Файл: Педагоглогопедті 20192020 оу жылында атарылан жмыс туралы есебі Педагоглогопед.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 73
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
IIІ. Физиологиялық дұрыс тыныс алу дағдысын қалыптастыру:
- дұрыс тыныс алу дағдысын қалыптастыру, яғни сөйлегенде дем шығарған кезде сөйлеу керектігін түсіндіру;
- ауыздық тыныс шығаруын дамыту;
- бір тыныста буындар, сөздер, сөйлемдер қатарын айтуға үйрету;
- жекелеген мұрынмен және ауызбен тыныс алуды қалыптастыру;
- тыныс жаттығуларын орындауға үйрету;
- бір тыныста дауыс күшін әлсізден қаттыға және керісінше өзгертуге үйрету;
VІ. Логоритмика :
-
Саусақ жаттығуларын өлең жолдарыарқылы байланыстырып орындату;
- қимылды әуендерді қайталау;
- әуенді ритмиканы қажет дыбысты
бекітуге қолдану .
Тұтықпасы бар және ринолалик балалармен көбінесе сабақта тренингтер жүргізіп , рефлексия жасап тұлға туралы жалпы түсінік берілді, «Мен кіммін?» деген тақырыпта шығарма жазылды. Тұтықпасы бар балалармен сабақ барысында дұрыс тыныс алу, дем алу жаттығулары жасалды. Мысалы, «Көбелек ұшыру», «Мақта ұшыру», «Кеме», «Ат қалай шабады» ойыны, артикуляциялық жаттығулар жүргізілді.
Түзету коррекциялық сабақтың барысында оқушылар дұрыс тыныс алуға, сөздің грамматикалық құрлымын түсінуге, сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстыруға (ЖТК бар бала) үйренді. Ал тұтықпасы бар оқушылардың сөйлеу кезіндегі тұтығулары бәсеңдеген, тек қобалжыса, асықса ғана тұтығып қалады.
Ұсыныс: 209-2020 оқу жылында бекітілген 44 оқушының 27 оқушысы педагог логопедтің түзету сабақтарының кестесіне алынсын;
Сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізілсін;
Тұтықпа және ротацизм бұзылыстары бар оқушыларға емдік-уқалау жасалсын.