен пәнге қатысты терминдер бойынша мнемоникақұрастырады

25.Сөз кластерлері жазылған постерлер

277. «Сөзді тап»

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.

278. «Сөз ойыны»

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру.
Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз жасап шығару.
Балаға да,
Ағаға да –
Пайдасы мол аңдағанға.
Қызықты бұл ойын түрі,
Қызықтайық біз де мұны.
Бұрын ойнап көріп пе едің?
Жеке бір сөз әріптерін
Алды – артына таратамыз,
Жаңа сөзге жаратамыз:
“Балмұздақтан” пәлен сөзді,
“Тоқылдақтан” түген сөзді,
“Оспақшылдан” он бес сөзді,
“Жүзтаныстан” жүз бес сөзді,
Құрастырып, тіл ұштаймыз,
Сөз ойынын қызықтаймыз.

279. «Сөйлеу арқылы ойлану»

Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі. Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды ынталандырыңыз:

  • -  талқылауға арналған жаттығу;

  • -  құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;

  • -  мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын арттырады).

280. «Стикер»

Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қиын болып көрінді?

  • Не күрделі болды?

  • Мен енді нені үйренгім келеді?


281. «Стикерлермен диалог»

Түрлі әдістері көп –қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін жазады; 3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе түсіндіріп,кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек; «Қабырғадағы роль» қолдануға болады және оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын стикерлерде білдіреалады.

282. «Стоп кадр»

Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.
283. «Stop-кадр»

Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда

тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.


284. «Сурет сал»

Мұғалім тақырыпты атайды.Фишкалардың көмегімен оқушыларды әртүрлі төрт топқа бөледі.Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып сурет салу ұсынылады.Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады.Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Топтық талқылаудың негізгі сөздерін мұғалім тақтаға жазады.Бұл сөздер келешекте жаңа сабақ мазмұнының жоспарын жасауда пайдаланылады.
285. «Сұрақ – жауапқа құрылған хат»

Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.
Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі.
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен сөз жазады)
Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген сөзді жазады)
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады)
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз арқылы жазылады)
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл сөз арқылы жазылады)
Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (1-оқушының зат есімін көріп, қорытынды жазады)

Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де, басқалардың сұрағы мен жауабын білмейді. Сондықтан қызықты мәтін құрастырылады.
Мысалы:
а) Құмырсқа
Қонақта
Топырақ жеді
Ол айтты: “Мен бақыттымын”
Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, – деді.
Құмырсқа жарылып өлді.
ә) Шегіртке
Мектепте
Доп тепті.
Ол айтты: “Мен кетемін”
Адамдар: “Біз де кетеміз”, – деді.
Шегіртке сылқ – сылқ күлді.


286. «Сұрақ-жауаппен қатынас»

Әр оқушыға сұрақ дайындап, сабақ уақытында параққа жазу керектігі туралы тапсырма беріледі.Содан соң осы парақтар бір оқушыдан екіншісіне кезекпен беріліп отырады.Сұраққа жауап бергісі келгендер жауапты алдыңғы оқушының жазған жауабының астына жазады.Егер сұраққа жауап бергісі келмесе, парақты жауапсыз келесі оқушыға береді.

287. «Сұрақтар шеңбері»

Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.


288. «Сұрақты төңкеріңіз»

Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз.Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ. «Демократиялық ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады.
289. «Сұрақты ұстап ал!»

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

290. «Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!»

Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдында елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны орынды.
291. «Сыныптағы заттар»

Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!».

Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек.
292. «Сыныптан шығу билеті»

Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.
293. «Сынып ішінде жүру»

Əртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың əр бұрышы «толықтай келісемін», «келісемін», «келіспеймін, «толықтай келіспеймін» деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін суреттің жанына тұрыңыз; 3)дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.

294. «Сіз кімсіз?»

Қатысушылар өздері жауабын қалаған 3 сұрақ жазулары керек. Содан соң шеңбер арқылы айнала жүріп, өз сұрақтарына жауап алады. Мұнан соң әрқайсысы өздері жайлы айта бастайды, қалғандары сұрақтары арқылы білген мәліметтері арқылы оны толықтырып отырады.

295. «Табыс ағашы»

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.
296. «Табыстылық ассоциясы»

Оқушылардың әрқайсысында «табыс» сөзімен байланысты өзіндік пікірлері бар екенін ескеріп, «табыс» сөзімен 1 минуттың ішінде топ ішінде қабылданған жалпы анықтама беру талап етіледі. Мысалы,

1, 4-топ – – зат есімдерден тұратын сөздер,

2, 5-топ сын есімдерден,

3, 6-топ – етістіктерден тұратын сөздер ойлайды. Топтардың сөздері талқыланып, «табыс» сөзінің формуласы тұжырымдалады.

297. «Табысты тыңдаушыларды дамытуға арналған оқыту әдіс-тәсілдері»

 Оқушылар жаттығуды бастамас бұрын, олардың бұған дейінгі білімдерін

жандандыру арқылы дайындаңыз.

 Нақты тақырып беріңіз немесе тыңдалымды құрылымдаңыз.

 Есеп берудің нақты әдіс-тәсілдерін пайдаланыңыз, мысалы, әртүрлі жолдарментоптастыру (мысалы, Джигсо, өкіл, кемпірқосақ). Бұл жоспарлы әңгіме және ауызша мазмұндауға жол ашады, соның нәтижесінде жазбаша жұмыстың нәтижесі жақсарады.

 Көптеген жаттығулар сабақтың қысқа бөліктеріне тамаша сай келеді, мысалы, ширату жаттығулары.

 Тиісті ақпаратты немесе салалық тілдің нақты бір ерекшеліктерін естіген кезде оқушылардан дене қимылымен жауап беруді сұраңыз, мысалы, қол көтеру, орнынан тұру.

 Оқушыларды 1-ден ...-ге дейін нөмірлеу арқылы бірлесе жазба жазуды

ұйымдастырыңыз. 1 нөмірлі оқушылардың барлығынан ақпаратты тыңдап, кейбір элементтерін жазуды, 2 нөмірлі оқушылардан – басқа нәрсеге баса назар аударуды және т.б. сұраңыз. Топтар ақпарат жинап, оны керекті нысанда – ауызша немесе жазбаша ұсыну үшін пікір алмасады.

 Оқушылардан әңгімені тыңдап, тексеруге болатын фактілерді немесе біреулердің пікірлерін жазып алуды/оларға жауап беруді сұраңыз. Олар өз шешімдерін негіздеп, кез келген күрделі мәселелерді талқылауы тиіс.

 Оқушылардан мәтіннен негізгі сөздер немесе тіркестерді белгілі бір санын (және одан көп емес), мысалы алтауын тауып, жазуды сұраңыз. 6-дан артық болмауы тиіс екенін айқын түсіндіріңіз.

 Оқушылардан ақпаратты диаграмма, логикалық сызба, кесте, график сияқты арнайы құралдың көмегімен жазуды сұраңыз (мысалы, кім, не, қайда, қашан, қалай және неліктен немесе себебі, салдары, әсері, орналасқан орны).