Файл: Курсты Жмыс Бастауыш сынып оушыларын тыдалым мен айтылым дадыларын дамытуды тиімді дістсілдері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 109

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым дағдыларын дамытады. Бұл дағдылар оқушының өмірде еркін қарым-қатынас жасауына; өзгелермен пікір алмасып, көзқарасын еркін білдіре алуына; өз ойын, көзқарасын жүйелі де нақты жеткізуіне; кез-келген ақпаратты тиімді қолдануына; түрлі ақпаратты құр оқымай, сараптай отырып оқуына; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар жасауға жол ашары сөзсіз.

Айтылым дегеніміз не?

Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар

қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып

отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.

Сөйлесу барысында кейбір біз әрекеттерді жиі қолданамыз және олардың тізімі

төмендегідей:

1. Сөздерді дыбыстау

2. Сұрақтарға жауап беру

3. Интонацияны қолдану

4. Бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну

5. Сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру

6. Пікірталасқа қатысу

7. Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдану

8. Дилогқа қатысу (әңгімеге араласу)

9. Адамдармен сәлемдесу

10. Сөйлеу сөзін жоспарлау (презентация жасау барысында)

11. Жест, мимиканы қолдану

12. Ақпаратты сұрау немесе айту

13. Грамматикалық тұлғаларды қолдану

14. Сөз және сөйлем екпінін қолдану

15. Сөйлеуші сөзін аяқтаған кезде, кезек алып сөз бастау

16. Оқиғаларды баяндап беру

17. Тілді сауатты қолдану

18. Сөйлемді қайта құрастыру (перифраза), яғни бірнәрсені айтып берудің басқа

жолын қарастыру.

19. Сөйлеушінің сөзін бөлу

20. Сөйлеу барысында кідіріс жасап отыру

Жоғарыда айтылған тізімнен шығатын айтылымның ішкі дағдылары мынадай:

• Грамматиканы, сөздерді және қарым-қатынасқа түсу функцияларын (мысалы: сәлемдесу, кеңес беру, кешірім сұрау,

т.б.) қолдана білу;

• Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдана білу;

• Сөздерді дыбыс үндестігінің ерекшелігіне сай айта білу;

• Вербальді емес тілді қолдана білу (ым-ишара, мимика);

• Мәтін түрлерін (жаранама, хат, мақала) жаза білу;

• Ауызша флуенттілік (нормаға сай жылдамдықта, аздаған кідіріспен,

қайталаулармен өзін-өзі түзете отырып сөйлесе білу және дыбыс үндестігін

табиғи түрде қолдана білу);

• Интерактивті стратегияларды ( сөйлесу барысында адамдарды қызықтырып,


тілдесуге тартудың жолдарын білу) пайдалана білу.

Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Айтылымды сыныпта қолдану

• Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі

олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс

табады. Яғни айтылымның белгілі бір аспектісіне назар аударып, практикалық

6

жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы оқушыларға көмектесуге болады. Мысалы:

интонация, флуенттілік, сөздерді қолдана білу, т.б.

• Бастапқы уақыттарда айтылым дағдыларының көп бөлігін жаттықтыру барысында

бақылауға алынған практика әдісі қолданылады. Ол жаттығуларға сөздерді

дауыстап айту, қайталау және сөздерді жаттап айту (есте сақтау) сияқты әдістер

жатады. Бұл оқушыларға сөздерді, олардың дыбысталуын, грамматиканы айтылым

барысында сауатты қолдануға көмегін тигізеді. Сонымен қатар қолданып тұрған

сөздерінің дұрыс екенін білу оларға сенім ұялатады. Бұл әдістен басқа жартылай

бақылауға алынған практика және еркін практика сияқты әдістер бар.


• Бақылауға алынған жаттығуларда мұғалімде оқушы қателігін түзетіп отыра алады,

себебі бұл әдістің мақсаты сауатты сөйлеуге үйрету. Флуенттілікті дамыту барысында

оқушы қателігін бірден түзетпеген дұрыс. Солай жасаған кезде ғана оқушы өз ойын

жеткізіп, коммуникацияға түсе алады. Ал кеткен қателіктерді жазып алып (әсіресе

сыныпқа ортақ), жаттығудан кейін сыныппен бірлесе отырып түзетуге болады.

• Флуенттілікті жаттықтыру кезінде оқушылар сөйлеу тақырыбын өздері таңдай алады

және оны дамытуға арналған жаттығулар жоба жұмысы, пікірталас, мәселені шешу,

себебін анықтау сияқты тапсырмалардан тұрады. Бұл тапсырмалардың барлығы да

оқушыларға жаңа ақпараттарды бір-бірімен бөлісуге және қарым-қатынасқа түсуге

мүмкіндік береді.

• Тілді жаңадан меңгеріп жүрген оқушылар үйренген сөздерін айтылым кезінде

қолдануда уақытты қажет етуі мүмкін. Кейбір сыныптар, әсіресе, жаңадан

үйренушілер, үнсіздік кезеңін бастан өткереді. Сол себепті де бастапқы уақыттарда

оларға тілді көбірек тыңдауға, үйренуге уақыт беріледі, яғни сабақ барысында үнсіз,

жай ғана тыңдаушы ретінде отыруына рұқсат етіледі. Алайда олардың түсінген



7

түсінбегендігі ым-ишара қолдану арқылы тексеріліп отырады. Мысалы, егер оқушы

түсінсе басын изейді, қолмен көрсетеді.

• Айтылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей:

1. Кіріспе: сабақ тақырыбын таныстыру және сол сабаққа қажетті жаңа сөздерді

немесе тілдік форманы үйрету.

2. Негізгі бөлім: Жаңадан үйренген сөздерді немесе тілдік форманы

жаттықтыруға арналған тапсырмалар. Бұл жаттығулар бақылауға алынған

практикалық жұмыстардан бастап, жартылай бақылауға алынған практикалық

жаттығуларды қамтуы мүмкін. Оның барлығы сынып деңгейі мен сабақ

мазмұнына байланысты.

3. Бекіту бөлімі: оқушыларға тақырып аясында еркін сөйлеуге және

үйренгендерін қолдануға мүмкіндік беретін тапсырмалардан тұрады.
Тыңдалым дегеніміз не?

Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым

дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз

контекстіні, тілді және ғалам туралы білімізді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу

тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.

Тыңдалым түрлері:

Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және

жарнама және т.б.

Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады:

Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау.

Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу

үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды

білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз.

Детальді түрде тыңдау- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып

тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалықтарды айтып жатырған кезде оны дұрыс

түсіну үшін әрбір сөзін мұқият тыңдап шығасыз.

Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін

не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.

Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық

құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы

мақсат – оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. Мысалы, белгілі

бір грамматикалық тақырыптарды өткен кезде тыңдалымды пайдалану, бірақ бұл жерде

басқа дағдыларды араластырмайсыз.

Экстенсивті тыңдалым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман,

әңгіме) тыңдау.

Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы:


1. Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы

маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол

тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

19

2. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға

арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді

түсінуге бағытталады.

3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан

тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен

байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап

беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

Тыңдалымға ұйымдастырылған сабақ түрі:

Тыңдалым алдындағы тапсырма:

Лондон олимпиадасы туралы не білесің?

Оған кімдер қатысты және жеңімпаз атанды?

Сен кімдерге жанкүйер болдың?

Жаңа сөздер: жеңімпаз, жанкүйер, спортшы, ауыр

атлетика, велоспортшы, әлемдік рекорд, жетістік, жеңіс.

Тыңдалым сұрақтары

Жалпы мазмұнын түсінуге арналған сұрақтар:

Аудиоматериалды алғаш рет тыңдайды.

1. Тыңдалым мәтіні не туралы?

2. Онда қай спортшыларға ерекше тоқталып өтті?

3. Лондон олимпиадасының Қазақстан үшін қандай маңызы болды?

Нақты мәлімет алуға арналған сұрақтар:

Аудиоматериалды екінші рет тыңдайды.

1. Лондон олимпиадасы жеңістері қазақстандықтардың қандай сезімдерін оятты?

2. Жетінші алтынды қанжығаға байлаған спортшы кім?

3. Ауыр атлетикадан әлемдік рекордты жаңартқан спортшы қыздар кім?

4. Илья Ильинге жеңіс әкелген зілтемірдің салмағы қанша?

5. Қазақстанға алғашқы алтынды алып берген кім?

6. Арнайы қолдау көрсетуге барған шоу-бизнес өкілдері кімдер?

7. Лондондағы олимпиада қай уақыт аралығында өтті?

8. Лондон олимпиадасындағы Қазақстанның жетістігі қандай?

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Лондон олимпиадасын басынан аяғына дейін тамашаладың ба?

2. Спортшыларымыздың жеңісін көргенде қандай сезімде болдың?

3. Олимпиаданы қалай тамашаладың? Достарыңмен бе әлде отбасыңмен бе?

4. Қазақстан спортшылары жеңіске лайық деп есептейсің бе? Неге?

5. Лондон олимпиадасынан кейін Қазақстанды әлем таныды дегенге сенесің бе?

6. Спорт елді әлемге танытады дегенге сенесің бе? Неге?

7. Біздің спортшыларымыздың артықшылығы мен кемшілігі неде болды деп

ойлайсың?

8. Спортта әлде де мықты болу үшін не қажет деп ойлайсың?

9. Жалпы спорт адамды неге тәрбиелейді, үйретеді деп ойлайсың?


10. Өзің спорттың қай түрін жақсы көресің? Неге?

(XEADLINER - Лондон Олимпиадасы өз мәресіне жетті )
Жазылым дегеніміз не?

Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды

дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Қарапайым тілмен айтқанда, жазылым

хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін

біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді

топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз.

Жазылым түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тізім жасау, құттықтау қағазы,

электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.

9

Әр жазылымның өзіне сай ерекшелігі болады: жазу стилінің деңгейлері: ресми

(ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері, хабарламалар); қағаз

бетінде орналасу тәртібі; ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.

Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі –

сауаттылық, ал екінші тобы – идеяны (ойды) жеткізе білуі.

Сауаттылыққа қатысты дағдылар:

1. Орфограяфиялық қатесіз жазу;

2. Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;

3. Пунктуацияны дұрыс қолдану;

4. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;

5. Сөздерді дұрыс таңдай білу;

6. Грамматиканы дұрыс қолдану;

7. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;

8. Абзацты (жаңа азат жолдан басталған, бір идеяға ғана негізделген көлемділеу

жазылым бөлігі) дұрыс ұйымдастыра білу.

Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:

1. Стильді дұрыс таңдай білу;

2. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;

3. Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін қолдана білу және мағынасын жеткізе білуде

қажетті функцияларды пайдалана білу. Функцияларға баяндау, шағымдану,

өтініш білдіру, алғыс айту, қысқарту (бірнеше сөздермен негізгі идеяларға

тоқталу), қорытындылау жатады

Жазылымда қарастырылатын тағы да бір екі аспект- үйлесімділік пен жүйелілік.

Үйлесімділік дегеніміз сөйлеу және жазу тілінде грамматикамен сөздердің

логикалық үйлесімде болуы. Ал үйлесімділік құралдарына үстеулер (кейін, сосын,

келесі); есімдіктер (ол, сол, бұл,); шылаулар (дегенмен, әйткенмен, себебі), т.б. жатқыза

аламыз.

Жүйелілік дегенге келетін болсақ, ол оқырманға түсінікті болу үшін жазу

тіліндегі идеялардың жүйелі және логикалық дұрыс байланыста болуы.

Сыныпта белгілі бір жазылым тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше