Файл: 10сынып Биология зертханалы жмыстар. 1 зертханалы жмыс Редуцирленетін жне редуцирленбейтін анттарды тотысыздандыру абілетін зерттеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 158

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
A және B қатары және ондағы сызықтардың бағыты маңызды емес.



Кладограмма солдан оң қарай, оңнан солға қарай салына беруі мүмкін. Кейбір кладограммаларды дөңгелек түрінде де құруға болады, онда барлық ағза тобы кіреді.

Модельдеу: «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»

1-конспект

Құрлықтағы ағзалардың қозғалысы – рычагтардың, бұлшықеттердің, буындардың, байламдардың және дене бөліктерінің кеңістіктегі және бір-біріне қатысты қозғалысын қамтитын биомеханиканың жақсы мысалы. Жануарлар алуан түрлі мақсатта әртүрлі жолмен қозғалуы мүмкін.

Локомоция(lоcоmоtiолат. lоcō mōtiō– «орнынан қозғалу») – әртүрлі экологиялық қуыстарды алатын тірі ағзалардың қозғалысы.

Модельдеу: «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»

Жұмыстың мақсаты:құрлықтағы әртүрлі тірі ағзалардың қозғалысын зерттеп, салыстыру және қозғалу биомеханикасын тіршілік ету ортасымен және тіршілік салтымен байланыстыру.

Болжам:құрлықтағы ағзалар қозғалысының биомеханикасы олардың тіршілік ету ортасымен және тіршілік салтымен тығыз байланысты болады.

Жабдықтар мен материалдар:әртүрлі тәсілдермен қозғалатын жануарлардың кескіндері немесе суреттері және кестелер.

Теория:тірі ағзалардың қозғалу биомеханикасын жүзу, ұшу, жоспарлау, өрмелеу, топырақты бұрғылау және брахиация (қолмен тербелу) сияқты түрлерге бөлуге болады. Жердегі локомоцияға жаяу жүру,2немесе4аяқпен жүгіру және секіру жатады.

Симметриялық локомоция– алдыңғы және артқы аяқтардың кезектесіп жұмыс істеуі: алдыңғы аяқтың артынан әрдайым диагональ бойымен артқы аяқтары жүреді, керісінше болуы сирек. Сонымен қатар аяқтардың жұптасып жұмыс істеуі: әр жұптың бір алдыңғы және бір артқы аяқтары бар.





Симметриялық локомоция кезіндегі қозғалысты модельдеу, табандардың қосылу тәртібі



Асимметриялық локомоция
 – алдыңғы аяқтардың кезектесіп немесе синхронды жұмысынан кейін артқы аяқтардың қосылуы.



Асимметриялық локомоция кезіндегі қозғалысты модельдеу, табандардың қосылу тәртібі



Артқа

Модельдеу: «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»

2-конспект

Деректермен жұмыс:

Кейбір жерүсті ағзалардың қозғалысының биомеханикасы.

Жануарлар

Қозғалу моделі (сызба)

Қозғалыстың тіршілік ету ортасымен байланысы

Жылан



Созылыңқы денені қозғалмайтын заттардың айналасында бүгу және алға жылжыту. Жер бетінде жыландар айналасында жатқан тастарды, шөптерді немесе басқа заттарды итеріп тастап, жылдам қозғала алады. Бұл қозғалыс құмның беті сияқты тұрақсыз сусып тұрған жерлерде жақсы жұмыс істейді.

Амфибиялар



Бақаның жұптасқан аяқтары денені жерден көтеретін ұзартылған рычаг ретінде жұмыс істеуге бейімделген, ол жануардың құрлықта қозғалуын қамтамасыз етеді. Субстрат бойымен баяу қозғалыс кезінде бір-бірінен диагональ орналасқан бақаның аяқтары бір уақытта алға қарай жылжиды.

Ит



Егер ит максималды жылдамдықты жоғарылататын болса, аяқтың қозғалысы да жылдамдатылады. Осыған байланысты, төрт аяғы түзуленгеннен кейін бір уақытта ауада болуы мүмкін. Кеуденің мықты бұлшықеттері омыртқаны аяқты бүгіп жатқан кезде жоғары қарай, ал аяқты толық ұзартқанда төмен қарай қисайтады. Осының арқасында серпілу мықтырақ және қадам айтарлықтай ұзағырақ болады. Екеуі де жүгіру жылдамдығына ықпалетеді.

Қорытынды: кейбір жануарлар жылу мен қорек табу үшін немесе туу үшін өте алыс қашықтыққа қоныс аударады. Әлемдегі ең жылдам қозғалатын сүтқоректілердің кейбірі жүгіруге ашық кеңістіктері бар шөптесін алқаптарда тіршілік етеді. Гепард жемтігін сағатына 130 км жылдамдыққа дейін аңдып қуады. Жыртқыштардан қашып құтылу үшін зебралар, бөкендер және түйеқұстар тез жүгіре алады.



Тірі ағзалардың қозғалысы олардың алатын экологиялық қуыстарымен (жердегі, су және т. б.), қорегімен, көбею және қорғану тәсілдерімен байланысты.

Модельдеу: «Жүректе өтетін электрлік үдерістерді зерттеу»

1-конспект

Жұмыстың мақсаты:модельдеу арқылы жүректе болатын электрлік үдерістерді зерттеу.

Болжам:жүректегі электрлік үдерістер ЭКГ графигінде көрінеді және жазылады.

Жабдықтар:дені сау адамның ЭКГ графигі мен әртүрлі патологиялары бар ЭКГ графигі.

Деректермен жұмыс:

P-тісшесі

ЭКГ-дегі бірінші толқын– жүрекшенің деполяризациясын көрсететінP-тісшесі, онда жүрекше (жүрекшенің систоласы) жиырылады.P-тісшесі ЭКГ-дегі алғашқы толқын болып саналады, өйткені жүректің әрекет ету потенциалы жүрекшеде орналасқан синоатриалды (SA) түйінде пайда болады, ол жүректің бұлшықет жасушаларын деполяризациялау үшін әрекет потенциалын тікелей Бахман шоғы арқылы жібереді.

P-тісшесінің үлкеюі немесе кішіреюі жүйке қызметін өзгертетін ағзадағы калий иондарының концентрациясымен байланысты мәселелерді көрсетуі мүмкінP-тісшесінің болмауы жүрекше фибрилляциясы мен жүрек аритмиясын көрсетеді, ол кезде жүрек тұрақты соқпайды. Бұл қарыншаның тиімді диастоласына кедергі келтіреді, әдетте өлімге әкелмейді.



QRS кешені

QRS кешені QR және S тістерінің тіркесімін білдіреді және қарыншаның деполяризациясы мен жиырылуын көрсетеді (қарыншаның систоласы). Q және S тістері – төменге қарай бағытталған толқындар, ал R толқыны – жоғары қарай бағытталған толқын – ЭКГ-нің ең маңызды ерекшелігі. QRS кешені – AB түйінінен гис шоғыры, сол және оң жақ бұтақтар мен пуркинье талшықтары арқылы қарыншаның бұлшықет тініне өтетін әрекет ету потенциалы. QRS кешенінің ауытқулары жүрек гипертрофиясын немесе миокард инфарктісін көрсетуі мүмкін.

T-тісшесі және ST сегменті


T-тісшесі деполяризация мен жиырылудан кейінгі босаңсыған қарыншалардың реполяризациясын көрсетеді. ST сегменті S-тісшесі мен T-тісшесі арасындағы алшақтықты (тегіс немесе сәл қисық сызық) және қарыншалық деполяризация мен реполяризация арасындағы уақытты білдіреді. ST сегментінің жоғарылауы – миокард инфарктісінің классикалық көрсеткіші, дегенмен ST сегменттері жоқ немесе төмен қарай қисайған болса, миокард ишемиясын көрсетуі мүмкін.

T-тісшесінен кейін пуркинье талшықтарының реполяризациясын білдіретін U-тісшесі жүреді. Бұл ЭКГ-де кейде көрінбейді, өйткені ол – басқалармен салыстырғанда өте кішкентай толқын.

Модельдеу: «Жүректе өтетін электрлік үдерістерді зерттеу»

2-конспект

Деректерді талдау:

1-қадам. Ырғақ тұрақты немесе тұрақты емес?

ЕгерQRSкешендері арасындағы интервалдар (RRинтервалдары) тұрақты болса, онда қарыншалық ырғақ қалыпты, ал егерP-тісшелерінің арасы (PPинтервалдары) тұрақты болса, онда жүрекшелік ырғақ тұрақты болады.



2-қадам: QRS кешендерінің барлығы бірдей ме?

QRS кешенінің ұзақтығы 0,10 секундтан аспауы керек (2½ кішкентай шаршы). Кеңейтілген кешен қарыншалардың ұлғаюын (гипертрофияны) көрсетеді. Егер QRS кешендері тар болса, ырғақты AB түйініндегі немесе одан жоғары ырғақ жүргізушісі туындатады және қарыншаүстілік ырғақ ретінде сипатталады. Егер кешендер кең болса, кардиостимулятор қарыншаларда болады және қарыншалық ырғақ ретінде сипатталады. Егер кешендер сыртқы түрімен ерекшеленсе, импульстер бірнеше кардиостимулятор арқылы жасалады.



3-қадам. Барлық P-тісшелер ұқсас па және PR арасындағы интервалдар қалыпты ма?

PR интервалы әдетте 0,12-0,20 секундты құрайды (3-5 кішкентай квадрат). Ұзынырақ интервалдар импульстің қарыншаларына түсетіндіктен, кешіктірілетінін және бұл жағдай AV-блокадасы ретінде белгіленетінін көрсетеді.



4-қадам. Ырғақтың жылдамдығы қалыпты ма?


Жүректің соғу жиілігі 60-тан төмен болса, брадикардияны, ал 100-ден жоғары болса, тахикардияны көрсетеді.



5-қадам. Тісшелер мен кешендер қалыпты реттілікпен жалғасады ма?

Әрбір P-тісшесінен кейін QRS кешені, содан кейін T-тісшесі болуы керек. Бұл әр жүрек циклі үшін қалыпты реттілікті қамтамасыз етеді.