ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 3682

Скачиваний: 15

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ерте пайда болған алғашқы рак ешқандай клиникалық белгі бермейді. Оны тек кездейсоқ жағдайда немесе күдіктенгенде рентген және әсіресе, эндоскопиялық тексеру кезінде анықтауға болады. Жалпы клиникалық белгісіз жүру 15-40% ауруларда болады, қалғандарында - қосарланған асқазан ауруларына байланысты әртүрлі шағым болуы мүмкін.

Алғашқы рактың ең бірінші белгісі іш қуысының жоғары бөлігінде оқта-текте пайда болатын ауырсыну сезімі жатады. Бұл ауырсыну сезімі тамақ қабылдағаннан соң болып, бірақ ол тамақ қабылдау үстінде еш уақытта кездеспейді. Ауырсыну сезімі кейде кетіп қалып, біраз уақыттан кейін қайталанады. Бұдан басқа кекіру, «жүрек қыжылдау» іштің кебуі, толықсуы сияқты белгілер қосарланып жүреді.

Асқазан денесіндегі ракта мүше қысылады, сығылады (компрессия) және ағза уыттана бастайды, ал ісік кіші иін аймағында орналасса. осыларға байланысты белгілер іштің жоғары бөлігінде, ауырсыну сезімін туғызады, ол тамаққа байланыссыз, бірақ тамақтан кейін біраз үдей түседі, тамаққа тәбет төмендеп, себепсіз әлсіздік, шаршаушылыққа сенімсіздік енеді.

Ауруды тексергенде одан терінің бозарып, бозғылттанғанын көруге болады. Сипау арқылы іштің жоғары бөлігінен кейде, ісік түйінін сезуге болады. Сонымен бірге асқазан белгілері біртіндеп күшейеді. Егер бұрыннан созылмалы асқазан аурулары бар болса, онда олар туралы аурудың шағымы, өтініші өзгереді. Ең негізгісі - ауырсыну сезімнің тұрақтануы, оның тамақпен байланыста болмауы.

Кардий бөліміндегі ракта ең негізгі белгісі - мүше қыспағы осы жерде тарылып, дисфагияның – тамақ өту - үрдісінің нашарлауы байқалады. Тамақтың төс асты тұсында тұрып, жүрмей қалғанын ауру адам өзі дәрігерге дәл қолымен көрсетеді, ауру адам жүдейді, әлсіздік ұлғаяды, тағамданғаннан кейін құсу басталады.

Осы айтылған көрініс тек ісік таза кардийді зақымдаса болады. Егер кардийден төменгі жерінде болып, жоғары көтерілсе, дисфагияның алдында ауырсыну сезімі пайда болады да, содан кейін барып дисфагия қосылады. Міндетті түрде асқазан рагына тән белгілер - тәбеттің жоғалуы, салмақтың төмендеуі және әлсіздіктің біртіндеп күшейуі тұрақтанады..

Асқазан күмбезіндегі ракта, көпке дейін ісік белгісіз жүреді. Тек ісік өсіп, зақымданғанда қан кету байқалады, сол кезде бас айналу, әлсіздік, тері ағарып, бозғылттанады; қан қысымы төмендеп, тамыр соғу нашарлайды.

Қан азаюға ешқандай себеп болмаса, онда бұл көрінісасқазан күмбезінде рак болуын білдіреді. Кейде ісіктің бұл түрінде ауырсыну жүрекке беріліп, стенокардия белгісін туындатады, бұл ісіктің диафрагмаға көшкенін көрсететін белгі.

Пилорус бөліміндегі рак - қыспақтың бітелу, жабылу көріністерімен білінеді, бұл кезде асқазан толып, оған жүк түскен сияқтанады, себебі ішкен тамақ ішекке өтпейді, сондықтан асқазан асқа толғандықтан құсық пайда болады. Құсықта жаңа ішілген тағам қалдықтары көрінеді. Көбінесе, аурулардың өздері аузына қолын салып, құсықты шақырады, себебі бұдан кейін олар, әжептәуір, жеңілденіп қалады. Сипау кезінде асқазанда судың шайқалған дыбысын, кейде ісік түйінін байқауға болады. Үдемелі құсық, ағзадағы су мөлшерін кемітеді, адам шөлдейді, салмағы жоғалады, денесі құрғап, әлсірейді.


Асқазан рагын басқа аурулардан ажырату

Рактың алғашқы өсу кезеңдерінде науқастың шағымы ісік алды аурулардың белгілерімен қосарлануы мүмкін, ал енді ісік алды аурулары болмаған жағдайда ісіктің нақты белгілері жоқ болады. Сондықтан бұл кездерде диагнозды дәл қою - өте қиын. Тек кездейсоқ жағдайда, эндоскопия немесе рентгенмен тексеру кезінде анықталады. Асқазан рагы асқынғанда оны асқазанның ойық жарасынан, әртүрлі гастриттен, асқазан түймешіктерінен тағы да басқа аурулардан ажырату керек..

Асқазан рагын басқа аурулардан ажырату үшін негізгі 5-клиникалық белгілерге көңіл бөлу керек:

  1. ауырсыну сезіміне,

  2. асқазанда пайда болатын қолайсыздыққа,

  3. қан азайу белгісіне,

  4. дисфагияның болуына,

  5. асқазан қыспағының бітелуіне байланысты, тағамның онекіелі ішекке қарай қиналып өтуі, немесе өтпеуіне..

Ауырсыну сезімі мен асқазанда қолайсыздық белгілер болғанда, асқазан рагының клиникалық белгілерін - асқазанның ойық жарасындағы, қабыну үрдістеріндегі (гастриттер), ұйқы безінің рагындағы белгілерден ажырату қажет. Ал ауырсыну сезімі біртіндеп ұлғайып, тұрақтанса, олар науқастың хал-ахуалына әсер етіп, оның қалыптасқан шағымын өзгертсе, ондабұлар асқазанда ісік ауру бар екенін көрсетеді. Сонымен бірге қан аздық белгісі болса, онда оның негізгі себептерін табу үшін асқазан күмбезін жан-жақты тексеру керек. Асқазанның антральды бөлігінің қыспағындағы ракты ажырату кезінде, науқаста бұрын ойық жарасы болғандығын ескеру, және ісік егде жастағы адамда кез болса, тез дамып, салмағын жоғалтса, «тұрақты құсық» пайда болса, онда асқазанның осы бөліміндегі ісіктің барлығын көрсетеді.

Асқазан рагының асқынулары

Асқазан рагының асқыну түрлері:

  1. қан кетуі,

  2. асқазан қыспағының тарылуы (стенозы),

  3. көрші мүшелерге (тіндерге) ісіктің өтіп, зақымдауы (пенетрациясы);

  4. ісіктің тесіліп (перфорациясы), жайылмалы перитониттің дамуы.

Қан кетуде - ол ісіктің ойық жарасындағы кішкене тамырларынан басталып, біртіндеп өседі. Ұзақ уақытқа созылады және клиникалық белгілері созылмалы келеді. Көп аққан қан ұйыйды, тұз қышқылының әсерінен гемоглобин метгемаглобинге айналып, қарайады, сондықтан құсық «кофе» тәріздес болады, терісі бозарып, бас айналу жиіленеді; қан қысымы төмендейді.

Қан кету кезіндегі дәрігерлік көмекте, тез арада науқастың төс асты бөлігіне мұзды мұйық қою және мұз жұтқызу керек, одан басқа ешнәрсе ішкізуге болмайды. Көк қан тамыр арқылы 10%-10,0 мл хлорлы кальций мен аминокапрон қышқыл (300 мл) ерітіндісін, викасолды (3,0 мл) бұлшық етке енгізу керек. Егер ауруда қан кету көпке созылып, қан тоқтамаса, онда жедел медициналық көмекті шақырып, аурухананың хирургиялық бөліміне тасымалдау керек.

Пилородуоденальды стеноз, асқазан қақпашығының ісікпен тарылып, жабылуы. Бұл кезде алғаш асқазанды шайып, тазалаудан бастау керек, одан әргі әрекет науқастың қай клиникалық топқа жататындығына байланысты болады. Егер науқас ІІ- клиникалық топқа жататын болса, онда оны онкодиспансерге жіберіледі; ал ІV- клиникалық топқа жататын болса, онда паллиативті операция үшін хирургиялық бөлімі бар ауруханаға жолдама беріледі.


Ісіктің ойық жарасының тесілуі – жедел медициналық көмекті қажет етеді. Ол не онкодиспансерге, не кез келген хирургиялық бөлімде жүргізіледі.

Асқазан рагының диагностикасы

Асқазан рагын анықтап, дәлелдеу үшін - жан-жақты терең сыртартқысын жинап, физикалық тексеруді қолданып, жалпы қанды зерттеп, содан соң рентген мен эндоскопиялық әдістерді қолдану арқылы, ал алысқы мүшелерде бөгелме ісіктерді, ультрадыбыс тәсілімен анықтайды.

Сыртартқы. Науқастың сыртартқысын жинау кезде, асқазан рагына тән белгілерді, олардың пайда болу мерзімі мен барысын, ауырсыну сезімінің ерекшелігін анықтау керек

Науқас ауырсыну сезіміне шағымданса, онда мыналарды анықтау керек:

  1. ауырсыну сезімнің орналасқан жерін,

  2. оның күші мен дәрежесін,

  3. ауырсыну сезімнің мерзімін, ұзақтығы мен, тұрақтылығын,

  4. осы сезімнің тағаммен байланыстылығын.

Рак ауруында ауырсыну сезімі біртіндеп ұлғаяды. Егер асқазан тесілсе «қанжар сұққан» тәрізді ауырсыну, ал рак көрші сау мүшені зақымдаса онда оның тұрақтануы анықталады. Әдеттенген тағамнан кейін, ауырсыну сезімі қайталанады, ал асқазан ойық жарасында тек тамақтан кейін ауырсыну пайда болып, күшейеді.

Ауырсыну сезімін жан-жақты сұрап, болғаннан кейін, басқа белгілерді: кекіру, жүрегінің айнуын, лоқсу мен құсуын анықтау керек. Бұл белгілер пайда болса, олардың көлемін, тұрақтылығын байқайды. Сонымен бірге, тамақтың жүрмей, қиналып өтуіне (дисфагия) ерекше көңіл бөлу керек. Төс асты тұсында тағамның тұрып қалуы, оны науқастың өзі көрсетуі дисфагияға тән белгі болып саналады.

Науқастың сыртартқысын жинағанда оның шағымына да аса көңіл бөлу қажет. Себебі ол жанға бататын бір-екі белгіні айтып, басқа да өте керекті көріністерді қозғамай кетуі мүмкін. Сондықтан ісік белгілерінің даму жолдары мен ерекшеліктеріне аса маңызды мән беру керек. Осыларға қосымша науқастың емхана мен ауруханада қаралып, емделгені туралы, тексеру қорытындылары да, болуы міндетті.

Асқазан рагына қауіпті белгілер

Олар:

  1. кез келген асқазан рагіне тән белгілердің апталап, айлап сақталуы, олардың қайталанып, тұрақтанып үдеуі,

  2. созылмалы асқазан аурулары бар адамдардың шағымының өзгеруі,

  3. асқазан зақымдалып, құрылысы мен құрылымы бұзылса немесе қысылып, қуысы тарылып, ағза уыттана басталуы,

  4. тағамдану ережесі бұзылмай, бірақ осыған қарамастан асқазанда қолайсыздық орын алуы.

Осы аталған көріністердің біреуі болған жағдайда, науқасқа міндетті түрде рентген мен эндоскопия жасау қажет.

Көру және сипау кезінде - ішті, бұғана үсті лимфа бездерін, тік ішекті және әйелдерде - гинекологиялық мүшелерін тексереді.

Көргенде: теріге, көз алмасына, бет-пішінге күш-қуатына мән беріледі. Іш мүшелерін сипағанда Щелагуров тәсілімен 5 бағытта: шалқасынан, оң жақ, сол жақ бүйіріне, екпетінен және тұрғызып тұрып көреді. Сол кезде терінің түсіне, ылғалдығына, қызуына көңіл бөледі. Іштің томпиып өзгерген жерін анықтайды. Сипау кезінде түйін табылса, онда оны бес бағытта сипаттау керек:


  1. Көлемін,

  2. Тығыздығын,

  3. Пішінін,

  4. Қозғалысын,

  5. Шекарасын.

Ісік көрші мүшеге көшсе, онда оның қозғалысы тежеледі. Үлкен ісік түйіні операцияға қарсы көрсеткіш болмайды.

Іш қуысын сипау кезінде бауырдың көлеміне, төменгі қырына, оның шетіне аса көңіл бөлген жөн. Кейде ол шеті тегіс болғанмен, ортасында ісік болуы мүмкін, сондықтан бөгелме ісіктің бар-жоғын ультрадыбыс, немесе компьютерлік томография жасау арқылы анықтайды.

Асқазан рагы кезінде лабораториялық тексерулер

Асқазан рагында лабораториялық тексерулер қосымша, дәнекерлік тәсіл болып саналады. Бұларға жалпы қанды тексеру және нәжістен қан қалдығын сараптау және асқазан сөлін зерттеулер жатады.

Асқазан рагында, қанды сараптағанда одан ЭТЖ өзгеруін, қандағы гемоглобиннің азайғаны табылады. Сол кезде ЭТЖ-ның өзгеруі 80% ауруларда оң болып, ал гипохромды қан азайуы - ісік ыдырап, қан кеткенде жиі кездеседі. Белгісі білінбей жүрген асқазан рагында, бұл гипохромды қан азайуы негізгі белгі болып саналады, сондықтан кездейсоқ жағдайда қан азаюы табылса, онда ең бірінші асқазан рагына күдіктену керек.

Асқазан сөлін зерттегенде, ода тұз қышқылының төмендегені, ал кейде, сөлсіздіктің (ахилия) бары анықталады, бірақта, асқазан қышқылының жоғары және төмен деңгейде болуы, асқазан рагын жоққа шығармайды.

Нәжісіндегі қан қалдығын зерттеудің де маңызы бар. Бұл белгі көбінде ісік экзофитті немесе ойық жаралы түрінде оң болса; ал эндофитті ісіктерде қан кету болмағандықтан, әдіс нәтиже бермейді.

Асқазан рагын рентгенмен тексеру жолдары

Асқазан рагының рентгенологиялық көрінісі ісіктің көлеміне, орналасқан жеріне және оның пішініне байланысты болады. Рентгенмен тексергенде анықталатын белгілеріне мыналар жатады:

  1. ісіктің орналасқан жерінде, асқазан қабырғасында «толу кемістігінің» пайда болуы,

  2. асқазанның ішкі шекарасының өзгеріп, қисайуы,

  3. шырышты қабатының қалыпты көрінісінің бұзылуы,

  4. ісік орналасқан жерде, асқазан тіндерінің қозғалысының жоғалуы.

Асқазан қабырғасындағы «толу кемістігі» – деп, асқазан қуысына қарай шығып тұрған экзофитті ісіктердің ақшыл көлеңкесін айтады, оның шекарасы тегіс келмейді. Ал ісік эндофитті ойық жаралы болса, онда ісіктің дәл ортасында дөңгелек ақшыл көлеңке көрініп, жағалары білеуленіп шығып тұрады.

Асқазанның шырышты қабаты экзофитті ісіктерде, оның кіші және үлкен иіндерінде, шырышты қабатының бездері өзгеріп, тербелістің болмауы және иіндердің жиырылып, тартылуы байқалады және де олардың параллелді сызық тәрізді өзектері білінбей, тұтастығы үзіліп, немесе ирелеңдеген жолақты көлеңкелер анықталады. .

Ал эндофитті ісіктер асқазан қуысын сақина тәрізді етіп қысып, оны кішірейтіп, тарылтады. Кейде ойық жаралы жайылмалы ракта асқазан шырышты қабатының бедері үзіліп, ортасында асқазан қабырғасынан өтіп кетпейтін кішігірім ойыс көрінеді. Осылай анықталатын рентген көрінісі асқазан рагының кіші иінінде айқын болады.


Эндоскопиялық тексеру кезінде асқазанға гастроскопия кешенді диагностикалық әдістердің ең шешушісі ретінде қолданылады. Бұл тәсілмен асқазанның ішкі көрінісін, әсіресе, рак ауруының ерте өсу кезеңдерінде, ісіктің бет-пішінін, көлемін, орналасқан жерін анықтауға болады (№12-сурет). Асқазанды гастроскоппен көрген кезде міндетті түрде ісік жатқан жерден ет кесіп (биопсия), немесе щетка арқылы ісік бетінен шығындыны, аз дегенде 4-6 күдікті деген жерден алу керек. Асқазанның жайылмалы ісік түрінде биопсия алу қиындау болады, сондықтан хромогастроскопияны қолданады.

Эндоскопиялық зерттеу өте құнды, оның 90% аса жағдайда асқазанды тексеру нәтижелі болады. Сондықтан қазіргі таңда диспансерлік бақылау мен тексеру жұмыстарын, ең алдымен қауіп-қатерлі топтар арасында жүргізу басты мақсаттардың бірі болып саналуда. Осы топқа жататын адамдарды анықтап, оларға кімдер жататынын білу қажет.

Олар:

  1. асқазан ісік алды ауруларымен ауыратындар,

  2. жайылмалы ракпен ауырғандардың жақын туыстары мен қандас бауырлары,

  3. асқазан сөлінде қышқылдары төмендеген, 50 жастан асқандар,

  4. асқазанда жұқпалы бактерия Helicobacter Pylori барлар.

  5. асқазан ауруына шағымданатындар.


12-сурет. Асқазан рагының эндоскопиялық көрінісі.


Асқазан рагын емдеу әдістері

Асқазан рагынан мүлдем жазылып шығуға болады, егер ауруларға ерте өсу кезеңінде радикальды операция жасалынса. Асқазан рагына қалыптасқан типтегі радикальды операциялар жасалынады. Оларға субтотальді резекция мен гастроэктомия жатады. Субтотальды резекция ісіктің экзофитті түрінде, ал гастроэктомия -жайылмалы ісікте қолданады. Бұл операциялар асқазан рагында «стандартты хирургиялық тәсілдер» болып саналады. Сондықтан асқазан рагында осы операциялардан көлемі кішірейтілген нұсқадағысын жасауға болмайды, себебі рак клеткалары, оның анатомиялық көрініп тұрған жерінен, жоғары 7-10, ал төмен қарай – 3-5 см-дей қашықтыққа тарап жайылып кетеді және рак түйіні бірнеше жерден шығады (мульти центрлі өсу).

Соңғы жылдары стандартты операцияларға қарсы медициналық көрсеткіштер болып, рак ерте өсу кезеңінде анықталса, онда көлемі кіші операциялар жасалынуда, тіпті, эндоскопиялық жолмен де мүшедегі өсінділер сылынады.

Субтотальды резекция жасау кезінде – асқазанның кіші иіні, өңештен 1,0-1,5 см-дей қашықтықта, ал үлкен иін – көк бауырдың төменгі полюс деңгейіне сәйкес, осы екі нүктені қосатын сызық бойымен, ал дистальды бағытта асқазан қыспағынан 1,0-1,5 см-дей төмен кесіліп, оларға қоса үлкен және кіші шарбы май, сол жақ асқазан артериясы шыға беріс жерінде, барлық бассейіндегі лимфа бездер міндетті түрде бір блокпен сылынады. Бірақ, асқазан рагының лимфа жүйесімен таралу ерекшелігіне қарай, соңғы жылдары іш қуысы мен ішперде артында орналасқан, ұйқы без, ұйқы без – ұлтабар, қолқа тамыр айналасындағы 2-3 деңгейдегі лимфа бездерінде қоса сылынуда. Бұл операцияларды кеңейтілген лимфодиссекция дейді. Субтотальды резекциядан кейін, ас қорыту жолын қалыптастыру үшін, асқазан қалдығымен ащы ішекті Бильрот-2 тәсілімен (№№ 13-14 суреттер), ал гастроэктомиядан соң, өңешпен ұлтабарды, көпшілігінде ащы ішекпен қосып жалғастырады (№15 суреттер).