Файл: философия кафедрасы 5В020100 Философия мамандыына арналан ofkmm 3310 философия.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 45
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ
5В020100 «Философия» мамандығына арналған
OFKMM 3310 «ФИЛОСОФИЯ» пәні бойынша
Cеминар сабақтарының тақырыптары мен сұрақтары және
оларға дайындыққа арналған әдістемелік ұсыныстар
Нұрғалиев Қанат Тоқтарбекұлы
Аға оқытушы
Алматы, 2022
« ФИЛОСОФИЯ»
ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ
ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
« философия» пәні бойынша практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға дайындыққа арналған әдістемелік нұсқаулар саяси ғылымдарының кандидаты, доцентосы пән бойынша құрастырған силлабустың негізінде 5В020200 – Халықаралық қатынастар, 5B051300 – Әлемдік экономика, 5B030200 – Халықаралық құқық, 5B050500 – Аймақтану, мамандықтары бойынша білім алушы 2 курс студенттеріне арналып дайындалған. Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты – осы пәнде зерттелетін негізгі мәселелерді студенттердің жан-жақты, мүмкіндігінше толық игеруіне ықпал ету, семинар сабақтарына дайындалуына көмектесу.
« философия» пәнінен семинар сабақтарының мақсаты – пән бойынша дәрістерде алынған білімді бекіту, әлеуметтік философиясының түйінді мәселелері мен қоғам дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін білу, студенттердің ойлау, өз ойын ауызша жеткізе білу және жинаған білімдерін күнделікті әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдана білу қабілетін дамыту. Практикалық-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан студенттен мұқият дайындық, ыждағаттылық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары, дайындыққа қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізімін «Ғылыми таным философиясы» пәні бойынша ОӘК-не кіретін силлабустан және осы құжаттан табуға болады. Студент әрбір сұрақ мазмұнын толық, жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен Интернет материалдарын қолданумен шектелмей, әлемдік философиялық ой өкілдерінің еңбектерімен танысып, талдай білу қажет.
Студент талқыланып отырған сұрақтың мазмұнын ауызша және өзі дайындаған қысқаша конспектілерге сүйеніп баяндай алады. Қысқаша конспектілер тақырыпты есте сақтауға және жақсы ұғынуға көмектеседі. Сұрақ мазмұнын оқулықтан оқып беру жауап болып саналмайды. Семинар сұрағын баяндауда методикалық-техникалық, ІТ құралдарды, схемалар мен слайдтарды қолдану тақырыпты тереңірек ұғынуға көмектеседі және жоғары балл (тақырыптың презентациясы) алуға ықпал етеді. Сабақ айтуға дайындық барысында өз ойын логикалық түрде, мазмұнды, анық, айқын жеткізуге, шешен сөйлеп үйренуге басты назар аударған жөн.
Семинар сабақтарының барлығына ортақ форма студенттердің семинар сабағы тақырыбының сұрақтарын талқылау үрдісіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі. Семинар сабақтарындағы жауаптар 0 баллдан 5 баллға дейін бағаланады.
№ 1 сабақтар
Тақырып: Философия пәні: және оның зерттеу обьектлері
1. Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығы
2. Философияның өнермен жақындығы, түйісуі.
3.Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметі
Әдістемелік ұсыныстар.
Философия ғылымы туралы айтпастан бұрын, әуелі философияның не екендігін анықтап алуымыз қажет, өйткені бұл сауалдың өзі – философиялық мәселе. «Философия дегеніміз не?» деген сауал философия арнайы ғылым ретінде қалыптасқан сонау көне замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін ғылыми дискурс аймағында өзекті түрде талқыланатын тақырыптардың бірі анықтаңыз.
Философия – ғылым, әрі қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарас, өнер ретінде де көрініс беретін даналық ілімі нақтылаңыз Философияның танымдық қызметі дүниеге көзқарспен байланысты сипаттаңыз. Дүниеге көзқарастың нәтижесі танымға алып келетін және дүние туралы белгілі мағлұматтар алуға қол жеткізетін адамзат санасының мәнді құбылысы түсіндіріңіз. Дүниеге көзқарас – құбылыс, яғни, адамның өзін дүниеден шартты түрде бөліп алып қарастыруына байланысты оны тану, білу, ол туралы белгілі бір ұғымдар мен түсініктір жүйесін қалыптастыру қызметін атқаратын аса маңызды үдеріс болып табылады дәлелдеңіз
Сабақтарға дайындыққа қажетті әдебиет:
1. Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.
2. Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2008.
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. − Алматы, 2005.
5. Канке,В.А. Философия: Исторический и систематический курс : Учебник для вузов / Виктор Андреевич Канке.- М.: Логос, 1996.- 319,
6. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы.− А., 2007.
7. Әбішев Философия. Алматы, 2003.
8. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. − Алматы, 2004.
9. Мырзалы С. Философия. − Алматы, 2008.
10. Философия (Ред. Т.Х. Ғабитов). − Алматы, 2008.
11.Ақназаров, Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы: А., 1992.
12. Әлемдік философиялық мұра: 20 томдық / [құраст. Қ. Әбішев].- А., 2006.
13.Әлемдік философиялық мұра:20томдық/[құраст.Ж. Молдабеков].-А., 2006.
14.Әлемдік философиялықмұра:20томдық/[құр.Ғ.Есім,Н.Байтенова].А.,2005
15.Абай. Шығармаларының толық жинағы. 2-томдық. – А., 1995.
16. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – А., 2005-2008.
№ 2 сабақтар
Тақырып: Антика дәуріндегі философия аясында жеке ғылымдардың бастауларының пайда болуы Көне Үнді және Көне Қытай философиясы
1. Антика дәуіріндегі әлемді түйсінудің Батыстық және Шығыстық ерекшеліктері
2. Антикалық Шығыстың әлемді философиялық тұрғыдан талдау
3. Аристотель мен Платонның философиясы
Әдістемелік ұсыныстар.
Антика философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды анықтаңыз. Антика философиясының дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері үлкен әсер етті. Көне Грек философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері көрсетіңіз. Көне Грек философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады талдаңыз.
Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін не деп қарастырды сипаттаңыз. Грек философиясының ең мазмұнды кезеңін көрсетіңіз . Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтерді нақтылаңыз. Б.д.д. IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясын дағдарысықа әкелді анықтаңыз. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді сипаттаңыз.
Сабақтарға дайындыққа қажетті әдебиет:
1. Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.
2. Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2008.
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. − Алматы, 2005.
5. Канке,В.А. Философия: Исторический и систематический курс : Учебник для вузов / Виктор Андреевич Канке.- М.: Логос, 1996.- 319,
6. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы.− А., 2007.
7. Әбішев Философия. Алматы, 2003.
8. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. − Алматы, 2004.
9. Мырзалы С. Философия. − Алматы, 2008.
10. Философия (Ред. Т.Х. Ғабитов). − Алматы, 2008.
11.Ақназаров, Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы: А., 1992.
12. Әлемдік философиялық мұра: 20 томдық / [құраст. Қ. Әбішев].- А., 2006.
13.Әлемдік философиялық мұра:20томдық/[құраст.Ж. Молдабеков].-А., 2006.
14.Әлемдік философиялықмұра:20томдық/[құр.Ғ.Есім,Н.Байтенова].А.,2005
15.Абай. Шығармаларының толық жинағы. 2-томдық. – А., 1995.
16. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – А., 2005-2008.
№3-4 сабақтар
Тақырып: Ортағасыр христиан философиясы және оның орта ғасырлық ғылыми дамуыға ықпалы
1.Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролі
2.Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамалары
3.Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелік Адамға бетбұрыс .
4.Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері
5.Н.Макиавелли шығармашылығындағы қазіргі заманғы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуы.
Әдістемелік ұсыныстар.
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) – рим империясының күйреуімен байланысты (5 ғ) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15 ғ.) өмір сүрді анықтаңыз.
Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды нақтылаңыз. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жібірді сипаттаңыз. Философия діннің шырмауынан шыға алмады анықтаңыз. Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты "Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді: 1) б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды сипаттаңыз. 2). III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі анықтаңыз.3). Схолистикалық кезең талдаңыз. Қайта Өркендеу Дәуірі шамамен алғанда XIV-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды нақтылаңыз. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетістіктерге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептеледі сипаттаңыз.
Сабақтарға дайындыққа қажетті әдебиет:
1. Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.
2. Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2008.
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. − Алматы, 2005.
5. Канке,В.А. Философия: Исторический и систематический курс : Учебник для вузов / Виктор Андреевич Канке.- М.: Логос, 1996.- 319,
6. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы.− А., 2007.
7. Әбішев Философия. Алматы, 2003.
8. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. − Алматы, 2004.
9. Мырзалы С. Философия. − Алматы, 2008.
10. Философия (Ред. Т.Х. Ғабитов). − Алматы, 2008.
11.Ақназаров, Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы: А., 1992.
12. Әлемдік философиялық мұра: 20 томдық / [құраст. Қ. Әбішев].- А., 2006.
13.Әлемдік философиялық мұра:20томдық/[құраст.Ж. Молдабеков].-А., 2006.
14.Әлемдік философиялықмұра:20томдық/[құр.Ғ.Есім,Н.Байтенова].А.,2005
15.Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – А., 2005-2008.
№5-6 сабақтар.
Тақырып: Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен рационализм
1.Ф.Бэконның ғылымдарды жіктеуі туралы. Ғылымдағы елестер және оны жеңудің жолдары.
2.ХІХғ. Неміс класикалық философиясы диалектикалық таным теориясының қалыптасуы мен дамуы
3.Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесі. Күдіктену қағидасы
4.Спиноза мен Лейбництің таным туралы ілімдері.
5.Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы.
Әдістемелік ұсыныстар.
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті анықтаңыз. XVII ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық тез қарқынмен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді және өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсті талдаңыз.
Осы кезеңде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан – ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан – философиялық шығармаларда діни-теологиялық мазмұн әлі де болса мол болды анықтаңыз. Дегенмен де, философия ғылымға көбірек бет бұра бастады түсіндіріңіз.
Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз байланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударған, әлеуметтіт дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынған, қоамдық келісім үлгілерін ұсынан, рухани маңызы күшті философия болды анықтаңыз.