ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 3681

Скачиваний: 15

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

13- сурет. Асқазанның дистальды субтотальді резекциясы, Бильрот II. Операция көлемі.


Кейінгі кездерде көптеген емдеу орындарында рефлюкстерге қарсы Я.Д. Витебский тәсілімен анастомоз салу орындалып жүр. Операцияның мәні - өтті асқазанға, өңешке өткізбеу, сол үшін жіңішке ішек (ащы) көлденең бағытта кесіліп, жалғанады. Егер ұлтабар ұзын болса онда Бильрот-1 әдісімен, ол тікелей асқазанмен жалғасады, бұл физиологиялық тұрғыдан ыңғайлы әдіс болып саналады. Бірақта, оны кез келген жағдайда орындау, хирургиялық радикализм қағидасына сәйкес келмейді.


14- сурет. Асқазанның дистальды субтотальді резекциясы


15- сурет. Асқазанның гастроэктомиясынан кейін

өңеш-ащы ішек анастомозы


Асқазанның кардиальді (проксимальді) резекциясы (№16- сурет) экзофитті ісікте, оның төменгі деңгейі асқазан бұрышынан аспаған кезде қолданады. Проксимальді бағытта - ісік шетінен 3-5 см. қашықтықта жоғары қарай өңешті содан соң дистальды бағытта - бүкіл кіші иінді, алдыңғы, артқы қабырғасын ісіктің төменгі деңгейінен 5см қашықтықта қоса кесіліп, сылынады.

Гастроэктомия – асқазанды тұтас сылу ісіктің жайылмалы түрінде және экзофитті ісіктер егер асқазан бұрышын екі жағында зақымдағанда қолданады. Асқазан жоғарыдан өңеш, төменде ұлтабар деңгейінде кесіліп, үлкен және кіші шарбы майлар операцияға қосылып алынады. Асқазанға пластикалық операциялар әр түрлі тәсілмен орындалады (№17- сурет)




16- сурет. Асқазанның кардиальді (проксимальді) резекциясы


17- сурет. Өңеш-ішек анастомозын салу (схема).

а - көлденең өңеш-ішек анастомозы; б - Мак-Нир және Пэк анастомозы; в - Сапожков-Юдин анастомозы; г - Гилярович анастомозы; д - Орр-Хант-Накаяма анастомозы.


Қоспалы операциялар - ісік көрші мүшелерге өткен кезде пайдаланады. Бұл кезде, асқазанмен қоса жарақаттанған мүше де сылынады. Кардий рагында көк бауыр аймағында орналасқан лимфа бездерінде жиі бөгелме ісіктер болғандықтан, оны да қоса сылып алады.

Паллиативті операциялар асқынған асқазан рагында қолданады, оларға жататындар:

  • паллиативті асқазан резекциясы,

  • асқазанды айналмалы ішекпен жалғау (гастроэнтероанастомоз),

  • кардийге интубация жасау,

  • асқазанға не ішекке жасанды жыланкөз жасау.

Паллиативті асқазан резекциясы, ісікті техникалық жеңіл сылу жағдайында, кеңейтілген радикальды операция өмірге қауіпті кездерде және аурудың жағдайы шартты түрде нашар болғанда ғана қолданады.

Егер операциядан кейін адьювантты химиотерапия жүргізілсе аурудың өмір сүру мерзімі біраз айға ұзарады.

Гастроэнтероанастомоз – асқазанның қыспағы тарылып, мүлдем жабылғанда, қолданады. Бұл айналмалы көлденең тоқ ішек алдында не артында асқазан мен ішекті ұштастыру (анастомоз) операциясы, жалғасқан ішектің өрлеме және төмен түскен өрімінің арасына Браун анастомозын салу арқылы орындалады. Осындай операциядан кейін, науқасты мазалайтын құсық кетеді, ауру біраз жеңілденіп, жағдайы жақсарып қалады.


Дисфагияны жою мақсатында, не оны жеңілдету үшін кардий қыспағын кеңейтеді, немесе асқазанға жасанды жыланкөз жасайды.

Сонымен осы көрсетілген радикальды операциялар неғұрлым ертерек қолданса нәтиже соғұрлым тиімді келеді.

Төмендегі суреттерде асқазанға жасалатын кейбір операциялардың түрлері көрсетілген. №18- суретте дистальды субтотальды резекциядан соң асқазан мен ішек арасында салынатын Бальфур тәсілі келтірілген, ал №19- 21- суреттерде асқазанды түгел сылып алғаннан кейін салынатын анастомоздар түрлері кілген.

18- сурет. Бальфур тәсілімен асқазан мен ішек арасына

анастомоз салу жолдары.

Жоғарыда-ұлтабарды асқазаннан бөлу, ортасында – асқазан мен ішекті жалғау кезінде артқы шырышты қабатқа тігіс салу, төмендегісінде – артқы шырышты қабатқа толық тігіс салудың аяқталғаны көрсетілген.

А Б

19- сурет. Езофагоеюноанастомоз:

өңеш ұшымен ішек қабырғасы арасына салу (А), Ру бойынша көлденең эзофагоеюноанастомоз (механикалық тігіс ПКС аппаратымен) ішек аралық анастомозбен.


20- сурет. Вертикальды (тік) эзофагогастроанастомоз - өңеш ұшын асқазан қырына қолмен тігіс салу жолдары, Федоров қысқышымен өңешті анастомоз салып біткенше қысып тұру (а,г)


21- сурет. Гастроеюнодуоденопластика жасау жолдары


Асқазан рагын емдеу жолдарының нәтижелері

Асқазанға радикальды операция І- өсу сатысында жасалынса, онда науқастың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 87-100% жетеді, ал ІІ- өсу сатысында – 70-80,0%, ал ІІІ –сатысында 20,0% тең болады.

Лимфа бездерінде бөгелме ісік жоқ болса, онда операциядан кейін 50-60,0% адамдар бес жыл өмір сүреді, ал бөгелме ісік болса, бұл көрсеткіш (10-20,0%) үш есе төмендейді. Жалпы эндофитті ракта және ісік мүшенің сыртына шығып кетсе, асқазанның жоғарғы бөліктерінде орналасса емдік нәтиже төмендейді. Қосарлы операциялардан кейін - 20-30,0%-дай емдік нәтижеге жетуге болады.

Асқазан рагының асқынған түрінде науқастың орташа өмір сүруі 4-5 айға жетеді. Химиотерапиялық әдістен кейін 15-40,0% ауруларда олардың өмірін, 10-12 айға созуға болады. Ал кейбір кездерде, ісікке паллиативті операция жасалып, химиотерапия қолданса, бұл мерзім 2-3 жылға жетуі мүмкін.

Асқазан рагымен ауырған адамдардың еңбекке жарамдылығы мен реабилитациясы

Еңбекке жарамдылық науқас ісігінің өсу сатысына және ем жүргізілген кездегі оның жағдайына байланысты. Радикалды операция жасалғандар 2- немесе 3- мүгедектік топқа жатады, сөйтіп олар 1-2 жылдан кейін қайтадан комиссиядан өтеді. Ал енді бөгелме ісіктер пайда болып, ісік қайта өссе (рецидив), оларға І- топтық мүгедектік беріледі.

Химиотерапия алатындар, ем кезінде ешқандай еңбекке жарамайды. Егер бөгелме ісіктер жоқ болса, ісік қайта өспесе, онда басқарушы қызметте, немесе есеп-санақ, ой жұмыстарында істей алады. Ыстық цехтарда жұмыс істеу, ауыр физикалық жұмыстарды орындау қарсы көрсеткіш болып есептеледі.


Диспансерлік бақылау. Бірінші жылдың ішінде әр үш айда бір рет, екінші жылда әр алты айда, үшінші жылдан бастап, әр жылда бір рет диспансерлік тексеру қажет (ультрадыбысқа, рентгенге түсіру).

Санаторлы - курортты емді –науқастың хал-жағдайы жақсы болып, ауру болжамы дұрыс болған жағдайларда, жергілікті жерлерде жүргізуге болады. Бірақ, барлық физиотерапиялық емдер қарсы көрсеткіш болып саналады.

Сабақ қорытындысы:

  1. Қазақстанда жиілігі бойынша жалпы және ер адамдарда асқазан рагы екінші, ал әйелдерде - төртінші орында түр.

  2. Қазақстан бойынша орташа асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші 18,3%ооо .

  3. Асқазан рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (24,6%ооо), Орталық (21,8%ооо) және Солтүстік (16,8%ооо) өңірінде және Алматы (19,2%ооо) мен Астана (19,0%ооо) қалаларында анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (14,4%ооо) тіркелген.

  4. Асқазан ісік алды ауруларына - созылмалы семіген гастрит, шырышты қабатындағы түймешік және түймешіктер, асқазан созылмалы ойық жарасы және Менетрье ауруы мен пернициозды қан аздық, оған қоса асқазан резекциясынан кейінгі созылмалы гастриттер жатады.

  5. Ісік ауруын туғызатын себептердің бірі Helicobacter Pylori, және де әр түрлі тағаммен бірге түсетін канцерогендік заттар мен нитрозаминдер,

  6. Ішкі канцерогендер - екіншілік өт қышқылы,

  7. Арақтың, ас тұзының артық мөлшерде асқазанда болуы,

  8. Жайылмалы асқазан рагында тамақтың қатысы зор, әсіресе, ондағы канцерогендік заттардың ықпалы шешуші рөл атқарады. Ұлтабардан өт қышқылының асқазанға түсуі ісіктің бұл түрінде әсері зор,

  9. Эндофитті өніп-өсетін ісіктер, экзофитті түріне қарағанда ерте, жиі және тез бөгелме ісіктер береді; ісіктің бұл түрі емдеуге қолайсыз келеді,

  10. Қауіп-қатерлі топтағы адамдарды анықтап, оларды бақылау, асқазан рагын болдырмау шараларының бірі болып саналады.

  11. Асқазан рагының белгілері өте көп және олар бұл мүшедегі бірқатар ауруларға ұқсас келеді

  12. Асқазан рагын ең тиімді анықтау жолдарына рентгенологиялық және эндоскопиялық әдістер жатады.;

  13. Эндоскопиялық тексеру кезінде тек қана көзбен көріп қана қоймай гистологиялық зерттеу үшін материал (биопсия) алуға болады.

  14. Асқазан рагының толық емделу жолы тек хирургиялық әдіс – субтотальды реакция мен гастроэктомия жатады.

  15. Химиотерапия уақытша емдік нәтиже береді,

  16. Асқазан рагымен аурған науқастың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші І- сатысында 87-100,0% жетсе, ІІ –сатысында 70-80,0% болып, ал ІІІ- сатысында - 20,0%-дан аспайды.


Асқазан рагы бойынша сынақ тесттер

1-нұсқа

  1. Асқазан рагымен аурушылдық:

  1. тұрақтанған

  2. төмендеуде

  3. ерлер арасында көбейіп, әйелдер арасында азаюда

  4. өсуде

  5. әйелдер арасында өсіп, ерлер арасында төмендеуде

  1. Созылмалы атрофиялық гастриті бар науқас 10 жыл бойы терапевтте диспансерлі есепте, шағымы жоқ, ол қандай тексеруден өтуі қажет?


  1. қанын зерттеуді

  2. зәрін зертеуді

  3. тексеруді қажет етпейді

  4. динамикалық байқауды

  5. .ФГС немесе рентгенологиялық зерттеуді

  1. Ерлерде Шницлер метастазы қайда орналасады?

  1. кіндікте

  2. аналық бездерінде

  3. тік ішек-жатыр қатпарында

  4. бұғана үсті лимфа түйіндерінде

  5. тік ішек-қуық қатпарында

  1. Асқазанның пилорикалық бөлім рагының бітелуіне тән белгілері?

  1. қыжыл

  2. жедел пайда болатын әлсіздік

  3. дене қызуының көтерілуі

  4. тез жүдеу

  5. .жүрек айну, құсу

5.Асқазан рагы антральді бөлігін бітегенде жасалатын паллиативті емі?

  1. гастрэктомия

  2. гастроэнтероанастомоз

  3. асқазанның проксимальды резекциясы

  4. асқазанның дистальды резекциясы

  5. гастростомия

  6. Науқасқа 7 ай бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынған, кезекті бақылау мерізімі?

  1. 3 айдан кейін

  2. 6 айдан кейін

  3. 1 жылдан кейін

  4. 3 жылдан кейін

  5. болашақта қаралуды қажет етпейді

  1. Асқазан рагының кардиальді бөлігі бітелгенде жасалатын паллиативті емі?

  1. гастрэктомия

  2. гастроэнтероанастомоз

  3. асқазанның проксимальды резекциясы

  4. асқазанның дистальды резекциясы

  5. гастростомия

  1. Асқазан рагының жоғары қауіп-қатер тобына қайсысы жатады?

  1. жиі рецидив беретін асқазанның ойық жарасы

  2. катаральды гастрит

  3. гиперацидты гастрит

  4. асқазан алынған адамдарда

  5. Педжет ауруы

  1. Асқазан рагында іш пердедегі бөгелме ісік қандай әдіспен анықталады?

  1. іш қуысын сипау арқылы

  2. лабораториялық тесттермен

  3. лапароскопия жасаумен

  4. іш қуысына жалпы шолу рентгенографиясымен

  5. гастроскопия жасау арқылы

  1. Асқазан денесінің рагына тән белгісі?

  1. асқазан дискомфорты

  2. қатты тағамның қиындықпен өтуі

  3. пародоксальді дисфагия

  4. күні бұрын ішкен тамағымен құсу

  5. ауызынан жағымсыз иісті сезу

  1. Асқазан рагында гастроскопияны қандай негізгі мақсатпен жасайды?

  1. асқазан шырышты қабатын анықтау үшін

  2. ісіктен биопия алу үшін

  3. ісік шекараларын белгілеу үшін

  4. ісіктің өңешке таралуын анықтау үшін

  5. ісіктің он екі елі ішекке таралуын анықтау үшін

  1. Асқазанның антральді бөлігінің ойық жарасы малигнизацияланғанда науқасқа мына операция көрсетілген:

  1. антрумэктомия

  2. ойық жараны тілу

  3. асқазанның дистальді субтотальді резекциясы

  4. пилоропластика мен ойық жараны тілу және ваготомия

  5. асқазанның 2/3 бөлімін резекциялау

13. Асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш бөгелме ісік береді?

  1. .эндофитті

  2. инфильтративті

  3. .экзофитті

  4. .жаралы-инфильтративті

  5. тостағанша тәрізді

2-нұсқа

1. Асқазан рагы қай жаста жиі пайда болады?

  1. 20 жасқа дейін

  2. 21-ден 50 жасқа дейін

  3. 33-тен 60 жасқа дейін

  4. .50-ден 70 жасқа дейін

  5. жиілік барлық жас топтарына бірдей

2. Асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш бөгелме ісік береді?

  1. .эндофитті

  2. инфильтративті

  3. .экзофитті

  4. .жаралы-инфильтративті

  5. тостағанша тәрізді


  1. Кіші шарбы майда бірен-саран метастаздары бар диаметрі 3 см, бұлшықет қабатына ене өсетін асқвзан рагы мына даму сатысына жатады:

  1. 1

  1. Асқазан рагын барынша ерте анықтауды қамтамасыз етеді:

    1. 1.лапароскопия

    2. «шағын белгілер» синдромын іздеу

    3. 3.құрсақ қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы

    4. 4.асқазан рентгенографиясы

    5. 5.гастроскопия биопсиямен

  1. Асқазан рагын дәл анықтауды қамтамасыз ететін әдіс?

  1. лапароскопия

  1. флюроскопия

  2. .іш қуысына жалпы шолу рентгенографиясы

  3. .асқазан рентгеноскопиясы

  4. .гастроскопиямен биопсия алу

  5. Асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынған науқасқа 5 жыл өткен енді кезекті тексеруге қашан келуі керек?

  1. айдан кейін

  2. 6 айдан кейін

  3. .1 жылдан кейін

  4. 3 жылдан кейін

  5. болашақта қаралуды қажет етпейді

  1. Асқазан рагының ісік алды аурулары қайсыс?:

  1. .асқазанның түмешігі

  2. Баретт ауры

  3. Пламер-Винсон белгісі

  4. фитобезоар

  5. жиі қайталанатын түйнек

  1. Азық-түліктерді қай әдіспен сақтағанда тағам құрамындағы нитрозаминдер көбеймейді?

  1. .мұздатқанда

  2. ыстағанда

  3. тұздағанда

  4. консервілегенде

  5. тұздалғанда

  1. Асқазан рагында жиі кездесетін гистологиялық түрі?

  1. аралас безді-жайылмалы клеткалы рак

  2. дифференцияланбаған

  3. барлық варианттар бірдей жиілікпен кездеседі

  4. .аденокарцинома

  5. жайылмалы клеткалы рак

  1. Асқазанның антральды бөлімінің стенозы бар I-II сатысындағы экзофитті операбельді рагы кезінде не істеу керек?

  1. гастроэнтеростомия

  2. гастростомия

  3. .пилоропластика

  4. .асқазанның субтотальды дистальды резекциясы

  5. гастродуоденостомия

  1. Науқасқа 15 ай бұрын асқазан рагы бойынша радикальды операция жасалынған, кезекті тексерілуге қашан келуі керек?

  1. 3 айдан кейін

  2. 6 айдан кейін

  3. 1 жылдан кейін

  4. 3 жылдан кейін

  5. болашақта қаралуды қажет етпейді

  1. .Асқазан рагының ісік алды ауруына қайсысы жатпайды?

  1. асқазан түймешіктері

  2. созылмалы атрофиялық гастрит

  3. созылмалы эрозивті гастрит

  4. фитобезоар

  5. жиі рецидив беретін асқазанның ойық жара ауруы

  1. Асқазан рагының А.И.Савицкий бойынша «шағын белгілер» синдромына не жатпайды

  1. себепсіз әлсіздік

  2. тәбетінің жоқтыңы

  3. .гиперсаливация

  4. психикалық депрессия

  5. үдей беретін жүдеу

3-нұсқа

1. Асқазанның дисталді бөлігінің рагына қайсы белгілер тән?

  1. себепсіз әлсіздік

  2. тәбетінің жоқтыңы

  3. тамақ ішкеннен кейін қүсуы

  4. гиперсаливация

  5. ашқарында ауырсыну сезімі

  1. Асқазанның проксимальді бөлігінің экзофитті рагында типті қандай операция жасалынады?

  1. Билрот-2 әдісі бойынша асқазанды резекциялау

  2. Ниссен бойынша эзофагоанастомоз

  3. дистальді субтотальді резекция

  4. проксимальді субтотальді резекциясы

  5. Бильрот-1 бойынша асқазанды резекциялау

  1. Теңгерілмеген асқазан стенозында тән емес белгі?

  1. ауыздан жағымсыз иістердің шығуы

  2. рентгенологиялық зерттеуде барий сульфатының 24 сағаттан астам уақыт кідіруі

  3. аш қарынға «шолпыл шуылы»

  4. дисфагия

  5. зерттеуден күн бұрын ішкен тағаммен құсу