ВУЗ: Карагандинский Университет Болашак

Категория: Методичка

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.02.2019

Просмотров: 1546

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
  • Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;

  • Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі;

  • Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;

  • Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;

  • Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;

  • Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.

Уіндоус жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:

  • Объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;

  • Объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.

Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.

Компьютерлік өңдеу туралы мәліметтер

Информация - информация деген таңбалар немесе сигналдар тізбегі. Информация - ақпарат ұғымының баламасы ретінде қолданылады. Жалпы алғанда кез – келген мәтін, сурет, музыка, дыбыс, сызба, мәлімет, дерек, мағлұмат бәрі информация болып табылады.

Құжат - белгілі бір қызмет атқаратын информацияны құжат деп атайды. Компьютерде өңделетін информация магниттік немесе лазерлік дискілерге жазылады. ( дискі деп, күйтаспа сияқты магниттелген шеңбер жолдардан тұратын жұқа дөңгелек пластинканы айтады).

Файл- дискідегі информация жазылған атауы бар орынды файл дейді. Яғни, компьютерде өңделетін барлық информация дискіге жазылып, ат беріледі оны файл деп атайды, жай сөзбен айтсақ, манитор (дисплей) мен баспа құрылғысы (принтер) компьютердің шығару құрылғылары. Жедел жадтағы информация маниторда экранға шығады, баспа құрылғысы арқылы қағазға басылып шығады.

Компьютерге басқа да қосымша құрылғылар қосуға болады: дискет енгізгіш, тышқан, джостик, баспа құрылғысы (принтер), модем, факс-модем, сканер, стриммер, т.б. ішіндегі ең керектісі тышқан құрылғысы.

Тышқан- экрандағы информация бойынша қозғалуға арналған құрылғы, оның сыртқы көрінісіне қарап тышқан деген ат берген.

(Екі пернесі бар тышқан тәрізді кішкентай сұр түсті қорапша).

Информация ағымы- Басқару сигналдары, жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан бағдарламалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадтағы информация өшіріліп қалады.

Қатты дискі мен дискеталар информацияны ұзақ мерзімде сақтау, тасымалдау және сенімділік мақсатында информацияның көшірмесін дайындау үшін қолданылады. Дискетадағы информацияны сақтауға арналған еске сақтау құрылғылары болып табылады.


Пернетақта- компьютердің енгізу құрылғысы. Пернетақта кәдімгі баспа машинкасына ұқсайды , онда әріптер, цифрлар, бос орын пернесі, басқа арнайы пернелер орналасқан. Мысалы, ENTER пернесі.

ENTER- пернесі пернетақтада ENTER, RETURN немесе бағыттауыш сызық арқылы белгіленеді. ENTER пернесі енгізу пернесі деп аталады. Терілген информацияны жедел жадқа жазу үшін ENTER пернесін басу керек. Мысалы, dir сөзін пернетақтада теріп, ENTER пернесін басу керек.

Компьютерлік вирустар және олардың түрлері.

Вирустардан қорғану

  • Компьютерлік вирустар;

  • Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері;

  • Компьютерлік вирустардың жіктелуі;

  • Антивирустық программалардың түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері;

  • Компьютерді вирус жұқтырудан сақтау тәсілдері.

1. Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирустарөз көшірме-лерін жасап, соларды компьютерлік жүйелер мен желілердегі әртүрлі объек-тілерге жасырын енгізіп, тұтынушыға білдірмей әртүрлі жымысқы әрекеттер жасайтын программалар тобы. Сол көшірмелер ары қарай да жылдам көбейе отырып, таралу қасиетін сақтайды.

Компьютерлік вирустар ЭЕМ ішінде пайда болып, нақты тіршілік жасайтын микроорганизмдер емес. Оларды басқаларға қасақана зиянкестік жасау үшін программалардың дұрыс орындалуына кесірін тизізу мақсатында әдейілеп жазатын адамдар бар. Ондай программаларды қырсық қиқарлар (кракер-вандалдар) жасайды.

Ішіне вирус еніп кеткен программаны “залалданған” немесе инфекциясы бар программа деп атайды.
Инфекциясы бар “науқас” программа орындала бастағанда, алдымен вирус жұмысқа кіріседі. Содан вирус басқа программаларға да жұға бастайды да, өзінің жоспар-ланған зиянды әрекеттерін атқаруға кіріседі.

Вирус өз әрекеттерін сездірмес үшін бірден белсенділік танытпай, мынадай шарттардың орындалуын күтеді:
- белгілі бір уақыт кезеңі өту тиіс;
- операциялардың нақты бір саны орындалуы қажет;
- белгілі бір күн-ай мерзімі немесе аптаның нақты бір күні келуі керек, т.с.с.

Вирусқа қарсы жазылған программалардың көптігіне қарамастан, вирустар саны күннен-күнге көбейіп жатыр.


Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері

  • Кейбір программалардың жұмыс істеуінің баяулауы;

  • Файлдар көлемінің үлкеюі (әсіресе программалар);

  • Бұрын болмаған кездейсоқ файлдардың пайда болуы;

  • Пайдаланылатын жедел жад көлемінің кішіреюі (әдеттегі режиммен салыстырғанда);

  • Кенеттен пайда болатын әртүрлі бейнелік және дыбыстық эффектілер;

  • Операциялық жүйе жұмысынан қателіктер шығуы (оның кенеттен тұрып қалуы);

  • Дискілерге мәлімет жазылмайтын кезде оған информацияның жазыла бастауы;

  • Бұрын жұмыс істеп тұрған программаның тоқтап қалуы немесе үздіксіз жұмыс істеп тоқтамай кетуі;

  • Белгісіз адамдардан (компьютерлерден) электрондық хатпен бірге орындалатын программа-ның келіп түсуі т.с.с.


Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл бөлген Фред Коэннің (F. Cohen) «Компьютерлік вирустар, теориясы мен эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы болды.
Вирустардың таралуы жөнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж. 10 қыркүйекте Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде өткізді.
Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл бөлген Фред Коэннің (F. Cohen) «Компьютерлік вирустар, теориясы мен эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы болды.
Вирустардың таралуы жөнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж. 10 қыркүйекте Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде өткізді. Сол кездерде алғаш рет вирустардың желі бойынша бақылауға көнбейтін таралу құбылысы үлкен қоғамдық толғаныс туғызды. Ол 1988 ж. 2 қарашада Корнель университетінің соңғы курсы студенті Роберт Таппан
Моррис желі бойынша таратқан вирустық программа кесірінен болды. Соның салдарынан 6200 компью-тер тоқтап қалып, яғни желіге қосылған машиналардың 7,3 % -ы істен шықты

Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
Вирустарды мынадай белгілеріне қарап топтарға (кластарға) бөлуге болады:

  • Таралу ортасы бойынша;

  • Жұғу тәсілі бойынша;

  • Зиянкестік әрекетінің деңгейіне қарай немесе залалдық қасиетіне байланысты;

  • Алгоритм ерекшелігіне қарай;

  • Көлемінің тұрақтылығына байланысты.



Таралу ортасына қарай

Желі вирустары –компьютерлік желі бойынша таралады. Оның мысалы ретінде Melissa атты вирусты келтіруге болады.

Файлдық вирустарcom және exe типті бірден атқарылатын командалық файлдарға жұғып тарайды. Осы топқа макрокомандалар арқылы жазылатын макро-вирустар да жатады. Олар Word, Excel тәрізді программаларда дайындалған орындалмайтын мәтіндік немесе кестелік файлдарға жұғады.

Жүктелетін вирустар (Загрузочные) - дискінің жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік секторына (Master Boot Record – MBR) жабысатын вирустар. Кейбіреулері өз мәліметін дискінің бос секторларына оларды FAT- кестеге мәлімет жазылмайтын ақаулы аймақ (Bad Claster) тәрізді етіп белгілеп жазып кетеді.

Файлдық-жүктелу вирустары - файлдарды да, дискінің жүктелу секторларын да бүлдіреді. Бұлар көбінесе күрделі алгоритммен жұмыс істеп, жылдам зиян тигізеді.

 Компаньон-вирустар (companion)бұлар файлды өзгертпейді, бірақ EXE-файлдар үшін СОМ типтес қосалқы серіктес файл құрады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы үшін XCOPY.COM файлын жасайды. Осы файл іске қосыларда алдымен вирус серігі жұмысқа кірісіп, бүлдіру істерін жүргізеді, тек соңында барып негізгі файл жұмысқа кіріседі.

Паразиттік вирустар – өз көшірмелерін тарату барысында диск секторларын немесе файлдарды міндетті түрде өзгертеді. Бұл топқа «компаньон-вирустар» мен «құрттар» тобына қосылмайтын барлық вирустар жатады

  Репликаторлар немесе құрт-вирустар (worm) компаньон-вирустар сияқты компьютерлік желі бойынша таралып, файлдар мен дискілерге тимейді. Олар компьютер жадындағы басқа компьютерлердің адрестерін тауып, соларға өз көшірметерін жібереді. Құрт-вирустар желілердің мәлімет тасымалдау қабілетін азайтып, сервердің (желідегі негізгі компьютер) жұмыс өнімділігін төмендетеді. Репликаторлар басқа файлдарға тиіспей, өз вирустары арқылы өздігінен көбейеді. Өткен ғасырдың 80-ж. аяғында «Моррис құрты» деп аталатын желілік вирус АҚШ- тың ғаламдық бірнеше желілерінің жұмысын тоқтатты.


Көрінбейтін вирустар (стелс – Stealth) немесе тығылатын вирустар – бұлардың компьютерде өздерінің бар екендігін білдірмейтін мүмкіндіктері бар.. Стелс-вирустарды тауып алу қиын, өйткені олар операциялық жүйе жұмысына бүлінген файлдарды немесе диск секторларын білдірмей араластырып, сол сәттерде әлі бүлінбеген мәліметтерді «өңдеуге» кірісіп жатады.

Полиморфтық вирустар (polymorphic) деп неше түрлі айла жасап, өздерін жасырып көрсетпеуге тырысатын вирустар тобын айтады. Полиморфтық вирустар ( полиморфиктер, елес-вирустар (призраки), мутант-вирустар) – оңайлықпен табылмайтын вирустар, өйткені олардың құрамында толық қайталанатын кодтар болмайды. Мұндай тәсіл алгоритмді өзгертпей, бірақ оларды табуды қиындататын бос командаларды (қоқысты) көптеп қосу арқылы іске асырылады.
Полиморфтық вирустар ішіндегі ең көп тарағаны OneHalf деген вирус.
Макровирустар мәліметтерді өңдеу жүйелеріндегі (мәтіндік редакторлар және электрондық кестелер) макрокомандалар мүмкіндіктерін кең пайдаланады. Қазіргі кезде MS Word пен Ms Excel құжаттарын бүлдіретін макровирустар кең таралған.

Троян программасы керекті программа қасына жасырынып, біртіндеп өзінің бүлдіру-құрту істерін (мысалы, FAT-кестесін) өте сақ ептілікпен жүргізеді және компьютердегі құпия мәліметтерді таратумен айналысады. Троян программаларының басқа вирустар сияқты өздігінен көбейетін қасиеті жоқ. Троян программасы көбінесе сатылатын немесе өте қажет программаларға жабысып таралады. Оны «троян аты» деп те айтады. Көлеміне байланысты
Біртұтас (монолит) вирустық программаны
ол ауру жұққызғаннан кейін компьютер жадынан толық, әрі тұтас күйінде тауып алуға болады.
Таралып орналасатын шашыраңқы вирус программасы бірнеше бөліктерге бөлініп тұрады. Оның құрамында вирус жасау мақсатында қалай біріктірілетінін компьютерге нұсқайтын бөлігі де болады. Сонымен, бұл вирус шашыраңқы күйде бөлініп сақталып тұрады да, тек аз уақытқа ғана бірігіп зияндық әрекетін істеп үлгіреді.

Қорек қорабының басты міндеті - сырттан келген өзгермелі тоқты, Дербес компьютердің жұмыс жасауына жарамды етіп өзгерту. Қорек қорабы сырттан келген 120в немес 220в өзгермелі кернеуді +5в немесе +12в тұрақты кернеуге өзгертеді, кейбір жүйеде +3,3в. Калыпты жағдайда компьютердің құрылғыларына +5 немесе +3,3в кернеу қолданылады. Тек қоғалтқыштарға (мысалы вентиляторларға) +12в кернеу қолданылады. Жоғарыда айтылған кернеу күші (+5в немесе +12в) шектеуден асып кетпесе, Дербес компьютер қалыпты дұрыс жұмыс жасайды. Қорек қорабы тоқтың кернеу күшін өзгертіп ғана қоймай, кернеу күші шектен тыс көп болса, кернеу қалыпты жағдайға келмейінше дербес компьютердің қосылуына жол бермейді. Қорек қорабы қосылар алдында өз ішіндегі кернеудің күшін тексерістен өткізеді. Содан кейін Аналық тақшаға белгі беріледі Power_Good(қосуға жарамды). Егер ондай белгі Аналық тақшага келмесе, Дербес компьютер қосылмайды. Сырттан келген тоқтың кернеуі тым жоғары немесе тым төмен болуы мүмкін, сол кезде қорек қорабының қалыпты жұмысы бұзылып, ысып кетуі ғажап емес. Сондай жағдайда Power_Good белгісі жоғалып Дербес компьютер сөніп қосылады немесе мүлдем сөніп қалады. Егер сіздің Дербес компьютеріңіз қосылғанда тірі екеніне белгі бермесе, бірақ Кулер(вентилятор) айналып тұрса. Онда Аналық тақшаға Power_Good белгісі келмей жатқаны. Уақыт өте қорек қорабыда азды көпті өзгерістерге ұшыраған соның ен бастысы құрылғыларға қосылатын тоқ беретін шнурларының өзгерісі.


1. Ескі қорек қорабының құрылғыларға қосатын шнуры;

2. Жаңадан шыққан қорек қорабының құрылғыларға қосатын шнуры.

Қорек қорабында болатын проблемалар:

1. Қосыларда кез келген қателер мен компьютердің жай қосылуы;

2. Ойламаған уақытта компьютердің сөніп қосылуы немесе жұмыс барысында қатып қалуы;

3. Бір мезетте Қатқыл дискі мен вентилятордың тоқтап қалуы (тоқтың кернеуі +12в жетпеуі);

4. Вентилятордың жасамауынан компьютердің ысуы;

5. Компьютердің сөніп қосыла беруі;

6. Жүйелік қораптың сыртын ыстағанда тоқпен ұруы;

Жоғарыда айтылған белгілер немесе проблемалар тек қана қорек қорабынан емес, басқада құрылғылардың кесіріненде болуы ғажап емес. Ондай жағдайларда құрылғыларды кезекпен тексеру арқылы білуге болады. Әрине бас кезінде қиындау болар. Бірақ уақыт өте барлығы түсінікті әрі оңдауға жеңіл болары сөзсіз. Сол себепті үйренейік және оқиық.

Турбо Паскаль бағдарламалау тілі

Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968-1970 жылдары Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры, швейцариялық ғалым Никлаус Вирт жасады. Оны Borland корпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталды). Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Turbo Pascal стандартты паскальдың барлық құралдарын қамтитын және жаңа құралдармен толықтырылған, кеңейтілген нұсқасы (біз оны кейде Паскаль деп те атаймыз). Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3.0 нұсқысы) программалау тілі пайда болды. Содан бері Паскаль жалпы білімдік, кәсіптік-техникалық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында бірінші программалау тілі ретінде қолданыла бастады. Турбо Паскаль тілін пайдаланудың қарапайымдылығынан пайдаланушылар арасында кең орын ала бастады. Келе-келе Турбо Паскаль 4.0, ТП 5.0, ТП 6.0, және ТП 7.0 нұсқаларының дүниеге келуі кәсіпкер қолданушының еңбектегі өнімділігін арттыруға мүмкіндік беруге, қолданбалы есептерді шығаруда қолдануға үлкен үлес қосты. Енді осы тілдің ерекшелігі бірсыпыра мүмкіндіктерге толы болып келетінін ерекше атап өту қажет.

Бағдарламалау тілі дегеніміз – адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы. Бағдарламалау тілі екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассамблерде жазылған тіл- төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі адам тіліне жақындатылған Basic, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т.б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Паскаль бағдарламалау тілі француз математигі Блез Паскаль құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектепте оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болады. Ол Borland International компаниясында жасалды. Компилятор дегеніміз транслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі түріне арналып жазылғанбағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа айналдыру. Турбо Паскаль жүйесі — компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама. Жүйенің негізгі тапсырмалары есептеулерді үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару болып табылады. Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін программалау жүйесін қажетсінеді. Қандай да бiр кеңiстiкке орналасқан коммуникация жүйесi. Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер Вон Ньюман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады.