Файл: Трбие саатыны таырыбы Елін орау ерге серт Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Елін қорғау - ерге серт

Мақсаты: Білімділік: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру:

Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өлеңді мәнерлеп оқу мәнерін, өнерлерін көрсете білуге, сахнада өздерін көрсете білу арқылы эстетикалық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды туған елін, жерін Отанын, тілін, мәдениетін құрметтеп, тарихты терең бағалай отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

Көрнекіліктер: «7 мамыр Отан қорғаушылар күні», слайд шоу, гүлдер, шарлар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

I Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ұстаздар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз.

II Жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен гүлін.

Ардақты әкелерге, ағаларға, ұлдарымызға шын көңілден,

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін 3 - ші «в» сынып оқушыларының «Елін қорғау - ерге серт» атты мерекелік ашық тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

І Жүргізуші: Отан қорғаушы күні – 2018 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 26 жыл толады. Бұл күн – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.

II Жүргізуші: Қазақстан – кең байтақ, 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етіп жатқан мемлекет. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кітабында «Ұлттық бірліксіз патриотизм жансыз» деген ойды айтқан. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден - бір жолы – жастайынан патриоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біт­кен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді.


- Кәне, кім Отан туралы не біледі? Ортаға шығып айтуға болады.(Отан туралы әдеби монтаж)

І Жүргізуші: Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,

Әнге толсын, күйге толсын кештерің, Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Орындайтын Дүйсенбайқызы Сабина

II Жүргізуші: Ел - халқына шат - шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан - теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Ұлдарымызға амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын! Арайланып ақ таң шын Ашық болсын! Мейрамдарың бүгінгі Құтты болсын ұлдар!

«Сарбаздар» әні. Орындайтындар: Тасқынбай Нұрилла және ұлдар тобы. Көрініс: «Әскерге шақыру». Шалғай ауылда өмір сүріп жатқан отбасы. Ержетіп қалған Азаматты әскерге шақыру қағазы келді. Пошта қызметкері Мұса үйге кіріп келеді.

Мұса: -«Ассалаумағалеикум».

Касым атай: (Асет) -«Уағаликум салам» балам, төрге шық. Қандай шаруамен жүрсін.

Муса: (- Ақсақал, Азаматқа әскерге шақыру қағазын әкелдім дейді.

Дария әжей: (Сабина) - Жалғыз баламды әскерге қалай жіберемін. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Біздің күніміз не болады? Жоқ, мен жібере алмаймын.

Касым атай: (Асет) - Жібере алмаймының не? Азаматтық борышы, өз пікірін тындайық.

Азамат: (Нұрсейіт) - Елбасымыз Н. А. Назарбаев: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген. Бұл сөздерді іштей қайталаған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Апа, ата ақ баталарыңызды беріңіздер. Мен әскерге барамын.

Касым атай: (Асет) - Бәрекелді, сенен күткен жауабым да осы еді. (қол соғу)

І Жүргізуші: 1992 жылдың 7 мамырында Елбасымыз Н. А. Назарбаев Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш рет республикамыздың қарулы күштерін құрылды. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз армиямыз, әскерлер түрін түзілді. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды.

ІI Жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты, Төгілген күн нұрының шапағаты. Ортада биші қыздар би билейді, Халайық қол соғыңыз мархабатты. Би «Қамажай.». Орындайтын 3 «В» сынып қыздар би тобы.

I Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің тәрбие сағатымыз 9 - мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында өтіп жатыр. Бұл мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, еліміздің іргесі тыныш болып, аспанымыз әрқашан ашық болсын!

II Жүргізуші: Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.

Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Кәне, Жеңіс күніне арналған өлең білетіндерің бар ма?

I Жүргізуші: Би «Катюша» Орындайтындар қыздар тобы.
II Жүргізуші: Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Отан қорғаушылар күні Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды.

І Жүргізуші: Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

II Жүргізуші: Әкелеріміздің құрметіне Шаяхмет Аймираның орындауында «Әке - әнім» өлеңін қабыл алыңыздар.

І Жүргізуші: Жыр айтқан балардан айналамын

Елім деп еміренсе жанданамын.

Жүректер Қазақстан деп соқса,

Марқаямын, мақтанамын қуанамын!- дей отырып, 3 - в сынып оқушыларының орындауында би «Қаражорға»

II Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің болашағы Өмірді алға қарай өрлететін Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы – дей отырып, 3 - ші «В» сынып жетекшісі Сабила апайымызға сөз кезегін жолдаймыз.

Балалар, біздер бүгін сыныпта «Елін қорғау – ерге серт атты» Отан қорғау күніне арнап үлкен шара ашық тәрбие сағатын өткізіп жатырмыз.


- Жалпы Отан дегеніміз не? Кім қалай түсінеді?

- Әр адамның өзінің туған жері, елі болады. Соны Отан дейміз,

Біздің Отанымыз, еліміз қандай? Біздің Отанымыз – Қазақстан. Отан – ана. Отқа түссең күймейсің, суға түссең батпайсың. Отан сенің қорғаның. Қазақстанның жері ұлан байтақ. Қазақстан көп ұлтты ел.

- Ал, сарбаздар деп кімді айтамыз.? Өздеріңіз айтыңыздар ғой. Елін, жерін Отанын еліміздің тыныштығын қорғайтын сарбаздар. Сіздер өскенде сарбаз боласыздар ма?

- Біздер түнде тыныш тәтті ұйқыда жатамыз, ал біздің Отанымыздың тыныштығын қорғайтын осы сарбаздар екен. Отанды қорғау әрбір адамның міндеті. 1941 - 45 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Биыл Ұлы Жеңіске 73 - жыл толады. Отанды қорғауға көптеген ата - әжелеріміз қатысты. Ол кезде олар 17 - 18 қыздар мен жігіттер. Отан үшін өз өмірлерін қиды. Мынау кімдер?( Әлия мен Мәншүктің суретін көрсету)

Мен енді ер балалармен «Кім мықты?» ойынын өткізгелі отырмын. Сұраққа жауап берген балаларға сыйлықтарымыз бар беретін. Күшпен сынаспаймыз, біліммен сынасамыз.

Сұрақтар:

1. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?(130 - дан астам)

2. Біздің Отанымыз қалай аталады?(Қ. Р)

3. Біздің еліміз қандай мемлекет?(тәуелсіз, егеменді)

4. Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?(1991ж. 16 жел)

5. Қ. Р бас қаласы, астанасы қай қала? (Астана)

6. Еліміздің президенті кім?(Н. А. Назарбаев)

7. Қазақстанда не өндіріледі?(алтын, мұнай, көмір, түрлі - түсті металдар)

8. Қазақстанның қандай қалаларын білесің? (Алматы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Семей, Т. б. қалалары бар.

9. Қазақстанда қанша халық тұрады? (16 млн)

10. Қазақстанның рәміздерін ата.(әнұран, туымыз, елтаңбамыз, президентіміз, теңгеміз)

11. Біздің Отанымыздан ұлы адамдар шыққан Қандай ұлы адамдарды білесің?(Абай Құнанбаев, ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбергенұлы, Ж. Жабаев)

12. Тұңғыш республикамыздың қарулы күштері қашан құрылды?(1992ж, 7 - мамыр. Елбасымыз Н. А. Назарбаевтың жарлығымен құрылды)

13. Ұлы Отан Жеңісіне неше жыл толады?(73жыл)

14. Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Бауыржан Момышұлы, Алия, Мәншүк, Рақымжан Қошқарбаев, Нүркен,)

15. Отан туралы қандай мақал - мәтел білесің?

I Жүргізуші: Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Хор « Атамекен»


ІI Жүргізуші: Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар! 3 «В» сынып ұлдарын құттықтауға рұқсат етіңіздер!

I Жүргізуші: 3 «В» сынып оқушыларының «Елін қорғау - ерге серт» атты ашық тәрбие сағатымызды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Құттықтау сөзді апайларға, ата - аналарға жолдаймыз.