Файл: ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ.doc

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 2138

Скачиваний: 12

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қабынудың этиотропты емі

  • Себепкер ықпалға әсер ету

  • Бактериостатикалық және бактерицидті әсер ететін дәрілер

  • Зақымданған тіндерді кесіп алып тастау

  • Организм төзімділігін арттыру

Қабынудың патогенездік емі

  • Жасуша мембранасын тұрақтандыратын дәрілер (дәнекерлердің бөлінуін азайту, салдарлық әлтерация мен тамырлық серпілістерді азайту)

  • Антиоксиданттар (салдарлық әлтерацияны азайту)

  • Дәнекерлерге қарсы дәрілер (салдарлық әлтерацияны азайту)

  • Микроциркуляцияны жақсартатын дәрілер

  • Пролиферацияның көрсеткіштері

ТІС-ЖАҚ АЙМАҒЫ ТІНДЕРІНДЕГІ ҚАБЫНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Қабынудың себебі болып 95-98% биологиялық жайт есептеледі (ақ немесе алтын стафилококк)

  • Қабынудың дамуына септесетін жайт болып организмнің төзімділігінің төмендеуі, тіс-қызыл иектегі дерттік өзгерістер (ауыз қуысына нейтрофил, лизоцим, IgA түсуінің бұзылуы)

  • Микробтың таралуы одонтогенді жолмен өтеді (тіс жегінің асқынуы)

ТІС-ЖАҚ АЙМАҒЫ ТІНДЕРІНДЕГІ ЖІТІ ҚАБЫНУ

  • Альтерация мен экссудациясы басым гиперергиялық өтуі

  • Шектеулі кеңістікте орнығуы (ауыру сезімі)

  • Ұабыну ошағынан улардың қанға белсенді сіңірілуі (қандануының жоғары болуы)

  • Асқыну дамуының қатерлігі - мый тамырларының тромбозы

  • Жалпы серпілістердің әлсіз көрінуі (лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы болмайды)

ТІС-ЖАҚ АЙМАҒЫ ТІНДЕРІНДЕГІ СҮЛДЕ ҚАБЫНУ

  • Ағымы ұзақ

  • Жасушалар өндірілуі жоғары

  • Моноциттік сіңбенің дамуы

  • Дәнекер тінінің өсіп өнуі (мысалы: гранулематозды периодонтит)

Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 27-44

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 242-268.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497

  4. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.141-177

  5. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта.– Алматы, 2010., с.49-57

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 111-116.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 61-79

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

    1. Қабынуды неге біртектес дерттік үрдістерге жатқызады?

    2. Организмнің зақымдануға қорғану-бейімделу серпілісі ретінде қабыну нені сипаттайды?

    3. Қабыну кезіндегі зақымдану мен қорғанудың диалектикалық бірлігі неде?

    4. Қабынудың этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.



3 тақырып. АЛЛЕРГИЯ

Мақсаты: аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммунды-кешендік және жасуша қатысуымен өтетін түрлерінің этиологиясы мен патогенезінің негізгі сұрақтары бойынша білім қалыптастыру

Дәріс жоспары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Оның этиологиясы (себептері және жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.

  2. Кук, Джелл және Р. Кумбс бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі.

  3. Аллергиялық әсерленістердің сатылары ( иммундық әсерленістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сенсибилизация, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық әсерленістердің І, ІІ, ІІІ, ІҮ – түрлері патогенезінің ерекшеліктері:

а) аллергендердің табиғаты, сенсибилизация тетіктері;

б) негізгі дәнекерлері, олардың шығу тегі және биологиялық маңызы.

6. Гипосенсибидизация, түрлері, патогенезі.

7. Жалған аллергиялық серпілістер туралы түсінік, патогенезі.


Дәріс тезистері

АЛЛЕРГИЯ – организмнің өз тіндерінің зақымдануымен қабаттасатын иммундық әсерленістер (В.И. Пыцкий)

Аллергияның себептері – аллергендер.

Аллергендердің жіктелуі (по А.Д. Адо):

Экзоаллергендер: тұрмыстық, тағамдық, дәрі-дәрмектік, жануар тектес, өсімдік тектес, өндірістік, микробтар, саңырауқұлақтар

Эндоаллергендер: біріншілік (табиғи), екіншілік (жүре пайда болған)

Аллергияның туындауына септесетін жағдайлар: әлеуметтік жайттар, организмнің ерекшелігі

Аллергия иммунная реакция, сопровождающаяся повреждением собственных тканей организма (В.И. Пыцкий).

Причины аллергии – аллергены.

Классификация аллергенов (по А.Д. Адо):

Экзоаллергены: бытовые, пищевые, лекарственные, животного происхождения, растительные, промышленные, микробные, грибковые

Эндоаллергены: первичные (естественные), вторичные (приобретенные)

Условия, способствующие развитию аллергии: социальные факторы, особенности организма

Allergy - is immune organism reaction accompanied by tissue damage.

The term was coined by Austrian pathologist Pirket.

The causes of allergy are allergens. Classification of allergens (by A.D.Ado)

Exogenous: domestic alimentary, drugs, allergens, derived from animals, plants, industrial, infectious

Microbs, fungi

Endogenous- autoallergens: Primary (natural, congenital), secondary or acquired

Аллергиялық әсерленістердің жіктелуі:

Аллерген қайталап түскеннен соң серпілістердің пайда болу уақытына қарай (Р.Кук).

I.Аллергиялық әсерленістердің дереу түрі (дереу дамитын жоғары сезімталдық, ДДЖС)

Аллерген қайталап түскен соң 15-20 минөттен соң дамиды.

II. Аллергиялық әсерленістердің баяу түрі (баяу дамитын жоғары сезімталдық, БДЖС)

Аллерген қайталап түскен соң 24-48 сағаттан соң дамиды.


Патогенезіне қарай (П. Джелл және Р. Кумбс).

I. Аллергиялық әсерленістердің реагиндік (анафилаксиялық) түрі

Есекжем, поллиноз, Квинке ісінуі, атопиялық бронх демікпесі, анафилаксиялық сілейме.


II. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі.

аутоиммундық гемолитиздік анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, аутоиммундық гепатиттер, миокардиттер ж.б.

III. Аллергиялық әсерленістердің иммундық -кешендік түрі

Артюс феномені, гломерулонефрит, васкулиттер, альвеолиттер, жүйелі қызыл жегі ж.б.

IV. Жасушалар қатысуымен өтетін аллергиялық әсерленістер

Түйіспелі дерматит, жұқпалы-аллергиялық аурулар ( туберкулез, бруцеллез, сифилис, саңырауқұлақ аурулары)


Аллергиялық әсерленістердің патогенезі

Иммундық сатысы

Аллергенмен алғашқы кездескенде антиденелер немесе сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің (с-Тл) түзілуі (сенсибилизация)

Аллергенмен қайтадан кездескенде аллерген+антидене немесе аллерген+с-Тл кешендерінің түзілуі

II. Патохимиялық сатысы
Биологиялық бесенді заттардың – аллергиялық дәнекерлердің босауы, белсенділенуі, түзілуі

III. Патофизиологиялық сатысы (клиникалық көріністер сатысы)

Сенсибилизация – осы аллергенге организмнің жоғары сезімталдығының қалыптасуы, ол белгілі бір аллергенге арнайы антиденелердің немесе сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің түзілуімен сипатталады. Сенсибилизацияның клиникалық көрінісі болмайды. Сенсибилизация жағдайын аллергиялық сынамалар арқылы анықтауға болады. Белсенді және енжар сенсибилизацияны ажыратады.

Аллергиялық әсерленістердің I- түрі (реагиндік немесе анафилаксиялық түрі)

Аллергені өсімдіктер тозаңы, жануарлар және өсімдіктер нәруызы, дәрі дәрмектер.

Иммундық сатысы: аллергенмен алғашқы кездескенде E және G4 иммуноглобулиндері түзілуі, мес жасушалары немесе базофилдердің бетіне бекуі. Аллергенмен қайталап кездескенде мес жасушалары немесе базофилдердің бетінде аллерген+ антидене кешені түзілуі.

Патохимиялық сатысы: мес жасушалары немесе базофилдердің түйіршіксізденуі және түйіршіктерден: гистамин, гепарин, эозинофилдердің және нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары босап шығуы.

Мембрана фосфолипидтерінен лейкотриендер мен простагландиндердің түзілуі.

Патофизиологиялық сатысы: қан тамырларының кеңеюі және олардың өткізгіштігінің жоғарылауы, ісінудің дамуы, тегісеттердің жиырылуы, бронхоспазм, шырыштың артық түзілуі, жасушалардың зақымдануы, ринит, конъюнктивит, есекжем.

Аллергиялық әсерленістердің II түр (цитотоксиндік).

Аллерген: химиялық заттар, соның ішінде, жасуша мембранасында бекітілген дәрі-дәрмектер, (Au, Ni, Zn, Cu, сульфаниламидтер, антибиотиктер); жасушалар және жасушалық емес құрылымдар мембраналарының өзгерген бөліктері (бүйрек шумақтарының негізгі мембранасының, коллагеннің).

Иммундық сатысы: аллергенмен алғашқы кездескенде IgG1-3, IgM иммуноглобулиндері түзілуі. Аллергенмен қайталап кездескенде нысана жасушалардың бетінде аллерген+ антидене кешені түзілуі.

Патохимиялық сатысы: комплемент бөлшектерінің әсерленуі, лизосомалық ферменттердің бөлінуі (катепсиндер, ДНКаза, РНКаза, эластаза) және фагоцитозда супероксидті радикалдар (О-, ОН., Н2О2).

Патофизиологиялық сатысы: нысана жасушалардың еруі, тіректі мембрананың құрылымы бұзылуы (комплемент тәуелді цитолиз, комплемент тәуелсіз цитолиз).

Зақымданудың цитотоксиндік түрі аутоиммундық гемолитиздік анемиялар, лейкопениялар, тромбоцитопениялар, тиреоидиттің, миокардиттің, нефриттің, гепатиттің ж.б. аурулардың даму негізінде жатыр.



Аллергиялық әсерленістердің ІІІ түрі (иммундық-кешендік түрі).

Аллергендер көп мөлшердегі еритін нәруыздар, дәрі – дәрмектер , емдік сарысулар

Иммундық сатысы: аллергенмен алғашқы кездескенде IgG1,, IgG3 IgM иммуноглобулиндері түзілуі. Аллергенмен қайталап кездескенде ерігіш аллерген+ антидене кешені түзілуі, кешендердің айналып жүруі және ұсақ тамырлардың қабырғасына бекуі.

Патохимиялық сатысы: комплемент бөлшектерінің әсерленуі, фагоцитоздың әсерленуі және фагоциттерден лизосомалық ферменттердің және супероксид радикалдардың бөлінуі, лаброциттердің әсерленуі, олардың түйіршіксізденуі және гистамин, гепарин, серотонин, хемотаксистік факторлардың бөлінуі; простагландиндер, лейкотриендер, тромбоциттерді агрегациялайтын факторлапрдың түзілуі, калликреин-кинин жүйесінің, ұйытатын, ұюға қарсы және фибринолитиздік жүйенің әсерленуі.

Патофизиологиялық сатысы: тамырлар қабырғасының зақымдануы, тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы, қабыну дамуы.

Иммундық – кешендік түрі сарысулық ауру, аллергиялық васкулит, ревматизм, диффузды гломерулонефрит, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты полиартрит, Артюс феномені ауруларының даму негізінде жатады.


Аллергиялық әсерленістердің IV түрі (жасушаның қатысуымен жүретін).

Аллерген: микробтар (туберкулез, бруцеллез, лепра қоздырғыштары, пневмококтар, стрептококтар), вирустар, паразиттер, саңырауқұлақтар, құрттар, әлсіз иммундық қасиеті бар, молекулалық массасы төмен тіндік нәруыздар, вирусы бар жасушалар.

Иммундық сатысы: Аллергенмен қайтадан түйіскенде сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің (с-Тл) түзілуі, с-Тл нысана жасушалармен өзара әрекеттесуі.

Патохимиялық сатысы: с-Т- лимфоциттердің лимфокиндерді түзуі және босатып шығаруы

Патофизиологиялық сатысы лимфокиндермен, Т-жендеттермен, макрофагтардың лизосомалық ферменттерімен тін жасушаларының зақымдануы аллергиялық қабынудың (гранулематозды) дамуы.

Гипосенсибилизация организмнің аллергенге сезімталдығының төмендеуі. Оның арнайыланған (аллергияны туындатқан аллергенді енгізу арқылы қол жеткізіледі: А.М.Безредка әдісі бойынша сарысу енгізу, атопиялар кезінде аллергеннің аз мөлшерін енгізу) және арнайыланбаған (организмнің реактивтілігін өзгерту арқылы) түрлерін ажыратады.

Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 210-224

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 293-311.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1 с.362-403

  4. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2007.- с. 221-268

  5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. – С. 224-237.


Қосымша

  1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-135

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 92-101

  3. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2007, P. 193-223.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Джелл мен Кумбс бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі

  2. иммундық әсерленістер сатысының маңызы

  3. патохимиялық өзгерістер сатысының маңызы

  4. патофизиологиялық бұзылыстар сатысының маңызы

  5. аллергиялық серпілістердің жалған аллергиядан айырмашылығы қандай?


4 тақырып. ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ

Мақсаты: Жүрек жеткіліксіздігі патофизиологиясы бойынша білім қалыптастыру

Дәріс жоспары:

  1. Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы, түсінік, түрлері, сатылары

  2. Жүрек жеткіліксіздігі туралы түсінік, жіктелуі

  3. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрінің этиологиясы мен патогенезі

  4. Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрінің этиологиясы мен патогенезі

  5. Жүректің жиырылғыштық қызметі бұзылыстарының молекулалық – жасушалық тетіктері

  6. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері және көрсеткіштерінің өзгерістері

Дәріс тезистері

Жүрек жеткіліксіздігі – жүректің, ағзалар мен тіңдердің қызмет атқару деңгейіне сәйкес қан мөлшеріне мұқтаждығын қамтамасыз ете алмайтын жағдайы (миокардтың жиырылғыштық қабілетінің төмендеуі).

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі

  • Зорығудан болатын;

  • Миокардтың біріншілік бүліністерінен;

  • Перикардтың бүліністерінен;

  • Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан;

  • Біріккен бұзылыстардан - дамиды.


Жүрек бөліктерінің басымырақ зақымдалуы бойынша:

  1. Сол қарыншалылық

  2. Оң қарыншалық

  3. Тұтас

Сердечная недостаточность- уменьшение сократительной способности миокарда, состояние, при котором сердце не обеспечивает потребности органов и тканей в кровоснабжении, адекватном их функции (П.В. Литвицкий)

По патогенезу

  • Перегрузочная

  • Миокардиальная

  • Смешанная

По преимущественному поражению отделов сердца

  • Левожелудочковая

  • Правожелудочковая

  • Тотальная

Heart failure (HF) is the state when impaired cardiac function is unable to maintain an adequate circulation for the metabolic needs of the tissues of the body. (Harsh Mochan). Malfunction of the heart itself, to pump enough blood to satisfy the needs of the body (Guyton)

Pathogenic classification

  • HF due to increased workload

  • Myocardial HF

  • Miscellaneous HF

According to localization of damage

  • Left-sided

  • Right-sided

  • Total


Өту ағымына қарай: қауырт және созылмалы

Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі:

(ол миокардқа жоғары жүктеме түсуінің және нәтижесінде дамиды және жүректің іркілулік созылмалы жеткіліксіздігі дамуына әкеледі)

Зорығудың түрлері:

1. Көлеммен зорығу

    • гиперволемия (эритремия, ауыр дене жұмысы)

    • жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі → жүрек қуыстарының диастола кезінде қанмен толуының ↑ (жүктеме алды)

    • жүректің ұзақ бейімделулік гиперфункциясы