Файл: ндылы Зайырлы оам жне жоары руханият ЫСа мерзімді саба жоспары.odt
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құндылық: Зайырлы қоғам және жоғары руханият
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті | Алматы қаласы Алмалы ауданы М. Бегалин атындағы № 120 гимназия | Сынып- 9 «А» | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шинибекова Шолпан Оразовна | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Жасыл экономика | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.1.1.1 – әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау; 9.2.5.1 – мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру; 9.5.1.3 – қарсылық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді. | ||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сұрақтарға еркін жауап береді, мәтінде көтерілген мәселеге баға береді, қарсылық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды меңгереді. | |||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстырып талдайды. | |||||||||||
Күтілетін нәтиже | Жасыл экономика жайлы ақпарат береді, сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады, көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстырады, өз ойын айтады, қарсылық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды меңгереді. | ||||||||||
Тілдік мақсат | Тілдік дағдылар: негізгі мәліметтерді қорытады, синтездеу және жазу жұмыстарын жүргізеді. | ||||||||||
Лексикалық минимум: негізделген, кезең, сай, жалпы, бірталай, басшылық, т.б. | |||||||||||
Сөз тіркестері: оқушыларға осы сөздермен сөз тіркестерін құрастырту. | |||||||||||
Сабақта қолданылған материалдар | Интерактивті тақта, жасыл экономика туралы слайд, А4 парағы, маркерлер, плакат, смайликтер, т.б. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, мәдениет, әдебиет. | ||||||||||
Құндылықтарды дамыту | Ғылымды, білімді үйренуге, қоршаған ортаны қорғауға, құрметтеуге үйрету. | ||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім | Биотехнология жаңалықтары жайлы айтады, Сахиев Жүніс «Уақыт қайтарымы» ғылыми-болашақтың романы туралы кеңейтілген ақпарат береді. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады. | ||||||||||
Дереккөздер: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||
Басы Уәждеу және жаңа тақырыпты жариялау | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. І. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Қошеметтер фонтаны» әдісі арқылы оқушыларға қандай мадақ сөз естігісі келетінін жаздырту. ІІ. Қызығушылықты ояту. Оқушыларға жасыл экономика жайлы слайд көрсетіп, сұрақтар қоямын: - Экологиялық проблемалар дегенді қалай түсінесіңдер? - «Жасыл экономика» тұжырымдамасы жайлы не білесіңдер? ІІІ. Топқа бөлу. ІV. Мәтіналды жұмыс. Ең алдымен интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту. Оқушылар қайталайды, сөз тіркестерін құрастырады. Сөздік дәптерлеріне сөздік жұмысын орындату. Ұ Ұжымдық топқа арналған жұмыс. «Мағынаны тану» әдісі арқылы жаңа сөздермен танысу. Жаңа сөздер: негізделген, кезең, сай, жалпы, бірталай, басшылық, т.б. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрастыру.
1-тапсырма. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып, өз ойларын айтады. 2-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдау, тақырыпқа қатысты сөздерді тапқызу. Дескрипторлар: - жаңа сөздерді үйренеді; - сөздік жұмысын жүргізеді; - сурет бойынша сөйлемдер құрастырады, өз ойын айта алады. Тілдік бағдар. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы мағлұмат беру. Қалыптастырушы бағалау. Түрлі – түсті желім қағаздар арқылы әр топ бір-бірінің жауаптарын бағалайды. Кері байланыс. «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша грамматикалық тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, түсініктерін толықтырады. | А4 парағы, оқулық | |||||||||
Ортасы Жаңа материалды меңгеру | V. Мәтінмен жұмыс. Ең алдымен 3,4-тапсырмаларды орындату. Мәтінді оқу, сұрақтар құрастырып бір-біріне қояды, қою әріппен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздерді тапқызу. Дескрипторлар:
6-тапсырма. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемді табады. 7,8-тапсырмалар. Жұптық жұмыс. Оқушылар жағдаяттық тапсырманы орындайды, «Жасыл экономика» неге бағытталғанын түсіндіреді, кластер толтырады. Дескрипторлар:
9-тапсырма. Суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді. 10-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар тұжырымдаманың кезеңдерін табады, ойларын дәлелдейді. Дескрипторлар:
-дәлелді факторлар келтіреді. Мәтінсоңы жұмыс. 11-тапсырма. Оқушылар үзінді бойынша сұрақтар дайындайды, диалог құрастырады. Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» тәсілі арқылы әр топ бір-бірінің жауаптарын бағалайды. Кері байланыс. «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша грамматикалық тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, түсініктерін толықтырады. | | |||||||||
Соңы | VІ. Жұптық жұмыс. 12-тапсырма. «Балық қаңқасы» диагрммасын толтырады, өз тұжырымдарын жазады. Дескрипторлар:
Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» тәсілі арқылы әр топ бір-бірінің жауаптарын бағалайды. Рефлекися. «Бес саусақ» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді. | | |||||||||
Бағалау және сабақты қорытынды лау | Үйге тапсырма: Жеке жұмыс. 52-бет, 5-тапсырма. «Жасыл экономика» тұжырымдамасында не белгіленгенін анықтап, кестеге жазу. Дескриптор: -ақпарат жинайды; -кестені толтырады. Кері байланыс:
| |