Файл: Мектепалды даярлы тобы Кні 14. 04. 2023ж Білім беру саласы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:14.04.2023ж
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Жапсыру
Тақырыбы: « Гүлдер ».
Мақсаты: Затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту; математикалық ұғымдарын бекіту; сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Бөлме ішіндегі гүлдерді бақылау.
Әрекет кезеңі | Тәрбиешінің қызметі | Балалар қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Тілек шоғы » жылулық шеңбері. Педагог әр баланың қолына бір – бір гүлден таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады. Жылы сөз айту жалғасады. Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы » болып, педагогтің өзіне оралады. Кімде – кім жақсы тілек айтса, жақсы тілек ойласа, сол үлкен жақсылыққа айналып өзіңе қайтады. | Балалар жылулық шеңберін құрып, айналып жүреді. Бала педагог ұсынған гүлін өзінің гүлімен қосып келесі балаға береді. |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік | Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі. Құмырадағы гүл туралы әңгімелеу. Алдымен педагог балаларға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды, содан соң гүлдерді жапсыру техникасын көрсетіп, түсіндіреді. -Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін қиямыз. Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап дем алам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Тәрбиеші қарайды, Аяққа бір, қолға бір. -Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату. -Құмырада неше гүл бар? -Күлтелерін санап көрейік? - Сабағын санайық? - Жапырағы нешеу екен? Қимылды ойын: « Гүл жинау». Мақсаты: Балаларды шапшандыққа баулу. | Балалар өздері білетін бақша гүлдерінің атын атайды. Балалар әңгімеге белсене араласып отырады. Бәрін мұқият тыңдайды. Балалар өлең ырғағымен қимыл – қозғалыстар жасайды. Қиып алған бөліктерін сюжетті суретке жапсырады. Балалар санайды. - 1 гүл бар - 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. - 1,2,3. - 1,2,3,4,5,6. Балалар қызығушылықпен ойнады. |
Рефлексифті- түзетушілік | Балалар, осы дайындаған гүлімізді Әселге сыйлаймыз. Әже, қараңызшы, біздің балалар қандай әдемі гүлдер жасады. Әже педагогпен бірге балаларды мақтайды. Әже балалармен қоштасады. | Балалар бір – бірінің жұмыстарын жасаған өз білгендерінше бағалайды. Әжемен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: Гүлді үлгі бойынша жапсырады;
Меңгеру: Затқа қарап жапсыру дағдысын;
Тәрбиеші : Қазыбай А.Қ