Файл: Жсіп Баласанны оам міріндегі ділеттілікке атысты ой тжырымдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кіріспе
Жүсіп Баласағұнның қоғам өміріндегі әділеттілікке қатысты ой тұжырымдары
Ақынның өмірбаяны туралы мәліметтер аз берілген. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Жүсіп Баласағүни 1020 жылы Баласағұн қаласы, қазіргі Қырғызтан мемлекеті Тоқмоқ қаласында дүниеге келген, бірақ қайтыс болған жері Қашқар қаласы Шығыс Түркістан қайтыс болған жылы белгісіз. Жүсіп Баласағүни ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері, философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды.
Құтты білік дастанын біраз тілдерге аударылған олардың қатарында Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.
“Құттыбілік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қараханәулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн “Құтты білікті” 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Бұл жөнінде автордың өзі дастанда ескерткен
Төрт жүз алпыс екінші жыл ішінде,
Бұл сөзді тіздім бәйіт пішінде.
Он сегіз ай құрастырдым, талғадым,
Теріп түгел сөз сарасын таңдадым.
Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандарәулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар.
-
Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), -
Екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған. -
Үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр.
Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты.
"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетін шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударылған.
Жүсіп Баласағұн шығармасы Қарахан мемлекетінің Ата Заңы қызметін атқарған. Ол үшін автор өз еңбегінде патшалар мен уəзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, əскербасылар мен нөкерлердің, тəуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың және т.б. қоғам мүшелерінің мінез- құлқы, білім дəрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мəселені əмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам — ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған əкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Құтты білікте елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет болуы керек делінген.
"Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген.
-
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. -
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. -
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. -
Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.
Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды.
Тағыда бұл дастанда Қара -Бураханға (Бограханға) елді басқару əдісі мен жаулап алған жерлерге тəртіп орнату тəсілдері жөнінде ақыл айтылады. Елді өз қолыңда ұстау үшін бірыңғай күш қолдану, қылыш жұмсау жеткіліксіз, қол астыңдағы халыққа ақыл-айламен айтқаныңды істете білу керек деген пікір білдіреді.
Қара-Бурахан ел басқаруда өзіне де, өңірлерді басқарушы хандар мен барлық билік өкілдеріне де төрт түрлі ұстанымды, негізгі, өзекті мəселе ретінде қояды.
-
Əділдік — Əділеттік — Ақ жолды жаза баспас əділ үкім басшының ысымы, осыған қарап бұқара халық та əділ болады, қоғамда əділеттілік қалыптасады.
-
Адалдық — Тазалық — Жүрегі адал, ділі таза, ақпейілді, кешірімшіл, кең пейілді, саналы халқы мен би-сұлтандары көп мемлекет əрдайым бақытты-бақуатты.
-
Білімділік — Батылдық — Ақ-қараны айыра білу, білгір — айлакер, ер жүрек — алғыр, ақылды батыр болу, дүниенің барлық құбылыстарына зер сала білу, қайсарлық.
-
Адамгершілік — Имандылық — Адам адамдық қасиетін сақтап, уақытша болатын аштық- тоқтыққа шыдап, байлық-мансапқа қызықпай, бос құмарлыққа алданбай, Алланың бірлігіне шүбə келтірмей, мұсылмандықты бұлжытпай орындау.
«Құтты білік» дастаны — мемлекетті басқару қағидалары мен ұстанымдарын сөз ететін ел басқарудың ережелері мен заңдарын, мінез-құлық пен əдет-ғұрып нормаларын қамтыған көркем туынды. Этикалық-дидактикалық сарында жазылып, ғибрат-уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл шығармада бекке, уəзірге, əскербасына, хаджибке, елшіге, хатқа түсірушіге, қазынашыға, аспазға, емшіге, түс жорушыға, жұлдыз санаушыға, өлең шығарушыға, диқанға, малшыға, кəсіпкерге, саудагерге жəне басқаларына қажетті қасиеттер əңгіме болады. Данагөй Жүсіп Баласағұнның қырағы көзі бүкіл қоғамды төменнен жоғарыға дейін қамтыды.
Қарахан әулеті билік жүргізген уақытта. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі.