Файл: 9сынып математикадан ожсба дайынды жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 36

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«9-сынып математикадан ОЖСБ-ға дайындық жоспары»

(жаратылыстану – математика бағыты)

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат

Түсінік хат

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы математика курсы оқушылардың математика пәнінен алған білім негіздерін әрі қарай үздіксіз дамыту. Қазіргі кезде математиканы оқыту математикалық білім алуға емес, математиканың көмегімен білім алуға бағдарланған десек болады, себебі жалпы білім беру бағытында математика пәнінің нақты мазмұнын күнделікті тұрмыстық мәні бар дәрежеде беру арқылы оқушылардың жан – жақты дамуын қамтамасыз ету. Математикалық білімді меңгерту өмір талабына сай оқыту мақсатында кәсіби бейінделген оқу бағдарламасы дайындалып, болашақтағы мамандығына қажет тақырыптар алынуы керек. Бұл бағдарламада математика меңгерудің жоғарылаған деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі қолданбалы курстың толықтырылуы, мұнда оқу бағдарламасында қамтылмай қалған күрделі, қажетті материалдарды оқушыларға қамтамасыз етеді. Математиканы бейімдеп оқыту оқушылардың математикаға бейінділіктерін анықтауды және дамытуды математикамен байланысы бар мамандықтарға бағыттауды және жоғарғы оқу орындарында қажетіне пайдалана білуді көздейді.

Мақсаты:

ОЖСБ-ға дайындау үшін тест тапсырмаларына есептер шығара отырып, оқушылардың ақыл – ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның қолданбалы мүмкіндіктерін кәсіптік есептер шешуге қолдану арқылы дағдыларын қалыптастыру, математикамен байланысы бар мамандықтарға бағыттау.

Міндеттері:

  • танымдық ой – өрісін дамытып, өмірге белсенділігін арттыру;

  • оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігін көрсету;

  • негізгі мектепте алған ақпаратты кеңейту және жетілдіру;

Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың ақыл – ойы, танымдық және шығармашылық қабілеті артады;

  • кәсіптік бағдар алады;

  • болашақта өтілген тақырыпқа байланысты есептерді жоғарғы оқу орындарында шеше алады;

Мазмұны мен құрылымы:



Қандай білім, біліктіліктер тексеріледі

Сағат саны

Мерзімі

1

Бүтін сандармен берілген өрнектің мәнін табу

1

07.09.20

2

Жай бөлшектемен берілген өрнектің мәнін табу

1

14.09.20

3

Ондық бөлшектермен берілген өрнектің мәнін табу

1

21.09.20

4

Санның пайызын есептеу

1

28.09.20

5

Пропорционалдық қатынас арқылы есептер шығару

1

05.10.20

6

Пропорцияға байланысты мәтінді есептер

1

12.10.20

7

Алгебралық өрнектерді ықшамдау

1

19.10.20

8

Көпмүшеліктерді қосу, азайту, көбейту

1

26.10.20

9

Көпмүшелерге амалдар қолдану

1

02.11.20

10

Қысқаша көбейту формулаларын көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеу арқылы жіктеуге қолдану

1


09.11.20


11

Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару

1

16.11.20

12

Бүтін көрсеткішті дәреже

1

23.11.20

13

Квадрат түбірдің қасиеттері

1

30.11.20

14

Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру

1

07.12.20

15

Сызықтық теңдеулерді шешу

1

14.12.20

16

Квадрат теңдеулерді шешу

1

21.12.20

17

Түбірлері арқылы квадрат теңдеулерді шешу

1

28.12.20

18

Биквадрат теңдеулерді шешу

1

04.01.21

19

Алгебралық бөлшектерді қысқарту

1

11.01.21

20

Алгебралық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту

1

18.01.21

21

Сызықтық теңсіздіктерді шешу

1

25.01.21

22

Квадраттық функцияның графигін салу, функция қасиеттері

1

01.02.21

23

Функцияның анықталу облысы мен мәндер облысын табу

1

08.02.21

24

Берілген формула арқылы санды тізбектің мүшелерін табу

1

15.02.21

25

Арифметикалық прогрессияның мүшелерін, қосындысын табу

1

22.02.21

26

Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы

1

01.03.21

27

Геометриялық прогрессияның мүшелерін, қосындысын табу

1

08.03.21

28

Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы

1

15.03.21

29

Шексіз геометриялық прогрессияның қосындысына есептер шығару

1

22.03.21

30

Теңдеулер жүйесі әдісі арқылы мәтінді есептер шешу

1

29.03.21

31

Теңсіздіктерді интервал әдіспен шешу

1

05.04.21

32

Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу

1

12.04.21

33

Екі айнымалысы бар теңдсіздіктер жүйесін шешу

1

19.04.21

34

Тригономтриялық өрнектерді түрлендіру және мәнін табу

1

26.04.21


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ж.А.Нұрсалимова «Профильные обучение: объяснение, понимание, опыт работы»

  2. Т.А.Атаханов, Ұ.Ә.Әбдісана «Жоғарғы математикадан есептер жинағы»

  3. В.Т.Лисичкин, И.Л.Соловейчик «Математика»

  4. С.Қанаев «Математикадан таңдамалы есептер»

  5. П.Е.Данко, А.Г.Попов «Высшая математика в упражнениях и задачах»

  6. С.И.Новоселов «Специальный курс элементарной алгебры»

  7. Н.Б. Мұхаметжанова «Бейінді оқытуды ұйымдастыру»