Файл: Венаны атауылатыншасы Венаны орналасуы, сипаттамасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 55

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



1 кесте - Жүрек веналары

Венаның атауы/латыншасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Қан жинайтын аумақтары.




Алдыңғы қарыншааралық вена


Жүректің алдыңғы қарыншааралық жүлгесінде орналасады.

Жүректің ұшынан, оң және сол қарыншалардың алдыңғы бетінен қан жинайды

Жүректің кіші венасы

Оң қарыншаның артқы бетінде орналасады

Оң қарыншаның артқы бетінен қан жинайды

Артқы қарыншааралық вена

Жүректің артқы қарыншааралық жүлгесінде жатады

Қанды жүректің артқы бетінен жинайды.

Сол қарыншаның артқы венасы

Сол қарыншаның артқы бетінде орналасады

Сол қарыншаның артқы бетінен жинайды.

Сол жүрекшенің киғаш венасы

Сол құлақшаның артқы бетінде орналасады

Қанды сол жүрекшенің артқы бетінен жинайды.

Барлық жүрек веналары қанды тәждік қойнауына құйяды.

Тәждік қойнауы жүректің артқы бетінде тәждік сайында орналасқан.

Ол жүректің оң жүрекшесіне төменгі қуыс вена мен жүрекшеаралық перденің арасымен өтіп ашылады. Ашылатын тесігі жартыай тәрізді қақапашықпен жабылған.

Сонымен жүрек веналарының қаны оң жүрекшеге құйылады.



2 кесте - Алдыңғы және сыртқы мойынтұрық веналардың құйылыстары.

Венаның атауы/латыншасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Венаның құйылыстары

Қан жинайтын аумақтары.

Алдыңғы мойынтұрық венасы

v.jugularisanterior

Оң және сол алдыңғы мойынтұрық веналары мойынның алдыңғы бетінде орналасады. Бір бірімен көлде-нең венаарқылы анастомоз құрайды. Әр қайсысы өз жағындағы сыртқы мойынтұ-рық венасына барып қосылады.




Мойынның алдығы бетіндегі терісі

Сыртқы мойынтұрық венасы

v.jugularis externa

Төменгі жақтың бұрышының тұсында, құлақ қалқанының астында, жақасты мен артқы құлақ веналарының тармақтары- ның қосылуынан пайда болады.

Желке венасы Артқы құлақ венасы Жауырын үсті венасы Алдыңғы мойынтұрық венасы

Желкенің, мойынның, жауырынның терісі, құ-лақ аумағы, мойынның алдыңғы бетінің терісі.




3 кесте - Ішкі мойынтұрық венасының құйылыстары.

Венаның атауы/латыншасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Венаның құйылыстары

Қан жинайтын аумақтары.

Ішкі мойынтұрық венасы

v.jugularis interna

Бұл ірі вена. Сигма тәрізді қойнаудың жалғасы болып келеді. Бас қанқасының мойынтұрық тесігінің тұсында пайда болады. Төмен бағытталып, бұғана асты венасына қосылады.

Бұл венаның құйылыстары екіге бөлінеді: қанқаішілік және қаңқасыртылық құйылыстар.

Қаңқаішілік веналардағы қан мидың қатты қабығының қойнауларына құйылады.

Қаңқаішілік веналар:

Ми веналары

Үлкен ми

Менингиалдық веналар

Ми қабықтары

Диплоелық веналар

Бас қанқасырың сүйектері

Көз венасы

Көз алмасы, жас безі, қабақ, мұрын қуысы, көз шарасы, маңдай мен сыртқы мұрын.

Лабиринт веналары

Ішкі құлақ

Қаңқасыртылық веналар:

Бет венасы

Маңдай, мұрын, бет, ерін терісі. Шайнау, ымдау бұлшық еттері. Жұмсақ таңдай, таңдай бадамшалары. Ауыз, мұрын, жұтқыншақтың шырышты қабаты.

Төменгі жақасты венасы

Бастың терісі, құлақтың аумағы. Құлақ маңы безі. Шайнау бұлшық еттері. Мұрын қуысы. Тістер.

Жұтқыншақ веналары

Жұтқыншақ қабырғасы

Тіл венасы

Тіл, тіласты, жақасты сілекей бездері, ауыз қуысының бұлшық еттері.

Жоғарғы қалқанша веналары

Қалқанша безі, көмей, төс-бұғана-емізік бұлшық еті.



4 кесте - Мидың қатты қабығының қойнаулары

Қойнаулар – бұл мидың қатты қабығынан пайда болған веналық тамырлар. Олардың қабырғасы қатты болғандықтан, қабырғалары жабыспайды. Негізгі алты қойнау бар.

Жоғарғы сагиталды қойнау


Мидың қатты қабығының үлкен орақшасының жоғарғы жиегінде орналасады, көлденең қойнауға қанды құйяды

Төменгі сагиталды қойнау


Мидың қатты қабығының үлкен орақшысының төменгі жиегінің бойымен жүреді.Қанды тік қойнауға құйяды.

Тік қойнау


Мишық шатырының ортасында орналасады. Көлденең қойнаумен байланысады.

Үңгірлі қойнау


Сына тәрізді сүйектің «түрік ертоқымының» айналасында орналасады.

Колденең қойнау


Шүйде сүйегінің көлденең жүлгесінің бойымен, мишық шатырының артқы жиегінде орналасады. Қанды сигма тәрізді қойнауға құйяды.

Сигма тәрізді қойнау

Ең соңғы қойнау. Бұл қойнау бас қаңқасының мойынтұрық тесігінің тұсында ішкі мойынтұрық венасына айналады.


5 кесте Бұғана асты венасының құйылыстары

Венаның атауы/латыншасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Венаның құйылыстары

Қан жинайтын аумақтары.

Бұғана асты венасы
Vena subclavia

Бұл қолтықасты венасының тікелей жалғасы болып келеді. Бұғана сүйегінің артында, бұғанаасты артериясымен қатар орналасқан.

Ішкі мойынтұрық венасымен қосылып веналық бұрышты құрайды.


Мойынның көлденең венасы


Мойынның және арқаның жоғарғы бұлшықеттері

Жауырынүсті венасы


Жауырынан, жауырын айналасындағы бұлшық еттер мен терісі

Кеуде веналары




Дорсалдық жауырын венасы






6 кесте - Қолтық венасының құйылыстары

Венаның атауы/латыншасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Венаның құйылыстары

Қан жинайтын аумақтары.

Қолтық венасы
Vena axillaris

Иық веналарына иықтың бұлшықеттерінен, сүйектерден вена қан тамырлары қосылады, қолтықтың шұңқырына өткенде қолтық венасы болады.

Жоғарғы кеуде венасы /v. thoracica superior/

Қабырғааралық бұлшық еттер, үлкен және кіші кеуде бұлшық еттері, сүт безі.

Кеуде-акромион венасы /v.thoracoacromialis/

Кеуде, иық бұлшық еттері, бұғана, иық буыны, кеуде мен иықтың терісі.

Латералді кеуде венасы /v. thoracica lateralis/

Қолтық теріасты майы мен лимфа түйіндері, кеуде бұлшық еттері, сүт безі.

Жауырын асты венасы /v. subscapularis/

Арқаның, иық белдеуінің, иықтың бұлшық еттері мен терісі, иық буыны,

Тоқпан жіліктің алдыңығы айналама венасы /v.circumflexa humeri anterior/

Иық буыны мен дельтатәрізіді бұлшық ет.

Тоқпан жіліктің артқы айналама венасы /v.circumflexa humeri posterior/

Иық буыны, иық белдеуі мен иықтықтың бұлшық еттері.


7-кесте - Қолдың веналары



Венаның атауы/латын-шасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Қан жинайтын аумақтары.

Қолдың веналары беткей және терең болып бөлінеді.
Қолдың беткей веналары:
Қолдың латералді теріасты венасы
Қолдың медиалді теріасты венасы



Қол ұшының веналық торынан басталып, білектің латералды жиегімен жоғары көтеріледі. Шынтақ шұңқырында ортаңғы шынтақ венасы

арқылы медиалді теріасты венасымен анастомоз құрайды.

Әрі қарай иықтың латералды жиегімен көтеріліп, қолтықасты венасына жалғанады.
Бұл венада қол ұшының веналық торынан басталады. Білектің медиалды жиегімен жоғары көтеріліп, шынтақ шұңқырында ортаңғы шынтақ

венасы арқылы латералді теріасты венасымен анастомоз құрайды.

Әрі қарай иықтың медиалді жиегімен көтеріліп, иық венасына жалғанады.


Қолдың беткей веналары қанды тері мен теріасты майынан жинайды.


Қолдың терең веналары:

Екі шынтақ венасы

Екі кәрі жілік венасы




Қолдың терең веналары екеуден болады. Олар қанды аланның беткей және терең веналық доғаларынан қанды қабылдайды

Екі шынтақ және екі кәрі жілік веналары қол ұшынан басталып, жоғары көтеріледі.

Шынтақ шұңқырының тұсынад шынтақ пен кәрі жілік веналары әр

қайсысы бір біріне қосылып, екі иық венасын құрайды.

Иык веналарыы бір біріне қосылып қолтық венасын құрайды.




Қанды қолдың

бұлшық еттері мен сүйектерден қабылдайды.




8-кесте Кеуде қуысының веналары

Венаның атауы/латын-шасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Қан жинайтын аумақтары.

Сыңарсыз вена
Vena azygos


Оң жоғары бағытталған бел венасының жалғасы болып келеді. Құрсақ артқы қабырғасының бойымен жоға-ры өтеді.

Қанды құрсақ пен кеуде қуыстарының қабырғасынан жинайды. Өңеш, бронхы, қабырғааралық веналардан қан қабылдайды.

Жартылай сыңарсыз вена
Vena hemiazygos


Сол жоғары бағытталған бел венасының жалғасы бо-лып келеді. Құрсақ артқы қабырғасының бойымен жоға-ры өтеді.

Қанды құрсақ пен кеуде қуыстарының қабырғасынан жинайды. Өңеш, бронхы, қабырғааралық веналардан қан қабылдайды.


Кесте 9 Төменгі қуыс венаның париеталды құйылыстары

Төменгі қуыс вена төртінші бел омыртқасының тұсында оң және сол жалпы мықын веналарының қосылуынан пайда болады. Құрсақ қуысында оған париеталды, висцералды веналар және қақпа венасы жалғанады.

Венаның атауы/латын-шасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Қан жинайтын аумақтары.

Бел веналары
vv.lumbales

Оң және сол жақтан төрт венадан, қанды төменгі қу-ыс венаға құйяды.

Арқаның терісі мен бұлшық еттері, омыртқа жотасы.

Төменгі диафрагмалды веналар
vv.phrenicae inferiores

Қанды көкеттің құрсақ қуысына қараған бетінен жинап, төменгі қуыс венаға құйяды.

Көкеттің құрсақ қуысына қараған беті.


Кесте 10 Төменгі қуыс венаның висцералды құйылыстары

Венаның атауы/латын-шасы

Қан жинайтын аумақтары.

Атабез және анабез веналары

vv.testiculares

vv.ovarica

Атабез бен анабезден қан жинап төменгі қуыс венаға құйяды.

Бүйрек венасы

vv.renales

Бүйректің қанын төменгі қуыс венаға құйяды

Бүйрекүсті веналары

vv.suprarenales

Бүйрекүсті безінен қанды жинайды, төменгі қуыс венаға құйяды.

Буыр веналары

vv.hepaticae

Бауырдан қанды жинайды, төменгі қуыс венаға құйяды.



11 кесте Қақпа венасының түзілуі.

Венаның атауы/латын-шасы

Венаның орналасуы, сипаттамасы

Венаның құйылыстары

Қан жинайтын аумақтары.

Қақпа венасы
Vena portae

Қақпа венасы ұйқы безінің басының артында орналасқан. Көк бауыр, жоғарғы шажыра- қай және төменгі шажырақай веналарының қосылуынан пайда болады.

Қақпа венасы жоғарға және оңға бағытталып, бауырдың қақпасы арқылы бауырдың ішіне кіреді. №№№№№

Көк бауыр венасы

vv.splenica

Қанды көкбауыр, асқазан, ұйқы безінен жинайды.

Жоғарғы шажырақай вена

v.mesenterica superior


Жіңішке ішек пен оның шажырақайынан, соқыр ішек, құрттәрізді өсінді, жоғарылаған және көлденең жиектік ішектерден қан жинайды.

Төменгі шажырақай вена

v.mesenterica inferior


Тік ішектің жоғарғы бөлігі, сигма тәрізді және төмендеген жиектік ішектерден қады жинайды.