Файл: Курсты Жмыс Бастауыш сынып оушыларын тыдалым мен айтылым дадыларын дамытуды тиімді дістсілдері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 108

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Диалектикада кез-келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Ол терістеуді терістеу заңдылығы болады. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу белгілі бір зат пен құбылыстың қарама-қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның орын алуына мүмкіндік туғызу. Жалпы алғанда, дамуға кедергі келтіретін компоненттер жойылады, оның орнына жаңалары пайда болады [59,б. 19]. Сөйлеу әрекеттері және ойлау әрекеттерін әртүрлі жолмен топтастыруды ұсынған А.Томас (1225-1274) болды. Тіл мен ой арасындағы байланыс қаншалықты жақын? Әртүрлі интеллектуалдық іс-әрекеттер мен соған тиісті сөйлеу актілерінің арасындағы байланыс қандай? Ол әр шешім сөйлем арқылы беріле алады деп есептеді. Бұл әр шешім көпшілік алдында немесе жеке қиялда сөз арқылы беріледі дегенді білдірмейді. Тіпті әрбір ой тіл арқылы жеткізіле алатынына қарамастан, ойдың аз бөлігі ғана тіл туралы бола алады [6,б. 183]. «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін» француз тілінің ең әйгілі сөз тіркесінің авторы Р.Декарт (1596-1650) «ойлау – адамның өмір сүретінін дәлелдейтін талассыз іргелі факт» деп сендірді. Бұл – алдын-ала белгілі жалғыз дәлел, әрі қарайғы пайымдаулардың бастапқы нүктесі. Осылайша дүниедегі бүкіл болмыс өмір сүрудің адам түсінігіндегі ең қарапайым формасы болып есептелетін ойлаудың бар болуына тәуелді», – деп түсіндірді [8,б. 84-85]. Философтың бұл ойынан, біздің қабылдауымыздағы түсіну, қалау, елестету, тіпті сезіну де ойлаумен бірдей екенін көрсетуге болады. Танымал ағылшын философы Дж.Локк (1632-1704) «Адам ақыл-ой парасаты туралы тәжірибе» еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі – зерттеудің негізгі обьектісі. Сондықтан да ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін зерттей отырып, оны қайда пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай жолмен пайда болады? Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы әсер етіп білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр [9,б. 90]. Ғалымның ойынша, ақыл ойлау қабілетінің сатысы, ал ойлау процесінің қабілеті ақиқатты зерттеуге бағытталған. Г.Гегельдің (1770-1831) айтуынша, ойлау өзінің әдеттегі субъективті мағынасында басқалармен қатар рухани іс-әрекеттің немесе сенсорлық қабылдау, сезім, қиял және қалау және т.б. қабілеттің бірі. Ойлау адамдардың бірлескен шығармашылығының барысындағы зияткерлік әрекеттерінің тұтас жиынтығы болып табылады. Жекелеген адам ұжымдық рухтың шығармашылығына, баршаға ортақ ойлаудың жұмысына, қоғамдық сананың дамуында іске асатын, шын бар ойлаудың заңдарына сәйкес қатысады [10,с. 112]. Философтың идеясын негізге ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекетін ұжым, сынып болып атқаратын интеллектуалдық іс-әрекеттер арқылы дамытуға болады деген тұжырым жасаймыз. Л.Фейрбах (1804-1824) философиясы ойлауды дұрыс түсіндіруге қосылған елеулі үлес болды, оның философиясында тұңғыш рет адам шындық 17 тұрғысынан қаралды, идеалды бейнелер жүйесі адамның шын жағдайының әсерленген формасы екендігі көрсетілді. Жалпы ойлау дегеніміз, Фейрбахша айтқанда, ақыл-оймен анықталған және шектелген іс-әрекет, қиялы шексіз: ол мағынасыз орган, ол үшін заң да, шындық та жоқ адамдардың қиялы ғана [11,с. 12]. Философтың пікірінше, философияның негізі ойлау емес қиял болып табылады. В.Г.Афанасьев (1922-1994) адам санасының қалыптасуында тілдің, анық сөздің үлкен маңызы болды. Адам іштей ойласын, ойларын естірте айтсын немесе жазба түрде баяндасын, - бәрін де ол сөзбен бейнелейді. Ой тілдің арқасында қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар білдірілетін, қабылданатын болады. Тіл, жазба болмаса адамдардың көптеген ұрпақтарының бағалы тәжірибесі түзсіз жоғалып, әрбір жаңа ұрпақ дүниені зерттеудің қиын процесін жаңадан бастауға мәжбүр болар еді [12,б. 70]. Бұдан шығатын қорытынды тіл мен жазбаның адам өміріндегі маңызы, адамның ойы тіл арқылы шығатынын, тіл ой-сананы қалыптастыратын, ой-сананы жарыққа шығаратын құрал ретінде қарастырды. Ойлау мен сөйлеудің маңыздылығы туралы тұжырымдар қазақ философиясының тарихынан бастау алғаны бәрімізге мәлім. Олай болса, қазақ үшін «ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам» деп саналады. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болатын тұжырымдарды айқындауда бабалар дәртүрі мен ұлттық философиялық білімдерді бағамдау қажет. Ой мен тілдің бірлігіне қатысты ой тұжырымдар қазақ мақалдарында айтылғандай, «Ойы байдың тілі бай», «Тіл – асыл ойдың бұлағы» деген тұжырымдар болуға тиіс. Өйткені дәл осы ойлар тіл мен ойды дамытудың философиялық бағытымен сәйкес келеді. Олай болса, тіл мен ойды бір-бірімен бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас құрылым болып саналады. Ой тіл арқылы жарыққа шығады. Оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытуда тіл сабақтарында қалыптасқан білім, білік, дағды ықпал етеді. Бұл даму тіл пәнінде игерілетін тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары арқылы оқушының ойлауын дамыта отырып, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ондай деңгейге көтерілу үшін оқушының тілді дамытуға деген саналы көзқарасы бала кезінен сезілуі шарт. Оқушы өз пікірін білдіріп, ойын тұжырымдай алған да ғана тілге деген танымы айқындала бастайды. Бұл танымды қалыптастыруда оқушы тілді әртүрлі қырынан қарастыруға болатын феномен ретінде тани бастағанда ғана оқушының тіл жайындағы пайымдаулары пайда болады.


2.2 Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
Қазақ халқының дүниетанымында ойлау мен сөйлеудің бірлігіне қатысты тұжырымдар үлкен мәнге ие. Мысалы: «Ми ойлағанды тіл тындырады», «Тіласыл ойдың бұлағы», «Сөз – сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады» деп ойдың жарыққа шығуына тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қарым-қатынастың да соншалықты маңызды екенін пайымдатады. Ол жайында А.Салқынбай тіл ойдың нақты көрінісі болғандықтан, ойдың жарыққа шығып іске асырылуы үшін тілдік материалдарға негізделуі қажет. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер, мәтін арқылы көрініс табады деп есептейді [87]. Бұл әрине тіл мен ойдың байланысын көрсетеді. Сонымен қатар халық дүниетанымы оны «Ойдағыны тіл айтады», «Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді» деп ойдың шығуына тілдің маңыздылығын көрсетеді. Бұл жерде А.Байтұрсыновтың тамаша сөздерін мысалға келтірген жөн: «Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ та, шығара да алмайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазынасында қайнап, пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» бұл тілді безеп, жолға, жөнге салып өсіреді... Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп, ел аузындағы 19 тіл алынбаса, ол тіл адасып кетпек. Оған жұмбақ, мақал-мәтелдер, ертегі, аңыздар жатады», - дейді [14,б. 407]. Ғалымның еңбегінен, қазақтың тілі жазба мәдениеттің жетекші құралы екенін, тіл мен ойлау әлеуметтік кеңістіктің маңызды мәселесін шешуде өзара байланысатынын баса көрсетеді. Сонымен бірге, Ж.Баласағұн оқу процесінде сөз әдебінің, ойды көркем әрі тұжырымды жеткізе білу шеберлігінің айқын мысалы бола алатын нақты үлгілерін көрсетті. Сондықтан жоғары сыныпта ғана емес, жалпы мектепте оқытылатын қазақ тілі сабақтарының оқу материалдарында ғалымның даналық ойлары мол беріліп отырылады. Себебі Ж.Баласағұн шығармаларында халық фольклорының мүмкіндіктері жазба тіл мәдениетімен шебер қиюласқан. Бұл да оқушылардың өз қорындағы түрлі аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, өлеңжырларды сөз арқауымен сабақтастыра өруіне үлгі етіп пайдалануына айқын жол бола алады [15,б. 130]. Алайда, ойлауды өркендету жолдарын М.Жұмабаев: «ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен, басқыштап, іс істеу керек. Өркендету жолдары мыналар: біріншіден, баланың жанында дұрыс әсерленулер hәм ашық суреттеулердің көп болуын қамтамасыз ету керек; екіншіден, бала заттарды, көріністерді ұқсас белгілері бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін; үшіншіден, бала көріністердің, ойлардың араларындағы байламды тауып, олардың қайсысы қайсысына себеп екенін біліп үйрену керек», - деп бөлді [16,б. 113]. М.Жұмабаевтың пікірін түйіндейтін болсақ, бала сыртқы сезім құралдары арқылы әсер алып, әсер арқылы заттың өзін суреттеп, және суреттерден жаңа бір сурет жасап, оймен саралап, олардан ұғым, ұғымнан қиял жасайды. Кез-келген халықтың тілінде ойлау мәдениетінің көріну дәрежесі шеберлікпен бөлініп қойылған: ақыл мен парасат («парасатсыз ақыл – бақытсыздық»), даналықпен ойлау және данасыну, данасу («ақылгөйсіп кету»); тауып айту және ақылсыну, ақылдымсу; тапқыр ойлы, айлакер («айлакер Одиссей») немесе кеще болу (дөрекі, ебедейсіз ойлау), т.б. Сонымен бірге кейде: «Қанша бас болса сонша ақыл» деп те айтады [88]. Олай болса, ақыл, данышпан, парасат ұғымдарын қорытындылайтын болсақ, адам ойлауының бұл сипаттамаларынан бірдей анықтама беруге болатындай біреуін бөліп қарастыруға болмайтындығына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан Әл-Фараби мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі табиғи қабілеттің бірі - ой парасатын бөле қарастырады. Адам бойындағы сол үш қасиеттің үшіншісі адамның ойлау қабілетін дамытудың басты құралы сөз болғандықтан, тіл мен ойдың, ойлау мен сөйлеудің бірлігіне бағытталған оқыту жүйесін дұрыс таңдаумен сабақтасып жатыр. Ал сөз мәдениетіне қатысты материалдардың кез келгені осы қабілеттерді шыңдауға, жетілдіруге, шынайы тілдік қарым-қатынас барысында тіл дамыту, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстар арқылы әрі оқушыны ойландыруды, әрі сөйлеу әрекетіне төселдендіруді көздейді [7,б. 133].

Адам мен адамды, қазіргі мен болашақты байланыстыратын, адамның ойын жеткізетін, білімді жинақтайтын құрал – тіл. Тіл арқылы мәдениеттің өркендеуі туралы мәлімет аласын. Халықтың тілін зерттеу арқылы мәдениетін, 20 табиғатын, өмір сүрген кезең мен қоғамды танып білуге болады. Демек, қазақтың сөздік қоры бай, мағынасы мен мазмұны терең, өміршең тілін зерттеу арқылы ұлтымыздың этнос ретінде ерекшеліктерін зерттеуге болады. Г.Нұрышева адам болмысының дамуында тілдің рөлін былайша түсіндіреді: «Адамдардың қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоққа шығаруға болмас, бірақ адамның қоғамдық тіршілік етуші ретінде нағыз мәні басқалармен араласуда екендігі, ал бұл функцияны негізінен тіл атқаратыны шындық. Тілдің интериндивидуалдық деп аталатын бұл функцияның маңызы зор, себебі жеке адам тіл арқылы басқа адамды түсіне алады, өз кезегінде оған өзінің ойын жеткізеді, онымен араласып, сыр алмасады, яғни, өзін қоғамдық тіршілік етуші ретінде қалыптастырады. Адам болмысының өзі үнемі дамып, өзгеріп және жаңарып отыратын араласу үрдісі, ол адамның мәндік ерекшелігі. Адам өз болмысының құпияларын өзін қоршаған ортадан оқшау, тұйық жағдайда толық ашуды, көрсете алуы мүмкін емес. Адам болмысы оның өзіндік «Менінің» «Басқамен» үздіксіз жүріп отыратын вербальдық диалогында ғана айқындалады [17,б. 255]. Ғалымның тұжырымын талдай келе, адамдар сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасағаннан кейін ғана сөз бен ойдың мағынасы мен бірлігі айқындалады. Адамдар арасындағы түсінік - пікір алысу, қорытынды жасау, пайымдау арқылы қалыптасып, өзара келісімге келеді. Сондықтан да, диалогтік, полиглоттік сипаттағы жұптық, топтық тапсырмаларды орындау оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді деп ойлаймыз. Қазақ халқының философиялық дүниетанымын тереңдеп зерттеген ғалым О.А.Сегізбаев қазақтардың ой қызметінің алғашқы кезеңдерінде дүние мен оны түсіну туралы информацияны жинап, сақтайтын және жалғастыратын коммуникативті функцияны атқарған модельдік-бейнелеу мен символдықбелгілік жүйелердің орнын басқан вербальды-дискурсивты ойлау орта ғасырларда қалыптасқанын айтып, «енді басты рөльді халықтың ауызекі тілі атқара бастады. Вербальды-дискурсивті дамудың негізгі құралы – «тіл, дыбыстық сөз» деп атап көрсетеді. Қазақтың сөз өнері жай ғана ауызекі тілдің функциясымен шектелмей
, дискурсивті, яғни, пайымдық, пкірталастық сипатта болды. Дискурс ұғымын ең алғаш рет неміс философы Юрген Хабермас ХХ ғасырдың 70 жылдары енгізді. Батыс философиясында кеңінен қолданылып жүрген бұл ұғымды қазақ халқының сөз өнерінің ерекшеліктерін талдау ісіне де пайдалануға болатын секілді. Хабермастың ойынша, адам қоғамы осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бір-бірімен араласуы мен өзара, бірлесіп әрекет жасауы үшін жаралған, индивидтің қалыптасуы да осы араласуға тікелей байланысты [17,б. 254]. Демек, оқушының ойы мен тілін дамытуда оқу үдерісінде ұсынылатын пәндік мәтіндер, диадактикалық тапсырмалар, танымдық жаттығулар бір мақсатқа бағытталады. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда даналық сөздердің мағынасын ашып, тәрбиелік мәнін сипаттап түсіндірудің маңызы зор. Мұндай тапсырмалар оқушыны ойландыру, сөздік қорын байыту, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Шындығында тілдің, сөздің қадірі мен құдыретіне қатысты тұжырымдардың қазақтың шығармаларында берілуі тіл мен сөздің рөлін анықтауға мүміндік береді. Мысалы, оқушылар Бөлтірік шешеннің «Сөз мәнісі» атты өлеңімен таныса отырып, ондағы философиялық тұжырымдарды талдауға үйретудің маңызы зор. Бөлтірік шешен: Сөз мәнісін білмеген – Ел мәнісін білмейді. Ел мәнісін білмеген – Жер мәнісін білмейді [90], – десе, Нұржан Наушабаевтың «Тақпақ» деп аталатын өлең жолдарында: Білмей шалқып сөйлеуден Сөйлемей тұру бес артық. Байлауы жоқ шешеннен Үндемеген есті артық [15,б. 151], - деп сөз қадірін айта кетті. Сондықтан да халқымыздың сөз байлығын, сөз бейнелігін, ой қуаттылығын көрсететін сөздердің мағынасын, мазмұнын ашатын танымдық тапсырмалардың берілуі оқушының ойы мен тілін дамытуға негіз болады.

Қорытынды
Зерттеу нәтижесі бойынша мына төмендегідей ұсыныстар жасауға болады: - зерттеу жұмысымыздың негізінде дайындалған «Бастауыш сынып оқушыларын тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» атты курстық жұмыстың негізгі мазмұны еліміздегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсына дайындалатын білім беру бағдарламаларының құрамына енгізілсе; - пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған авторлық мектептердің жұмыс бағдарламасы дайындалып, тәжірибеге ендірілсе;

- ЖОО-дағы бастауыш білім беру бағдарламсы бойынша дайындалған дипломдық жоба өнімдерінде «Бастауыш сынып оқушыларын тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» мәселесі қарастырылса. Зерттеу мәселесі көкейкестілігімен қоса күрделі болғандықтан, оны толықтай қамтыдық деуге болмайды. Сондықтан курстық жұмыста келтірілген нәтижелер мен қорытындылар қарастырылып отырған мәселені шешудің тек бір ғана жолы деп есептеп, осы мәселеге қатысты арнайы дағдыларды қалыптастыру мәселелерін зерттеу болашақтың еншісінде деп білеміз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», 27 шілде 2007 жыл.
    2. Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас». Алматы «Сөздік-Словарь», 2005 ж.
    3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы, Нұр-Сұлтан, 2019 ж.

4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Білім беру бағдарламалары орталығы
5. М.Ахметова «Мәтін лингвистикасы». Орал-2008.
6. Шабажанова Салтанат «Оқылым дағдыларын қалыптастыру және дамытудың әдіснамасы мен тәжірибесі», Павлодар-2015.
7. Г.В. Пранцова, Е.С. Романичева «Современные стратегии чтения: теория и практика», Мәскеу-2016.
8. Винсент Р. Pyггиepo «Стратегии критического чтения».