Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 42951

Скачиваний: 258

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

701

 

Дерттік  жүйе  -  деп  ОЖЖ-нің  бүліністерінен  пайда 

болатын  жаңадан  қалыптасқан  дерттік  өзгерістерді  дамытып 
тұратын  функциялық  құрылымды  айтады.
  Бұл  жүйенің  мысалы 
болып, 

дерттік 

қасыну 

рефлексін 

келтіруге 

болады. 

Тәжірибеде  егеуқүйрықтардың  жұлынында  күшейген  дерттік 
қозу  генераторын  жасанды  түрде  туындату  арқылы  дерттік 
қасыну рефлексін байқауға болады. Бұл жағдайда тәжірибелік 
жануарлар  артқы  аяқтарымен  қатты  қасына  бастайды.  Уақыт 
өткен  сайын  қасыну,  тері  мен  еті  жыртылғанына  қарамай, 
күшейе  береді.  Осындай  еріксіз  қозғалыстар  адамдардың  да 
жүйке жүйесінің көптеген дерттерінде кездеседі. 

Әрбір  дертке  өз  бетінше  дерттік  жүйе  қалыптасуы  тән. 

Мәселен, 

қояншық 

ауруына, 

паркинсонизмге, 

қорқыныш 

сезіміне,  құбыжық  (фантомдық)  ауыру  сезіміне  т.б.  ми 
қызметінің 

бұзылыстарына 

өзінің 

дерттік 

жүйесі 

қалыптасады. 

Сайып келгенде, жүйке жүйесінің әртүрлі бұзылыстарында 

салдарлық  эндогендік  себепкер  ықпалдардың  -  «күшейген 
дерттік  қозу  генераторы-дерттік  анықтаушы-дерттік  жүйе» 
қалыптасуы  маңызды  орын  алады.  Бастапқы  кезінде  дерттік 
жүйе  дерттік  анықтаушыдан  тікелей  байланысты  дамиды.  Сол 
себептен 

дерттік 

анықтаушының 

белсенділігі 

артқанда 

дерттік  жүйенің  де  белсенділігі  көтеріледі.  Ал,  дерттік 
анықтаушы  аластанғанда  дерттік  жүйеде  жоғалады.  Артынан 
дерттік  жүйе,  анықтаушы  аластанса  да,  қалыптасқан  күйінде 
сақталып қала береді. 

Дербес жүйке жүйесінің бұзылыстары 

Дербес жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық 

бөліктерден  тұрады.  Симпатикалық  жүйкелер  омыртқалардың 
бойында  орналасқан  тораптардан  басталады.  Бұл  торап 
жасушаларына 

жұлынның 

кеуде 

және 

бел 

бөліктерінің 

нейрондарынан 

талшықтар 

келеді. 

Парасимпатикалық 

жүйкелердің орталығы ми бағанасында және жұлынның сегізкөз 
бөлігінде 

орналасқан. 

Симпатикалық 

тораптардан 

және 

парасимпатикалық  жүйкелердің  орталықтарынан  аксондар  ішкі 
ағзаларға  келеді  және  олардың  жанындағы,  іштеріндегі 
тораптармен  синапстық  байланыстар  құрады.  Ішкі  ағзалар 
қарама-қарсы 

әсер 

ететін 

әрі 

симпатикалық, 

әрі 

парасимпатикалық жүйкелермен жүйкеленеді. 

Дербес 

жүйкелік 

рефлекстердің 

доғалары 

жұлында, 

сопақша  және  ортаңғы  мида  түйіседі.  Сондықтан  орталық 
жүйке 

жүйесінің 

осы 

бөліктерінің 

бұзылыстары 

ішкі 

ағзалардың  қызметтерінің  бұзылыстарына  әкеледі.  Мәселен, 
жұлыны 

үзілген 

жануарларда, 

қимылдық 

әрекеттердің 

бұзылыстарынан  басқа,  артериялық  қан  қысымының  қатты 
төмендеуі,  жылу  реттелістерінің,  тер  шығарылуының,  үлкен 


background image

 

702

 

және кіші дәрет шығарылуларының бұзылыстары байқалады. 

Сопақша  мида  бұзылыстар  болғанда  көзден  жас  шығуы, 

сілекейдің  және  ұйқыбез  бен  асқазан  сөлдерінің  шығарылуы 
бұзылады.  Сонымен  бірге,  тыныс  алу  және  қан  тамырларының 
қимылдық орталықтарының қызметтері өзгереді. 

Дербес 

жүйке 

жүйесінің 

әрекеттері 

мидағы 

торлы 

құрылымның,  гипоталамустың,  таламустың  және  мидың  сыртқы 
қыртысының  қызметтерімен  тығыз  байланысты.  Олар  дербес 
жүйке  жүйесінің  жеке  бөліктерінің  өзара  қатынастарын  және 
дербес  жүйкелік,  денелік  (соматикалық),  ішке  сөлденісті 
жүйелердің 

өзара 

байланыстарын 

меңгеріп, 

біріктіріп 

тұрады.  Сол  себептен  бұл  құрылымдардың  өзгерістері  ішкі 
ағзалардың қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі. 

Симпатикалық  жүйкеленудің  бүліністері.  Жануарларда 

симпатикалық жүйкелердің тізбегін, омыртқалар жандарындағы 
тораптарын  отап  тастауды  толық  десимпатизация  деп  атайды. 
Осының  нәтижесінде  көптеген  ағзалардың  жүйкелік  нәрленісі 
(трофикасы), 

қан 

тамырларының 

қимылдық 

әрекеттері 

бұзылады.  Дененің  көптеген  жерлерінде  қан  тамырларының 
артериолалары 

кеңіп 

кетеді, 

артериялық 

қан 

қысымы 

төмендейді.  Жүректің  жиырылу  қабілеті  төмендеуінен  оның 
әлсіздігі  дамиды,  ішек-қарынның  қимылдық  әрекеттері  артып 
кетеді,  қуық  пен  жел  ішектің  қыспақтары  ашылады. 
Десимпатизацияның 

нәтижесінде 

тіндер 

мен 

ағзаларда 

тотығулық  үрдістер  азаяды,  дене  температурасы  төмендейді, 
гипогликемия,  лимфоцитопения,  нейтрофилез  дамиды.  Қанда 
кальций азайып, калийдің мөлшері көбейеді. 

Симпатикалық  жүйкелердің  межеқуаты  көтерілуі  жоғарыда 

көрсетілгендерге қарсы бағыттағы өзгерістерге әкеледі.  

Парасимпатикалық 

жүйкеленудің 

бүліністері. 

Парасимпатикалық  жүйке  жүйесі  қозымдылығының  көтерілуі 
кейбір 

адамдарда 

тұқым 

қуалаушылықтың 

ерекшелігіне 

байланысты болуы мүмкін. Бұндай адамдарды ваготониктер деп 
атайды.  Олардың  айырша  безі  мен  лимфалық  түйіндері 
үлкейген  болады.  Бұл  адамдарда  кезбе  жүйкені  шамалы 
тітіркендірудің  өзі  жүректің  тез  тоқтауына,  аяқ  астынан 
адамның  өліміне  әкеледі.  Бұл  жағдайда  парасимпатикалық 
жүйке 

жүйесі 

қозымдылығының 

көтерілуі 

симпатикалық 

жүйкелердің межеқуаты жоғарылауымен қабаттасады. 

Парасимпатикалық  жүйкелердің  тітіркенуі  сопақша  мидағы 

кезбе  жүйкенің  (n.  vagus)  орталығы  қозуынан  (миға  қан 
қүйылудан  немесе  өспе  өсуінен  бас  сүйек  ішінде  қысым 
көтерілуі  кездерінде)  немесе  жүректе  т.б.  ішкі  ағзаларда 
кезбе  жүйке  аяқшаларының  өт  қышқылдарымен  және  басқа 
заттармен  •гітіркенуінен  дамиды.  Осыдан  жүрек  соғуы 
сирейді,  брадикардия  дамиды,  артериялық  қысым  төмендейді, 


background image

 

703

 

ішек-қарынның толқи жиырылуы күшейеді, іш өтуі байқалады. 

Парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  қозымдылығы  көтерілуі 

мына жағдайларда болуы мүмкін: 

●  кейбір  заттардың  (калий  иондары,  В

1

-витамині,  ұйқы 

безінен  алынған  зат 

-  ваготонин,  холин,  тұмаудың 

вирустары, 

бактериялар, 

кейбір 

аллергендер 

т.с.с.) 

ацетилхолиннің әсерін күшейтуден; 

● 

кейбір 

заттардың 

холинэстераза 

ферментінің 

белсенділігін  төмендетуінен.  Бұл  заттарға  соғыс  кезінде 
қолданылатын фосфорорганикалық көптеген улы заттар жатады. 
Осыдан  парасимпатикалық  жүйкелік  түйіспелерде  ацетилхолин 
ыдыратылмай, тым артық жиналып қалады да, адамның өліміне 
әкеледі. 

Парасимпатикалық  жүйкеленудің  болмауы  немесе  әлсіреуі. 

Бұндай  жағдай  кезбе  жүйкелерді  мойында  қию  операциясынан 
(ваготомиядан)  кейін  дамиды.  Олар  өте  ауыр  өтіп, 
жануарлардын өліміне әкеледі. Ваготомиядан кейін: 

● 

өкпеден 

Геринг-Брейер 

рефлексінің 

болмауынан 

тыныстық қозғалыстар тереңдеп, сирейді 

●  көмекейді  жабатын  еттердің  салдануы  дамып,  жұтыну 

кезінде  тағамның  тыныс  жолдарына  және  өкпеге  түсуі 
байқалады. Осыдан адам мен жануарлар жұту кезінде шашалып, 
өкпелерінде  қабыну  үрдістері  дамиды.  Мұндай  өкпе  қабынуын 
аспирациялық пневмония дейді 

● өкпеде тамырларды тарылтатын жүкелік әсер болмауынан 

онда  қан  іркіліп,  өкпенің  ісінуі  дамиды.  Бұл  өкпенің 
қабынуына  әкеледі.  Бұндай  қабынуды  «вагустық  пневмония» 
дейді; 

●  асқазан  мен  ұйқыбез  сөлдерінің  бөлініп  шығарылуы 

азаяды. Осыдан ас қорыту бұзылады.  

Кезбе  жүйкенің  жекелеген  тармақтарын  қию  асқазан  мен 

ұлтабардың  ойық  жара  ауруы  кезінде  қолданылады.  Бұндай 
операцияны сегменттік ваготомия деп атайды. Осыдан асқазан 
сөлінде тұз қышқылы азайып, ойық жара дамуын әлсіретеді. 

Жүректің 

парасимпатикалық 

жүйкеленуінің 

бұзылуы 

бактерия  уыттарының  (ботулин,  күл  ауруы),  іш  сүзегі 
бактериялары антигендерінің әсерлерінен дамиды. 

Парасимпатикалық 

жүйкелердің 

жұлынның 

сегізкөз 

бөлігінде  бұзылуы  жарақаттың  немесе  осы  аймақта  өспе 
өсуінің  нәтижелерінде  байқалады.  Осыдан  несеп  шығарылуы 
мен үлкен дәрет сындыру, жыныстық қызметтердің бұзылыстары 
дамиды. 

Дербес 

жүйкелік 

невроздар. 

Дербес 

жүйкелік 

жүйкеленудің бұзылыстары кең тараған дерттерге жатады. Бұл 
кезде  әрі  парасимпатикалық,  әрі  симпатикалық  жүйке 
жүйелерінің  бұзылыстары  біріккен  түрде  болады.  Бүл 


background image

 

704

 

жүйкелердің 

қозымдылығы 

қатты 

және 

ұзақ 

мерзімге 

көтеріледі.  Осыдан  жүректің  ырғағы  мен  соғу  жиілігі 
бұзылады,  қан  тамырларының  межеқуаты  құбылып  тұрады. 
Кейбір  адамдарда  артериялық  гипертензия,  кейбіреулерінде 
керісінше,  гипотензия,  ал  басқаларында  артериялық  қысым 
өте  құбылмалы,  біресе  жоғарылап,  біресе  төмендеп  кетуі 
мүмкін. Мұндай жағдайды қан  тамырлық дистония деп атайды. 
Сонымен  бірге  дербес  жүйкелік  невроздар  кездерінде  тер 
шығуының  бұзылыстары,  біресе  бұрқ  етіп  тершеңдік,  бірде 
керісінше  терінің  құрғақтығы  байқалады.  Теріде  ақ  немесе 
қызыл  дермографизм,  ас  қорытылудың  (іш  өтуі,  іш  кебу,  іш 
жүрмеу) бұзылыстары дамиды. 

 

Ауыру сезімінің патофизиологиясы. 

Ауыру  адамның  өзіндік  тұлғалық  сезімі.  Ауыру  деп 

адамның  жандүниесі  мен  көңіл  күйін  меңгеретін  мидың 
жоғарғы  бөліктері  мен  ауыру  сезімінің  арнайы  жүйесінің 
қатысуымен  дамитын  жанға  жайсыз  ауыр  тұлғалық  сезімді 
айтады.  Ол  ағзалар  мен  тіндерді  бүліндіретін  әсерлер 
туралы  немесе  сыртқы  орта  ықпалдарынан  дамыған  бүліністер 
мен дерттер туралы организмге дабыл береді. Ауыруды сезіну 
жүйесін  ноцицепциялық  (лат.  nосеге  -  бүліндіру,  сереге  - 
сезіну)  жүйе  -  деп  атайды.  Ауыру  физиологиялық  және 
патологиялық  болады.  Әдетте  ауыру  сезімінің  физиологиялық 
қорғаныстық 

маңызы 

бар. 

Ауыру 

туындататын 

тітіркендіргіштерден  (ыстық  температура,  жарақат  т.т.) 
адам  немесе  жануарлар  аяқ-қолын  тез  тартып  алады.  Сол 
арқылы  бүліндіргіш  әсерлерден  сақтанады.  Ал  туа  біткен 
немесе  жүре  пайда  болған  жүйке  жүйесі  дерттерінің 
нәтижесінде 

ауруды 

сезбейтін 

адамдар 

тіндерінің 

бүліністерін  де  байқамайды.  Содан  адамның  өміріне  қауіп 
төндіретін ауыр қан кетулер т.б. асқынулар дамуы мүмкін. 

Патологиялық  ауыру  ноцицепциялық  және  оған  қарсы 

жүйелердің  арақатынасы  өзгеруден  дамиды  және  ол  жүрек-қан 
тамырлары жүйесінде, ішкі ағзаларда, жүйкелік, эндокриндік 
және иммундық жүйелерде микроциркуляцияның бұзылыс-тарына, 
дистрофия  дамуына,  жанның  күйзелуіне  т.б.  құбылыстарға 
әкеледі.  Тым  қатты  ауыру  сезімінің  зардабынан  организмнің 
тіршілігіне қатерлі ауыр сілейме (шок) дамуы ықтимал. 

Ауыру сезімі шеткері ағзалар мен тіндердің бүліністері 

нәтижесінде  немесе  жүйке  жүйесінің  орталық  бөліктерінде 
(жұлында 

немесе 

мида) 

пайда 

болған 

эндогендік 

өзгерістерден дамуы мүмкін. Осыған байланысты олардың даму 
жолдары да әртүрлі болады. 

Шеткері тіндердің бүліністерінен дамитын ауыру сезімі 

және оның даму жолдары. 


background image

 

705

 

Ауыру  шеткері  тіндердің  бүліністерінен  дамиды.  Ауыру 

туындататын  тітіркендіргіштерді  организмде  ноцицепциялық 
жүйе  қабылдайды.  Бұл  жүйенің  қабылдағыш,  өткізгіш  және 
орталық бөліктері бар. 

1. 

Қабылдағыш 

бөлігі. 

Ауыру 

туындататын 

тітіркендіргіштерді 

теріде, 

шырыппы 

қабықтарда, 

бұлшықеттерде, буындарда, сүйектердің сыртқы қабықтарында, 
саусақтардың  ұштарында,  ішкі  ағзаларда  орналасқан  арнайы 
қабылдағыштар 

(рецепторлар) 

қабылдайды. 

Бұларды 

ноцицепторлар 

деп 

атайды. 

Олар 

механоноцицепторлар, 

термоноцицепторлар  және  хемоноцицепторлар  болып  бөлінеді. 
Бұл қабылдағыштар ағзада неғүрлым көп болса, соғүрлым онда 
ауыру  сезімі  қатты  болады.  Мәселен,  тістің  ұлпасы  мен 
көздің мөлдір қабығында ауыру сезімі қатты сезіледі. 

Механоноцицепторлар  механикалық  әсерлерден  қоздырылады 

және  жүйке  аяқшалары  мембраналарының  натрий  иондарына 
өткізгіштігін жоғарлатып, деполяризация туындатады. Осыдан 
сезімтал  жүйке  талшықтарында  әрекет  ету  потенциалы  пайда 
болады. 

Хемоноцицепторлар 

химиялық 

заттардың 

әсерлерінен 

қозады.  Бұл  химиялық  заттарға  сутегі,  калий  иондары, 
ацетилхолин,  брадикинин,  гистамин,  соматостатин,  Р-заты 
т.б. жатады. Оларды ауырудың медиаторлары деп атайды. Бұл 
заттарға хемоноцицепторлардың сезімталдығы ПГЕ

1

, ПГЕ

2

, ПГF

2

 

түрлес  простагландиндердің  әсерлерінен  қатты  көтеріледі. 
Сондықтан  простагландиндердің  түзілуін  шектейтін  дәрі-
дәрмектер  (аспирин,  амидопирин,  анальгин  т.с.с.)  ауыру 
сезімін азайтады. 

Сонымен  бірге,  бүлінген  жүйке  талшықтары  көптеген 

әсерлерге  өте  сезімтал  болады.  Мәселен,  неврома  әртүрлі 
механикалық,  температуралық,  химиялық  әсерлерді  қатты 
сезінеді.  Сондықтан  бұл  кезде  организмнің  өзінің  ішкі 
жағдайы,  көңіл-күйінің  өзгерістеі  қатты  ауыру  сезімінің 
ұстамаларымен қабаттасуы мүмкін. 

2.  Өткізгіш  бөлігі.  Ауыру  сезімін  қабылдағыштардан 

серпіндерді  өткізетін  арнайы  жүйке  талшықтары  болады.  Бұл 
талшықтар екі түрлі болуы мүмкін: 

●  біріншісі,  миелин  қабығы  бар  жуан  -  А  талшықтары, 

серпіндерді секундына 4-3 метр жылдамдықпен өткізеді; 

● екіншісі, миелин қабығы жоқ, жіңішке  - С талшықтары, 

серпіндерді секундына 0,4-2 метр жылдамдықпен өткізеді. 

Көрсетілген  жүйке  талшықтарының  өткізу  жылдамдығына 

байланысты 

ауыру 

туындататын 

тітіркендіргішке 

жауап 

ретінде  адам  алдымен  белгілі  жерге  орналасңан  өте  қатты 
алғашқы  ауыруды,  ал  артынан  орналасқан  жері  толық 
анықталмаған сәл бәсең екіншілік ауыруды сезінеді. Бірінші