Файл: 9 сынып азастан тарихынан дайындалан тест сратары Таырып хх асырды екінші жартысындаы білім беру жйесіні дамуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 95

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

9 сынып Қазақстан тарихынан дайындалған тест сұрақтары

Тақырып: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы

Оқулық:

1. Қазақстан тарихы (1946 жылдан бүгінгі күнге дейін)9 сыныпқа арналған. Б.Ғ.Аяған, Қ.Б.Әдиет, А.Б.Сатанов – Алматы, Атамұра. - §10

2. Қазақстан тарихы (ХХ ғасырдың басы – бүгінгі күнге дейін) Қозыбаев М, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев. алматы, Мектеп, 2013 ж, §42(1)

1. Соғыстан кейінгі жылдары республиканың мәдени өмірінде орын алған жағымды өзгерістер

А) ғылым мен білімді дамыту, өнеркәсіп орындарының көбеюі, жаңа совхоздардың ашылуы

В) тоталитарлық режим көрінісінің жиілеуі

С) баспасөздегі цензура

Д) аралас мектептердің көбеюі

Е) қуғын сүргіннің жалғасуы

2. Соғыстан кейінгі жылдары ғылым мен білімді дамыту мақсатында «Қазақ КСР-інде жоғары және орта білімді одан әрі жетілдіру туралы» қаулының қабылданған жылы

А) 1947 жылы

В) 1949 жылы

С) 1950 жылы

Д) 1925 жылы

Е) 1945 жылы

3. Соғыстан кейінгі жылдары ғылым мен білімді дамыту мақсатында 1947 жылы қабылданған «Қазақ КСР-інде жоғары және орта білімді одан әрі жетілдіру туралы» қаулы бойынша жүргізілген жұмыстар

А) мектептер мен оқу орындарының құрылысына, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға қосымша қаржы бөлінді

В) қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді

С) Жылжымалы мектептердің ашылуы

Д) жергілікті жастардың өкілдерін елдің жоғары оқу орындарына қабылдау саны артты

Е) негізгі мектеп 9 сыныппен, орта мектепті 10-11 сыныппен аяқтау

F) медреселерде білім алудың қарастырылуы

G) ағылшын тілін бастауыштан оқыту

H) білім беруге қажетті қаржының көлемін ұлғайтты.

4. Соғыстан кейінгі жылдары ғылым мен білімді дамыту мақсатында 1947 жылы қабылданған «Қазақ КСР-інде жоғары және орта білімді одан әрі жетілдіру туралы» қаулы бойынша даярланған мамандар саны


А) 60 мыңнан астам

В) 50 маман

С) 1 млн-нан астам

Д) 25 маман

Е) 2 мыңдай

5. Мектептердегі білім беруге қажетті қаржының көлемін ұлғайтуға байланысты бөлінген ақша сомасы

А) 1946 жылы 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы 146,5 млн сом бөлінді

В) 1941 жылы 250 млн сом бөлінсе, 1945 жылы 500 млн сом бөлінді

С) 1955 жылы 400 млн сом бөлінсе, 1966 жылы 600 млн сом бөлінді

Д) ақша бөлінбеді

Е) ақша көлемі азайтылды

6. Адамдар аз қоныстанған аудандарда құрылған интернат жүйесінде оқыған бала саны

А) 5 мыңдай

В) 25 мыңдай

С) 40 мыңдай бала

Д) 500 дей

Е) 200 дей

7. Тұтас алғанда 1950 жылға қарай республикадағы жұмыс істеген мектептер саны мен оқушылар саны

А) 9088 мектеп жұмыс істеп, 1 млн 439 мың оқушы білім алды

В)

С)

Д)

Е)

8. Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ мектептерінің ауыр жағдайы

А) техикалық жабдықтаудың қолға алынуы

В) «болашағы жоқ» елді мекендер жойылып, шағын жинақты қазақ мектептері жабылды

С) орыс мектептерінің ашылуы

Д) оқулықтардың жазыла бастауы

Е) педагог мамандарының даярлануы

9. Мектептердегі білім беру ісінің тоталитарлық тәртіптік көрінісі

А) педагог мамандарының даярлануы

В) оқулықтардың жазыла бастауы

С) техикалық жабдықтаудың қолға алынуы

Д) 1950-70 жылдары орыс тілінде оқытатын мектептер 1,5 млн-ға артқанда, қазақ мектептері 3891-ден 2577-ге азайды

Е) ғылым мен білімді дамыту, өнеркәсіп орындарының көбеюі, жаңа совхоздардың ашылуы

10. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда мектептерге көмек көрсетуге қор жасау үшін ұйымдастырылған шара:

A) Сенбіліктер

B) Жексенбіліктер

C) Жылу жинау

D) Асар

Е) Металл сынықтарын жинау

11. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін салынды:

A) Пансионаттар

B) Жексенбілік мектептер

C) Кешкі мектептер

D) Мектеп-интернаттар

Е) Жылжымалы мектептер

12. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды:



A) 1949 жылы

B) 1952 жылы

C) 1956 жылы

D) 1960 жылдардың басында

Е) 1964 жылы

13. Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді:

A) 1949-1950 оқу жылынан бастап

B) 1962-1963 оқу жылынан бастап

C) 1970-1971 оқу жылынан бастап

D) 1980-1981 оқу жылынан бастап

Е) 1984-1985 оқу жылынан бастап

14. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды:

A) 1940 жылдар ішінде

B) 1960 жылдар ішінде

C) 1970 жылдар ішінде

D) 1980 жылдар ішінде

Е) 1990 жылдар ішінде

15. 1984 жылғы кезекті мектеп реформасы бойынша қарастырылған шара:

A) Он жастан бастап оқыту

B) Сегіз жастан бастап оқыту

C) Жеті жастан бастап оқыту

D) Алты жастан бастап оқыту

Е) Ақылы оқыту

16. 1970 жылдар ішінде жүздеген метептер жабыла бастады:

A) Қалалық жерлерде

B) Қала типтес кенттерде

C) «Болашағы жоқ» елді мекендерде

D) Совхоздарда

Е) Колхоздарда

17. 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің бәрі дерлік:

A) Қалалық жерлердегі мектептер

B) Орыс-қазақ мектептері

C) Мектеп-гимназиялар

D) Лицей-мектептер

Е) Қазақ тілінде оқытатын мектептер

18. 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің көпшілігі:

A) Қалалық жерлердегі мектептер

B) Орыс-қазақ мектептері

C) Мектеп-гимназиялар

D) Лицей-мектептер

Е) Шағын комплектілі мектептер

19. 1948 жылы республикада 15 жасқа дейінгі оқуға тартылмай жүрген балалардың саны:

A) 200 мың

B) 0,5 млн-нан астам

C) 1 млн-нан астам

D) 1,5 млн.

Е) 2,5 млн.

20. «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және халыққа білім білім беру жүйесін одан ары дамыту туралы» заң қабылданды

А) 1956 жылы

В) 1957 жылы

С) 1958 жылы

Д) 1959 жылы

Е) 1970 жылы

22. 1965-1966 оқу жылында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны:

A) 20

B) 30

C) 39

D) 49

Е) 55

23. 1959 жылғы «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және халыққа білім білім беру жүйесін одан ары дамыту туралы» заң бойынша

A) 1962-1963 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді:

B) он бір жылдық еңбек – политехникалық мектептерін құру

C) жұмысшы жастар мектептерін көбейту

D) орта мектепті 10-11 сыныппен аяқтау

Е) мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту


24. 1954 жылдан бастап ашыла бастаған техникалық училищеде дайындалған мамандар:

A) фрезершілер

B) машина жүргізушілер

C) жазушылар

Д) журналистер

Е) педагог мамандар

F) эксковаторшылар

G) мал шаруашылығы мамандары

H) краншылар

25. ҰОС кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде даярлауы басым мамандық

A) педагогика мамандары

B) мал шаруашылығы мамандары

C) ауыл шаруашылығы мамандары

D) медицина мамандары

Е) инженерлер

26. 1980 жылдардың ортасындағы Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны:

A) 55

B) 45

C) 39

D) 49

Е) 70

27. «Білім туралы Заң» қабылданды

А) 1999 жылы

В) 1959 жылы

С) 1947 жылы

Д) 1966 жылы

Е) 2001 жылы

28. 1999 жылы қабылданған «Білім туралы Заң» бойынша

A) 1962-1963 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді:

B) он бір жылдық еңбек – политехникалық мектептерін құру

C) жұмысшы жастар мектептерін көбейту

D) негізгі мектеп 9 сыныппен, орта мектепті 10-11 сыныппен аяқтау

Е) мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту

Дайындаған: Қуатова Бейбіткүл

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 мектеп