Файл: Таырыбы арыш саласыны батырлары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тақырыбы: Ғарыш саласының батырлары



Сыныбы:



Сынып жетекшісі:
Күні:

Мақсаты:

Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру.Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың ортақ үйі — Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже:



Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін біледі.Тұңғыш ғарышкерлер мен және Қазақстан ғарышкерлері туралы біледі .Экологиялық сана қалыптасқан.

Қолданылатын ресурстар:

АКТ,суреттер,призентация,видеороликтер,ермексаз, түрлі-түсті қағаздар.

Әдіс-тәсілдері:

Сайыс сабағы, «Серпінді доп» әдісі,сұрақ-жауап, ойын.


Сабақты ұйымдастыру

(Сыныптың психологиялық ахуалын құру, топқа

бөлу шеберлігі)


Жылулық шеңбері

Балалар шеңбер бойына тұрып 1,2,3 санына санап бөлінеді 3 топқа

1-Тоқтар Аубакиров тобы

2-Талғат Мұсабаев тобы

3- Айдын Айтимов тобы

Кезеңдері

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Жұмыс түрі

Үй тапсырмасын сұрау

(Синтез, жинақтау деңгейіндегі тапсырмалар)

1Сұрақ-жауап арқылы

2 Видеодан әзіл тамашалау




топтық

Жаңа сабақ

Мазмұнын ашатын топтық, жұптық тапсырмалар беру.
Рухани байлық ,

адамгершілік, имандылық,

салт-дәстүр


1 Кіріспе сұрақтар:

•Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?

•Ғарыш дегеніміз не? Ғарышты кім зерттейді, олар қандай құралдарды пайдаланады?

•Алғашқы ғарышкерлерді есімізге түсірейік!

•Айға ұшу үшін ғарышкерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

2 Видео тамашалау

3 «Серпінді сұрақ» әдісі тосын сұрақтар

1. Неше шоқжұлдыз бар? (12)

2. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)

3. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)

4. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)

5. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)

6. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)

7. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)

8. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)

4Өз тобының атын қорғап шығу

5 Жандандыру.Ғарыш әлемі тақырыбына ұжымдық жұмыс.

Ғарышқа ұшу ойыны:

•Балалар,Сәруар Қарлығаштан бір хат келіпті, оқып көрейікші!

Кішкентай менің достарым!

«Алыс-алыс Ғарыш көкжиегінде бір таңғажайып планета болған екен. Онда көңілді, мейірімді адамдар өмір сүріпті.

Белгісіз планета біздің жер сияқты өте әдемі болған екен,бірақ еүні күлгін түстес шуақ шашыпты.Таулары, гүлдері мен ағаштарының пішіндері де ерекше болыпты. Тұрғындары бір-бірімен өте тату -тәтті өмір сүреді.

Күндердің күнінде планета апатқа ұшырапты. Өсімдіктері қурап,сулары құрғап қалыпты.Бүгінгі күнде сол планета тұрғындарына үлкен көмек қажет болып отыр».

«Сәруар бізден планетаны қайта тірілту үшін көмек сұрауда. Ал, енді,балалар, біз Байқоңыр айлағына барып, ғарышқа ұшайық!»

-Балалар көзерін жұмып ғарышқа ұшады.Ғажайып планетаға келеді, көздерін ашады.(планета суреті)Планета табиғи апатқа ұшыраған. Оған не себеп болды екен?

Біз қандай көмек көрсете аламыз? Қане планетаны қайта гүлдендіруге көмектесейік! Ғажайып планетада көңілді, мейірімді адамдар тұрғандықтан түсі қызыл, жасыл,сары, көгілдір болуы керек.

1-топ: «Өсімдіктер» ағаштарды бейнелеп қиып алады

2-топ: «Көлдегі балықтар» су. Балық жасап қиып алады.

3- топ:.Ермексаздан адам бейнесін жасап планетаға орналастырады.

Барлығы планетаны қайта жандандырады.

-Балалар ғарыш тұрғындарының көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар?

-Аман болыңдар! Планетада құрғақшылық болмасын!

6 Ал балалар біз ғарыш туралы,ғарышкерлер туралы тақпақ білеміз бе?








Үйге тапсырма

Синтез, жинақтау деңгейіндегі

қызықтыратын, өз қалауымен ізденетін тапсырмаларды беру. (эссе, шығарма жазу, өлең дәлелімен)

1Жылулық шеңбері

Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне әдемі айдың пішінін ұсына отырып,ғарышкерлерге тән қасиеттерді атайды.

«Ғарышқа адамның алғаш ұшқан күні-12 сәуір 1962 жыл дүние жүзінде ғарышкерлеркүні болып белгіленді».

2 «5 жол өлең» ғарышкерлер туралы құрастыру






Бағалау

(Критериалды түрде)

«Бағдаршам»








Викториналық сұрақтар
1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)
2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )
3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)
4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)
5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )
6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )
7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )
8. S / t қандай физ. Шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)
9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера )
1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей)
2. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)
3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)
4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )
5. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )
6. Меркурийдің қазақша атауы (Шолпан)
7. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )
8. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)
9. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)
10. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин )
2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)
3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)
4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)
1. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)
2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)
3. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)
4. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)
5. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)
«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда. Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты. Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.