Файл: Сабаты таырыбы Табиатпен ндесе мір среміз. Сабаты білімділік масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үндесе өмір сүреміз.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға өзі өмір
сүріп отырған ортаның табиғат байлығын
танып, салауатты өмір сүруге бағыттау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың экологиялық
қабілеттерін нығайтуға ықпал жасау.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табиғатқа деген
сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық
сезімдерін оятып, туған өлке табиғатын
аялау.
Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, мақал-мәтел, үнтаспа.
Сабақтың әдісі: Интерактивтік тақта арқылы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Биология, география, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Жаңа сабақ.
4. Қорытынды.
Жаңа сабақ
Би «Қамажай» Тәліпхан.Б.
Жүргізуші-Ақерке: Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Табиғатпен үндесе өмір сүреміз» атты ашық тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші-Нұрдәулет: Ия, балалар, табиғат, ол мөлдір аспан, таза ауа, айдын көлі, құстар үні. Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясыжәне аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Жүргізуші-Ақерке: Ия, Нұрдәулет біз барлық нәрсені табиғаттан аламыз. Айтар болсақ, ауа, су, тағам, түрлі жиһаздар, бәрі-бәрі табиғаттан. Адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым.
Тақпақтар.
Жүргізуші-Нұрдәулет: Халқымыздың қажырлы да қайсар, батыл да батыр, ұлы Бауыржан Момышұлы:
«Сұлулық дегенінің тамыры «табиғаттану» деген нәрседе жатыр. Мысалы, гүлді алайық, сол гүлдерге біз «сұлу емессің» деп айта алмаймыз. Ол – табиғаттың жасаған сұлулығы. Аңдардың ішінде де сұлуы аз емес. Құстарды алып қарасақ та, олардың ішінде де қаншама сұлулары бар! Сол себепті, сұлулық деген нәрсенің өзі табиғаттың көркі.
Жүргізуші-Ақерке: Достар, достар айналаға қараңдаршы қандай тамаша күн, әсем табиғат!
Жүргізуші-Нұрдәулет: Бұл табиғаттың қоңыр-күреу күз мезгілі.
Динара: Сары жапырақ төгілген,
Торғайды да көрдім мен.
Таза алтындай жайнаған,
Сары бояу айналам.
Жүргізуші-Ақерке: Ал, енді «жемістер мен көкөністер арасындағы дау» атты көріністі тамашалаңыздар.
Жүргізуші-Нұрдәулет: Ерет кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын «киелі деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген халқымыздың мақтанышы ғалым Шоқан Уәлиханов:
«Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте өзен ғажап, одан құпия не бар дей келген. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, тұрмысты қажетті заттарды киелі тұту адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі,»– деп атап көрсеткен.
Жүргізуші-Ақерке; Халқымыздың табиғатпен етене туыстығы, оны аялай білгендігі, бесік жырында айтылатын әлдимен құлаққа әбден сіңіп қалғандығы. «Өркенің өссін, көсегің көгерсің деген ақ тілекпен де өсімдік әлемімен тікелей үндесіп жатыр. «Бұтақты сындырма,», «Гүлді үзбе», «Көкті таптама», деген сөздерді кішкентай кезімізден—ақ ата—анамыз санамызға сіңіріп өсірді.Ертедегі табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнеге өсиеттермен ойлы пікірлер экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал.
Ал, енді «Қырқылған ағаш» атты көріністі көріңіздер.
Әкесі; Әй, Нұрмұхамбет, жүр орманға барып ағаш кесіп әкелейік.
Әкесі: Ұста ана араның бір шетін, аралайық ағашты, неғып тұрсың?
Бала: Әке, ағашты кеспейікші, тиіспейікші,а?
Әкесі: Ей, сен не айтып тұрсың? Үйде отын жоқ емеспе?
Құс: Ей, адамдар неткен қатал едің, аясаңшы балаңды, мына ағаштарды. Не жазды саған орман байлығы Саған Алла сана берген жоқпа еді? Неге кесесін ағашты орманның керегі жоқпа еді? Жо—жоқ! Жылатпа мына тұрған ағашты!
Әкесі: Өй не дейді мына құс!
Бала: Тиме құсқа. Мендейлердің затын ал, түйесін ал, Тиме құсқа, құстардың киесі бар.
-Әке, адамда табиғат перзенті. Сондықтан туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау—баршамыздың парызымыз, міндетіміз.
Жүргізуші—Нұрдәулет: -Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы біздің мектебімізде де құшағын кең жайып, іске асырлуда. Мектеп ауласына әдемі гүлдер, жеміс—жидек ағаштары отырғызылды.
Жүргізуші-Ақерке: Маңызды ақпарат! Кесілген ағаштарды қалпына келтіру жолы. Тәжірибе: тамыры жерде қалған, кесілген ағаштың ортсыын ойып, қара топырақ салып көшет отырғызу.
Би: Қара жорға
Жүргізуші-Нұрдәулет: Саябақтар шеруі дегеніміз не?
Жүргізуші—Ақерке: Үн таспаны тындайық.
Жүргізуші—Нұрдәулет: Табиғат- біздің қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс өздігінен пайда болған дүние. Табиғаттың пайда болуына әкеледі, демек адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатың тамаша бір қасиеті, ол өзінің бөліп шығарған заттарын адамнының көмегінсіз-ақ тазарта алады. Біраақ ол адам баласының қоқысынан арыла алмайды. Табиғат ластанады, уланады, бұл жерде адам көмегі керегі—ақ.
Жүргізуші- Ақерке: Әр көшенің тұрғындары жылдың қай мерзімінде де аула, көше тазалығын сақтап, қыстан шыққан қоқыс, лас өнімдерді өзенге, суға тастамай, жасыл ағаш, гүлдерді тектен тек бүлдірмей бір-бірін салауатты өмір сүруге шақырса нұр үстіне нұр болар еді.
Барлығы бірге:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Бір-бір ағаш егейік.
Текке оырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгеейік.
10-оқушы: Табиғат үшін күрес.
11-оқушы:Келешек үшін күрес.
12-оқушы: Табиғатымызды аялайық.
13-оқушы: Қорғайық.
14- оқушы.: Сақтайық.
15-оқушы: Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету...
Барлығы бірге. Біздің парызымыз!
Ән. «Туған жер» Қонысбай Ж.
Жүргізуші-Ақерке: Ал, енді мақал-мәтел жарысын өткізейік!
Ағаш ексең аялап, . . . . . . . . . . (Басыңа қонар саябақ).
. . . . . . . . . . . . . . , (Табиғат адам үшін жаралыпты)
Бар қызық табиғаттан таралыпты.
Ағаш бұтағымен көрікті,
. . . . . . . . . (Адам ұрпағымен көрікті)
Ағаш ексең аялап,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . (Басыңа қонар саябақ)
Табиғат адам үшін жаралыпты,
. . . . . . . . . . .. . . .. . . . . .(Бар қызық табиғаттан таралыпты)
. . . . . . .. . . .. . . .. . . .. . . .. (Ағаш бұтағымен көрікті)
Адам ұрпағымен көрікті.
. . . . . . . . . . . . . . .. . . .. . . . . . (Бұтақ жайған ағаш қартаймайды)
Ұрпақ жайған адам қартаймайды.
Ел құты – қария,
. . . . . . . . . . . . . . . (Жер құты – дария)
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . (Қураған ағаш иілмес)
Қураған шыбық егілмес.
Жерді сор тоздырады,
. . . . . . . . . . . . . . .(Елді жебір аздырады)
. . . . . . . . . . . . . .(Байлықтың атасы– еңбек)
Анасы—жер.
Бейнет аяқ астында
. . . . . . . . . . . . . . . . .(Жақсылық ағаш басында)
Ағаштың жемісін жеймін десең,
. . . . . . . . . . . . . . . . . .(Түбіне балта шаппа)
Бір тал ағаш өсірсең,
. . . . . . . . . . .(Еңбегіңнің жанғаны)
Абзал адам өсірсең,
Басыңа бақ қонғаны.
Жүргізуші-Нұрдәулет: Балалар жұмбақ жарысын өткізейік!
Ізі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ.
Жауабы: су;
вода;
water;
Көл жиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым төңкеріп.
Жауабы: аспан
небо
sky
Барма, жоқ па,
Оны ашық білмейсің
Ол жоқ жерде,
Өмір сүріп жүрімейсің
Жауабы: ауа
воздух
air
Айтып жүрген әні бар,
Әнінің немәні бар?
Жауабы: жел
ветер
wind
Суда қалқиды,
Отқа балқиды.
Жауабы : мұз
лёд
ice
Дөп—дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай
Жауабы : қарбыз
арбуз
water-melon
Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы.
Жауабы : қарағай
сосна
pinus
Орақ болып туады, табақ болып тынады.
Жауабы : ай
луна
moon
Кең байтақ су, ішуге болмайды.
Жауабы: теңіз
море
sea
Жасыл тонның болуы жыл он екі ай оңбайды.
Жауабы : шырша
ёлка
fir-tree
Жүргізуші—Нұрдәулет: Табиғатты қорғағаның - өзіңді қорғағаның. Табиғатқа зиян келтіргенің- өзіңе қиянат жасағаның. Өзіңе ғана емес, бүкіл тіршілік атаулыға қиянат жасағаның. Сондықтан да әсем табиғатқа аялы алақан қажет.
Хор: «Атамекен»
Жүргізуші-Ақерке: Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты –дегендей, осымен ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің экологиялық білім беру орталығы
Сабақтың тақырыбы: «Табиғатпен үндесе өмір сүреміз»
Орындаған: «Экорепортер» үйірмесінің жетекшісі Зияева.Х.А
Шымкент – 2010ж