Файл: Негізгі мектепті бітіру кеші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Негізгі мектепті бітіру кеші
1-жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар,ата-аналар!

2- жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар,9-сынып түлектері.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар!
2018 - 2019 оқу жылында № 48 жалпы орта білім беретін мектебінен 49 оқушы негізгі мектепті бітіргелі отыр.
Бүгінгі негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру салтанатты жиынын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды шығады,- деген нақыл сөз ойға оралып, білімді оқушылардың асар биігі алда екендігі сөзсіз. Мектеп ұжымы 1 жыл білімді үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналып, бүгін «Үздік куәлік» иесі атанып отырған Агишева Аққу, Насетова Гүлнәз, Жақсылықова Әсем, Жасенова Мадинаны мақтан етеді.

2- жүргізуші: Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын куәлік тапсыру кеші біздің мектебімізге де келіп жетті.

  1. жүргізуші: Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,

Жоғалмасын ата-салтың, ғұрыптарың.

Кір келтірме ата-ана,мектебіңе,

Өскен ұя, ордаңды ұмытпағын.

2- жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді қарсы алайық ағайын
(түлектер бір - бірден шығады)

  1. жүргізуші: ҚР-ның Гимні орындалсын!

  2. Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Мусагалиев Артур Василийұлына беріледі.

  3. Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік

1.---------------------------------------------

2---------------------------------------------

3.------------------------------------------------
1- жүргізуші: 9а -сыныбында 26 оқушы бар.12 ұл бала, 14 қыз бала.

9б –сыныбында 23 оқушы бар.8 ұл бала, 15 қыз бала.

1- жүргізуші: Өмірде өшпейтін іс балаға берген – білім , мейірім,қамқор,пейіл.

Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай парызым деп түсінген ұстаздар.

Ұстаздарға сый (слайд):

1.Ажырамай мектептен бір елі сіз

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз

Мектебіміздің мәңгілік жүрегі боп

Әрқашан қолдап бізді тілеуіңіз

2. Өмір тәтті,өмір деген шырын гүл

Тілек деген-жүректегі діріл бір

Оқушыға білім нәрін берсеңдер

Болашағы болмау ұшін бұлыңғыр

3.Анамыздай сыр шерткен

Ақыл-білім үйреткен

Қазақ тілін оқимын

Ерекше зор құрметпен


Ол мұғалім-Замзагуль

4.Пәндердің бірі шет тілі

Шетелден келген пән түрі

Қуана оны оқимыз

Ағылшын тілін шаттана

Ол мұғалім-Бағдагуль мен Ақбота

5.Алгебра сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Өмір сырын үйреткен

Мәнінен ой табамын

Ол мұғалім- Асия

6.Тарих деген түп қазығым тамырым

Тамырымды білу менің парызым

Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен

Мархабат пен Мейірбек ағайлар көп қой сізге қарызым

8.Бар ғұмырын химияға арнаған

Ол білмейтін элементтер қалмаған

Медет ағай сізгеде мың алғыс

Химияны ойға түйіп оқытудан талмаған

10.Меңгеремін механиканың қыр-сырын

Мен ғарышқа жетермін

Айтқаныңды ұғып ап

Оған мені жетелеп үйреткен

Ол мұғалім Молдир

11. Пәндердің бірі – орыс тілі

Өткен алдан ғұламалар, ғалымдар

Басын иген құдіретіне дарыңдар

Орыс тілін ерекше ұғып алыңдар

12. Ұстазым екінші анам аялаған

Біздерден бар білімін аямаған

Жетекші апай сізге ерекше мың алғыс

Таңертең күнде құшай жаяр алдан
Ән: _____________________________
1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

2 жүргізуші: Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар. 

(қолдан жасалған сый сияпат)
Ән:_______________
2 – жүргізуші: Ұстаз- жақсылықтың жол ашары,

Қолында шәкіртінің болашағы.

Өмір алға қарай жалғасады,

Сынып жетекшісі _________________сөз алады.
Ән: ________________
1 – жүргізуші: Алдарыңда жол жатыр таралған мың,

Шақырады қол бұлғап сан арманың.

Жеткіншектер жеткізіп мұраттарға,

Орындаңдар әке мен ана арманын – деп келесі құттықтау сөз ата-ана __________беріледі.
Би: Вальс
Мектеп маңы толыпты жарасымға

Ізгілікте мейірім бәрі осында

Өмірге қанат қақты жас өрендер

Асыл арман, гүл атын саласында-деп жүректері лүпіл қаққан 9 сынып түлектеріне сөз кезегін береміз.


Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда , Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда . Қол соғып қошаметпен шақырайын , "Жұлдыздар" келсiн, кәне ортамызға!
Шығармашылық қабілеттері бар адамдар, сіздерге салтанатты сәт келіп тұр – аттестат берілу кезеңі.

Жүргізуші: Ал ендi, көптен күткен салтанатты мерзiм де келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 9 жыл бойы, бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.

2 жүргізуші : Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз – деп келесі сөз кезегін мектеп директоры

Мусагалиев Артур Василийұлына беріледі.

(куәлік тапсыру сәті)

2 - жүргізуші:
Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім.
Құрметті оқушылар еңбек етіп білім шыңына жетіңіздер.
Назарларыңызға әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән: ____________________________________
1 - жүргізуші: Осымен 2018 - 2019 оқу жылындағы 49 оқушыға негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік тапсыру салтанатты жиынын жабық деп жарияланады.