ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 3683

Скачиваний: 15

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Нитрозаминдер консервленген тағамдарда көп болады, сонымен қатар шұжықтарда, өңделген көкөністерде, тәтті тағамдарда да кездеседі. Негізінде нитрозаминдер ағзада нитриттер мен нитраттардан өндіріледі.. Тұз қышқылы кемігенде, бактериялар көбейіп, соның әсерінен нитрозаминдер асқазанда қалыптасады. Химиялық канцерогендер сияқты тағам даярлағанда нитрозаминдер де молая түседі. Асқазанда тағамдағы ас тұзының әсерінен де, өзгерістер болады.

Олар:

  1. шырышты қабатының қалыңдауы (гиперплазиясы),

  2. асқазан сөліндегі тұз қышқылының кемуі,

  3. сөл азайған сайын зиянды заттардың тікелей шырышты қабатына теріс әсерінің күшейуі.

Ас тұзы асқазанда көбейсе, канцерогендік ықпал да үдей түседі.

Этил спирті майларды ерітіп, канцерогендік химиялық заттардың белсенділігін артырып, асқазан шырышты қабатына зиянды әрекетін күшейтеді. Ал егер ол темекімен және артық түскен ас тұзымен қосарланып келсе, онда ракты қоздырғыш қасиет 5,5 есе өсіп кетеді.

Жоғарыда тағамды дайындау мен өңдеу кезінде, канцерогендік заттар мен нитрозаминдер пайда болады дедік. Олар әсіресе, аса артық қыздырған майларда, оған пісірілген тағамдарда, қалыптан тыс ұлғайып, ағзаға зиянды әсер етуі жоғарлайды.

Іштен өндірілетін канцерогендердің де өзіндік зиянды әсері бар. Оларға өт қышқылы жатады. Оның ұлтабардан асқазанға қарай келуі өте зиянды екені дәлелденіп отыр.

Өт қышқылының әсері:

  1. асқазанның ішіндегі РН-ты өзгертеді,

  2. клетка мембранасының өткізгіштік қасиеттерін ұлғайтады,

  3. асқазанның шырышты қабатын тікелей күйдіреді,

  4. безді клеткаларды басқа түрге (ішектің шырышты қабатымен алмасуына мүмкіндік жасайды) ауыстырып, ондағы зат алмасу үрдісін өзгертіп жібереді.

Асқазандағы бактериялар, ферменттердің әсерінен негізгі өт қышқылын екінші бір түрлеріне– литохолді және дезоксихолды қышқылына ауыстырады. Осы өт қышқылдары мутагендік және канцерогендік қасиетке ие болады, олардың осы қасиеттері тоқ ішек рагында толығымен дәлелденген.

Асқазанның ісік алды аурулары

Асқазанның рагы пайда болуы үшін, оның қалыпты шырышты қабатындағы клеткалар жылдам өсіп-өну қасиетіне (пролиферациялық) өзгерісіне түсуі керек. Осы өзгерістің нәтижесінде шырышты қабатының қабыршықтарының әр жерінде дисплазиялық өзгеріс пайда болып, кейіннен ол ракқа алып келеді. Асқазан шырышты қабатындағы пролиферация неғұрлым ұлғайып, жылдамдаған сайын, рак ауруына қауіп-қатер ұлғая түседі. Дисплазияның бірінші, екінші дәрежедегілері, оларды қоздыратын себептер жойылса, өз бетімен кері кетіп қалуы мүмкін. Ал, дисплазияның ІІІ өсу дәрежесінде атипиялық процесс күшейіп, міндетті түрде рактың нөлдік өсу дәрежесіне (рак in situ) әкеледі.

Ішек метаплазиясы деп, асқазан шырышты қабатының дисплазиялық өзгеру кезінде, оның қалыпты безді түрінен, ішектегі шырышты қабатқа сәйкес өзгеруін (метаплазия) айтамыз. Бұл жағдай жас адамдардың 8-10,0%-ында, ал 60-тан асқан қарттардың 40-45,0%-ында кездеседі. Бұл асқазан шырышты қабатының өзгерісі, тікелей өт қышқылының ұзаққа созылған тітіркендіргіш ықпалынан туады.


Асқазандағы шырышты қабаттың ішектік метаплазиясы нақты ісік алды өзгерісіне жатады.

Асқазанның интестинальды (ішектік) рагының патогенезі

Асқазан шырышты қабатының өзгеруі, оның сөліндегі қышқылын кемітіп, РН-тың жоғарлауына себеп болады, яғни бұл жағдай асқазандағы бактериялардың көбейуіне әкеледі. Осылай өзгерген ағзада, тағаммен бірге түскен канцерогендік заттар мен нитрозаминдер өздерінің зиянды әрекеттерін күшейтеді. Ал, асқазан сөлі кемісе, онда оның шырышты қабатын зиянды әрекеттерден қорғау қиындалады да, алдымен ісік алды аурулар пайда болып, интестинальды ракқа қолайлы жағдай туады,

Дисплазияның анықталуына байланысты, канцерогенезді түсіндіруге жеңілдік туды. Сонымен клеткалардағы пролиферациялық өніп-өсу мен әртүрлі дисплазиялық кезеңді өзгерістер, бірталай асқазан ауруларында: гастрит, ойық жара, түймешік, Менетрие ауруында кездеседі. Ал енді созылмалы сембелі (тұз қыщқылы төмендеген) гастриттер, пернициозды қан азайуы және асқазанға операция жасаған адамдардағы өзгерістер, ісік алды аурулары болып саналады.

Ісік алды аурулар:

  • созылмалы семулі гастрит,

  • түмешіктер, түймешік ( полипоз, полип),

  • асқазан ойық жарасы,

  • Менетрие ауруы,

  • пернициозды анемия,

  • асқазан резекциясынан кейін болатын созылмалы гастрит.

Созылмалы семулі гастрит ауруында асқазаннан көбінесе Helicobacter Pylori (Hp) бактериясы кездесіп, оның шырышты қабатының метаплазиясы пайда болады. Асқазан сөлінде тұз қышқылы кеміп, соның салдарынан пепсинде азаяды. Осылардың бәрі асқазанда неше түрлі микробтардың (ишерика, ішек таяқшасы) және нитрозаминдер қоспасының пайда болуына мүмкіншілік туғызады. Ұлтабардан кері келген өт, асқазанның сөлін ерітіп, оның шырышты қабыршықтарының қорғану қасиеттерін төмендетіп, рактың пайда болуына қолайлы жағдай жасайды.

Созылмалы сембілі гастритте, сау адамдарға қарағанда, рактың пайда болуы 4-6 есе жиі болады. Осылардың ішіндегі ең қауіптісі асқазан шырышты қабатының ішектік метаплазиясы.

Міне, осыған байланысты созылмалы семулі гастрит ауруы бар адамдар тұрақты диспансерлік бақылауда болып, міндетті түрде жылына 2 рет эндоскопиялық зерттеулер жасалынуы тиіс.

Түймешік (полип) және түймешіктер (полипоз) - деп асқазан шырышты қабатындағы өсінділерді айтады (№6- сурет).


6- сурет. Асқазан түймешігі

Олар шырышты қабатпен таяқша аяқтарымен байланыста болады. Микроскопиялық көрінісіне сәйкес түймешіктер жеке дара, немесе топтасып бірнеше түрлі болып, орналасуы мүмкін. Осылардың ішіндегі безді түймешіктер ісік алды ауруларына жатады. Түймешіктің орналасқан жерінде, немесе оның айналасында дислпазияның неше түрлі өсу дәрежесі байқалады. Дисплазияның П- өсу сатысы түймешіктердің 40,0%-да, ал Ш- өсу дәрежесі олардың 5%-да кездеседі. Түймешіктердің жиі орналасатын жері асқазанның антральды бөлімі. Науқастардың тең жартысында, олар топтасып әр түрлі болып, бірнеше түймешіктен құралады. 40-60 жас аралығында бүл өзгеріс жиі анықталады да, еркектер, әйелдерге қарағанда, екі есе жиі зақымданады.


Науқас адам ешқандай өтінішін айтпайды тек алғаш ауырсыну сезімі, жүрек айну, кекіру сияқты мардымсыз белгілері болады. Бұл белгілер көбінде гастритпен қабаттасып білінгенмен, олардың түймешікке еш бір қатысы болмайды. Түймешігі бар аурудың шағымдары тек тамақтан кейін білінеді.

Түймешік рентгенде дөңгелек көлеңке болып көрінеді, оның шекарасы ап-айқын және көлемі 0,5-тен 2,0 см-ге шейін білініп тұрады..

Эндоскопия жасағанда түймешік анық, олар доп сияқты дөңгелек болып көрініп, өсінділер асқазан қуысында, оның шырышты қабатында орналасады. Осылардың түсі сәл қызғылттау келеді, кейде беттерінде ақшыл тәріздес қабық болады, кейде ойық жара білінеді. Түймешіктің сыртқы пішініне қарап, олардың қауіпті, не қауіпсіз екенін ажыратуға болады. Егер түймешік қырыққабат сияқты боп көрінсе, онда оны «бүрлі түймешік» дейді. Безді түймешіктің 40,0% ракқа айналады.

Түймешіктің емі, оның көлеміне, санына, орналасқан жеріне байланысты болады. 1,5-2,0 см-ге дейін өскен түймешік эндоскопиялық жолмен сылынып тасталынады. Ал одан да үлкен болып, түбі жуандау келсе, немесе көп болса, онда асқазанға резекция жасалынады.

Олар емделмесе де, дәрігерлік бақылау қажет болады. Мұндай жағдай, әсіресе, операциядан бас тартқан адамдарға өте қажет. Әр алты айда бір рет көрініп, эндоскопиядан өту – диспансерлік бақылаудың негізгі шарты.

Асқазан ойық жарасы (№7-сурет) – нақты ісік алды ауру, себебі ойық жара жатқан жерде морфологиялық өзгерістер (дисплазия) міндетті түрде кездеседі. Осы күнге шейін асқазан ойық жарасының патогенезі айқындалған емес. Көптеген зерттеу қорытындылары оның Helicobacter Pyloriмен тығыз баланысты екендігі дәлелденген. 5-15% жағдайда асқазан ойық жарасы ракқа айналады. Ойық жараның ракқа көшуі оның шет жағынан басталады. Сондықтан эндоскопия жасағанда, биопсия тек бір жерден емес, керісінше, жараның шетінен 5-6 жерден алынуы қажет. Кейде, жара емделінсе, ол жазыла бастайды; дегенмен оның шетінен әр уақытта рак ауруына көшу үрдісі жүріп жатуы ықтимал, сондықтан эндоскопияны тіпті жара жазылып кеткеннің өзінде де бір айдан соң қайта жасау қажет. Ал ойық жара толық тыртықталып бітсе де, әр жылда 2 рет эндоскопиялық қадағалау керек.

Менетрье ауруы - өте сирек кездеседі, бұл кезде асқазанның шырышты қабаты қалыңдап, өзектері білеуленіп, ұлғаяды да, кейде түймешік шығып, олардың үсті көптеген шырышты сөлмен қапталады және онда тұз қышқылы төмендеп кетеді, осының салдарынан белок жетіспеушілігі туындайды.

7-сурет. Асқазан мен ұлтабардығ ойық жаралары


Клиникалық көрінісі – іштің жоғары бөлігі ауырып, адам аза бастайды, жүрек лоқсу жиі көрінеді. Ауру созылмалы түрде жүреді – кейде өзінен өзі жазылып, кейде қайтадан ауыра бастайды да, соңынан жұқарған сембілі гастритке әкеледі.

Диагноз рентгенологиялық және эндоскопиялық көріністермен анықталады. Орташа есеппен 10% ауруларда рак байқалады.


Емі – белогы көп емдәм, антихолинергиялық дәрі-дәрмекпен кортикостероидтарды және Н2-рецепторына қарсы дәрілерді қолдану керек. Олар емдік нәтиже бермесе, онда операция қажет болады. Аурулар диспансерлік бақылауда тұрады.

Пернициозды анемия - ағзада В12 жеткіліксіз болғанда айқындалады. Ал бұл витамин ішкі фактордың тапшылығынан пайда болады, соның әсерінен асқазанның шырышты қабаты жұқарып, гастромукопротеин ағзада аз өндіріліп, сіңбей қалады. Бұл белок В12 реттейді, оны құрастырады, қалыптастырады. Созылмалы сембіген гастрит пайда болады да, асқазан шырышты қабатының қабыршығы ішекті метаплазияға ауысады. Рак бұл ауруда 3-5 есе жиі кездеседі Ісік көбінесе асқазанның түбінде және денесінде ұлғаяды. Диспансерлік бақылауды терапевттермен гематологтар жүргізеді. Оларды жылына бір рет рентгенологиялық және эндоскопиялық тексерулерді жүргізу қажет.

Асқазан резекциясынан кейінгі семіген гастрит – бұл ауруда асқазанда тұз қышқылы мен сөлі кеміп, өт ұлтабардан асқазанға жиі келіп тұрады. Бұл қалған асқазанның бөлігінде, созылмалы гастритті туғызады, содан соң, оның қалған шырышты қабатындағы қабыршығын ішекті метаплазияға айналдырады. Клиникалық ағым үдеп, ауру асқынады, сөйтіп 2-6% науқаста рак пайда болады. Еркектер әйелдерге қарағанда өте жиі зақымданады. Рак бірден пайда болмайды операциядан кейін 18-20 жыл өткен соң болуы мүмкін. Операциядан соң рак жас адамдарда жиі байқалады. Сондықтан диспансерлік бақылау негізгі жұмыс болып саналады. Оларға жыл сайын эндоскопиялық, рентгенологиялық тексеруді ұйымдастырған жөн.

Асқазан рагынан сақтандыру шаралары мен жолдары

Асқазанды рак ауруынан қорғайтындарға витаминдер (А, С, Е) және магний, селен тұздары жатады. Ісік көкөністі көп жегендерде өте сирек кездеседі.

Витамин А және каротиноидтар - канцерогендерді азайтады, олардың клеткаларға деген зиянды әрекеттерін төмендетеді. Тәулігіне әр адамға 1000 мкг витамин А қажет. Рак ауруымен ауырғандарда бұл витаминнің мөлшері 2 есе төмен. Сонымен осы тапшылықты толықтыру үшін, олардың жиі кездесетін тағамдарды білген жөн.

Олар:

  1. Витамин А мал бауырларында, тауықтарда, балықтарда, жүгеріде, сәбізде, қызылшада көп,

  2. Ал каротин болса кез келген жеміс-жидектерде, бау-бақша өндірістерінде көп сақталады

Витамин С – тотықсыздандыру реакциясын реттеп отырады, иммундық жүйені көтереді.Тәулік мөлшері – 70 мг. Көкөніс, жеміс-жидектер – бұл витаминге өте бай.

Витаминдерден бөлек топырақтағы микроэлементтердің де маңызы зор. Магний тұзының топырақта көптігінен кейбір жерлерде (Армения, Молдова, Қазақстан) асқазан рагы сирек тіркеледі, ал енді осындай құбылыс Қытайдың да кейбір аудандарында анықталған. Бұл сол жердегі топырақта селен тұздарының артық мөлшерде болғанымен түсіндіріледі.

Тағамның рөлі. Эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары ас тұзды көп пайдаланған (тұздалған ет, жеміс-жидектер т.б.) жерлерде, асқазан рагының жиіленгенін көрсетіп, соның ішінде біркелкі тағамдану, әсіресе, құрғақ тамақ пен, күйдірілген, ыссы ас-тағамдар, ысталған заттар өте зиянды екені дәлелденген. Еуропалық және Американдық үлгіде - майлы, консервіленген, ысталған тағамдар аз қолданылады және тамақтың көбісі мұздатылған күйде ішуге беріледі. Міне, осылардың салдарынан оларда асқазан рагы сирек дамиды.


Сонымен, асқазан рагынан сақтану шараларына: тағамдану ережесін дұрыс сақтау, канцерогендерді тағаммен бірге түсуді кеміту, олардың зиянды іс-әрекеттерін тежейтін витаминдерді көбейту – ең негізгі сақтану шара деп саналады. Осындай негізгі шараларға жататындар:

  1. көкөністерді күніне 4-5 рет қолдану,

  2. күйдірілген, ысталған, тұзды астардан және майлы тағамдарды аз қолдану,

  3. арақты аз ішу,

  4. темекі тартпау,

  5. нитрит, нитраттарды ауыл шаруашылығында, бақшаларда аз пайдалану

Асқазан рагының патологиялық анатомиясы

Рак асқазанның бір жерінде, немесе бірнеше бөліктерінде бір мезгілде өніп-өсуі мүмкін. Кейінгі түрін алғашқы пайда болған, біріншілік көп ісікті рак дейді, ол асқазан рагының 2-3% құрайды. Асқазанның шырышты қабатында пайда болған ісік көзі біртіндеп жайылып, асқазанның басқа қабаттарын зақымдай бастайды. Алғашқы кезде ол тек шырышты қабаттан аспайды, мұны алғашқы ерте рак түрі деп атайды.

Сонымен, алғашқы ерте пайда болған асқазан рагы деп, морфологиялық түріне және ісіктің көлеміне қарамастан, ол тек шырышты қабатты ғана зақымдап, сонда орналасқан түрін айтады. Рак түйіннің көлемі бұл кезде 2-3мм-ден 5,0мм-ге шейін болғандықтан, өте сирек бөгелме ісік береді. Осы өсу дәрежесінде емделсе, онда ауру адам толық 100% жазылып шығады.

Рак асқазанның кез келген жерінде орналасады, ол өсе келіп, асқазанды түгел жарақаттауы мүмкін. Бұл уақытта оның қай жерден өніп-өскенін анықтау қиынға соғады, сондықтан мұндайда ісік көлемінің ең үлкен жеріне байланысты орналасақан жері анықталынады. Көбінде қатерлі ісік асқазанның антральды бөлімін (60-70%), одан кейін - кіші иін (20-25%) мен жоғарғы бөлігі - кардийді (10-15%) зақымдайды. Асқазанның үлкен иіні, алдыңғы мен артқы қабырғалары және күмбезі (2-5%), ал ракка тұтас зақымдануы (5%) сирек кездеседі.

Макроскопиялық түрі бойынша - ісік асқазан қуысына қарай өссе, оны экзофитті, ал асқазан бойымен өрбісе –эндофитті рак дейді.

Экзофитті рактың шеттері тегіс, түймешік (полип), түймедақ (бляшка) және саңырауқұлақ (гриб) тәрізді болып келеді де, өсе келе ортасы ойылып табақ пішінді болып өзгереді. Ісіктің көзге көрінген аналасынан 2-3 см. қашықтығында, рак клеткаларының жайылмасы болмайды.

Эндофитті ісіктер шырышты қабаттың астында жайыла өсіп, шекарасы анық емес және асқазан ішіне қарай өспей, асқазан рагының ең қатерлі тобын құрайды, тез бөгелме ісіктерді береді; рактың бұл түрінде болжам өте қиын, оның себебі емнің нәтижесі өте төмен болғандықтан. Ісік өскен сайын түйіннің ортасы ыдырап іриді, өліеттеніп шіриді, ойық жара пайда болады.

Асқазан рагының үшіншісіне - осы екі түрі қосарланып пайда болған аралас түрі жатады. Ісіктің ағымы эндофитті құрылымына байланысты болады.

Бұлар түйіннің бет-пішініне тікелей әсерін тигізеді. Осы бет-пішінге сәйкес жапон эндоскопистері асқазан рагын үшке бөледі: