Файл: Педагоглогопедті 20192020 оу жылында атарылан жмыс туралы есебі Педагоглогопед.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 72
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алматы облысы, Талдықорған қаласы « № 30 орта мектеп- гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Педагог-логопедтің 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыс
туралы есебі
Педагог-логопед:
Талдықорған қаласы 2019 жыл
2019-2020 оқу жылында «№ 30 орта мектеп- гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Педагог логопед маманының жылдық жоспарына дамыту және тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген педагог логопед маманының түзете – дамыту төмендегідей кезеңдермен өтті.
1. Диагностикалық кезең:
1. баланың психо-физиологиялық қалпын үнемі және жан-жақты зерттеу.
2. сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.
3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.
2. Коррекциялық дамыту кезеңі:
1. баланың даму қалыпын ескере отырып қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу.
-
түзете – дамыту жұмыстарына ата – аналарды енгізу, тығыз байланыста болу.
3. әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту.
4. баланың сақталған компенсаторлық мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, ескере отырып «Жеке Дамыту Бағдарламасын» құру.
3. Тәрбиелеу кезеңі:
Баланың отбасындағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлқын, жеке тұлғаның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, жаңа ортаға үйренуіне қажетті жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.
2019-2020 оқу жылында педагог логопед көмегін 44 бала алды, олардың ішінде:
20 бала – дислалия
19 бала – ротацизм
2 бала – Лабдацизм
2 бала – дисграфия
1 бала - тұтықпа
Балаларды бақылау нәтижесінде биылғы оқу жылында мектепішілік логопунктке бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша 44 бала тіркеуге алынды. Оның ішінде 2 бала мектепке дейінгі даярлық тобынан, 16 бала 1-ші сыныптан , 15 бала 2 сыныптан, 8 бала 3- ші сыныптан, 3 бала 4 -шы сыныптан. Әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, тіл кемістігі бар балалар тіркеуге алынып, түзету сабақтары жүргізілуде. Түзету сабағы аптасына 2 рет сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жекелей және топтық сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың барлығына жеке даму картасы толтырылған. Әр оқушыға сабақ жоспарлары құрылған. Ата-аналарымен келісімшарт толтырылып, балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеймін.
Жалпы тілінің дамымауының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша қойылған төмендегідей мақсат- міндеттері:
- сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;
- енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;
- белсеңді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;
- байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;
- артикуляциялық аппараттың икемдігін арттыру, қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;
- сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;
- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық құрылымын дұрыс қалыптастыру;
- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау анализ синтез жүргізу;
Түзету сабақтарының нәтижесінде, балалар алғашқыға қарағанда берілген тапсырмаларды түсініп орындау, өз бетімен орындау, артикуляциялық жаттығуларды игеріп, сөздік қорларын жаңа сөздерімен толықтыру, кеңейту сияқты жетістіктерге қол жеткізуде.
2017-2018 оқу жылында логопунктке тіркелген оқушылар тізімі:
№ | Аты-жөні | Сыныбы | Дыбыс бұзылысы |
1 | Меірхат Темірлан | 1а | С,Ш дыбыстарының бұзылысы |
2 | Акашева Балжан | 1а | Р дыбысының бұзылысы |
3 | Исаин Жібек | 1б | Жалпы тіл кемістігінің ІІІ деңгейі |
4 | Ахмедов Амир | 1е | Л дыбысының бұзылысы |
5 | Галымжан Асанали | 1е | Р дыбысының бұзылысы |
6 | Инберген Жұлдыз | 1в | Р дыбысының бұзылысы |
7 | Амантай Бексұлтан | 1г | Жалпы тіл кемістігінің ІІІ деңгейі |
8 | Қайратқызы Ару | 1г | Р дыбысының бұзылысы |
9 | Қызылбай Айзере | 1г | Р дыбысының бұзылысы |
10 | Жақып Нұрай | 1д | Р дыбысының бұзылысы |
11 | Батырхан Дариям | 1д | Р дыбысының бұзылысы |
12 | Сасасов Алинур | 1д | Л дыбысының бұзылысы |
13 | Яготинсова Вероника | 1е | Р дыбысының бұзылысы |
14 | Тұрдыбай Амина | 1д | Р дыбысының бұзылысы |
15 | Бахтиярұлы Мансұр | 2а | К, Қ, Ғ, Г дыбыстарының бұзылысы |
16 | Бағдатұлы Алинұр | 2б | Р дыбысының бұзылысы |
17 | Оспанақынов Азамат | 2б | Р дыбысының бұзылысы |
18 | Кентай Аміржан | 2в | Р дыбысының бұзылысы |
19 | Абатов Нұрасыл | 2в | Р дыбысының бұзылысы |
20 | Амангелді Алинұр | 2г | Р дыбысының бұзылысы |
21 | Тоқтасынов Алихан | 2г | Р дыбысының бұзылысы |
22 | Тұрсын Алихан | 2д | Р дыбысының бұзылысы |
23 | Жүнісбай Ерғанат | 2д | Р дыбысының бұзылысы |
24 | Нұртайұлы Исмат | 2д | Р дыбысының бұзылысы |
25 | Болат Нұрбек | 2д | Р дыбысының бұзылысы |
26 | Асылова Дина | 2д | Дисрафия |
27 | Айтжанова Мадина | 2е | С,Ш,Л,Р дыбыстарының бұзылысы |
28 | Матюшенко Кирил | 2е | Р дыбысының бұзылысы |
29 | Тұтқабаев Амирлан | 2е | Р дыбысының бұзылысы |
30 | Табыдиев Темірлан | 3ә | Тұтықпа |
31 | Жүкен Асан | 3в | Р дыбысының бұзылысы |
32 | Аликеев Дарын | 3в | Р дыбысының бұзылысы |
33 | Тұрлыбек Елнұр | 3д | Л, Р дыбысының бұзылысы |
34 | Жұман Елнұр | 4а | С,Ш, Р дыбыстарының бұзылысы |
35 | Тұрсынбек Уалихан | 4а | Р дыбысының бұзылысы |
36 | Жасқайрат Алинұр | 4ә | Р дыбысының бұзылысы |
37 | Кобдиков Дамир | 3ә | Р дыбысының бұзылысы |
38 | Халық Самина | 3ә | Р дыбысының бұзылысы |
39 | Чакемов Шухрат | 3б | Сөйлеудің фонематикалық дамымауы |
40 | Кыдыргалиев Алихан | 1е | Р дыбысының бұзылысы |
41 | Халық Нұрмұхамед | 1а | Р дыбысының бұзылысы |
42 | Қайырхан Әділ | 0а | С,Ш,Л, Р дыбыстарының бұзылысы |
43 | Сарқынбай Бексұлтан | 0в | Жалпы тіл кемістігінің ІІІ деңгейі |
44 | Тоқтархан Камила | 3г | Р дыбысының бұзылысы |
Баланың сөйлеу тілін бұзылуын әртүрлі жаттығулар арқылы түзету жұмыстары логопедиялық сабақтарда жүргізілді. Логопедиялық тұзету сабақтарының мақсаты: сөйлеу тілі бұзылған бастауыш оқушыларын анықтап, диагностикалық бақылау жүргізу арқылы білім беру және түзету жұмыстарын жүргізу.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға, атап айтқанда логопад балаларға жекелей және топтық сабақ кестелері, сабақ жоспарлары құрылды.
Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға сабақ жоспарлары баланың даму қабілетіне қарай бағытталып құрылды.
Дислалия бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: Фонетикалық есту қабілетін дамыту үшін лексикалық тақырыптары мен дыбыстар дағдыларына байланыстырып айтылуы бойынша ерекшеліктерімен таныстырылды. Оқушылар тілдік емес дыбыстардан әуенді ойыншықтар, тұрмыстық шулар дыбыстарын ажыратып үйренді.
Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту жұмыстары жүргізілуде сөйлеу тілінің белсенді сөздік қорын дамыту үшін арнайы сұрақтармен байланыстырып сөздік қорлары кеңейуде. Сөйлеу тілінде «етістіктер», «есімдіктер», «зат есім», «сын есім», «есімшелерді» дұрыс қолданып үйренуде. Сөйлеу тілінің қарым – қатынастық сөздік қорын дамытуға «Бауырсақ», «Шалқан» ертегілерінің кейіпкерлеріне бөлініп, дауыс ырғағын өзгертіп үйренді. Сюжетті суреттер бойынша екі, үш құрылымды сөйлем құрап, үш – төрт сериялы сюжетті суреттерден әңгіме құрастырады. Дыбыстану қатарына келетін болсақ дауысты дыбыстар қатарын дұрыс айтылуын қадағаланып, «еріндік» [П], [Б], «бұғақтық» [Қ], [Ғ], «ызың» [Ш],[Ж], «ысқырық»[С], [З] дыбыстарына түзету жұмыстары жүргізілді. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын ескере отырып, балаға логопедиялық емдік-уқалау жасалды.
Ротацизм бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: жоғарыда айтылған логопедиялық түзете-дамыту жұмыстары толығымен қамтылып жатыр. Сөйлеу тілінің түсінуін дамытуға арнайы лексикалық тақырыптар алынды «Мектеп құралдары», «Жабайы аңдар» «Қыстайтын құстар», «Жәндіктер», «Тәуелсіздік күні», «Қанша мемлекеттік қор бар?», «Жыл мезгілдері» т.б. Бала тұрмыстық шуларды және жануарлардың дыбыстарын ажыратуға арналған жұмыс жүргізілді. Бет бұлшықеттеріне арналған емдік уқалау жоспарланып, жасалды. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын дамытуда бала мимикалық, ерінге және тілге арналған жаттығуларды жасап үйренуде. Сонымен бiрге дыбыстар қатары аныкталып, оларды қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар қатарын игердi. «Р» дыбысын қою барысында
тілдің алдыңғы бөлігін альвеолаға тигізу, ажырату жүзеге асады. Кішкене шар тәрізді зондтың орнына мақта таяқшаларын немесе саусағын пайдалануға болады. Алдымен саусақты логопедтің өзі қозғайды, кейін бала өздігінен жасайды. Жаттығу кезінде тілдің тиісті орынға оралуын, тіл мен альвеол арасында тар саңылау болуын бақылап отыру керек. Ақырында тілдің өздігінен тербелуіне альвеолдық Т немесе Д дыбыстарын фрикативтік Р дыбысымен тіркестірдің көмегі көп /др, дддр, тр, тттр/.
Бастапқы тілдің ұшы ғана тербелетін, тербеліс секундына 20 ретке жететін «ұсақ діріл» болып, қалыптастырылды.
Саусақтарының қимыл-қозғалыстарын дамыту мақсатында жаттығулар, ұсақ заттармен жұмыс, қарындашпен жұмыс түрлері кеңінен жүргізілді.
Лабдацизм бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: тілдің икемсіздігіне байланысты артикуляциялық жаттығулар қатары жасалды. Ол тілдің «қазықша» қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға бағытталуға көмек берді. Артикуляциялық жаттығулар тілді кезекпен жалпайту немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп ұстап үйренді.
Тұтықпа бұзылыстары бар баламен келесі жұмыстар жүргізілді: Тұтықпасы бар және ринолалик балалармен көбінесе сабақта тренингтер жүргізіп , рефлексия жасап тұлға туралы жалпы түсінік берілді, «Мен кіммін?» деген тақырыпта шығарма жазылды. Тұтықпасы бар балалармен сабақ барысында дұрыс тыныс алу, дем алу жаттығулары жасалды. Мысалы, «Көбелек ұшыру», «Мақта ұшыру», «Кеме», «Ат қалай шабады» ойыны, артикуляциялық жаттығулар жүргізілді.
Түзету коррекциялық сабақтың барысында оқушылар дұрыс тыныс алуға, сөздің грамматикалық құрлымын түсінуге, сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстыруға (ЖТК бар бала) үйренді. Ал тұтықпасы бар оқушылардың сөйлеу кезіндегі тұтығулары бәсеңдеген, тек қобалжыса, асықса ғана тұтығып қалады.
Бірінші жарты жылдық бойынша логопунтке тіркелген, логопад балалардың жалпы саны- 44, олардың ішінде сөйлеу тілі түзетілген логопедтің көмегін қажет етпейтін оқушылар саны – 9, ал сөлеу тілі бастапқыға қарағанда жақсыарған бірақ әлі де логопедтің қадағалауын қажет ететін балалар саны - 8. Ал тізімде тұрған қалған оқушылармен түзету сабақтары келесі жылы жалғастырылады.
1 жыл аралығында педагог - логопед көмегін алған | Кезең сабақтары аяқталған балалар саны | Себепті жағдаймен кестеден алынған | Себепсіз сабаққа қатыспай жүрген балалар саны |
44 | 9 | 0 | 8 |
Мұғалім-логопед:
2019-2020 жылдығында инклюзивті оқыту бойынша тізімде тұрған оқушылармен жүргізілген жұмысқа
ЕСЕП
2019-2020 оқу жылында инклюзивті білім беру бойынша 5 оқушы логопдиялық сабаққа тіркеуге алынды. Бұл оқушылар әр түрлі диагноздарына байланысты ОПМПК-да тіркеуде тұрады. Соның ішінде 3-і жоғарғы сынып оқушылары болса, қалған 2 оқушы бастауыш сынып оқушысы. Ал Темешова Сабина деген оқушы ОПМПК-дан тексеруден өтіп, мамандар қорытындысы бойынша тіркеуден алынды, сол себепті логопедиялық сабақтан босатылды.
Жыл басындағы инклюзивті білім алатын оқушылардың тізімі
№ | Аты-жөні | Туған жылы, айы күні | сыныбы | Диагнозы |
1 | Жолдасбек Алишер | 18.11.2003ж | 9 «ә» | Тұтықпа (орта деңгейі) |
2 | Майтай Аружан | 28.07.2001ж | 11 «а» | Ринолалия |
3 | Темешова Сабина | 18.10.2007ж | 5 «г» | Тұтықпа (жеңіл түрі ) |
4 | Чакемов Шухрат | 17.08.2008 | 3 «б» | Психикалық дамуының тежелуі |
5 | Әділбек Әділжан | 10.05.2010 | 1 «в» | Психикалық дамуының тежелуі |
6 | Табыдиев Темірлан | 2008 | 3 «ә» | Тұтықпа (орта деңгейі) |
Осы балаларға жыл бойы коррекциялық сабақ өткізілді. Коррекциялық сабақ кестесіне сай тізімде тұрған оқушыларға жеке дамыту бағдарламасы құрылып сол бойынша аптасына екі рет жекелей сабақтар жүргізілді.
Жеке дамыту бағдарламасында көрсетілгендей бұл оқушылармен түзету жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
І. Сөйлеу мүшелерінің қозғалысын дамыту:
-статикалық және динамикалық артикуляциялық жаттығуларды логопед үлгісі бойынша және өз бетімен орындауға үйрету;
ІІ.Тұлғаның жеке психикалық даму деңгейімен жұмыс:
-оқу процессінде өзін-өзі емін-еркін ұстауға дағдыландыру;